- •1.Аграрлық экономика пәнінің әдістері мен мақсаттары.
- •2.Агроөнеркәсіптік кешен.
- •3.Аөк нарық және шаруашылықты жүргізудің нарықтық механизімі.
- •5. Аграрлық өндірістің экономикалық тиімділігі.
- •6. Агроөнеркәсіп экономикасының ерекшеліктері.
- •7. Агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі даму жолдарына жалпы сипаттама.
- •9.Агроөнеркәсіп кешенінің дамуының теориялық және әдістемелік негіздері.
- •11.Азық-түлік проблемасы және ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуы.
- •12.Ауылшаруашылығын реттеудегі мемлекеттік саясат.
- •13.Ауыл шаруашылығын несиелеу жүйесі.
- •14.Ауыл шаруашылығын несиелеу жүйесі.
- •15.Аграрлық өндірістің айналым капиталдары.
- •16. Ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері.
- •17. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі жағдайы.
- •18. Қазақстанның аграрлық секторы.
- •19. Қазақстан Республикасындағы сектордың дамуы және оған кездесетін кедергілерді шешу жолдары.
- •20. Қазақстандағы 2020 жылға дейінгі агробизнесті дамыту мәселелері.
- •21. “Агробизнес - 2020” бағдарламасының мақсаты мен негізгі бағыттары.
- •22. Қазақстанда аграрлық қатынастар және ауылдық әлеуметтік экономикалық даму кезеңдері.
- •23. Еңбек ресурстары және еңбек өнімділігі.
- •24. Аграрлық өндірістегі инвестиция
- •25. Қазақстанда аграрлық өндірісті интенсивтендіру.
- •26. Ғылыми-техникалық прогрестің агроөнеркәсіпке әсері.
- •27. Аграрлық өндіріс шығындары, өнімнін өзіндік құны мен бағасы.
- •28. Ауыл шаруашылығының жалпы және тауарлы өнімі.
- •29.Ауылшаруашылығының мамандандырылуы мен шоғырландырылуы.
- •30. Аграрлық өндірістін экономикалық тиімділігі.
- •31.Өсімдік шаруашылығы саласы
- •33.Ғылыми-техникалықпрогрестің даму кезеңдері мен оныңагроөнеркәсіпкеәсері.
- •34. Аграрлық секторды дамытудағы Қазақстанның әр түрлі климаттық жағдайларының алатын орны.
- •35.Қазақстанның агроклиматтық ресурстарына сипаттама беріңіз.
- •36. Агрокешенді дамытудағы топырақтың алатын орны.
- •37. Қазақстанның су ресурстарының жиілігі (өзен, көлдердің таралуы).
- •39.Қазақстанның су ресурстарының экологиялық жағдайының ауылшаруашылығына әсері
- •40.Қазақстанның климаты (вегетациялық кезеңі бойынша)
- •42. Асыл тұқымды жылқы шаруашылығы.
- •43. Асыл тұқымды ірі қара мал шаруашылығы
- •44. Асыл тұқымды қой шаруашылығы.
- •45. Ауылшаруашылығы өнімдерінің нарығы.
- •47. Қазақстан Республикасындағы мал шаруашылығы саласының дамуы.
- •50. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені және оның реформалау мен нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі дамуының негізгі бағыттары.
- •51. Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы.
- •53.Қазақстандағы азық-түлік және қайта өңдеу өнеркәсіптері.
- •57. Қазақстан Республикасындағы мал шаруашылығы саласының дамуы.
- •58. Агрокешенді дамытудағы топырақтың алатын орны.
- •59. Аграрлық секторды дамытудағы Қазақстанның әр түрлі климаттық жағдайларының алатын орны.
- •60. Агроөнеркәсіп кешенінің нарығы мен шаруашылықты жүргізудің нарықтық механизмі.
5. Аграрлық өндірістің экономикалық тиімділігі.
Өндіріс тиімділігі — экономикалық категория. Ол — өндіргіш күштер мен өндірістік қарым — қатынастың кең көлемді кешенді шарттарының қалыптасуы. Соның нәтижесінде кеңейтілген ұдайы өндірістік үдеріс қамтамасыз етіледі. Тиімділіктің басты мәселесі — нарықтық экономика жағдайында тауар өндірушілердің мүддесі үшін тұтыну кұнын өндіру кезінде ресурстарды мейлінше үнемдеу. Осы жағдайда кәсіпкерлік қызмет өзінің тәуекелділігіне мүліктік жауапкершілігі шегінде ұйымдастырушылық, құқыктық нормативті актілермен анықталып, өндіріс табыстылығының есебінде жүргізіледі. Агроөнеркәсіп кешенінің тиімділігін анықтау үшін, оның мақсатын, қоғамның материалдық жағдайының оңтайлануының және әлеуметтік факторларды камтамасыз етуді ескеру керек. Нарықтық экономика жағдайында ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігінің мәселелері — бұл ең қажетті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мәселесі. Бұл орайда өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру мәселесін нарықтық экономика жағдайында маңызды әлеуметтік-экономикалық факторларды ескермей, қарастыру мүмкін емес. Бұған өндіріс құралдарына меншік түрлерінің өзгеруі де жатады. Аграрлық саясаттың қазығы болып есептелінген ірі кәсіпорындарға иек арту негізінде дұрыс болатын. Мұндай өндіріс әсіресе өнеркәсіп технологияларды қолданып жұмыс істейтін мамандаңдырылған кәсіпорын еңбек өнімділігін арттыру мен табиғи, материалдық — техникалық еңбек ресурстарын тиімді пайдаланудың үлкен мүмкіндіктеріне ие болады. Бірақта ірі өндірісті абсолюттеу, шағын және орта өндірісті, оның ішінде шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтарды елемеу республиканың ауыл шаруашылығына нұқсан келтірері хақ .
Қазіргі кезде экономикалық қатынастар мен өндіріс жағдайының өзгеруіне байланысты нарықтық қатынастарға көшу кезіндегі ауыл шаруашылығы өңдірісінің экономикалық тиімділігін анықтау қажетті деңгейде дей алмаймыз. Бұл жағдай ең алдымен бағалаудың теориялық және әдістемелік аспектілерін нақтылауды кажет етеді.
6. Агроөнеркәсіп экономикасының ерекшеліктері.
Қазақ агроөнеркәсіп кешені экономикасы және ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институты 1931 жылы құрылған. Институттың ғылыми қызметінің негізгі бағыты: елдің азық-түліктік тәуелсіздігін қамтамасыз ететін агроөнеркәсіп кешенін дамыту мен ауыл халқының тұрмыс деңгейін көтерудің экономикалық механизмін құру. Институт ғалымдары өтпелі кезеңге арналған аграрлық саясаттың біртұтас тұжырымдамасын жасап, оның мынадай басты бағыттарын анықтап берді: елдің азық-түліктік тәуелсіздігін қамтамасыз ету; аграрлық реформаларды тереңдету есебінен ауылда нағыз меншік иесін қалыптастыру; ауыл еңбеккерлерін мемлекеттік қолдаудың тиімді механизмін табу (салықтық жеңілдіктер, несие беру, сақтандыру, күрделі қаржы бөлу); өндірісте, өңдеуде, өткізуде (сатуда) және қызмет көрсету саласында кооперация мен интеграцияны дамыту; ауылдың әлеуметтік мәселелерін шешу (жұмыспен қамту және тұрмыс деңгейін көтеру, халықтың қалаға көшуін азайту). Аграрлық секторға қолдау көрсету мақсатында институт ғалымдары барлық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін патентті бірыңғай жер салығына ауыстыру, қосылған құн салығының орнына – өнімді сатудан түскен пайда көлемінен салық алуды енгізу, ал өнімді сатудан түскен пайдаға әлеуметтік салық енгізу қажеттілігін негіздей отырып, жаңаша салық салу, несие беру және қаржыландыру модельдерін жасады, т.б. Қаржы-несие саясатын жетілдіру үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге несие беру жүйесі құрылды. Институт ғалымдары жер қатынастарын реттеу әдістеріне ғылыми негіздеме беріп, агроөнеркәсіп кешенінің әр түрлі салалары бойынша 30 ұсынысты өндіріске енгізді. Институттың ғылыми қызметінің жетістіктері 69 ұсыныста, 28 кітап пен монографияларда, 3 сөздік пен анықтамалықтарда, 1 талдамалық жинақта, 4 ғылыми баяндамада мазмұндалды. Қазіргі уақытта институтта 107 адам жұмыс істейді, олардың 70-і ғылыми қызметкер, 10-ы ғылыми доктор, 20-сы ғылыми кандидаттары, ғылыми қызметкерлер арасында ҰҒА-ның 1 акад., 1 корр. мүшесі болды. Институт жанындағы аспирантура мен докторантурада экономикалық ғылымдарының 16 докт., 80 канд. даярланған
