- •1.Дүниетаным және оның түрлері (мифологиялық, діни, философиялық).
- •2. Философияның пәні: адам және әлем мәселесі.
- •3. Ежелгі үнді философиясының негізгі мектептері.
- •4. Буддизм философиясы.
- •5. Ежелгі Қытай ойлау дәстүрі: дао мектебі, заңшылдар мектебі.
- •6. Конфуцийдің этикалық философиясы
- •7. Ежелгі грек натурфилософиясы (иониялықтар, пифагоршылдар, элейліктер, атомистер)
- •8. Адамға қарай бет бұру (софистер, Сократ һәм оның тағылымы)
- •9. Платон философиясы: «идея» теориясы, мемлекет жайлы ілімі
- •10. Аристотель философиясы: «материя» және «форма» түсінігі
- •11. Антика философиясындағы матереализмді негіздеу идеялары (Фалес, Аниксимандр,Анаксимен, т.Б.)
- •12.Ортағасырлық христиан философиясының негізгі кезеңдері:патристика және схоластика
- •13.А. Августин мен ф. Аквинскийдің діни философиясы
- •14.Ислам мәдениетіндегі ғылым мен өнер, философия
- •15. Философияның негізгі атқаратын қызметтері мен қазіргі замандағы рөлі.
- •16. Ислам философиясы:Әл кинди,Әл фараби,Ибн Рушд.
- •17. Ислам философиясының даму ерекшеліктері
- •18.Қайта өрлеу философиясындағы гуманизм және антропоцентризм
- •19. Ф. Бэконның индуктивті әдісі және идолдар туралы ілімі
- •20. «Неміс классикалық философиясы». И. Кант фил-сы.
- •21. Шеллингтің натурфилософиясы
- •22. Г.В.Ф. Гегельдің абсолюттік идеясы. Диалектиканың негізгі категориялары
- •23. Л.Фейрбахтың антропологиялық философиясы.
- •24. Дәстүрлі түркі дүниетанымының ерекшеліктері. Тәңіршілдік: метафизикасы мен философиясы
- •25.Түркі ойшылдарының философиясы: Әл Фараби, м.Қашқари, ж.Баласағұн, а.Иүгінеки.
- •26. Қорқыт Атаның рухани ілімі.
- •27. Сопылықтың түркілік бұтағы: қ.А. Иасуидің хәл ілімі.
- •28. Қазақ философиясының қалыптасу ерекшеліктері.
- •29. Ақын-жыраулар шығармашылығындағы дүниетаным: табиғаты, толғау, бостандық, дүние, заман, адам, адамшылық мәселесі.
- •30.Жаңа Заман философиясы: Декарттың «күмәндәну принципі».
- •31. Хіх ғасырдағы қазақ философиясының жаңашылдық сипаты: ш.Уәлиханов, ы.Алтынсарин, а.Құнанбайұлы.
- •32.Абай философиясындағы Алла мен адам болмысы.
- •33. ХХғ басындағы қазақ ұлтының ояну философиясы.
- •34.Хх ғасырдағы Батыс философиясы Позитивизм және оның түрлері
- •35. Хіх ғасыр Орыс кеңістігіндегі славяншылдық һәм батысшылдық ( Чаадаев, Герцен, Киревский, Хомяков)
- •36. Марксизм философиясы
- •37. Парменидтің болмыс бейболмыс теориясы
- •38. Гуссерльдің феноменологиясы
- •39. Сана және бейсаналық: з. Фрейдтің психоаналитикалық философиясы
- •40. Экзистенциалистік философиясының негізгі мәселелері
- •41.Материяның атрибуттары: қозғалыс, кеңістік, уақыт.
- •42.Онтология болмыс туралы ілім.
- •43.Таным және оның түрлері.
- •44.Ғылыми зерттеулердің эмперикалық және теориялық деңгейлері.
- •45.Адамның дүниеге қатынасының ерекшеліктері : таным, шығармашылық, түсіндіру және түсіну, ақиқат және адасу.
- •46.Ақиқаттың аспектілері: аксиологиялық, экзистенцияалды,концептуалды,операционалды, ақиқат.
- •47. Диалектиканың тарихи типтері. Диалектиканың негізгі принциптері мен заңдары.
- •48.Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық, діни және ғылыми түсініктер.
- •49. Сана бейнелеу және іс әрекет ретінде: шығармашылық және интуиция мәселесі.
- •50. Адам философиясы: өмірдің мәні.
- •51.Қоғамдық сананың түрлері: моральдық, этикалық, саяси, құқықтық және діни сана. Ғылым қоғамдық сананың бір формасы ретінде.
- •52. “Қоғам: философиялық талдаудың негіздері”
- •53. Әлеуметтік философияның ұғымдары мен негізгі принциптері. Социогенез ұғымы.
- •54.Л.Н Гумилевтың «пассионарлық дүмпу» идеясы мәсәле ретінде
- •55.Жаһандану үдерісі һәм жаһандануға деген қарсылық (Антиглобализм).
- •56. Мәдениет және өркениет.
- •57. Жаһандану үдерісіндегі адамзаттың өзекті мәселелері.
- •58. Жеке адам - әлеум. Индивид ретіндегі адам, қоғам мүшесі.
- •59. Философиядағы адам мәселесі
- •60.Ақпараттық қоғам және оныңдаму ерекшеліктері
4. Буддизм философиясы.
“Будда” - санскрит сөзі, көзі ашылған, сергектенген деген мағынаны береді. Буддизм Үндістанда б.з.б. 6-5 ғасырларда этикалық тұрғыдағы көптеген ілімдердің бірі ретінде дүниеге келді. Буддизмнің шығуы – касталық жүйенің төменгі әлеуметтік сатысында тұрғындардың брахмандардың үстемдік етуіне наразылық білдіруінің көрінісі. Буддизмнің қай варианты болмасын, болмысты бірнеше сатыға бөліп қарастырады. Бұл сатыларда уақытша түрлі заттар, құбылыстар өмір сүреді. Тозақта құмарлыққа, бұзылуға бой ұрушылық басым болады. Құдайлар сатысында тыныштыққа, рахатқа батады. Брахмандар сатысында танып білуге құмартады. Тек қана Будданың ең биік сатысында ғана жоғарғы даналықты қабылдау мүмкіндігі туады. Бұл сатыда гармония тараған. Буддизмнің трактаттарында бұл космологиялық сурет пирамида түрінде бейнеленеді. Оның классикалық варианты 31 сатыны қамтиды. Пирамида сатылары болмыстың 3 сферасына бөлінеді: төменгі (кама-лока), ол 10-11 сатыдан құралған, бұл сатыларда сезімдік қабылдау және реалды дүние орын алған: ортаңғы сфера – рупалока, 16-17 сатыдан тұрады, бұл сатыларда есімі жоқ формалар өмір сүреді, оны иллюзорлық дүние дейді; 3 – жоғарғы сфера (арупа-лока) – 4 сатыдан тұрады. Бұл сфера көзге көрінбейді – таза сана дүниесі. Одан арыдағы дүние Будданың космостық денесімен теңестірілетін сфера (ади-будда). Болмыстың барлық сфералары қозғалыста болады. Қозғалыстың себебі – уақыт және карма. Уақыт – бұл әрі бүлдіруші, әрі құрастырушы, жасампаз немесе жасаушы да. Ал карма тірі жандардың космостық пирамидадағы қай сатыда қайта тууын қамтамасыз етеді. Карма – бұл іс-әрекеттерің үшін алған алғысың немесе қарғысың. Жақсы тірліктерің үшін – жақсы карма, жаман тірліктерің үшін – жаман карма тағайындалады, қылығына қарай құрметтеу, не жазалау. Буддизмнің өзекті мазмұны – Будданың “төрт ақиқаты” туралы өсиеттері: 1 – ақиқат: өмір – азап шегу, қайғы-қасірет; 2 – ақиқат: азап шегудің себептері бар; 3 – ақиқат : азап шегуден құтылу бар;4 –ақиқат: азап шегуден құтылуға апаратын жол бар. Қасірет шегудің психологиялық негізі үміт пен үрейдің байланысында. Дамыған буддалық ілімдерде азап шегу космостық тұрғыдан ашылады: ол – дхармалардың шексіз “толқыны”, тасқыны .Дхарма – бұл материя мен сананың бірін-бірі алмастыратын элементтері, заң. Екінші ақиқатында азап шегудің қайнар көзі – тілектер, қалаулар, құмарлықтар деп көрсетіледі. “Дхаммапада” тексттерінде мынадай сөздер бар: “Алтын теңгеден жауын жауса да, құмарлыққа тоят жоқ. Құмарлық күйзелуге әкеп соғады, одан қуаныш аз. Осыны білген адам – данышпан”. Үшінші ақиқат - құмарлықты басу, тию. Құмарлық басылғанда нирванаға қол жеткізуге мүмкіндік пайда болады. “Нирвана” санскриттен аударғанда суу, өшу, сөну дегенді білдіреді. Нирвана – бұл этикалық идеал, психологиялық күй, сыртқы болмыспен салыстырғанда ішкі болмыстың толықтанып бітуі, сыртқы дүниеден қол үзушілік. Нирвана – жанның әбден дамыған күйге жетуі туралы идея. Төртінші ақиқат – қайғы қасіретті жоюдың жолы бар. Бұл игілікті сегіздік жол мынау: 1. Дұрыс көзқарас; 2.Дұрыс ниет; 3.Дұрыс сөз; 4.Дұрыс іс-әрекет 5.Дұрыс өмір салты, өмір сүру тәсілі; 6.Дұрыс тырысу, талпыныс 7.Дұрыс ес, тура есте сақтау 8.Дұрыс жинақтау, дұрыс зейін қою, ойды жинақтау .Аталған сатылы сегіздік жол – рухани өрлеудің жолдары. Буддизм қайғы-қасіреттен арылуды тек имандылықты жетілдіруден іздеп, оған өмірден бас кешу, нирванаға берілу жолымен ғана қол жеткізуге болады деп түйді.