
- •2)Материяның негізгі құрылымдық деңгейлері
- •3.Философиялық дискурс.Мемлекет.Ерік.Теңдік
- •1.Философиядағы адам мәселесі
- •2) Тәсіл мен методология мәселесі. Методологияның деңгейлері.
- •1)Сана және бейсаналық сфера
- •2. Ақиқат мәселесі және оның критерилері. Ақиқатты процесс ретінде қарастыру
- •1)Миф. Мифтің ерекшеліктері және функциясы
- •2) Бейклассикалық философия тақырыптары және бағыттары.
- •2) Адам және Әлем. Антроптық принцип .
- •1.Абайдың қара сөздері
- •2.Философияның негізгі категориялары.
- •3. Адамның мәні қай мағынада бар: ерекше субстанция ретінде ме немесе жан ретінде ме немесе филасофиялық талдау ретінде ме?
- •2. Ғылым дамуындағы революция. Ғылыми революцияның түрі.
- •3. Гегель философиясы бойынша әр халық еріктілік ұғымын қай деңгейде түсінсе соған сай қоғам құрады.
- •1. Ф. Бэконның адасушылық туралы
- •2) Қоғам ұғымы және құрылымдары
- •3.Жаттанудың осы заманғы формалары мен шешу жолдарын талдаңыз.
- •1. И. Канттың философиясы. Импиративтік принцип
- •2. Диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары және олардың танымдық рольдері
- •3. Біз кімбіз, біз қайданбыз, қайда барамыз және неге үмітенуге болады тақырыбына эссе.
- •14.Билет
- •1. Орта ғасырдағы Батыс философиясы
- •2) Мәдениеттің философиялық түсінігі.
- •1) Қайта өрлеу дәіріндегі гуманистік антропоцентризм. Понтеизм
- •2) Онтологияның негіздері. Болмыс категориясы.
- •3. Нақты ғылымдардағы сәйкестік,толықтырмалы және конфронтация принциптері қай диалектикалық заңдармен байланысты.
- •1.Дүниетаным ұғымы, құрылымы және тарихи түрлері.
- •3. Гейзенбергтің анықсыздық принципінің философиялық интерпретацияларын талдаңыз, қайсысы ақиқат?
- •2.Канттың категориялар туралы ілімі мен антиномиялары. Жаңалықтары мен кемшіліктері
- •3. Глобольды мәселердің философиясы . Себептері мен шешу жолдары.
- •1) Спинозаның пантистік философиясы.
- •2) Танушы процесс ретінде қарастыру. Ғылыми танымның деңгейлері.
- •3) Декарт бойынша «Мен ойлап тұрмын, сондықтан, мен бармын.» Осы принциптің интерпретациясын талдаңыз.
- •1) Гегель жүйесі және тәсілі.
- •2. Антропосоциогенез мәселесі.
- •3. Зенон антиномиялары мен нақты ғылымдардағы шексіздік мәселелерінің арасындағы байланысты және шешу жолдарын көрсетіңіз.
- •1.Философияның негізгі мәселелері.Дүние және адам
- •2. Дүниенің ғылыми бейнесінің эволюциясы
- •3.Адамның екі жақты антиномиялық қызметін қалай түсінесіз?
- •22 Билет
- •1. Экзистенциялистік филасофия
- •2. Тіршіліктің мәні және оның пайда болуы.
- •3. Сананы материяға, жаны энергияға теңейтін бағыт дұрыс па? Философиялық талдау.
- •1)Ежелгі Шығыс философиясындағы адам мен дүние мәселесі
- •2. Критикалық рационализм
- •3. К. Поппер бойынша «Кез келген теория эксперимент арқылы жалғанға айналатын гипотеза.»
- •1. Лейбниц монадологиясы.
- •1.Идеалдық мәселесі.
- •2.Ғылым және философия.
1. И. Канттың философиясы. Импиративтік принцип
И. Кант жаңа замандық парадигма желісін, эпистемологиялық проблематика бағдарын онан әрі жалғастырды. И. Кант өзінің трансценденталдық философиясы көмегімен эмпиризмнен(Локк пен Юм), рационолизм мен скептицизмнен асып түсуге тырысты. Канттың пікірінше, кеңістік пен уақыт танымға тән қажеттілік болып табылады. Рационализм мен эмпиризмді синтездеуге тырысып Кант танымдағы субъекттінің белсенділігін мойындайды. Кеңістік, уақыт, себептілік тәжірибеге дейін берілген , яғни априорлы. Оларды меңгеру жаратылыстану ғылымдарының танымдық шарттарына философиялық рефлексия жасау арқылы ғана мүмкін болады. Адамның танымдық әрекет аумағына енген сыртқы нақтылық объект деп, ал танымдық қабілеттің тікелей бағытталған нарсесін зат деп атайды. Кант танымның мынадай типтерін айқындайды: аналитикалық, синтетикалық, синтетикалық априорлы таным. Синтетикалық априорлы таным дегенді Кант тәжірибеге бағынбайтын таным деп түсіндіреді. Синтетикалық апостериори тәжірибеге бағынышты таным. Ал аналитикалық априорлы деп ұғымдар арасындағы байланыстарды талдау нәтижесінде пайда болатын таным типін айтады. Канттың пікірінше , рационалдық догматизмнің берік негізі жоқ, себебі рационалдық интуиция тек жалған меңгеру ғана болып табылады. Кант моральдың дербес статусын жаратылыстанумен салыстырмалы түрде негіздейді. Оны негіздеудегі Канттың өзіне дейінгі және замандас ойшылдармен салыстырғандағы ерекшелігі «сен тиіссің» деген нақты нормадан шығуында болды. Бұл норма абсолюттік принцип болып табылады. « Сен тиіссің» длеген императив өзге де трансцендентальдық формалар кеңістік, уақыті себептілік және т.б. сияқты санамызға сіңіп кеткен. Моральдық міндеткерліктің мынадай сипаттағы категориялық императиві бар: «Жалпыға тән заңға айналғанын өзің қалай алатын ұстанымды ғана өзіңе жетекшілікке ала отырып әрекет ет» Демек, бұл принцип әркім және барлығы үшін норма болып табылады, өйткені ол жасырсын емес және дұрыс, жалпыға тән үлгілі стандарт ретінде қызмет атқарады.Категориялық императив Канттың ойынша априорлы сипат алады.
2. Диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары және олардың танымдық рольдері
Диалектика ойлаудың ең икемдісі, дүниені жан жақты зерттеудің, яғни әр түрлі байланыстардың әрқайсысын ашып, қарама қарсы күштердің даму барысындағы өзгерістер мен процесстердің негізін табу. Диалектика ойладың объектілігі, софистика ойлаудың субъектілігі.Диалеатика ұғымы үнемі тарихи дамуда болып, мазмұны тередей береді. Сондықтан оның тарихи формаларын ажырата білу керек: стихиялық немесе қарапайым диалектика; идеалистік диалектика ақыл ойдың жалпы ұғымдарының бір біріне ауысып отыратынына негізделген; идеалистік тарихи ұрпақтар санасындағы қайшылықтардың болуына жүгінеді; материалистік диалектика қайшылық пен даму санада ғанғ емес, дүниенің өзінде де барын дәлелдейді. Заңдары:
1)Қарама қарсылықтың бірлігі мен күрес заңы : Бұл заң дамудың түп негізі құбылыстар мен процестердің қайшылығында, оларға тән ішкі қарама қарсылықта дамудың өзіндік себебін ашып көрсетеді. Мынадай ұғымдар арқылы сипатталады: Сәйкестік; айырмашылық; қайшылық; қарама қарсылық. 2) Сан мен сапа өзгерістерінің бір біріне өту заңы: Заттар мен құбылыстардың бір бірімен бірлікке өмір сүретін белгілі бір сапалық және сандық сипаттамалары болатынын анықтайды. Сапа объектіні анықтаушы. Заттар жаратылысының айырмашылығын , ұқсастығын , ерекшелігін және тұтастығын білдіретін маңызды белгілерінің жиынтығын сапа деп аталады. Қасиет бір заттың басқа затпен өзара әсерінен пайда болатын сапаның көрінісі және затты қандай да болсын бір жағынан сипаттайды. Сан белгілі бір сапаның шамасын, даму қарқыны мен дәрежесін білдіретін белгі. Өлшем қасиеттер мәндерінің белгілі бір сандық аралығы. 3) Терістеуді терістеу заңының мәнін түсіну үшін негізгі категоряны анықтап, байланысын зерттеу керек. Бұл заңының негізгі категориясы терістеу. Терістеу мәселесі: а)Жаңа ескінің орнын басады, дамудың бір кезеңі екінші кезеңімен терістеледі, ауысады. б)Терістеу бөтен сырттан әкелінген емес, ол дамып келе жатқан процестің қандайына болсын іштей тән нәрсе. в) Дамудың алдыңғы кезеңдерінде болған прогресшіл элементтерді сақтап қалу сабақтастығы, жаңаның ескімен байланысын көрсетеді. г) ескінің жаңамен ауысуы дамудың негізгі заңы болып табылады.