Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ниш задачи / ЛОГИКА ЖӘНЕ ТАПҚЫРЛЫҚ.docx
Скачиваний:
172
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
523.71 Кб
Скачать

5. Уақыт,жылдамдық, жол қатынастары

1.Екі қаладан бір мезгілде бір-біріне қарсы екі машина шықты. Біреуі 3 сағатта барлық жолдың 0,08 бөлігін, ал екіншісі 2,5 сағатта 7/120  бөлігін жүріп өтті. Егер екі машина кездескенде екінші машина 800км жүріп өткен болса, оның жылдамдығы қандай?

2. Екі қала аралығын жеңіл машина 2 сағатта , жүк  машинасы  3 сағатта жүріп өте алады. Екі машина бір-біріне қарсы қозғалғанда жүк  машинасы 1 сағат  бұрын шықса, олар кездескенше жолдың қандай бөліктерін жүріп өтеді?

3. Бірінші құбыр су қоймасын 15, екінші-18, үшінші құбыр 24 сағатта толтыра алады. Егер екінші құбырдан сағатына 98текше метр (кубометр) су ағатын болса,үш құбыр бір мезгілде ашылса, су қоймасы толғанша әр құбырдан қанша су ағады?

4. Бірінші құбыр су қоймасын 24, екіінші -30, үшінші- 40 сағатта толтыра алады.Бірінші құбыр екінші құбырға қарағанда сағатына 6 текше метр су артық құяды.Су қоймасы толғанша әр құбырдан қанша су құйылады?

5. Қазір сағат 4.Неше минуттан кейін сағаттың минуттық тілін қуып жетеді?

6.Ағысқа қарсы 9 сағат жүрген қайық, қайтуға 7 сағат жұмсайды. Өзеннің ағу жылдамдығы 2км/сағ болса,  екі бағыттағы қайықтың жылдамджығы қандай?Ақпайтын судағы қайықтың жылдамдығы тұрақты.

7. Машина тауға қарай орташа 40км/сағ жылдамджықпен жүреді. Төмен түсерде 60км/сағ жылдамдықпен жүреді.Жоғары көтерілуге кететін уақытпен салыстырғанда төмен түсуге кететін уақыт 45 минут  кем болды.Бір бағытта жүретін жол неше км?

8.Моторлы қайық ағысқа қарсы 9сағат жолын қайтарында 6 сағатта жүріп өтті. Өзеннің ағу жылдамдығы 4км/сағ болса, қайық неше км жерге барып қайтты? Тынық судағы қайықтың жылдамдығы тұрақты.

9.Екі от басына тік төртбұрыш  тәрізді, аудандары тең, саяжай бөлінді.Біреуіне берілетін жердің ұзындығы 72м, екіншісінің ұзындығы 63м, бірақ екінші ауданның ені 6м-ге ұзын.Саяжайлардың ауданы қандай?

10.3 бригада жұмысқа бірге кіріссе, 8 күнде бітіріп шығар еді.Бірінші бригада жеке істесе,30 күнде бітірер еді. Бірінші  мен екінші бригадалар бірігіп істесе, 12 күнде бітірер еді. Екінші, үшінші бригадалар жеке-жеке жұмысты неше күнде бітірер еді?

11.1кг шәй 1кг кофеден 120теңгеге арзан. 5кг шәйдің құны 3кг кофенің құнына тең. Шәй мен кофенің бағалары қангдай?

12. Бір бригадада гектарынан 10,6 т картоп жинады. Екінші бригада 20га аз егшіп, гектарынан 12,1 картоп алды. Жалпы жинаған картоптарын салыстырғанда, екінші бригада 62 тонна картоп кем алды.Әр бригада неше тоннадан картоп жинағанын табыңыз.

13. Әкесі 665 теңгені 3 жасар, 7 жасар,11 жасар үш баласына жастарына кері үлесті (кері пропорционал) мөлшерде бөліп берді. Әр балаға қанша ақша тиді?

14. Екі құбыр бірдей ашылса, бір құбыр су қоймасының 3/5, екінші құбыр 2/5 бөлігін толтырар еді. Егер бірінші құбыр бір өзі 8 сағатта толтыратын болса, жалғыз екінші құбыр неше сағатта толтырар еді?

15. Өзеннің бойындағы ара қашықтығы 168 км екі қаладан бір мезгілде қарама-қарсы екі моторлы қайық шығып, 3 сағаттан кейін кездесті. Тынық судағы қайықтардың жылдамдықтары бірдей. Егер қайықтардың жүрген жолдары 13:15 қатынасында болса, өзеннің ағу жылдамдығы қандай?

16. Мотоциклмен А қаласынан В қаласына 35 км/сағ жылдамдықпен жүрсе, белгіленген уақыттан 2 сағат кеш жетеді. Ал 50км/сағ жылдамдықпен жүрсе 1 сағат ерте келер еді. А мен В қалаларының ара қашықтығын табыңыздар.

1500см³ суға 135 см³ күкірт қышқылын араластырды. Судың тығыздығы 1г/см³, күкірт қышқылының тығыздығы 1,88 г/ см³ болса, ерітіндінің тығыздығы қандай?

18. 500г суға 135 г күкірт қышқылын араластырды. Судың тығыздығы 1г/см³, күкірт қышқылының тығыздығы 1,88 г/см³ болса, ерітіндінің тығыздығы қандай?