
- •2. Физикалық шамалар бірліктерін келтір
- •3. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мем-к жүйесінің құрылымы қандай
- •4. Физикалық шама деген не ж/е оның түрлері
- •5. Метрологияның аксиомалары мен постулаттарын келтір
- •6. Өлшем құралдары классификациясын көрсет
- •7. Өлшем құралдары не үшін мем-к реестрде тіркеледі
- •8. Өлшем құралдарының қателіктері ж/е олардың болу себептерін анықта
- •9. Өлшеу құралдарын тексеру тәсілдерін түсіндір
- •10. Өлшеудегі априорлы ж/е апостериорлы ақпараттың рөлі
- •11. Өлшеуге әсер ететін негізгі факторларды көрсетіңіз. Өлшем қателігі деген не?
- •12. Стандарт деген не, оның түрлері , структурасы қандай?
- •13. Техникалық реттеудің мақсаттары қандай
- •1. Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары:
- •2. Техникалық реттеу:
- •14. Стандарттау объектілері қандай болады?
- •15.Стандарттардың түрлерін келтіріңіз.
- •16. Стандарттау әдістері қандай болады?
- •I .Стандарттау нысандарын реттеу.
- •17. Стандарттаудың принциптерін түсіндіріңіз.
- •18. Параметірлік стандарттау және параметрлік қатар деген не?
- •19. Озық стандарттаудың ерекшелігі неде?
- •20. Кодтау және классификациялаудың бірыңғай жүйесі не үшін қолданылады?
- •21. Сәйкестікті растау деген не және оның түрлері мен ерекшеліктерін келтіріңіз.
- •22. Сертификаттауға қатысушылар кім?
- •23. Сынау зертханалардың функцияларын атап көрсетіңіз.
- •24. Сәйкестікті міндетті растаудың негізгі мақсаты неде?
- •25. Сәйкестік белгісі қашан қойылады?
- •26. Өнімнің өмірлік циклі деген не?
- •27. Сапа менеджмент жүйелері енгізудің тиімділігін көрсетіңіз.
- •28. Жылу энергетикасындағы сапа саласындағы мәселелерді шешу жолдары қандай?
- •29. Қр энергоүнемдеудегі iso 50001дің маңыздылығы неде?
- •Iso 50001 – международный стандарт – путь к энергосбережению
- •30. Тұтынушы құқығын қорғаудағы өнім сапасы қамтамасыздандырудың маңыздылығын түсіндіріңіз.
- •31. Көлбеулік манометрдің жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз.
- •33. Тексеру кезінде ұзындығы 20мм мераның шамасы 20,0005 мм алынған. Абсолютті және салыстырмалы қателіктерді салыстырыңыз.
- •34. T уақыт моментінде жылдамдықты анықтау өрнегі мына түрде жазылған: а – үдеу. Формуланың дұрыстығын анықтаңыз.
- •35. Термостаттағы май температурасы үлгілі шыны термометр мен тексеруші бу аралас газ термометрмен өлшенеді. Бірінші көрсеткіш 111с – қа, ал екінші 110с-қа тең. Нақты температураның шамасын анықтаңыз.
- •36. Еңбек қауіпсіздігі және стандарттау
- •37. Экология және стандарттау
- •38. Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары мен принциптері
- •39. Саудадағы техникалық кедергілер түсінігі
- •41. Өнімнің қаптамасында қандай ақпарат көресетіледі.
- •44.Статистикалық мәліметтерге қандай талаптар қойылады.
- •45. Физикалық шамаларды өлшеу. Өлшеудің түрлері. Өлшеуді классификациялау.
- •46.Метрологияның негізгі постулаты.Метрологияның негізгі аксиомалары.
- •47.Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру.Өлшеу құралдарын калибрлеу.Өлшеу құралдарын сынау.
- •48. Өлшеудің принциптері. Әдістері.
- •49.Өмір сапасына стандарттау қандай әсер етеді?
- •50.Өлшеу нәтижесінің сапасы.
- •51. Өлшеудің қателігі, түрлері
- •52.Жүйелік қателік,оның түрлері.
- •54.Тікелей өлшеу нәтижелерін өңдеу алгоритмін көрсетіңіз.
- •55. Жанама өлшеу нәтижелерін өңдеу.
- •59. Өлшеу құралдары, түрлері.
27. Сапа менеджмент жүйелері енгізудің тиімділігін көрсетіңіз.
СМЖ – бұл мекемеде сапа саласындағы мақсаттар мен саясатты қалыптастыру және сол мақсаттарға жету үшін жасалған жүйе. СМЖ басқа жүйе секілді өзінің міндетімен, құрылымымен, элементтер құрамымен және өзара байланысымен сипатталады. ЖОО-ның СМЖ-сы – жоспарлау, басқару, қамтамасыз ету және сапаны жақсарту арқылы сапа саласындағы саясатты іске асыру үшін қажетті ұйымдастыру құрылымының, әдістемелердің, процестер мен ресурстардың жиынтығы.
Сапа менеджменті жүйесін әзірлеу және енгізу процесі келесі кезеңдерден тұрады: 1. СМЖ моделін таңдау; 2. университет қызметін таңдалған модель талаптарымен салыстыру; 3. университеттің қызметін қажет болған жерде қайта жасау; 4. университет қызметі модель талаптарына сай екендігін дәлелдейтін СМЖ құжаттарын әзірлеу және енгізу; 5. қызмет процестерінің тиімділігін арттыру мақсатында СМЖ-ны сертификаттау; 6. процестерді үздіксіз жетілдіру негізінде қызметті жақсарту.
Ұйымда СМЖ-ны әзірлеу үшін не қажет? 1. қызметтің негізгі процестерін сәйкестендіру; 2. процестердің өзара әрекеттесуін және ретін белгілеу; 3. жұмыс және процестерді бақылау тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті әдістер мен критерийлерді анықтау; 4. процестерді бақылау және жұмысты жүргізу үшін қажетті ақпаратпен және ресурстармен қамтамасыз ету; 5. процесті бақылау, өлшеу және анализ жасау; 6. жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу және процестерді үнемі жақсарту үшін қажетті шараларды қабылдау.
28. Жылу энергетикасындағы сапа саласындағы мәселелерді шешу жолдары қандай?
Жылу энергетикасы – жылу энергиясын өндіру, беру, онымен жабдықтау және тұтыну саласы;
Жылу энергетикасы саласындағы уәкілетті орган – ЖЭО-ның жылу энергиясын өндіру саласында, елді мекендер шеңберінде қуаттылығы 100 Гкал/ сағ. және одан астам белгіленген қазандықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган
Жылу энергиясы – жылу тасығыш беретін, жылумен жабдықтау жүйесінде оның шығысымен және жылу энергиясын өлшеуге немесе есептеуге мүмкіндік беретін термодинамикалық өлшемдерімен сипатталатын энергия;
Жылу энергиясын және (немесе) жылу тасығышты коммерциялық есепке алу – жылу энергиясының және (немесе) жылу тасығыштың саны мен сапасын коммерциялық есепке алу аспаптарымен, ал олар жарамсыз немесе болмаған жағдайда есептеу тәсілімен белгілеу және алынған деректерді жылумен жабдықтау шарттары бойынша өзара есеп айырысу үшін пайдалану;
Жылу энергиясын және (немесе) жылу тасығышты беру – нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келетін жай-күйде жылу желілерін ұстауды, сондай-ақ жылу тасығышты қабылдауды, қайта түрлендіруді және (немесе) жеткізуді қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық және технологиялық байланысқан іс-қимылдар кешені;
Жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу:
1) жылу энергиясын тұтынушылардың сұранысын барынша қанағаттандыру және жылу энергиясы нарығына қатысушылардың құқықтарын қорғау;
2) Қазақстан Республикасында жылу энергетикасының қауіпсіз, сенімді және орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
2. Жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу міндеттері:
1) жылумен жабдықтаудың сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2) жылу өндіруші, жылу беруші, жылумен жабдықтаушы ұйымдар мен тұтынушылар мүдделерінің теңгерімін сақтау;
3) жылу энергетикасы саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін кемсітусіз және тұрақты шарттарды қамтамасыз ету;
4) жылумен жабдықтау ұйымдары үшін электр және жылу энергиясын аралас өндіруді басымдықпен пайдалануды қамтамасыз ету;
5) жылу энергетикасы саласында энергия үмдеуді қамтамасыз ету және энергетикалық тиімділікті арттыру;
6) техникалық мүмкіндік болған жағдайда тұтынушылар үшін жылу энергетикасы саласында көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің тең шарттарын қамтамасыз ету болып табылады.