
- •2)Материяның негізгі құрылымдық деңгейлері
- •3.Философиялық дискурс.Мемлекет.Ерік.Теңдік
- •1.Философиядағы адам мәселесі
- •2) Тәсіл мен методология мәселесі. Методологияның деңгейлері.
- •1)Сана және бейсаналық сфера
- •2. Ақиқат мәселесі және оның критерилері. Ақиқатты процесс ретінде қарастыру
- •1)Миф. Мифтің ерекшеліктері және функциясы
- •2) Бейклассикалық философия тақырыптары және бағыттары.
- •2) Адам және Әлем. Антроптық принцип .
- •1.Абайдың қара сөздері
- •2.Философияның негізгі категориялары.
- •3. Адамның мәні қай мағынада бар: ерекше субстанция ретінде ме немесе жан ретінде ме немесе филасофиялық талдау ретінде ме?
- •2. Ғылым дамуындағы революция. Ғылыми революцияның түрі.
- •3. Гегель философиясы бойынша әр халық еріктілік ұғымын қай деңгейде түсінсе соған сай қоғам құрады.
- •1. Ф. Бэконның адасушылық туралы
- •2) Қоғам ұғымы және құрылымдары
- •3.Жаттанудың осы заманғы формалары мен шешу жолдарын талдаңыз.
- •1. И. Канттың философиясы. Импиративтік принцип
- •2. Диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары және олардың танымдық рольдері
- •3. Біз кімбіз, біз қайданбыз, қайда барамыз және неге үмітенуге болады тақырыбына эссе.
- •14.Билет
- •1. Орта ғасырдағы Батыс философиясы
- •2) Мәдениеттің философиялық түсінігі.
- •1) Қайта өрлеу дәіріндегі гуманистік антропоцентризм. Понтеизм
- •2) Онтологияның негіздері. Болмыс категориясы.
- •3. Нақты ғылымдардағы сәйкестік,толықтырмалы және конфронтация принциптері қай диалектикалық заңдармен байланысты.
- •1.Дүниетаным ұғымы, құрылымы және тарихи түрлері.
- •3. Гейзенбергтің анықсыздық принципінің философиялық интерпретацияларын талдаңыз, қайсысы ақиқат?
- •2.Канттың категориялар туралы ілімі мен антиномиялары. Жаңалықтары мен кемшіліктері
- •3. Глобольды мәселердің философиясы . Себептері мен шешу жолдары.
- •1) Спинозаның пантистік философиясы.
- •2) Танушы процесс ретінде қарастыру. Ғылыми танымның деңгейлері.
- •3) Декарт бойынша «Мен ойлап тұрмын, сондықтан, мен бармын.» Осы принциптің интерпретациясын талдаңыз.
- •1) Гегель жүйесі және тәсілі.
- •2. Антропосоциогенез мәселесі.
- •3. Зенон антиномиялары мен нақты ғылымдардағы шексіздік мәселелерінің арасындағы байланысты және шешу жолдарын көрсетіңіз.
- •1.Философияның негізгі мәселелері.Дүние және адам
- •2. Дүниенің ғылыми бейнесінің эволюциясы
- •3.Адамның екі жақты антиномиялық қызметін қалай түсінесіз?
- •22 Билет
- •1. Экзистенциялистік филасофия
- •2. Тіршіліктің мәні және оның пайда болуы.
- •3. Сананы материяға, жаны энергияға теңейтін бағыт дұрыс па? Философиялық талдау.
- •1)Ежелгі Шығыс философиясындағы адам мен дүние мәселесі
- •2. Критикалық рационализм
- •3. К. Поппер бойынша «Кез келген теория эксперимент арқылы жалғанға айналатын гипотеза.»
- •1. Лейбниц монадологиясы.
- •1.Идеалдық мәселесі.
- •2.Ғылым және философия.
2) Тәсіл мен методология мәселесі. Методологияның деңгейлері.
Методология әдіс деген түсінік, адамның теориялық және практикалық қызметіндегі принциптік жүйелері, ұйымдастыру тәсілі және осылар туралы ілім. Ғылыми таным әдісінің маңызы туралы: жолмен жүрген ақсақ адам, жолсызбен жүргеннен озады деп, Ф. Бэкон әдістерді қараңғы үйдегі шам шырақпен теңестіреді, ал Лаплас ғылым үшін ғалымның қолданған әдістерін зерттеу, оның керемет жаңалығынан ешбір кем болмайды дейді. Ғылыми таным әдістерінің үш түрі бар: эмпириялық зерттеу әдісі; теориялық және эмпириялық деңгейде қолданылатын әдістер; теориялық зерттеу әдісі;
1)Эмпириялық зерттеу объектіні сезім мүшелерімен , приборлармен қабылдау, қадағалау. Объектіні белгілң мерзім аралығында ұйымдасқан түрде жүйелі бақылай отырып, ондағы өзгерістерді тізу, суреттеп жазу. Оған мынадай тәсілдерді жатқызуға болады: бақылау; эксперимент; өлшеу; салыстыру. 2) Теориялық және эмпирикалық деңгейлде қолданылатын әджістер: а) Болған істі, оқиғаны талдаудан басталады. Анализ затты, ойды құрамды элементтеріне , бөліктеріне , қасиеттеріне жіктеуде тұратын зерттеу әдісі.б) Синтез ол жеке элементтерді, қасиеттерді тұтас етіп қосудан тұратын зерттеу әдісі. в)Аналогия ұқсастық, үйлестік. с)Индукция жалқы, жеке жағдайларда жалпы қорытындылар шығаратын ойлау тәсілі. д)Дедукция ол жалпыдан жекеге қарай қарай ой тұжырымдауға негізделген таным әдісі.
№ 4 – билет
1)Сана және бейсаналық сфера
Сана.Жалпы ұғымы, пайда болуы мен негізгі талдау түрлері.
Сана – ойлаудың ең жоғарғы формасы, қоғамдық сананы билеу құралы.Сана қоршаған дүние жөніндегі білімдердің жиынтық бірлігі, оның құрылымына барша танымдық процестер енді: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял.1.Санада субъекті мен объектінің айырмашылықтары бекиді. Органикалық әлем тарихында тек адам өзін басқалардан бөлектеп, олармен салыстыра алады. Жалғыз адам-ақ тіршілік иелері арасында өзін тануға, яғни психика әрекетінің бағытын өзіне бұруға қабілетті.2.Мақсат болжастыру әрекетін қамтамасыз ете алады. Адам табиғат берген заттың формасын өзгертеді, сонымен бірге өзін өзгерту ісін заңдық сипатқа ие саналы мақсатпен ұштастырып, іс-әрекетінің сипаты мен тәсілдерін алдын ала белгілейді, ерік күшіне бағындырады. Осыдан сана қызметі: мақсат қалыптастыру, себеп-салдарын анықтау, еріктік шешім қабылдау, іс-әрекеттің орындалу жолын айқындау т.б.3.Сана құрылымында әрекетке орай қатынастар орнығады. Адам санасы міндетті түрде өз ішіне күрделі объектив, ең алдымен адам қатысқан қоғамдық қатынастарды бейнелейтін сезімдер жүйесін қамтиды. Дін иелері сананы материалдан тыс, дербес және мәңгі өмір сүретін, ешқашан өлмейтін құбылыс деп қарастырады. Ертеде сананы жанға, ал жаңды ұшып жүретін шыбынға балаған. Идеалистік философияның қайсысы болсын сана, идея, рух материядан тыс, дербес өмір сүріп қана қоймайтынын, қайта сол материяны билейтін, оның қозғалысын, дамуын қарастыратын күш деп түсінеді. Бірақ сананың пайда болуын материалистік тұрғыдан түсіну де оңайға түскен жоқ. Кейбір материалистер сана барлық материяда бар деп түсінген. Мәселен, орта ғасырда өмір сүрген. Д.Скоттың түсінігінше, тіпті тас та ойлай аладымыс.Мұндай бүкіл табиғатты жанды деп қараған ұғымды философияда гилозоизм деп атайды. Ғылыми мәліметтерге сүйене отырып, ғалымдар сана барлық материяның жемісі емес, тек ерекше ұйымдасқан материя – адам миының функциясы екенін дәлелдеді. Адам миы түрлі түйсіктер арқылы келетін мәліметтерді орталық жүйке жүйесі арқылы қабылдап, оны қорытады, белгілі ой тұжырымдарын жасайды. Сана қалай пайда болды деген сұраққа жауап беру: ол түйсік мүшелері арқылы объективті ақиқатты бейнелендіріп, оларды қорыту арқылы пайда болады, ал бұл үшін көп нәрседен хабардар болу қажет дейміз. Халықта: “Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра” деген нақыл сөз, шамасы, осы жағдайды аңғаратын болса керек.
Дүниеде еңғажап, кереметқұбылыс адамның рухан дүниесі, сана, ой. Сана адам миына байланысты пайда болады, ал ми оның мекені. Сана адам миы қызметінің желісі. Бірақ ми түрлі жан жануарларда да бар. Ал сана тек адам миының ғана жемісі.Сана бір жағынан жинақталған білім, екінші жаынан таным процесі.Сана әрқашанда белгілі бір қоғамдық даму дәрежесіне сәйкес келеді. Ол үлкен шығармашылық прцесс, өйткенісана обьективті дүниенің механикалық бейнесі емес.
Әрбір адамның психологиясында санасыздық әрекеттер бар. Оның ауқымы кең . Адам әр ісін,әр қадамын ойлап, сана елегінен өткізіп жатпайды. Көп нәрсені адам дағдылы әдіспен, ойламай ақ, дәлме дәл жүзеге асырады. Санасыздық дәл осы сәтте сана мен басқарылмайтын , бірақ түптеп келгенде адам миынан онша алыс кетпейтін, әсіресе мидң естілік қабілеті мен қасиетімен бақыланатын психологиялық процесс саналық пен санасыздық қасиеттерінің арасы жақын. Сондықтан кейде кейбір ғылыми жаңалықтарда көрегендік түстерде санадан тыс кездерде байқалады.