
- •Құрметті оқырман!
- •Авторлар
- •Әлеуметтанудың ұғымдық аппараты
- •Әлеуметтанудың объектісі мен пәні
- •Әлеуметтану білімінің құрылымы
- •Әлеуметтанудың функциялары
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Әлеуметтанудың категориялары мен ұғымдарын жіктеу
- •Әлеуметтік іс-әрекеттер, өзара іс-қимылдар және қарым-қатынастар
- •Қоғам құрылымындағы тұлға
- •Әлеуметтік мәртебелер мен рөлдер
- •Әлеуметтік стратификация
- •Әлеуметтік топтар
- •Әлеуметтік институт
- •Қоғамның басты институттарының белгілері [40]
- •Әлеуметтік ұйымдар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Ғылымы Қазақстанда әлеуметтану көзқарастарының қалыптасу негіздері
- •Қазақстанда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы (ретроспективті шолу)
- •Қазақстанда қазіргі заманғы әлеуметтану ғылымы дамуының негізгі бағыттары
- •Қазақстан Республикасының “Әлеуметтану” мамандығы бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орындары
- •Әлеуметтану бойынша докторлық диссертациялар1
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Әлеуметтану ғылымының қалыптасуы және дамуы
- •Арғы әлеуметтану ретінде Әлеуметтік білім эволюциясы
- •Әлеуметтанушылық ойдың дамуын кезеңге бөлу
- •Ежелгі Шығыс пен Ежелгі Грекия мемлекеттеріндегі әлеуметтік ілімдер
- •Ежелгі Қытайдағы әлеуметтік ілімдер
- •Ежелгі Үндістанның әлеуметтік-саяси көзқарастары
- •Ежелгі Грекияның әлеуметтік білімі
- •Орта ғасырлардағы әлеуметтік таным
- •Еуропадағы қоғамдық-саяси көзқарастар
- •Араб шығысының әлеуметтанушылық ойы
- •Жаңа дәуірдің әлеуметтанушылық ойлары
- •Қайта өрлеу дәуірі
- •Ағылшын ағартушылығы
- •Француз ағартушылығы
- •Ағартушылығы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Идеялары, теориялары және өкілдері Огюст Конт
- •Джон Стюарт Милль
- •Карл Маркс
- •Герберт Спенсер
- •Вильфредо Парето
- •Фердинанд Теннис
- •Эмиль Дюркгейм
- •Гаэтано Моска
- •Георг Зиммель
- •Макс Вебер
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Пьер Бурдье: физикалық және әлеуметтiê êåңiñòiê
- •Ìåíøiктегі физикалық кеңiñòiêòiң øûғó òåãi мен құрылымы
- •Ален Туреннiң iс-әрекет әлеуметтануы
- •Ален Туреннiң акционализмi æàңà қîғàì әлеуметтануы ðåòiíäå
- •Юрген Хабермастың коммуникативтiê әрекет теориясы
- •Жаһанданудың қазіргі теориялары
- •Рональд Робертсонның мәдени центристік теориясы
- •Энтони Гидденстің жаһандану теориясы
- •Эммануил Валлерстайнның әлем-жүйе теориясы
- •Мануэль Кастельс: ақпараттық экономика және жаһандану процесі
- •“Қайраткер - құрылым” теориялары қазіргі қоғамды зерттеудің құралы ретінде
- •Маргарет Арчердің морфогенез теориясы
- •Құрылымдық келісім
- •Мәдени-әлеуметтік өзара іс-қимыл
- •Құрылымды өңдеу (Морфогенезис) Құрылымды ұдайы өсіру (Морфостазис)
- •Энтони Гидденстің құрылымдық теориясы
- •Қызмет және құрылым: Джеффри Александердің жаңа функционализмі
- •Жаңа институционализм теориясы
- •Нил Флигстайнның жаңа институционализм теориясының сараптамасы
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Глоссарий
- •Мазмұны
Әлеуметтік іс-әрекеттер, өзара іс-қимылдар және қарым-қатынастар
“Әлеуметтік іс-әрекет” ұғымы - әлеуметтанудағы негізгі ұғымдардың бірі. Әлеуметтануда “әлеуметтік іс-әрекет” ұғымын алғаш рет енгізген және ғылыми негіздеген М.Вебер болатын. М.Вебердің түсінігінше, әлеуметтік іс-әрекеттің кем дегенде екі ерекшелігі бар: біріншіден, ол оңтайлы, саналы түрде болуы, ал екіншіден басқа адамдардың мінез-құлқына бағытталуы қажет. Әлеуметтік іс-әрекеттің мұндай ұғымы бойынша адамдардың әлеуметтік емес, материалдық объектілерге бағытталған іс-әрекеттерін әлеуметтік іс-әрекеттер деп атауға болмайды. М.Вебер сипатты мысал келтіреді: екі велосипедшінің кездейсоқ соқтығысып қалуы қарапайым оқиға ғана бола алады, ал соқтығысты болдырмауға әрекеттену, соқтығыстан кейінгі ұрыс-төбелес немесе жанжалды бейбіт жолмен шешу - бұл әлеуметтік іс-әрекет. Алайда әлеуметтік және әлеуметтік емес іс-әрекеттер арасында айқын шекара жүргізу өте қиын. Әлеуметтік іс-әрекеттің ажырамас белгісін құрайтын мінез-құлықтың саналылығын, оңтайлылығын анықтау одан да қиын. Әлеуметтік іс-әрекеттер азды-көпті айқын мақсатты көздейтін ішінара саналы іс-әрекеттер болып табылатыны көрініп тұр.
Әлеуметтік іс-әрекеттің анатомиясын сипаттай отырып, әлеуметтанушы-функционалистер көбіне оның мынадай негізгі элементтерін бөліп көрсетеді:
өздерінің қажеттіліктері және соған орай мүдделері мен мақсаттары бар әрекет етуші (немесе әрекет етпейтін) жеке адам немесе адамдар тобы;
әрекет ететін нақты орта;
әрекет субъектісінің ортаның нақты шарттарына бағыт ұстауы, ол алға қойылған мақсатқа жетудің нақты жолдарын анықтауға мүмкіндік береді;
әрекет субъектісінің басқаларға, өз әрекетіне олардың жауап әрекетіне бағыт ұстауы.
Бұл ретте басқаларға бағыт ұстау жеке тұлғамен немесе саны азды-көпті тұлғалар тобымен, тіпті жалпы қоғаммен өзара байланысты және өзара іс-әрекетті ескеруді көздейді.
Адамдардың немесе олардың топтарының тәуелділігі мен сәйкестігін көрсететін әлеуметтік іс-әрекет - әлеуметтік байланыс (өзара байланыс) болады. Ол мынадай негізгі элементтерді қамтиды: осы байланыстың субъектілері; байланыстардың мазмұнын сипаттайтын байланыс заты; байланысты жүзеге асыру тетігі және оны саналы түрде реттеу. Әлеуметтік байланыстың әлеуметтік байланысу түріндегі және әлеуметтік өзара іс-әрекет түріндегі әр түрлі нысандары көрсетілуі мүмкін.
Әлеуметтік байланыс - адамдардың өмірі мен қызметіне онша әсер етпейтін жалғыз немесе көп қайталанатын сыртқы, ат үсті, үстірт, көбінесе өткінші байланыстар. Кеңістіктік байланыстың, мүдделі және алмасу байланыстарының ерекшелігі болады.
Кеңістіктік байланыстар: 1) жеке адамдардың қандай да бір іс-әрекетке қатысуы туралы ұйғарымның күшімен адамның мінез-құлқының өзгеруі мүмкін кеңістіктік байланысты; 2) жеке адамның мінез-құлқы басқа адамдардың жай бақылауының әсерінен өзгеретін кеңістіктік байланысты қамтиды.
Кеңістіктік байланыс - әлеуметтік өзара байланыстарды қалыптастырудың бастапқы және қажетті буыны. Адамдардың қай жерде және қанша екенін біле тұра, оның үстіне оларды жай бақылай отырып, адам өз қажеттіліктеріне қарай өзара байланыстарын дамытуға арналған объектіні таңдай алады.
Мүдделілік байланыстың мәні сол жеке адамның қажеттіліктеріне сәйкес келетін белгілі бір құндылықтары немесе белгілері болатын әлеуметтік объектіні таңдап алуында. Мүдделілік байланыстың пайда болу механизмін С.С.Фролов былайша сипаттайды: әрбір тұлғада өзін қоршаған болмыстың әр түрлі жақтарына қатысты уәждер жиыны болады. Бұл уәждер өткен тәжірибенің және қазіргі қажеттіліктің нәтижесі болып табылады. Және де бұл жағдайда уәж қажеттілікті қанағаттандыруға байланысты қызметке түрткі болу ретінде айтылады. Тұлғаның қажеттілігін қоршаған ортаның қандай да бір объектісімен қосқан сәтте уәж өзекті болады және мүдде - тұлғаның қызмет мақсатын ұғынуға бағытталуын қамтамасыз ететін қажеттіліктің көріну нысаны пайда болады. Мұндай байланыстар бұдан да күрделі өзара байланыстардың пайда болуына жағдай жасайды.
Алмасу байланыстары әлеуметтік байланыстардың жеке адамдар басқа бір жеке адамдардың мінез-құлқын өзгертуге тырыспай-ақ құндылықтар алмасатын ерекшеліктің түрі болып табылады. Алмасудың қайталанатын байланыстары әлеуметтік байланыстардың алмасу затына емес, адамға байланысты неғұрлым күрделі түрінің пайда болуына әкеп соғуы мүмкін.
Әлеуметтік байланыстардың әрбір жеке адамның әлеуметтік байланыстар жүйесіндегі орнын, топтық мәртебесін, оның топтағы әлеуметтік рөл атқаруының ерекшеліктерін зерделеуде үлкен маңызы бар. Әлеуметтік байланыстардың саны мен бағыттылығын өлшеу әлеуметтік іс-әрекеттің құрылымы мен әлеуметтік қарым-қатынастардың сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар әлеуметтік байланыстар топ құрайтын процестердің негізі, әлеуметтік топтар құрудағы алғашқы қадам болып табылады.
Әлеуметтік өзара іс-қимылдар - бір субъектінің іс-қимылы басқалардың жауап іс-қимылының себебі мен салдары болатын өзара шартты әлеуметтік әрекеттер жүйесі [6]. Әлеуметтік өзара іс-қимылдың объективті және субъективті жақтары болады. Өзара іс-қимылдың объективті жағы - жекелеген тұлғаларға тәуелсіз, бірақ олардың өзара іс-қимылының мазмұны мен сипатын көрсететін және бақылайтын байланыстар. Өзара іс-қимылдың субъективті жағы - жеке адамдардың тиісті мінез-құлықтың өзара экспектациясына (күтілуіне) негізделген бір-біріне саналы қарым-қатынасы. Бұл орын мен уақыттың нақты жағдайында жеке адамдар арасында қалыптасатын тікелей байланыстар мен қарым-қатынастардан тұратын әлеуметтік-психологиялық қарым-қатынастар.
Әлеуметтік өзара іс қимыл механизмі мыналарды:
қандай да бір іс-қимыл жасаушы жеке адамдарды;
осы іс-қимылдардан туындайтын сыртқы дүниедегі өзгерістерді;
бұл өзгерістердің басқа жеке адамдарға әсерін;
ықпал етілген жеке адамдардың жауап әрекетін қамтиды [7].
Әлеуметтік өзара іс-қимылдар әр түрлі негіздемелер бойынша жіктелуі мүмкін. П.А.Сорокин оларды былай жіктейді:
1) өзара іс-қимыл субъектілерінің саны бойынша - екі адамның бір-бірімен; бір адам мен көп адамның; көп адамдардың көп адамдармен өзара іс-қимылы;
2) іс-қимыл субъектілерінің өзара қарым-қатынасының сипаты бойынша - бір жақты және екі жақты, сондай-ақ ынтымақтас және бітіспес;
3) өзінің ұзақтығы бойынша - қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді;
4) ұйымшылдықтың бар-жоғына байланысты - ұйымдасқан (мысалы, отбасы, партия, мемлекет) және ұйымдаспаған (мысалы, тобыр);
5) өзара іс-қимылдың саналылығы бойынша - саналы және санасыз;
6) алмасу процесіндегі алмасу “материясы” бойынша – интеллектуалды, (идеялы) сезімді (қызбалы) және ерік-жігерлі. Тікелей және жанама іс-қимылдар да әлеуметтік өзара іс-қимылдардың маңызды бөлігі болып табылады.
Іс-қимылдың сондай-ақ екі жалпы түрі бар: ынтымақтастық және бақталастық (кейде бәсекелестік деп атайды). Ынтымақтастық жеке адамдардың іс-әрекеті екі жаққа да тиімді ортақ мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған өзара байланысты әрекеттерді білдіреді. Бақталастық негізіндегі іс-қимыл бірдей мақсатқа ұмтылған бәсекелесін шеттетуге, одан озуға немесе оны басып тастауға ұмтылыстарды қамтиды.
Өзара іс-қимылдың жалғасуы және орнықты, көп қырлы немесе тіпті тұрақты болуы мүмкін. Орнықты өзара іс-қимыл барысында жеке адамдардың ойлағаны үнемі түрін өзгертіп отырады, бірақ сонымен қатар іс-қимыл едәуір реттелген және алдын ала болжанатын түр беретін орнықты әлеуметтік ойлардың белгілі бір жиынтығы пайда болады. Мұндай реттелген және орнықты әлеуметтік іс-қимылды әлеуметтік қарым-қатынастар деп атайды. Әлеуметтік қарым-қатынастар - жеке адамдардың және қоғамдық құрылымдардағы әлеуметтік мәртебелері мен рөлдері бойынша айырмасы болатын сапасы әр түрлі қызмет түрлерін тұрақты атқарушылар ретінде әлеуметтік топтар арасындағы салыстырмалы орнықты байланыстар. “Әлеуметтік қарым-қатынастар” ұғымының мынадай белгілері болады:
адамдардың қоғамдық өмірінде туындайтын барлық өзара іс-қимылдары;
адамдардың экономикалық, саяси және рухани-мәдени қарым-қатынастар шеңберінен шығып кететін, олармен қатарласа жүретін және салыстырмалы түрде олардан бөлек болатын өзара іс-қимылдары;
қоғамның үлкен топтарының - таптарының, этностарының, әр түрлі елдер мен аймақтар халықтарының арасындағы қарым-қатынастар;
барлық әлеуметтік топтар арасындағы, соның ішінде кіші топтар - отбасылар, еңбек ұжымдары, көршілер қауымы, дос-жарандар және т.с.с. арасындағы қарым-қатынастар;
адамдардың және олардың азаматтық қоғамды, яғни қоғамдық өмірдің мемлекет пен бизнес реттемейтін саласын құрайтын топтарының іс-қимылы;
адамдардың бір-бірімен бірлескен қызметінде пайда болатын тікелей байланысты (бетпе-бет) және жанама (сырттай) сипаты бар іс-қимылдары;
жеке адамдардың өмірдің шағын ортасын құрайтын өзара байланыстары;
қоғамдағы адамдар мен олардың топтарының өзара іс-қимылының өзге де жақтары мен қырлары.