
- •5 Экологиялык факторлардын классификациясы
- •6 Либихтын минимум заны
- •7 Шелфордтын толеранттылык заны
- •8 Абиотикалык факторлардын тири организмге асери
- •9 Биотикалық факторлардыңсипаттамалары
- •10 Толеранттылық диапозоны Эврибионтты Стенобионтты организмдер
- •11 Тіршілік орталарының сипаттамалары
- •12 Су тіршілік ортасының ерекшеліктері
- •13 Организмдердің қарым-қатынасы (бәсекелестік жыртқыштық-жемтік паратизм)
- •14 Биотикалық қарым-қатынас (симбиоз, комменсализм, аменсализм)
- •15 Әуе құрлық ортасының ерекшеліктері
- •16 Топырақ тіршілк ортасыныңерекшеліктері
- •17. Популяцияның статистикалық және динамикалық сипаттамалары.
- •18 Вернадскиийдің биосфера туралы түсінік
- •19 Биосфераның құрылымының ерекшеліктері
- •20.Құрылықта тіршілік ететін организмдердің тіршілік ортасына байланысты экологиялық топтар
- •22Популяцияның генетикалық құрылымы
- •23. Популяцияның жыныстық құрылымы
- •29. Биоценоз,биогеоценоз,экожүйе туралы түсінік
- •30. Популяцияның статикалық көрсеткіштері
- •31. Экологиялық қуыс
- •32. Биосферадағы тірі заттың қасиеті мен функциясы
- •33. Биосферадағы биогеохимиялық айналымдардың маңызы
- •34. Табиғатта судың және көміртектің айналымы
- •35.Табиғатта оттегінің және азоттың айналымдары
- •36.Табиғи ресурстар.Сарқылатын,сарқылмайтын табиғи ресурстар
- •37.Табиғи ресурстарды тиімсіз пайдаланудың салдары.Мысал келтір
- •38. Қр су қоймаларының ластануы
- •39.Құрлық экожүйелері(тундра,тайга,дала,шөл және т.Б.)сипаттамалары
- •40 Су экожүйелері (теңіз және тұщы су) сипаттамалары
- •41 Қр ерекше қорғауға алынған территориялар
- •42. Қр табиғи ескерткіштері, олардың маңызы.
- •43 Қр қорықтары, олардың ұйымдастырылу мақсаты
- •44. Қр ботаникалық бақтары. Дендропарктері, олардың сипаттамалары.
- •45. Қызыл кітаптың маңызы, оның санаттары
- •46. Ғаламдық экологиялық проблемалардың өзектілігі
- •47. Озон қабатының жұқаруы,қышқылды жаңбырдың экологиялық зиянды әсерлері
- •48. Әлемдік жылынудың, парникттік эффекттың атмосфераға әсері.
- •49. Биологиялық алуантүрліліктің азаюының экологиялық зардабы.
- •50. Табиғи ресурстар дағдарысының зардабы.
- •51.Әлеуметтік экологиялық проблемалар (демографиялық жарылыс, ашаршылық т.Б.)
- •52. Аймақтық экологиялық мәселеле. Қр экологиялық өзекті мәселелері.
- •53. Баламалы энергия көздерін пайдаланудың экологиялық тиімділіктері.
- •54.Қоршаған ортаның мәселелері бойынша Халық аралық ұйымдардың бағдарламалары.
- •55. Шөлейттену мәселесінің себебі. Оның алдын алу іс-шаралары
- •56. Радиацияның генофондқа әсері
- •57. Қр экологиясының дистабилизациясы ( бұрынғы қалпынан өзгеруі немесе ауытқуы)
- •58. Топырақ деградациясы, топырақ эрозиясы, алдын алу іс-шаралары
- •59. Климаттың өзгеруі
31. Экологиялық қуыс
«Экологиялық қуыс» ұғымын ғылымға зоолог Дж. Гринелл биоценоздағы түрдің ролін анықтау үшін енгізді. Экологиялық қуыс– абстракты ұғым, бұл табиғатта түрдің тіршілік етуіне ықпал ететін барлық орта факторларының жиынтығы. Ю.Одумның айтуы бойынша «экологиялық қуыс» ұғымы организмнің экожүйедегі атқаратын роліне жатады, яғни тіршілік ету ортасы түрдің «мекен-жайы», ал қуыс – түрдің «мамандығы». Мысалы, өсімдік қоректі антилопа мен кенгуру әртүрлі жерде тіршілік еткенімен бір экологиялық қуысты иеленеді. Керісінше, орман тиіні мен бұғысы да өсімдік қоректі болғанымен әртүрлі экологиялық қуысты иеленеді. Қорек түрлері әртүрлі болуына байланысты экологиялық қуыс жануарлар арасында жақсы байқалады. Гаузе принципі бойынша екі түр кішкентай бір кеңістікте бірге тіршілік ете алмайды. Өйткені екі түрдің де санының өсуіне кеңістіктегі ресурстардың қоры жетпейді. Яғни, экологиялық қажеттіліктері ұқсас түрлер бірдей экологиялық қуысты (орынды) иелене алмайды. Өмір сүруі үшін біреуі міндетті түрде экологиялық қуысын өзгерту керек (қорек түрін, тіршілік ету түрін). Өсімдіктердің қоректенуі автотрофты болғанымен (фотосинтез) және ортаның бірдей қорларын (минералды заттардың ерітінділері, көмір қышқыл газ) пайдалануына қарамастан олардың да қуыстарға жіктелуі айқын байқалады. Жарық сүйгіш, көлеңке сүйгіш өсімдіктер, тамыр жүйелерінің әртүрлі тереңдікте болуы, қажетті ылғал мөлшері және олар әртүрлі кезеңдерде гүлдеп, жеміс береді, тозаңдатқыштары да әртүрлі болады. Әрбір жеке организмнің тек өзіне ғана тән қолайлы тіршілік ететін қуысы (орны) болады. Ол көбінесе биоценоздың құрылымына байланысты өзінің атқаратын ерекше қызметіменсипатталады. Мәселен, шөптесін өсімдіктер мен орман ағаштары Австрияда немесе Еуропада болсын, олардың экологиялық қуысы мен атқаратын қызметі ұқсас болып келеді. Экологиялық қуыстың тұрақты болуы көбінесе қоректік бәсекелестікке де тікелей байланысты. Ал бір систематикалық түрге жататын туыс түрлер тіптен қоректік тұрғыда өте тиімді жіктелген. Мәселен, суда кездесетін ескек аяқты су қандалаларының екі түрі бір жерде тіршілік ете береді. Себебі бірі жыртқыш болса, екіншісі калдықтармен қоректенеді. Мұндай жағдайда организмдердің экологиялық орны тұрақты келеді. Өсімдіктерде де экологиялық орын жақсы жіктелген. . Мәселен, өсімдіктің гүлінің шырынымен қоректенетін аралар, оның жапырағында, сабағында немесе тамырында тіршілік ететін түрлердің өкілдерімен ешбір бәсекелестікке бармайды. Сол сияқты ормандағы ағаш тектес немесе шөптесін өсімдіктер ярустылыққа (қатарлар) байланысты реттеліп орналасқан. Ормандардағы ярустылық - әртүрлі организмдердің экологиялық қуыстарға бөлінуінің жақсы мысалы бола алады. Әр түрге жататын организмдердің екі экологиялық қуысы болуы мүмкін: фундаментальды және іске асырылған. Фундаментальды қуыс – түрдің тіршілік ете алатын жағдайлары, ал іске асырылған – түрдің сол қауымдастықтағы кездесуі.
32. Биосферадағы тірі заттың қасиеті мен функциясы
Өлі табиғаттан тірі ағзаларды өздеріне тән негізгі касиеттері аркылы бірден ажыратуға болады. Тірі ағзаларға тән негізгі қасиеттер:
химиялық құрамының біркелкілігі,заттар мен энергияның алмасуы,құрылымдық деңгейінің ұқсас болуы,көбею,тұқым куалаушылық,өзгергіштік,өсу мен даму, тітіркенгіштік, дискреттілік (оқшаулану),өзін-өзі реттеу,ырғақтылық қасиеттер де тән.Тірі ағзалардың химиялық құрамының біркелкі болуы. Тірі ағзалардың құрамында табиғатта кездесетін 70-тен астам химиялық элементтер болады. Тірі азғалар мен өлі табиғаттың құрамындағы химиялық элементтердің мөлшері әр түрлі. Мысалы, өлі табиғаттың құрамында оттектен басқа кремний, темір, магний, алюминий, т.б. элементтер көбірек кездеседі. Тірі ағзалардың химиялық құрамының 98%-ын, негізінен, 4 химиялық элемент құрайды. Ондай элементтерге —көміртек, оттек, азот және сутек жатады. Тірі ағзаларда бұл элементтер күрделі органикалық молекулалардың түзілуіне қатысады. Өлі табиғатта бұл элементтер басқаша мөлшерде және өзгеше сапада болады. Өлі табиғатта кездесетін органикалық қосылыстар, негізінен, тірі ағзалардың тіршілік әрекеттерінен пайда болған. Тірі азғалар құрамындағы органикалық молекулалардың өздеріне тән ерекшеліктері бар және олар тірі ағзаларда белгілі бір қызмет атқарады.