Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ФИЛОСОФИЯ-КАЗ / Философия шпор / философияяяяяя шпор.docx
Скачиваний:
82
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
109.95 Кб
Скачать

2) Онтологияның негіздері. Болмыс категориясы.

«Онтология» термині грек тілінде екі сөз тіркесінен тұрады: «оntos»- болмыс, «logos»- ілім. Демек, болмыс туралы ғылым. Философия да бұл термин ХVII ғ бастап қолданылады. Екі жарым мың жыл бойы философтар әлемдегі адамның орны туралы ой толғап келді. Соның нәтижесінде философияда осындай ерекше сала қалыптасты. Онтологияда «болу» деген қасиетке ие болатын барлық нәрселер мәнін ашуға негізделетін болмыс мәселесінің сұрақтары қарастырылады. Онтологияның негізгі категориясы «болмыс» болып табылады. Философияның қалыптасуы да онтологияның пайда болуы мен дамуына арқау болған негіздермен байланысты. Көптеген философиялық жүйелерде басқа да категориялар арасындағы ең маңыздысы «болмыс» категориясы. Болмыс батыстық рефлексияда базалық категория деп саналады, өйткені ол заттардың мәнін бейнелейді. Бұл мәнділік болудың сипаттамасы болып табылады. Болмыс мәселесі – бұл өз бастауын адамзат баласының қоршаған орта туралы діни иллюзиялардан бас тартқан кезінен алатын фил\қ рефлексиялардың бірі. Болмыстың түрлері туралы проблема фил\я үшін өте маңызды. Себебі фил\ң негізгі мәселесін ақыл ойдың болмысқа қатынасы туралы мәселені түбегейлі шешу үшін болмыстың негізгі түрлерін саралап білу керек.

  1. Заттар ж\е процестер болмысы, ол үз кезегінде табиғи заттар мен процестер ж\е адамдар жасаған заттар мен прроцестер ьолмысына бөлінеді.

  2. Адам болмысы, ол заттар дүниесіндегі адам болмысына ж\е адамның өзіндік болмысына жіктеледі.

  3. Рухани (идеялық) болмыс.

  4. Әлеуметтік болмыс, бұлда өз алдына қоғамдағы ж\е тарихи процестегі жекелеген адам болысынаж\е қоғам болмысына бөлінеді.

3. Нақты ғылымдардағы сәйкестік,толықтырмалы және конфронтация принциптері қай диалектикалық заңдармен байланысты.

Негізінен диалектиканың заңдары ең жалпы сипатқа ие,олар объективті дүниеге де,рухани процестерге де бірдей тарайды,бәріне ортақ .Сәйкестік принципі терістеуді терістеу заңына тиісті.Оны Н.Бор атаған.Бұл принцип бойынша даму нәтижесінде пайда болған ескі және жаңа теориялардың арасында мына сәйкестік,заңды,сабақтастық байланыс бар:ескі теорияның негізінде пайда болған жаңа теория ескі теорияны қате деп тауып,лақтырып тастамайды, қайта,дербес жағдайы, моменті ретінде оны сын көзбен қарай отырып, жаңа теорияның қорытындыларына көшеді.Ал толықтырмалы принципі қарама қарсылықтың бірлігі мен күрес заңына жатады. Ол қарама қарсы жақтардың бірінсіз бірі өмір сүрмейді. Айталық, ақ болмаса қараны түсіну мүмкін емес. Сійкестік принципіне мысал: 1913 ж дат физигі Нильс Бор атом құрылымының мүлде жаңа физикалық теориясын ұсынды. Классикалық физика негізінде түсіндіруге болмайтын спектроскопия саласындағы орасан көп жаңа фактілер Пашеннің формулаларын талдап түсіндіру.

16-билет.

1.Дүниетаным ұғымы, құрылымы және тарихи түрлері.

Дүние және ондағы адамның орны жайындағы түсініктердің жиынтығы дүниетаным деп аталады. Көп өлшемді бұл құбылыс адам өмірінің, практикалық іс әрекеті мен мәдениетінің түрлі салаларында қалыртасады. Дүниетанымды құратын рухани құбылысқа философия кіреді. Дүниетаным ол шындық дүние жіне адам туралы, адамның мінез құлқы мен іс әрекеттері туралы ең жалпы ұғымдарды айқындап беретін пікірлер мен тұжырымдардың жиынтығы. Өзегі білім болғандықтан , күнделікті практикалық және теориялық болып бөлінеді. Кейде «өмір философиясы» деп аталатын бұл дүниетаным стихиялы түрде қалыптасады. Күнделікті рактикалық дүниетаным біркелкі емес, өйткені оның иесі болып табылатын одан да білімі, ақыл ойы мен рухани мәдениеті, ұлттың дәстүрлері мен діни сенімдері жағынан алуан түрлі. Сондықтан ол «өмір философиясының» өрісі ерекше кең. Ал теориялық деңгейі арнайы сынақтан өткен, ғылыми негізделіп дәлелденген . Философия көзқарастың осындай деңгейіне жатады. Дүниетаным барлық басқа формалары мен типтеріне қарағанда негізделген, мазмұны да, шындық жайында жинақталған білімдерді қорыту әдіс тәсілдері де әбден жүйеленген, тексерілген. Дүниетанымның тарихи

2. Абсолютті ж\е салыстырмалы ақиқат диалектикасы.

Ақиқат танымның негізгі мақсаты. Өйткені таным процесіндегі субьектінің белсенділігіне байланысты қалыптасқан жаңа білім зерттеліп отырған обьектіге сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі керек. Осыған орай ғылым мен фил\да ақиқат проблемасы алға тартылады. Ақиқат дегеніміз субьект пен обьект арасындағы өзара байланыс негізінде жүріп жататын әлеуметтік тарихи процес. Ақиқат біреу, ол обьективті. Обьективті ақиқат деп қоғамдық адам түсінігіндегі,біліміндегі субьектіге, адамға, адамзатқа тәуелсіз мазмұнды айтады. Егер обьективті аиқат бар болса, оны білдіріп отыратын адамның түсінігі сол ақиқатты бірден, толығымен, тұсынан абсолютті түрде емес тек шамамен салыстырмалы түрде ғана білдіреді.

Зерттеліп отырған обьект жөніндегі толық емес білімді – салыстырмалы ақиқат , ал толық ж\е дәл білімді абсолютті ақиқат деп атайды. Салыстырмалы ж\е абсолютті ақиқат әлеуметтік , тарихи процесс ретіндегі обьективті ақиқаттың көріністері. Сәйкестік принципі бойынша ақиқат қоғамдық адам санасында шын дүниенің практика арқылы берілген белгілі бір жағының бейнелену процесі. Сонымен, ақиқаттың диалектикалық материалистік теориясы мынадай қағидаларға сүйенеді:

  1. Ақиқат - әлеуметтік прцес;

  2. Обьективті ақиқатты мойындау- абсолютті ақиқатты мойындау.

  3. Ақиқат барлық жағдайда нақты

  4. практика ақиқаттың жалпы өлшемі.

  5. Ақиқатты тану- қайшылықты, күрделі диалектикалық процесс.

Соседние файлы в папке Философия шпор