Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1011.docx
Скачиваний:
83
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.87 Mб
Скачать

10 Сурет - Атмосфералық қысымының тәуліктік жүрісі

Жоғарыда көрсетілген суретте станциялардағы атмосфералық қысымның көрсеткіштері берілген. Бұл график бойынша ең жоғарғы қысым Айдарлы метеостанциясында 953,2 гПа тең болса, ең төменгі қысым Үлкен Алматы көлінде 750,0 гПа тең болды. Себебі, биіктеген сайын қысым төмендейді, ал ҮАК МС биік таулы жерде орналасқан.

4.6 Жел жылдамдығының тәуліктік жүрісі

Жер бетіне қатысты ауаның горизонтальдық қозғалысы жел деп аталады. Метеорологиялық бақылауда жел деп жел жылдамдығы векторының горизонтальдық құраушысын айтады. Жел сипаттамаларына жел бағыты мен жылдамдығы жатады. жылдамдығы м/с-пен, авиацияда км/сағ.-пен, теңіз флотында баллмен өлшенеді. Жел бағытын 16 румб бойынша анықтайды. Жел жылдамдығының тәуліктік жүрісі төменде көрсетілген (6 кесте).

6 кесте - Жел жылдамдығының тәуліктік жүрісі

Бақылау мерзімі

00

03

06

09

12

15

18

21

Алматы МС

0

2

3

2

1

0

2

0

ҮАК МС

1

2

2

3

4

3

3

5


Жел атмосфера қабаттарында қысымның біркелкі таралмауынан пайда болады, әрі жоғары қысымнан төменгі қысымға қарай бағытталады. Қарастырылған метеостанцияларға график тұрғызылды (11 сурет).

11 Сурет - Жел жылдамдығының тәуліктік жүрісі

Бұл тәуліктегі жел жылдамдығының ең жоғарғы көрсеткіші ОГУ бойынша бақылау мерзімінің 03 сағатына сәйкес келеді. Ал ең төменгі көрсеткіші бақылау мерзімінің күндізгі 09 және 12 сағат аралықтарында байқалған.Алматы МС-да жел жылдамдығының аз болу себебі, метеостанциясы жазық және тегіс жерде орналасуы. Ауа қысымы уақыт пен кеңістікте тұрақты болмайтындықтан желдің жылдамдығы мен бағыты үнемі өзгеріп отырады.

5. ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ МЕТЕОСТАНЦИЯСЫНЫҢ МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРІНІҢ КҮНДІЗГІ ЖҮРІСІ

Ауа температурасы және топырақ температурасы төменде көрсетілген (7 кесте, 12 сурет).

7 кесте - Ауа температурасы және топырақ температурасының күндізгі жүрісі

Бақылау мерзімі

09

12

15

18

Ауа температурасы

26,1

28,6

31,1

28,7

Топырақ температурасы

31,7

43,0

48,0

39,0

7 кестеге сәйкес ауа температурасы және топырақ температурасының күндізгі жүрісінің графигі құрылды (12 сурет).

12 Сурет - Ауа температурасы және топырақ температурасының күндізгі жүрісі

Бұл графикте әл-Фараби атындагы КазҰУ-нің метеостанциясының ауа температурасы, топырақ температурасы, салыстырмалы ылғалдылықтың күндізгі жүрісі сипатталған. Ауа температурасының жоғарғы мәні жергілікті уақыт бойынша 15 сағатта 31 °C, төменгі мәні 09 сағатта 26,1 °C болды. Ал топырақ температурасынының мксимумы 15 сағатта 48,0 °C болса, минимумы 09 сағатта 31,7 °C болды. Салыстырмалы ылғалдылықтың жоғарғы мәні 09 сағатта 40,0 пайыз болды, ал минимумы 15 сағатта 23,0 пайыз болды.

Бақылау мерзімі

09

12

15

18

Жел жылдамдығы

2м/с

2 м/с

2 м/с

4 м/с

8 кесте - Жел жылдамдығының күндізгі жүрісі

8 кестеге сәйкес жел жылдамдығының күндізгі жүрісінің графигі тұрғызылды (13 сурет).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]