СИЛЛАБУС
«Әлеметтану» пәні
1. ОҚЫТУШЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
бЕЙМИШЕВА аЙГУЛЬ СЕЙТЖАНқызы
Саясаттану және құқық кафедрасы. тел. 377-19-98
Кафедрада болатын уақыты – сабақ кестесіне сәйкес.
2. курсқа қысқаша мазмұны:
Пәннің мақсаты:
Студенттерге негізгі теоретикалық бағыттар мен ғылымда қолданылатын эмперикалық әдістер жөнінде кешенді білімдерді беру. Бағдарлама авторларының алдында “Соцология” пәнінің- фактілерге, өлшемдерге және болжамдарға сүйенетін, әлеуметтік қатынастарды зерттейтін ғылым ретінде пәндік зерттеу саласын ашу міндеттері тұр.Берілген пән әлеуметтік құрылым туралы, әлеуметтік процестер және әлеуметтік институттар - қоғам дамуының өте маңызды элементтері ретінде, әр түрлі социологиялық бағыттар мен мектептер, жинау әдістемесі және әлеуметтік ақпараттарды өңдеу жөнінде жүйеге келтірілген білімдерді алуға бағытталған.
Курстың міндеттері:
-
студенттерді Қазақстанда және одан шет жерлерде болып жатқан әлеуметтік үрдістерді еркін түсініп, талдай білуге үйрету.
-
әлеуметтану қызметтерін білу.
-
әлеуметтік ілімдердің тарихын, әлеуметтанудың қазіргі мектептерін білуге үйрету.
-
Қоғамдық құрылым ұғымын, топ әл.институттар, ерекшеліктерін, әлеуметтік жүйенің мәнін, құрылымын, қызметтерін, әлеуметтік топ түрлерін оқыту.
-
Тұлға түрлерін, тұлға әлеуметтену үрдістерді өту сатыларын білуге үйрету.
әлеуметтік зерттеу әдістерімен жұмыс жасау бағдарлама құру алғашқы мәліметтерді жинау болжам жасау, анықтау
3. курстың мазмұны
3.1 Дәріс сабақтарының тізбесі
|
Тақырып атауы |
Көлемі, сағ.
|
Ағымды бақылау, балл |
|
1.Әлеуметтану әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесінде. Әлеуметтанудың гуманитарлық пән ретінде қалыптасуының себептері мен жағдайы. Әлеуметтанулық білімнің құрылымы. Әлеуметтік факт ұғымы. Әлеуметанудың қызметтері.
|
1 |
0,4 |
|
2.Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары. Классикалық әлеуметтану – О.Конт, Г.Спенсер, К.Маркс. ХХғ. әлеметтануы: А.Тойнби, В.Парето, П.Сорокин, Т.Парсонс, Р.Мертон. Негізгі парадигмалар: әлеуметтік факт (Э. Дюркгейм), әлеуметтік тәртіп (М. Вебер), әлеуметтік детерминизм (К. Маркс). Отандық әлеуметтанудың ерекшелігі. Қазақ әлеуметтік ойының дамуы.
|
1 |
0,4 |
|
3. Қоғам жүйе ретінде. «Қоғам» деген ұғымның мәні мен түсінігі. Қоғамдардың жіктелуі. Қоғамның даму жолдары. Әлеуметтік институттар. Әлеуметтiк институттардың атқаратын қызметтері. Әлеуметтік топтар және оның түрлері. |
1 |
0,4 |
|
4. Әлеуметтік стратификация және мобильділік. Әлеуметтік құрылым қоғамның элементі ретінде. Әлеуметтік құрылым мен стратификация: ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Стратификация теориялары. Жіктелудің тарихи түрлері. Таптық құрылым. Әлеуметтік мобильділік теориясы. Мобильділіктің түрлері.Мобильділіктің каналдары
|
1 |
0,4 |
|
5. Тұлға және әлеуметтену. Тұлғаны зерттеудегі әлеуметтанулық бағыт. Әлеуметтік статус ұғымы: туабіткен, өсе келе жеткен, жеке, басты. Әлеуметтік рөл концепциясы. Рөлді сипаттау мінездемесі. Рөлдік таңдау. Әлеуметтену үрдісі. Әлеуметтенудің кезеңдері, түрлері және ерекшеліктері
|
1 |
0,4 |
|
6. Девиация және әлеуметтік бақылау. Әлеуметтік нормалар мен құндылықтар әлеуметтік іс-әрекетті реттеуші ретінде. Әлеуметтік бақылау және оның қызметі. Девиация түсінігі. Делинквентті және девиантты іс-әрекеттер. Санкция ұғымы.
|
1 |
0,4 |
|
7. Эмпирикалық әлеуметтану. Алғашқы эмпирикалық зерттеулер. Әлеуметтанулық зерттеудің мақсаты. Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасы. Социологиялық зерттеудің әдіс- тәсілдері. |
1 |
0,4 |
|
8. Отбасы әлеуметтануы. Отбасы институт ретінде, қызметтері мен түрлері. Қазақстандағы нарықтық қатынас жағдайындағы отбасы. ХХғ. отбасының дамуы. Тұрмыс түсінігі мен түрлері.
|
1 |
0,4 |
|
9. Мәдениет әлеуметтануы. Мәдениеттің әлеуметтанулық түсінігі. Мәдениеттің атқаратын қызметі. Мәдениет түрлері.
|
1 |
0,4 |
|
10. Экономикалық әлеуметтану. Экономикалық әлеуметтану ғылым ретінде. Қоғамды әлеуметтанулық зерттеудегі ұқсастықтар мен ерекшеліктер. Экономикалық іс-қимылдың әлеуметтік мәні. Экономикалық әлеуметтанудың пәні, объектісі және міндеті. |
1 |
0,4 |
|
11. Этникалық әлеуметтану Этноәлеуметтік процестер қазіргі кездегі ғылымдағы пәнаралық зерттеулердің феномені мен объектісі ретінде. Этникааралық қатынастарды социологиялық зерттеу. Этносаяси қауымдастық және ұлттық саясат.
|
1 |
0,4 |
|
12. Дін әлеуметтануы «Дін» ұғымының мәні. Діннің алғашқы формалары. Діннің негізгі элементтері. Діни сана. Әлемдік және ұлттық діндер. Қоғамдағы клерикализация, секуляризация, сакрализация процестері.
|
1 |
0,4 |
|
13. Қала және ауыл әлеуметтануы. Әлеуметтік және территориялық бірлестіктер. Қалалық және ауылдық өмір салттары. Урбанизация процесі. Миграция және оның түрлері.
|
1 |
0,4 |
|
14. Жастар әлеуметтануы. Жастар әлеуметтік бірлестік ретінде. Қазіргі жастардың құндылықтары. Жастарға тән субмәдениет.
|
1 |
0,4 |
|
15. Саяси әлеметтануы.
|
1 |
0,4 |
