Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оптика.шпор-каз / оптика.27-32.docx
Скачиваний:
91
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
29.39 Кб
Скачать

27. Атмосферадағы оптикалық құбылыс. Күн сәулелерінің шашырауы. Кемпірқосақ пайда болу себептері мен қалыптасу механизмі. Гало түрлері және пайда болу себептері.

Неге күн батар кезде қызыл, ашық күндері аспан көгілдір, ал күндізгі жарық полярланған(жартылай болса да)? Осы құбылыстардың барлығын жарықтың атмосфераның молекулаларында шашырауымен түсіндіруге болады. ЭМ-толқынның электр өрісі молекуланың ішіндегі электр зарядтарын қозғалысқа келтіреді және сонымен қатар молекула өзіне түскен сәулеленуді жартылай жұтады. Жұтылған сәулелену тез арада шығарылады, себебі зарядтар олекула ішінде тербелістер жасайды, электр зарядтарының тербелістері ЭМ-толқын тудырады, оның электр өрісі электр зарядтарының тербеліс жазықтығында жатады. Күн сәулесінің түсу бағытына тік бұрыш жасай бақылаушы жазық полярланған жарықты көреді, себебі тербеліс бағытында жарықтың екінші құраушысы шығарылмайды. Басқа бұрыштармен бақылаған кезде екі құраушыда болады, бірақ олардың біреуінің интенсивтігі жоғарырақ болады, яғни, жарық жартылай полярланған. Осылай жарықтың атмосфера молекулаларындағы шашырау процесі поляризация күндізгі жарықтың поляризациясын түсіндіреді. Жарықтың жер атмосферасында шашырауы жарық толқынының толқын ұзындығына тәуелді. Мөлшері жарықтың толқын ұзындығынан көпкіші бөлшектер ұзын толқындарды әлсізірек, ал ұзын толқындарды күштірек шашыратады. Толқын ұзындығы артқан кезде шашырау қатынасына пропорционал түрде әлсірейді. Демек, қызыл және қызғылт жарық әлсіз шашырайды да, ал көгілдір және күлгін жарық күштірек шашырап, аспанның түсі көгілдір болып келеді. Күн батарда күн сәулелері атмосфераның максимал қабатын кесіп өтеді де, көгілдір жарықтың басым бөлігі атмосферада шашырап кетеді. Жер бетіне жетіп, бұлттардан және атмосфералық шаң-тозаңнан шашырайтын жарық көгілдір құраушысын жоғалтып алады да, осыдан келіп ол қызғылт тәрізді болып көрінеді.

28. Электромагнит толқындардың поляризация түрлері. Малюс заңы. Екі диэлектрик шекарасына қалыпты түскен электромагнит толқындары (шағылу және өткізу коэффициенттері). Брюстер заңы.

Жарықтың поляризациясы: жарық толқындарының көлденеңдігі қалайда білінетін толқындық оптика құбылыстарының жиынтығы.

Поляризацияланған жарық деп - жарық векторының тербелісі белгілі бір бағытта реттелген жарық толқынын айтады. Табиғи жарықта жарық векторының тербелістері ортаның кез-келген нүктесінде барлық мүмкін болатын бағыттарда, бірін – бірі тез, әрі бейберекет алмастырып отырып жасалады. Егер векторының тербелістері сәуле арқылы өтетін тек бір жазықтықта жататын болса, онда толқын жазық(сызықты) поляризацияланған толқын болады. Егервекторы толқынның таралу бағытын ось етіп айналатын болса,онда толқын эллипстік толқын. Ол модулі бойынша периодты түрде өзгеріп отырады. Осы жағдайдавекторының ұшы эллипс сызады. Егервекторының ұшы дөңгелек сызатын болса, толқын дөңгелек бойынша поляризацияланған болады.

- жазық поляризацияланған толқын үшін, – табиғи жарық үшін.

–түскен толқынның векторының тербеліс жазықтығы мен поляризация жазықтығы арасындағы бұрыш.

Диэлектриктерде сәулелердің поляризациялануы табиғи сәуленің түсу бұрышына және диэлектриктің сыну көрсеткішіне тәуелді.

Табиғи жарық сəулесі диэлектриктерді бөлу шекарасына Брюстер бұрышымен

түскенде, шағылған жəне сынған сəулелердің арасындағы бұрыш -қа тең

болады.

Соседние файлы в папке Оптика.шпор-каз