Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ФИЛОСОФИЯ-КАЗ / Философия шпор / философияяяяяя шпор.docx
Скачиваний:
82
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
109.95 Кб
Скачать

2) Мәдениеттің философиялық түсінігі.

Мәдениет философиялық ой талғамның аса маңызды, терең теориялық мәнді ұғымдарының бірі. Мәдениет ұғымы қоғам өмірінің түрлі салаларына байланысты жиі пайдаланылады. Бұл ұғым саналы іс әрекет жемісін даму процесінде көрсетуге бағытталған. Әрбір тарихи дәірдің өзіндік мәдениеті бар. Сол сияқты, әрбір халықтың өзіне ғана тән мәдени дәстүрлері болады. Мәдениет адамсыз жасалмайды. Адам дамуы мәдениетке байланысты. Тек осы өзара тәуелділікті анықтай алғанда ғана мәдениеттің адамзат тарихындағы алатын орнын түсінуге болады. Мәдениет тарзи процестермен ұштасып жатады, сол тарихи процестердің тікелей туындысы болып табылады. Өткен уақыт мәдениеті-халықтық мұра, ол адамның өзі, оның өткен жолы, болашағының сатысы. Сондықтан, бұрынғы мәдениет туындыларын қазіргі сана дәрежесі негізінде, қоғамның осы заманғы қалпына сәйкес бағалау диалектикалық ойлады қажет етеді. Жаңа тарих дәуірі кейбір антикалық ойларды қайта жаңғыртып, мәдениет дамуына етті. Солардың бірі мәдениетті табиғи ортамен байланыстыра қарау. Оған мысал ретінде Д.Дифоның «Робинзон Крузо» романындағы Робинзон образын келтіруге болады.

Мәдениет қандай түр алса да, адамдық мазмұнда болады. Тек өзгертуші, жасаушы субъект ретінде ғана адам мәдениетті қабылдайды, дәлірек айтсақ, тарихи процестердің субъектісі болып табылатын адамның қоғамдық, материалдық және рухани қызметінің барлық саласы мәдениет деген жалпы ұғым арқылы түсіндіріледі.

15-билет

1) Қайта өрлеу дәіріндегі гуманистік антропоцентризм. Понтеизм

Қайта өрлеу б.з.д. 5 ғасырдың шарықтаған грек философиясының, мәдениетінің, өнерінің әдебиетінің 1500 жыл бойы қыспақта болып, енді жаңадае жаңғырып, оралуын білдіреді. «Ренесанс»-«қайта қркендеу», жандану, жандандыру, қайта даму, қайта туу. Бұл кездегі ойшылдар шіркеу догмалары мен орта ғасырлардағы адам тағдырының Құдай ырқына тәуелді екендігі туралы түсінікке күмәндік білдірді. Адамды әлем мәселелерінің ортасына қойып, олар оның өзін ғана емес, сонымен бірге іс әрекеттерінің де мәнін жоғары көтерді. Ұрақты кқңіл аударғанвы үшін оларды «гуманистер» деп атады. Гуманизм қайта өркендеу дәуірінде дін мен феодализм құрсауынан адам баласын босатып, еркіндікке жетелеуді мақсат еткен әлекметтік қозғалыс. Ежелгі антикалыө философтар дүние ортасына күш қуат берген, рух, жігер туғызатын космосты, орта ғасырда Құдайды қойса, қайта өлһрлеу дәуірінде адам қойылды. Сондықтан қайта өрлеудің ерекшелігі антропоцентризм. Осы кезде жаңа философиялық бағыттар пайда облды. Олар деизм және понтеизм. Деизм әлемді Құдай жаратқан, бірақ күнделікті қоғам өмірі мен табиғат дамуны оның қатынасы жоқ дейтін діншіл философиялық ағым. Понтеизм(pan-бәрі және tcheos-Құдай) Құдай мен әлем біртұтас деп танитын, құдіретті күшті табиғатпен балаған филсофиялық ілім. Осы бағыттың өкілі католик шіркеуінің қайраткері, карденал, Германия лигаты, атақты философ Николай Кузанский(1401-1464), шын аты Кребс. Оның еңбектері «білместік ғылымдары туралы», «шығу тегі туралы», «мүмкіндіктің болмысы туралы», «жер шарының айналуы туралы». Ол әлем дүниесі мен Құдай бір бүтін деп, жаратылыстану ғылым зерттеулерін құптады, яғни рационалдық білімді қолдады және адамның бұл қызмет саласына діннің араласпауы керек деді. Дүниені Құдай жаратқан, бірақ дүние шексіз, материалды және қарама өарсылық арқылы қозғалады. Адамды Н.Кузанский аса эоғары қояды. Сонымен бірге, Құдайдың адамға қатысы барлық құбылыста, ең алдымен табиғатта бар деп есептейді. Құдай әлемнің ортасы және оның шегі. Ол бүтін ал дүние әлемі оның бір бөлігі. Дүние әлемі Құдайда жиналады және Құдай оны әлемге айналу барысында күшейтеді. Ақиқат барлық кезде таным прцесі, Құдайға жету. Дүниенің бәрін, адамды да Құдай жаратты, бірақ Кузанский пантеистік пікірді дамыта отырып, жаратушының өзін табиғат деп, Құдайды аспаннан жерге түсірді, шын мәнінде жаратушының рөлін жоққа шығарды.Джордано Бруно (1548-1600жж). Оның орталық категориясы біртұтастық, ол бір мезгілдегі болмстың болу себебі және болмыс заттардң өзі. Бруно: «табиғат деген ол заттардағы Құдай табиғаттың өзі Құдай, не Құдай заттардың ішінде» дейді.

Жаңа Дəуір философиясы туралы ойымызды қорытсақ, бұл кезеңдегі философия

эксперименталдық ғылымдармен тығыз байланысты дамып, таным мəселелеріне басты назар

аударған, əлеуметтік дамудың жаңа жолдарын іздеуге талпынған, қоғамдық келісім үлгілерін

ұсынған, рухани маңызы күшті философия болды.

Соседние файлы в папке Философия шпор