Скачиваний:
1
Добавлен:
30.01.2025
Размер:
6.11 Mб
Скачать

ҚР ЕЖ 2.02-102-2022

5.2.1.2 Су және көбік өрт сөндіру жүйелері қондырғыларының құбыржолдары

5.2.1.2.1Су және көбік өрт сөндіру жүйелері қондырғыларының құбыржолдарын дәнекерленген, фланецті, бұрандалы қосылыстары, ажыратылатын құбыржол муфталары бар болат құбырлардан қарастыру ұсынылады.

5.2.1.2.2Диаметрі 200 мм артық емес құбырлар үшін ажыратылатын құбыржол муфталарын қолдануға рұқсат етіледі.

5.2.1.2.3Су және көбік өрт сөндіру жүйелері қондырғыларының ішкі және сыртқы жеткізу құбыржолдарын айналмалы түрде жобалау ұсынылады.

5.2.1.2.4Су және көбік өрт сөндіру жүйелері қондырғыларының ішкі және сыртқы жеткізу құбыржолдарын сыртқы және ішкі тұйық жеткізу құбыржолдарының жалпы ұзындығы 200 м артық емес үш және одан кем басқару тораптары үшін тұйық құбыржолдармен жобалауға жол беріледі.

5.2.1.2.5Құбыржолдарды гидравликалық есептеу кезінде су және көбікті өрт сөндіру жүйелері қондырғыларының айналмалы құбыржолының диаметрі басқару тораптарына жеткізуші құбыржолдың диаметрінен кем болмауға тиіс.

5.2.1.2.6Су және көбікті өрт сөндіру жүйелері қондырғыларының құбыржолдарына өндірістік, шаруашылық-ауыз су және өртке қарсы сумен қамту жүйелерінің құбыржолдарын қосуға жол беріледі.

5.2.1.2.7Су өрт сөндіру жүйелері қондырғыларының сыртқы жеткізу құбыржолдарын және өртке қарсы, өндірістік немесе шаруашылық-ауыз сумен қамту жүйелерінің құбыржолдарын жалпы қабылдауға жол беріледі.

5.2.1.2.8Өрт кранымен қоректендіру құбыржолын қосатын су және көбікті өрт сөндіру жүйелерінің спринклерлік су толтырылған қондырғылары құбыржолының диаметрі өрт кранының диаметрінен кем емес болуы тиіс.

5.2.1.2.9Су және көбікті өрт сөндіру жүйелерінің спринклер қондырғылары құбыржолдары желісінің жоғарғы нүктелерінде ауаны шығаруға арналған құрылғылар ретінде тығын крандарын орнатуға жол беріледі.

5.2.1.2.10Су және көбік өрт сөндіру жүйелерінің спринклер қондырғыларының ең алыс және ең жоғары орналасқан суландырғышының алдында қысымды бақылау үшін манометрдің астына кран орнатуға рұқсат етіледі.

5.2.1.2.11Қоректендіру және тарату құбыржолдарының дренчерлік және ауа спринклерлік қондырғылардың өрт сөндіру жүйелерінің еңісі тең болуы тиіс:

- 0,010-сыртқы диаметрі 57 мм кем құбырлар үшін; - 0,005-сыртқы диаметрі 57 мм және одан жоғары құбырлар үшін.

5.2.1.2.12Екі және одан да көп секциялары бар су және көбік өрт сөндіру жүйелерінің спринклер қондырғыларына арналған жеткізуші құбыржолы, іргелес секциядан екінші рет кірген кезде айналмалы болуы тиіс.

5.2.1.2.13Су және көбікті өрт сөндіру жүйесі қондырғысының тарату құбыржолының бір тармағында шығу тесігінің диаметрі 12 мм дейін қоса алғанда алты суландырғыштан артық емес және шығу тесігінің диаметрі 12 мм артық төрт суландырғыштан артық емес суландырғыштарды орнатуға жол беріледі.

5.2.1.2.14Диаметрі 50 мм дейінгі су және көбік өрт сөндіру жүйесін қондырғысының құбырларын бекіту тораптарының орнату қадамы 4 м артық емес болуы тиіс.

17

ҚР ЕЖ 2.02-102-2022

5.2.1.2.15Су және көбік өрт сөндіру жүйесін қондырғысының құбырларын бекіту тораптарын орнату қадамын шартты өту диаметрі 50 мм артық 6 м дейін ұлғайтуға жол беріледі.

5.2.1.2.16Егер құбыржолдар ғимараттың құрылмаларын гильзалар және кілтелер арқылы кесіп өтсе, онда су және көбік өрт сөндіру жүйесі қондырғыларының құбыржолдарының тірек нүктелері арасындағы арақашықтық қосымша бекітпелерсіз 6 м артық емес болуы тиіс.

5.2.1.2.17Ұзындығы 1 м артық су және көбік өрт сөндіру жүйелері қондырғыларының тарату құбыржолдарындағы тікқұбырлар және бұрмаларды қосымша ұстағыштармен бекіту қажет.

5.2.1.2.18Су және көбікті өрт сөндіру жүйелерін қондырғыларының тікқұбырындағы немесе бұрумадағы ұстағыштан суландырғышқа дейінгі арақашықтық 0,15 м кем емес болуы тиіс.

5.2.1.2.19Шартты өту диаметрі 25 мм және одан кем құбырларға арналған су және көбік өрт сөндіру жүйелерін қондырғыларының тарату құбыржолындағы ұстағыштан соңғы суландырғышқа дейінгі арақашықтық 0,9 м артық емес болуы тиіс.

5.2.1.2.20Диаметрі 25 мм артық құбырларға арналған су және көбік өрт сөндіру жүйелерін қондырғыларының тарату құбыржолындағы ұстағыштан соңғы суландырғышқа дейінгі арақашықтық 1,2 м артық емес болуы тиіс.

5.2.1.2.21Су және көбікті өрт сөндіру жүйелерін қондырғыларының тарату құбыржолдарын бекітуге арналған ұстағыштар (қамыттар) тікелей құрылыс құрылмаларына немесе қажет болған жағдайда жабдыққа, сақтау стеллаждарына немесе басқа да стационарлық құрылмаларға бекітілуі тиіс.

5.2.1.2.22Көбікті өрт сөндіру жүйесінің спринклер қондырғыларының басқару тораптарында басқару торабынан жоғары ысырманы орнатуға жол беріледі.

5.2.1.2.23Қондырғының қоректендіру құбыржолдарындағы қысым 1,0 МПа жоғары

болмауы тиіс.

5.2.1.2.24Айналмалы көбік өткізгіш құбыржолдардың бір жөндеу учаскесіндегі басқару тораптарының мөлшері үштен артық емес болуы тиіс.

5.2.1.2.25Тұйық және айналмалы қоректендіру құбыржолының жуу кранының шартты өтуінің диаметрі 50 мм кем емес болуы тиіс.

5.2.1.2.26Су және көбік өрт сөндіру спринклер қондырғыларының қоректендіру және тарату құбыржолдарына есік және технологиялық ойықтарды суару үшін дренчер шымылдықтарын қосуға рұқсат етіледі.

5.2.1.2.27Су және көбік өрт сөндіру жүйелерінің құбыржолдарын технологиялық қондырғылардың құрылмаларына бекітуге рұқсат етіледі.

5.2.1.3 Металл емес құбырлардан су толтырылған автоматты өрт сөндіру жүйелерінің құбыржолдары

5.2.1.3.1Өрт сөндіру жүйелерінің су толтырылған автоматты қондырғыларында металл емес құбырлар және қосылу бөлшектерді олардың қолданылу саласына сәйкес қолдануға жол беріледі.

5.2.1.3.2Металл емес құбырлардан жасалған су толтырылған автоматты өрт сөндіру

18

ҚР ЕЖ 2.02-102-2022

жүйелерінің қондырғыларының құбыржолдарын жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша В1-В4, Г және Д санаттарындағы үй-жайларда қолдануға рұқсат етіледі.

5.2.1.3.3Металл емес құбырлардан жасалған су толтырылған автоматты өрт сөндіру жүйелерінің құбыржолдарының қызмет ету мерзімі 20 жылдан кем емес болуы тиіс.

5.2.1.3.4Металл емес құбырлардан жасалған су толтырылған автоматты өрт сөндіру жүйелерінің құбыржолдары бар үй-жайлардағы температура диапазоны 5 оС бастап 50 оС дейін болуы тиіс.

5.2.1.3.5Металл емес құбырлардан су толтырылған автоматты өрт сөндіру

жүйелерінің қондырғыларының құбыржолдарының беріктігі және жұмыс ресурсын есептеу кезінде судың температурасын 50 оС тең қабылдау қажет.

5.2.1.3.6Металл емес құбырлардан су толтырылған автоматты өрт сөндіру жүйелерінің қондырғыларының құбыржолдарын гидравликалық есептеу үшін судың температурасы 20оС болуы тиіс.

5.2.1.3.7Металл емес құбырлардан жасалған су толтырылған автоматты өрт сөндіру жүйелерінің қондырғыларының тарату құбыржолдарының тармақтарындағы спринклерлік суландырғыштардың іске қосылу температурасы 68 оС артық емес болуы тиіс.

5.2.1.3.8Жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша В1 және В2 санаттарындағы үйжайлардағы металл емес құбырлардан жасалған су толтырылған автоматты өрт сөндіру жүйелерінің қондырғыларының тарату құбыржолдарының тармақтарындағы спринклерлік суландырғыштардың жарылыс колбаларының диаметрі 3 мм артық емес болуы тиіс.

5.2.1.3.9Жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша В3 және В4 санаттарындағы үйжайлардағы металл емес құбырлардан жасалған су толтырылған автоматты өрт сөндіру жүйелерінің қондырғыларының тарату құбыржолдарының тармақтарындағы спринклерлік суландырғыштардың жарылыс колбаларының диаметрі 5 мм артық емес болуы тиіс.

5.2.1.3.10Қуыс төбелер кеңістігіндегі металл емес құбырларды ашық та, жасырын да төсеуге рұқсат етіледі.

5.2.1.3.11Төмен температураға ұшыраған аудандардағы су толтырылған өрт автоматикасы қондырғыларының құбыржолдары және жабдықтары 5oС төмен емес температурада сумен толтырылады, сондай-ақ жылу оқшаулау және құбырларды жылыту жүйесі орындалады.

5.2.1.3.12Металл емес құбырлардан жасалған өрт сөндіру жүйелерінің су толтырылған автоматты қондырғыларының құбыржолдары спринклерлік суландырғыштарды жасырын орнату кезінде отқа төзімділігі EI 15кем емес болатын жанбайтын құрылыс материалдарынан жасалған төбелік панельдермен жабылуы тиіс.

5.2.1.3.13Ашық орнату кезінде металл емес құбырлардан жасалған су толтырылған автоматты өрт сөндіру жүйелерінің құбыржолдарындағы спринклерлік суландырғыштар арасындағы арақашықтық 3 м аспауға тиіс.

5.2.1.3.14Металл емес құбырлардан жасалған су толтырылған автоматты өрт сөндіру жүйелерінің құбыржолдарындағы қабырғаға орнатылған спринклерлік суландырғыштар арасындағы арақашықтық ашық орнату кезінде 2,5 м аспауы тиіс.

5.2.1.3.15Металл емес құбырлардан жасалған өрт сөндіру жүйелерінің су толтырылған автоматты қондырғыларының құбыржолдарын эстакадалар және тіректерге құбырлардың бетінде температурасы 50 °С аспайтын басқа құбыржолдармен бірге төсеуге рұқсат етіледі.

19

ҚР ЕЖ 2.02-102-2022

5.2.1.3.16Егер жер бетінде температурасы 50 °С жоғары басқа құбыржолдары бар металл емес құбырлардан су толтырылған автоматты өрт сөндіру жүйелерінің қондырғыларының құбырларын параллель төсеу қажет болса, онда металл емес құбырлардан су толтырылған автоматты өрт сөндіру жүйелерінің қондырғыларының құбырлары үшін қорғаныс жылу экрандарын, жанбайтын материалдардан жылу оқшаулауын орнату немесе құбырлар арасындағы арақашықтықты арттыру ұсынылады.

5.2.1.3.17Металл емес құбырлардан жасалған су толтырылған автоматты өрт сөндіру жүйелерінің қондырғыларының құбырларын, бетінде температурасы 50°С жоғары басқа құбыржолдары бар металл емес құбырлардан су толтырылған автоматты өрт сөндіру жүйелерінің құбыржолдарын параллель төсеу кезінде болат құбыржолдардан төмен орналастыру ұсынылады.

5.2.1.3.18Ғимараттардың қабырғаларына төселетін металл емес құбырлардан жасалған су толтырылған автоматты өрт сөндіру жүйелерінің қондырғыларының цехішілік құбыржолдарын терезе ойықтарынан 0,5 м жоғары немесе төмен орнату ұсынылады.

5.2.1.3.19Қораптардағы металл емес құбырлардан жасалған су толтырылған автоматты өрт сөндіру жүйелерінің қондырғыларының құбыржолдары үшін қораптың алынбалы жоғарғы бөлімін қарастыру қажет.

5.2.1.3.20Галереялардағы металл емес құбырлардан жасалған су толтырылған автоматты өрт сөндіру жүйелерінің қондырғыларының құбыржолдары үшін өту жолдарының ені кемінде 1,0 м болуы тиіс.

5.2.1.3.21Егер құбыржолдар галереяларында металл емес құбырларды болатпен бірге төсеу жүргізілсе, онда металл емес құбырларды болаттан төмен және өтуге жақын орнату ұсынылады.

5.2.1.3.22Металл емес құбырлардан жасалған өрт сөндіру жүйелерінің су толтырылған автоматты қондырғыларының құбыржолдары, олар зақымдануы мүмкін жерлерге төселіп, металл футлярларға немесе қаптамаларға салынуы тиіс.

5.2.1.3.23Металл емес құбырлардан жасалған су толтырылған автоматты өрт сөндіру жүйелерінің қондырғыларының құбыржолдары қаптамаларының немесе футлярларының ұштары ықтимал зақымдану аймағынан 0,5 м кем емес шығыңқы болуы тиіс.

5.2.1.3.24Металл емес құбырлардан жасалған су толтырылған автоматты өрт сөндіру жүйелері қондырғыларының құбыржолы футлярының немесе қаптамасының ішкі диаметрі немесе биіктігі және ені оқшаулауды ескере отырып, құбыржолдың сыртқы диаметрінен немесе биіктігі және енінен 100-200 мм артық болуы тиіс.

5.2.1.3.25Металл емес құбырлар және құрылыс құрылмалары арасындағы жарықтағы арақашықтық 20 мм кем емес болуы тиіс.

5.2.1.3.26Қабырғалар және арақабырғалар арқылы өтетін металл емес құбырлардан жасалған су толтырылған автоматты өрт сөндіру жүйелерінің құбыржолдары үшін отқа төзімді футлярларды немесе гилзаларды қарастыру қажет.

5.2.1.3.27Металл емес құбырлардан су толтырылған автоматты өрт сөндіру жүйелерінің қондырғыларының құбырларына арналған отқа төзімді футлярларды немесе гилзаларды болат құбырлардан жасау ұсынылады.

5.2.1.3.28Металл емес құбырлардан жасалған су толтырылған автоматты өрт

20

ҚР ЕЖ 2.02-102-2022

сөндіру жүйелерінің қондырғыларының құбыржолдарына арналған от ұстайтын футлярлардың немесе гилзалардың ұштары қиылысатын беттің шетінен 20-50 мм шығыңқы болуы тиіс.

5.2.1.3.29Металл емес құбырлардан жасалған су толтырылған автоматты өрт сөндіру жүйелерінің қондырғыларының құбыржолдары және от ұстайтын гилзалардың немесе футлярлардың қабырғалары арасындағы саңылау 10 бастап 20 мм дейін болуы тиіс.

5.2.1.3.30Металл емес құбырлардан жасалған су толтырылған автоматты өрт сөндіру жүйелерінің қондырғыларының құбыржолдары және от ұстайтын гилзалардың немесе футлярлардың қабырғалары арасындағы саңылау құбыржолдың бойлық ось бойымен қозғалуына мүмкіндік беретін жанбайтын материалмен мұқият тығыздалуы тиіс.

5.2.1.3.31Металл емес құбырлар және жылыту жүйесінің немесе ыстық сумен қамту жүйесінің құбырлары арасындағы арақашықтық жарықта болуы тиіс:

- параллель төсеу аймақтарында - 100 мм кем емес (егер металл емес құбырлардың осы түріне арналған нормативтік құжатта өзгеше көзделмесе) және міндетті түрде жылыту және ыстық сумен қамту құбырларынан төмен;

- олардың қиылысу аймақтарында50 мм кем емес.

5.2.1.3.32Құбыржолдарды су толтырылған автоматты қондырғыларды металл емес құбырлардан өрт сөндіру жүйелерін горизонталь төсеу кезінде тіректер арасындағы арақашықтықты 5-кесте бойынша анықтау қажет.

5-кесте - Металл емес құбыржолдарды горизонталь төсеу кезіндегі тіректер арасындағы арақашықтық

Құбырдың номиналды диаметрі,

16

20

25

32

40

50

63

75

90

мм

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тіректер арасындағы

500

600

700

800

900

1100

1300

1400

1500

арақашықтық, мм

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5.2.1.3.33Металл емес құбырлардан жасалған су толтырылған автоматты өрт сөндіру жүйелерінің вертикаль құбыржолдарының тіректерін сыртқы диаметрі 32 мм дейінгі құбырлар үшін кемінде 1000 мм арқылы орнату қажет.

5.2.1.3.34Металл емес құбыржолдардан жасалған су толтырылған автоматты өрт сөндіру жүйелерінің қондырғыларының вертикаль құбырларының тіректерін диаметрі үлкен құбырлар үшін кемінде 1500 мм кейін орнату қажет.

5.2.1.3.35Өрт сөндіру жүйелерінің қондырғылары металл емес құбырларын келесі тәсілдермен қосу ұсынылады:

- түйіспелі қонышты дәнекерлеу; - бос фланецтерге қосылу.

5.2.1.3.36Спринклерлік суландырғыштарды бұрандалы қосылыс арқылы металл емес құбырлардың осы түріне арналған нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келетін біріктірілген үштармаққа, бұрыштауышқа немесе муфтаға орнату қажет.

5.2.1.3.37Металл емес құбырлардан жасалған су толтырылған автоматты өрт

сөндіру жүйелерінің монтаждалған, құбыржолды қондырғыларын, жүйені оң

21