Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5555555555.docx
Скачиваний:
53
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
271.17 Кб
Скачать

33.Тіркелген актив ұғымына анықтама беріңіз?

Тіркелген активтер – салық төлеушінің бухгалтерлік балансында ҚР-ның бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп туралы заңына және бухгалтерлік есептің стандарттарына сәйкес есептелетін және жиынтық табыстарына сәйкес есептелетін және жиынтық табыс алу үшін пайдаланылатын негізгі құралдар мен материалдық емес активтер, жылжымайтын мүлікке инвестииялар және биологиялық активтер.

Тіркелген активтер түскен кезде, оның ішінде қаржы лизингі бойынша және ТМҚ құрамынан аудару жолымен түскен кезде топтардың құндық балансын көрсетілген активтердің бастапқы құнына ұлғайтады.

Тіркелген активтерді сатып алуға, өндіруге, салуға монтаждауға және орнатуға арналған шығындар, ХҚЕС және ҚР БЕ пен ҚЕ туралы заңнамасының талаптарына сәйкес оның құнын арттыратын басқа да шығындар бастапқы құнын ұлғайтады.

Толық амортизация және құнсыздану нәтижесін сондай-ақ сатуға арналған активтер құрамына ауыстыру қоспаған жағдайда тіркелген активтердің бухгалтерлік есепте тануын тоқтату, осындай активтердің шығып қалуы болып табылады

Салық кодексіне сәйкес тіркелген активтерге мыналар жатқызылады:

  • Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушiнiң бухгалтерлiк есепке алуында ескерiлген және табыс алуға бағытталған қызметте пайдалануға арналған негiзгi құралдар, жылжымайтын мүлiкке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер;

  • концессия шартының шеңберiнде концедент концессионердің иеленуіне және пайдалануына берген, қызмет мерзiмi бiр жылдан асатын активтер;

  • әлеуметтік сала объектілері болып табылатын, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер; 

  • табыс алуға бағытталған қызметте бір жылдан астам уақыт бойы пайдалануға арналған, сенімгерлікпен басқаруды құру туралы өзге акт бойынша сенімгерлікпен басқаруға алған, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер.

Тіркелеген активтердің құны іс жүзіндегі салық кодексімен белгіленген жағдай мен тәртіпте өтелімді аударуды есептеу арқылы шегерімге жатады. ТА бойынща өтелім аударымын есептеу өтелімдік бөлімшелер мен топтар бойынша жүргізіледі.

ТА бойынша өтелім аударымын анықтау үшін есеп беру кезеңі

салықтық жыл болып табылады.

34.Әлеуметтік төлемдербойынша шегерім дегеніміз не?

Әлеуметтік салаға жіберілген шығындар б\ша шегерім/ салық төлеушінің мынадай шығыс түрлері ретінде анықталады:

  1. Салық салынатын табыстың 3 %-нан аспайтын жалпы сомасы мөлшерінде: нақты шеккен мынадай қызмет түрлерінің шығыстары:

  • Медициналық қызмет

  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық ж\е кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары ж\е жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, қосымша білім беру саласындағы қызметі

  • Ғылым, дене тәрбиесі ж\е спорт, мәдениет саласындағы, тарихи-мәдени мұраларды, мұрағат құндылық\ын сақтау жөнінде қызмет көрсету саласындағы қызметі

  • Қызметкер\дің олардың отбасы мүшелерінің, өзара байланысты тұлғалар қызметкерлерінің ж\е отбасы мүшелерінің демалысын ұйымдастыру, сондай-ақ тұрғын-үй қорының объетілерін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын әлеуметтік сала объекті/ін пайдалану кезінде алынуға жататын табыстардың іс жүзінде келтірілген шығыстардан асып кетуі

  • Коммер емес ұйымдарға ж\е қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыратын ұйымдарға өтеусіз негізде берілген мүлік құны

  • Өтеусіз орындалған жұмыс\дың, көрсетілген қызметтердің құны осындай жұмыстарды орындаумен, қызметтер көрсетумен б\ты шеккен шығыстар мөлшерінде айқындалады

  • Көмекті алатын адам тарапынан өтініш жазу негізінде салық төлеушінің шешімі болған кездегі демеушілік ж\е қайырымдылық көмекті

  1. Мүгедектердің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалған шығыстардың 2 еселенген мөлшерін ж\е мүгедектердің жалақысының ж\е басқа да төлемдердің есептелген әлеуметтік салық сомасының 50% көлемінде

  2. Жеке тұлға салық төлеушіде кемінде үш жыл жұмыс істеу міндеттемесі туралы шартты жасасқан жағдайда, салық төлеушімен еңбек қатынасында тұрмаған жеке тұлғаны оқытуға арналған шығыстарды азайтады.

Салық төлеушілердің уақытша жұмысқа жарамсыздығына, жүкті болуына және бала тууына байланысты демалысқа ақы төлеуі жөніндегі шығыстарын есепті кезеңде шегере алады. Қызметкерлердің денсаулығының зақымдануына байланысты (мертігу т.б.с.с.) келтірілген зиянның орнын толтыруға, сондай-ақ асыраушысынан айырылуына байланысты ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар да заңдарда белгіленген мөлшерде шегерілуге тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]