Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ФИЛОСОФИЯ-КАЗ / Философия шпор / философияяяяяя шпор.docx
Скачиваний:
82
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
109.95 Кб
Скачать

2. Дүниенің ғылыми бейнесінің эволюциясы

Қоғамдық болмыстың әсерінен адамның әрекеттену, ой алмасу жолында қалыптасатын кісілік қасиеттерінің ішіндегі аса маңыздысы – дүниеге көзқарас. Кез-келген кісіні алып қарасақ, оның дүниетанымы діни де, материлистік те, ғылми да, ғылымға жат та т.б. болып шығуы мүмкін. Егер оның көзқарасының әлеуметтік жағына назар аударсақ, қандай қоғамдық топтарға,қозғалыстарға қызмет ететінін, қандай топтар мен қозғалыстарға қарсы екенін, интернационалист не ұлтшыл, революционер не кертартпа екенін аңғаратын боламыз.

Дүниеге көзқараспен бірге адамның ішкі сипаты қалыптасады. Сипат дегенімз адамның әлеметтік орта тәрбие жасайтын ықпалынан пайда болатын мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі тұрақты психологиялық стиль, әдетке айналған тәртіп. Мұндай сипат «негізі қаланып», жетілген шақта адам өзінің «адамдық» мәнін көрсете алады, қоғамдағы өзіне тиісті орынға ұмтылу құқығына ие болады.

Дүниеге көзқарастың әлеуметтік-психологиялық сипаттың ең прогресшіл, бой түрлерін алсаңыз да, егер олар өздеріне күш беріп, шынайы мақсатқа бағыттаушы, іске бастаушы ерік жігерімен қосылмаса жансыз, пайдасыз бейне болып қала береді. Психикалық қызметтің саналы және ең белсенді, қозғауға жеңіл қыры, бөлімі болып табылатын жігер адамның алдына қойылған мақсатпен тығыз байланысты және оған жетуді қамтамасыз етудегі бірден бір сенімді рухани күш. Бұл жағынан алғанда, жігерді көздеген мақсатты іске асыруға ниеттелген әрекетке, іс-қимылға ауысысып отыратын терең сенім идеясы десек те болады. Психикалық әрекеттің басқа да түрлері тәрізді жігер де қоғамдық орта мен тәрбиенің әсеріне бағынады. Сондықтан оны ақылдың күшімен белгіленген ортаға салып отыруға болады.

3.Адамның екі жақты антиномиялық қызметін қалай түсінесіз?

Адам-қайшылықты пенде.Оның,бір жағынан,-денесі,екінші жағынан,сана,рухы бар екенін әркім біледі.Оған да басқа тіршіліктерге сияқты су,ауа,жылу,қоректену,ұрпақ жалғастыру т.с.с. қажет.Сонымен қатар ол дүние жөнінде ойланады,өмірде өз орнын іздейді,шаттанады,қайғырады,сүйеді,жек көреді т.с.с.Егер жануарды оның инстинктері итермелесе,адам өз инстинктерін әлеуметтік нормаларға бағындырады,ол- өз-өзін бақылауға ала алатын пенде.Десек те,адамның бұл ішкі қайшылығы философияда әр түрлі шешіледі.Мысалы,орта ғасырлардағы діни философияда адамды рух ретінде өте биік деңгейге көтеріп,дене ретінде құлдыратып,тіпті жануарлардан да төмен қояды.

Жаңа дәуірдегі философияда бұл мәселе жөнінде бір-біріне қарсы тұрған(негіздеу)биологиялық және әлеуметтік редукционизмді келтіруге болар еді.

Бірінші тұжырымда адамның дене құрылысының ерекшеліктері асыра бағаланып,олар оның ішкі мән-мағынасын анықтайды деген пікір қалыптасқан.Оған нәсілшілдік,ломброзияндық,әлеуметтік-дарвинизм,әлеуметтік биология бағыттары жатады.Әлеуметтік редукционизмге келер болсақ,оның шынайы өкілі ретінде марксизмді келтіруге болады.Бұл ілімдегі түсінік бойынша,адамның терең мәнін нақтылы түрде қалыптасқан «қоғамдық қатынастар жиынтығы»құрайды,яғни ол-оның әлеуметтілігінде.

Соседние файлы в папке Философия шпор