Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
27
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
38.4 Кб
Скачать

7.Механикалық материализм және ағартушылық сенсуализм .

Материализм(лат.materialis-заттық)- идеализміне қарама-қарсы ғылыми философиялық бағыт.Сыртқы дүниенің объективті түрде өмір сүретіні жайлы барлық адамдардың психиялы сенімі ретіндегі материализмнен ғылыми тұрғыдан негізделген философиялық дүниетаным ретіндегі материализмді айыру қажет.Филос.материализм материалдықтың алғашқылығын және руханилықтың,идеалдықтың соңғылығын тұжырымдайды, ал бұл дүниенің мәңгілігін,оны ешкімнің жаратпағандығын,уақыт пен кеңістік жағынан шексіздігін көрсетеді.Сана материяның жемісі дей отырып,материализм оған сыртқы дүниенің бейнелену формасы ретінде қарайды,сөйтіп табиғаттың танымдылығын қостайды.Философия тарихында материализм әдетте қоғамның алдыңғы қатарлы таптары мен топтарының ғана дүниетанымы болды, олар дүниені дұрыс танып-білуге, адамның табиғатқа үстемдігін күшейтуге мүдделі еді.Ғылымның жетістіктерін қорытындылай отырып, материализм ғылыми білімнің өсуіне,ғылыми әдіс-тәсілдердің дамуына жағдай жасады, ал бұл адамзаттың өзінің практикалық іс-әрекетінде табысқа жетуіне,өндіргіш күштердің дамуына игі әсерін тигізеді.Ежелгі материализмнің ең үлкен жетістігі- материяның атомдық құрылысы жайлы болжамды жасауы болып табылады.17-18ғасырдағы материализм механикамен және математикамен байланысты болғандықтан ол механикалық сипатқа ие болды.Қайта өркендеу дәуіріндегі натурфилософ- материалистерге қарағанда 17 ғасырдың материалистері табиғаттың соңғы элементтерін сапасыз және өлі деп қарастыра бастады.Материализмнің тағы бір ерекшелігі,бұл дәуірден табиғатты бір- бірімен байланыссыз,бір-бірінен айтарлықтай алшақ зерттеу объектілері мен салаларына бөліп талдау жасады және оларды дамудан тыс қарастырды.Сенсуализм(лат.sensus-сезім,түйсік)-танымның бастауы тек қана түйсік деп есептейтін гносеологиядағы ілім.Егер сезімдерді объективтік шындықтың бейнесі деп қарасақ, онда дәйекті сенсуализм белгілі жағдайлар да материализмге әкеледі.(Гольбах,Гельнеций,Фейербах).Ал, егер түйсікті тек субъективтік,олардың арғы жағында ештеңе жоқ деп немесе тану мүмкін емес “өзіндік зат” деп алсақ, онда сенсуализм субъективтік идеализмге әкеледі(Беркли,Юм,Кант,Мах,Авенариус,Бегданов).Сондықтан сенсуализм өздігінен философиядағы материалистік бағытты айқындай алмайды және оның өкілдері көп жағдайда идеализммен күресте шарасыз.

13.Трансценденталдық идеялар.Құдай,Әлем,Мен қай мағынада өмір сүреді?

Трансценденталдық (лат.transcendere – аттап өту)-схоластикада категориядан да ауқымды жоғары дегенді меңзейді.Болмысты трансценденталдық анықтау немесе трансценденталилер, схоластикалық философияның дәстүрлі категорияларынан(форма и материя) көлемі жағынан кең,олар инцитивті,қандай да болмасын тәжірибеге дейін танылатын болмыстың жалпы, сезімнен тыс қасиеттерін білдіреді.

Әлем-дәстүрлі түсінігімізде- материалды дүние, материалды объектілер,сапалық жағынан әр түрлі болып келетін материя формасының толық жиынтығы.

Кейінгі кезде бұл ұғым нақты мәніне ие бола бастады.

Әлем-космология объектісі, танымның қазіргі таңдағы дәрежесінде тек астрономиялық (бақылау және теориялық) зерттеулерге ғана өз сырын ашатын материалды дүниенің бір бөлігі 18 ғасырға дейін космологияда күн системасы, жұлдыздар табиғаты және оларға дейінгі арақашықтық туралы бір де бір фактілер жоқ еді.Ол 20ғасырдың 20ж-дарына дейін жұлдыздар әлемін,яғни Галактиканы, ал қазір Метагалактиканы зерттейді.

Құдай-дүниені жаратқан және оны басқарып отыр деп саналатын табиғаттан тыс құдіретті тіршілік иесінің қиялдағы бейнесі;иудаизмде-яхве,исламда-алла,христиан дінінде-“қасиетті үшеу”(әке құдай,бала құдай,қасиетті рух құдай).Құдай туралы түсінік қазіргі дін формасының негізі болып табылады.Дін дамуының алғашқы кезеңдерінде “құдай”ұғымы болмаған(Анимизм,Тотемизм,Фетиизм).Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы тайпалық бірлестіктердің дамуы,топтар мен мемлекеттің пайда болуы жағдайында тайпалық және мемлекеттік құдай бейнесі туды.Теология Құдай бар екенін философиялық тұрғыдан дәлелдеуге,Құдайды абсолютті идея,әлемдік ерік,әлдебір түр түссіз парасатты негіз түрінде көрсетуге тырысатын қағидаларды пайдаланады.Қазір де теологтар филос.ілімдері және жаратылыстану деректерін пайдалана отырып,Құдай идеясын жаңартуда.

Мен(философияда)-адамның...дүниеге және өзіне-өзі өзімсіне қарайтын жекелігінің,даралығының рухани орталығы.Өзінің іс-әрекетін дербес меңгере білетін және жан-жақты инициативаға қабілетті адамның өз “мені” болады.Философия тарихында көптеген концепциялар “менді” идеялдық негіз ретінде түсіндіреді.Декарт бойынща, “Мен” өзін ойлаушы субстанцияға жататын сияқты, рационалды танымның интуициялық негізі ретінде көрсетеді және осы арқылы өзінің дербестігін қуаттайды.”Менді” субстанция, тек өзін -өзі ғана емес, сонымен бірге барлық мәндіні де өзінің “Мен емесі” деп білетін абсолютті шығармашылық негіз деп санады.

14.Философиялық дискурс:адамның табиғаты мен өмір сүру мәні

Дискурсивтік (лат.discursies-пайымдау)-сезінуден,қатыстылықтан,интуитивтіктен өзгеше түрдегі пайымдық,жанамалылық,логикалық,демонстративтік.Ақиқаттарды жанамалық емес және жанамалық деп бөлу Платон мен Аристотельде,ал “Дискурсивтік” термині Фома Аквинскийде кездеседі.Метафизиктер ойлаудың дискурсивтік рөлін не теріске шығарды,не оны әсіреледі.Адам-қайшылықты пенде.Оның бір жағынан-денесі,екінші жағынан,сана,рухы бар екенін әркім біледі.Оған да басқа тіршіліктерге сияқты су,ауа,жылу,қоректену,ұрпақ жалғастыру т.с.с. қажет.Сонымен қатар ол дүние жөнінде ойланады,өмірде өз орнын ізденді,шаттанады,қайғырады,суйеді,жек көреді т.с.с.Егер жануарды оның инстинктері итермелесе,адам өз инстинктерін әлеуметтік нормаларға бағындырады,ол өз-өзін бақылауға ала алатын пенде.Десек те,адамның бұл ішкі қайшылығы философияда әр түрлі шешіледі.Мысалы,Орта ғасырлардағы діни философияда адамды рух ретінде өте биік деңгейге көтеріп, дене ретінде құлдыратып,тіпті жануарлардан да төмен қояды.Адам дүние жөнінде неше түрлі ұғымдар мен бейнелерді тудырып,солар арқылы кеңістік пен уақыттың шектеуінен ой арқылы шығып кету дәрежесіне көтеріледі.Ол- заттар мен құбылыстардың ішкі сырын аша алатын пенде.Ол неше түрлі рухани құндылықтарды басшылыққа алып өмір сүреді,сонымен қатар оларды жойып,тіпті өзін жойып жіберетін кездер де болады.Ең соңында, адам өз-өзін бақылап,баға беріп,өзімен өмір мен өлім жөнінде сұхбаттаса алатын пенде.Егер жануарлар өз табиғатына сай өмір сүрсе,адам алдында “мен неге дүниеге келдім?”, “не үшін өмір сүруім керек?”, “қалай өмір сүруім керек?”деген т.с.с. сұрақтар пайда болады.Оның себебі жоғарыда көрсетілген адамның ішкі рухани өмірінде жатыр.Міне,бұл қойылған сұрақтар адам өмірінің мән-мағынасын анықтауға итереді.Адам өмірінің мән-мағынасы ғасырлар бойы талданып келе жатқан мәселе.

11.Философияның функциялары.

Негізінен function-латын сөзі,орындалу жасалу,істейтін қызметі деген мағынада.Яғни философияның негізгі атқаратын қызметі.

Философия дүниеге деген адамның көзқарасын қалыптастырады.Бұл-осы пәннің ең негізгі функцияларының бірі.Көзқарас функциясы-адамдар өздерін неге бақытсыз сезінеді,т.с.с. сұрақтарға жауап іздеу арқылы және де бұл сұрақтарға терең жауап беру философия арқылы болмақ,өйткені олардың бәрі де-дүниеге деген көзқараспен байланысты мәселелер дүниеге деген терең философиялық көзқарас әсіресе біздің жастарға керек.Өйткені жастар-болашағы.

Философияның келесі функциясы-оның әдістемелік қызметінде.Әр ғылымның саласында өзінің пәнін зерттеуге белгілі бір іс-әрекеттер,әдістемелер қолданылды.Әр түрлі әдістер жеке,жалпы,ең жалпылық болып бөлінеді.Әдістер жөніндегі жалпы ілімді біз методология дейміз.

Соседние файлы в папке Философия шпор