Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Оптика.шпор-каз / optika wpor.docx
Скачиваний:
201
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
4.56 Mб
Скачать

33.Оптикалық жол ұзындығы.

Жарықтың кез-келген зат арқылы таралуы, екі орта шекарасындажарықтың сынуы,оның беттен шағылуы және т.б. жағдайларда интерференция азды-копті дәрежеде бөлінеді.

Егер жарықтың вакуумдағы жылдамдығы с, ал толқын ұзындығы 𝛌ₒболса,онда сыну көрсеткіші n ортада осы шамалар тиісінше υ=с/n және 𝛌=𝛌ₒ/n болады. Бір толқын сыну корсеткіші n1 және 𝑟1 жол жүретін болса,ал екінші толқын сыну көрсеткіші n2 екінші ортада 𝑟2 жол жүретін болсын. Нәтижесінде бұлардыңарасында Δᴪ фазалар айырымы п/б.

Δᴪ=2𝛑 (𝑟2/𝛌2 𝑟1𝛌2 )= 2𝛑

Сыну көрсеткішінің жол ұзындығына көбейтіндісі n𝑟 оптикалық жол ұзындығы д.а. n𝑟 =( 𝑟 ) белгілеуін енгіземіз, сонда:

Δᴪ=2𝛑

Егер 𝑟1= 𝑟2 болса, фазалар айырымы Δᴪ=0 болады да екі оптикалық жол бір−біріне пара−пар болады,яғни бұлар ешқандай фазалар айырымын енгізбейді. Мұндай жолдар таутохрондық д.а. Олар уақыт бойынша дәл келеді,өйткені жарық осы геометриялық ұзындық бойынша тең емес қашықтықтарда бірдей уақытта таралады.

34. Интерференциялық аспаптар.

Жарықтың интерференция құбылысы мөлдір орталардың сыну көрсеткіштерін,спектрлік сызықтардың толқын ұзындықтарын,бұрыштарды т.с.с. дәл өлшеулер үшін қолданылатын оптикалық құралдар,яғни интерферометрлер электромагниттік сәуленің негізгі сипаттамаларын зерттеу үшін пайдаланылады. Сондықтан интерферометрлердің оптикалық схемасы кейбір қосымша талаптарды қанағаттандыруы тиіс. Мәселен,өлшеу дәлдігін арттыру үшін жүріс айырымын едәуір өсіру керек болады,яғни интерферометрлердің жоғары реттері жағдайында жұмыс істеуге тура келеді. Барлық белгілі интерференциялық аспаптарды негізінен екі топқа бөлуге болады: екі сәулелік және көп сәулелік.

Пластинканың алдыңғы және артқы беттерінен шағылған екі сәуленің интерференциясы іске асырылғанда, бұл екі сәулелік интерферометр болады. Егер пластинка қалың болса,онда интерференцияланатын бір және екі сәулелер едәуір қашықтыққа ажыратылады және бұлардың кез−келгеніне зерттелетін затты ендіруге болады. Екі сәулелік интерференцияны іске асыру үшін жиіліктері бірдей екі монохроматты толқын болуы қажет. Екі сәулелік интерферометрге Жомен интер−і, Рождественский, Майкельсон интерферометрлері жатады. Көп сәулелік интерференциялық құралдар көп жарық шоқтарының интерференциясы негізінде құрастырылған және бұлардың түрлері онша көп емес. Оған Фабри−Перо, Люммер−Герке интерферометрі жатады.

35.Интерференциялық метрология.

1960ж−ға дейін халықаралық келісім бойынша ұзындықтың эталонына 0⁰С температурада тұрған қимасы Х тәрізді платинаиридий стерженьге сызылған жіңішке екі сызықтың ара қашықтығы қабылданған болатын. Бұл метрдің Халықаралық эталоны д.а.

Толқын ұзындығын да интерференциялық өлшеулер мүмкін болғаннан кейін спектрлік сызықтың толқын ұзындығын стандарттық метрдің ұзындығымен салыстыру идеясы п/б.

1960 ж. Өлшемдер мен таразылар бойынша 11−Бас конференция жарық толқын ұзындықтарындағы метрдің анықтамасын қабылдады. массалық саны 86 криптон атомының 2p10 және 5d5 деңгейлері арасындағы ауысуға сәйкес жарық сәулесінің толқын ұзындығын қолдану ұсынылды(605,78021). Осы анықтамада метр 1650763,73 аталған толқын ұзындығына тең ұзындық болады. Метрдің жаңа эталонын платинаиридий эталонынан екі қатар жоғары дәлдікпен оны қайтадан шығаруға мүмкіндік береді. Жарық толқын ұзындығында метр 86Kr изотопымен толтырылған лампаның шығаратын сәуле көмегімен қайта өндіріледі.

Соседние файлы в папке Оптика.шпор-каз