Скачиваний:
2
Добавлен:
30.01.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

ҚР ЕЖ 2.02-102-2022

8.3.6.4 Өрт хабарлағыштарын бақыланатын беттің қарама-қарсы бағыттарынан орнату ұсынылады.

8.3.7 Газды өрт хабарлағыштарын орналастыру

8.3.7.1 Газ өрт хабарлағыштарын ғимараттар және имараттардың төбесіндегі, қабырғаларындағы және басқа да құрылыс құрылмаларындағы үй-жайларда хабарлағыштарды пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа және мамандандырылған ұйымдардың ұсынымдарына сәйкес орнату қажет.

8.3.8 Қол өрт хабарлағыштарын орналастыру

8.3.8.1Қол өрт хабарлағыштарын П қосымшасына сәйкес орналастыру ұсынылады.

8.3.8.2Қабырғаларда және құрылмаларда қол өрт хабарлағыштарын орнату биіктігі жердің немесе еденнің деңгейінен 1,5 м болуы тиіс.

8.3.8.3Қол өрт хабарлағыштары келесі арақашықтықта орнатылуы қажет:

-ғимараттардың ішінде бір-бірінен 50 м артық емес;

-ғимараттардың сыртында бір-бірінен 150 м артық емес;

-басқа басқару органдарынан және өрт хабарлағышына еркін кіруге кедергі келтіретін заттардан кемінде 0,75 м болуы тиіс.

8.3.8.4 Қол өрт хабарлағышын орнату аймағындағы жарықтандыру 50 лк кем болмауы тиіс.

8.3.8.5 Үй-жайлардан эвакуациялық шығуларынан ең жақын қол өрт хабарлағышына дейінгі арақашықтық 30 м болуы тиіс.

8.3.8.6 Қабаттардан шығатын аймақтарда орналастырылатын қол өрт хабарлағыштарын үй-жайларда немесе қабаттан шығатын жол ашылатын баспалдақ торының алаңында орнатуға жол беріледі.

8.4 Жалғанатын және қоректендіруші сызықтары

8.4.1Егер электрмен жабдықтаудың сенімділігі ІІІ санаттағы объектілерде бір электрмен қоректендіру көзі болған жағдайда, онда құлақтандыру және эвакуацияны басқару жүйелерінің электр қабылдағыштарды резервтік қоректендіру көзі ретінде аккумуляторлық батареяларды немесе үздіксіз қоректендіру блоктарын пайдалануға рұқсат етіледі.

8.4.2Электрмен жабдықтаудың сенімділігі ІІІ санаттағы объектілердегі электр қабылдағыштары және құлақтандыру және эвакуацияны басқару жүйесінің резервтік қоректендіру көзі көрсетілген электр қабылдағыштарды 24 сағат бойы және «Дабыл» режимінде кемінде 3 сағат қоректендіруді қамтамасыз етуі тиіс.

8.4.3Электрмен қоректендірудің резервтік көзінің параметрлерін есептеуді Р қосымшасына сәйкес жүргізу ұсынылады.

8.4.4Резервті автоматты енгізу құрылғыларын автоматты өрт сөндіру қондырғыларының электр қабылдағыштары және өрт сигнализациясы жүйесі қондырғыларының кіретін жерлерінде орталықтандырылған немесе электрмен жабдықтаудың сенімділігі І санаттағы электр қабылдағыштарда орталықтандырылмаған

66

ҚР ЕЖ 2.02-102-2022

орналастыруға рұқсат етіледі.

8.4.5Резервтік енгізуден қоректенетін құлақтандыру және эвакуацияны басқару жүйелерінің электр қабылдағыштары және қондырғыларын, қажет болған жағдайда, объектіде электрмен жабдықтау сенімділігінің ІІ және ІІІ санаттағы электр қабылдағыштарын ажырату есебінен қоректендіруге рұқсат етіледі.

8.4.6Жарылыс қаупі бар және өрт қаупі бар үй-жайлар және аймақтар арқылы өрт қабылдау-бақылау аспаптары және өрт басқару аспаптарының электр қоректендіру сызықтарын, сондай-ақ өрт сөндіру, түтінді жою немесе хабарлағыш жүйелерінің автоматты қондырғыларын басқарудың жалғау сызықтарын транзитпен төсеуге ұсынылмайды.

8.4.7Егер құрылыс құрылмаларының бос жерлерінде өрт қабылдау-бақылау аспаптарының, өрт басқару аспаптарының және олардың функционалдық блоктары және компоненттерінің электрмен жабдықтау сызықтары, сондай-ақ өрт сөндіру, түтінді жою немесе құлақтандыру жүйелерінің автоматты қондырғыларын басқарудың жалғау сызықтары жүргізілсе, онда құрылыс құрылмалары К0 класы болуы тиіс.

8.4.8Кернеуі 42 В дейінгі өрт сигнализациясы жүйесінің сымдары және кабілдерінен күштік және жарықтандыру кабілдеріне дейінгі арақашықтық параллель ашық төсеу кезінде 0,5 кем болмауы тиіс.

8.4.9Өрт қабылдау-бақылау аспаптары және өрт басқару аспаптарының электрмен қоректендіру сызықтарымен, сондай-ақ автоматты өрт сөндіру, түтінді жою немесе құлақтандырғыш қондырғылары жүйелерінің басқарудың жалғау сызықтарын күштік және жарықтандыру кабельдерінен 0,5 м кем арақашықтықта, оларды электромагниттік кезеулерден экрандау шартымен төсеуге рұқсат етіледі.

8.4.10Өрт сигнализациясы жүйесі шлейфтерінің сымдары және кабелдерінен және өрт сигнализациясы жүйесінің жалғау сызықтарынан талсымдардан қорғаусыз жалғыз электромагниттік кезеулерден жарық сымдарына және бақылау кабелдеріне дейінгі арақашықтықты 0,25 м дейін азайтуға рұқсат етіледі.

8.4.11Өрт сигнализациясы жүйесінің шлейфтерін және өрт сигнализациясы жалғау сызықтарын электромагниттік кезеулерден қорғауға рұқсат етіледі, көмегімен:

- экрандалған сымдар және кабельдер; - металл құбырларда, қораптарда және т.б. төселетін экрандалмаған сымдар және

кабельдер.

8.4.12Сымдар және кабельдердің экрандаушы элементтері жерге тұйықталуы тиіс.

8.4.13Өрт сигнализациясы жүйесінің қосатын сызықтар және экрандалған сымдар және кабельдер шлейфтері үшін жабдықты өндірушілердің ұсынымдарына сәйкес кабельдің ұзындығы үлкен болғанда күшейткіштерді пайдалану ұсынылады.

8.4.14Құрылыс құрылмаларына құйып бекітілген өрт сигнализациясы жүйесінің шлейфтері және жалғау сызықтары 100% резервпен қамтамасыз етілуі тиіс.

8.4.15Ғимарат ішіндегі қабырғалары бойынша сымдар және кабельдерді төбеден кемінде 0,1 м арақашықтықта және еденнен кемінде 2,2 м биіктікте төсеу ұсынылады.

8.4.16Егер сымдар және кабельдер еденнен 2,2 м кем биіктікте төселсе, онда сымдар және кабельдер механикалық зақымданудан қорғалуы тиіс.

8.4.17Жалғама төбелердің артындағы сымдар және кабельдер ашық қабырғаларға және төбелерге төсеу кезіндегідей бекітілуі тиіс.

67

ҚР ЕЖ 2.02-102-2022

8.4.18Кабельдердің құрылғылары және экрандаушы торламаларын кезбе токтардың пайда болуын болдырмау үшін бір нүктеде жерге тұйықтау ұсынылады.

8.4.19Кабельдердің ұзындығы үлкен болған кезде кабельдердің құрылғылары және экрандаушы торламаларын әртүрлі нүктелерде жерге тұйықтауға рұқсат етіледі, бірақ бұл ретте кедергілерден қорғаудың арнайы әдістері және құрылғыларын міндетті түрде пайдалану.

8.4.20Кез келген класты тізбекті жарылыс қаупі бар аймақтарда ұшқынқаупсіз және ұшқынқаупі бар тізбектердің арасындағы арақашықтық кемінде 8 мм болуы тиіс.

8.4.21Өрт автоматикасы жүйелерінің сыртқы электр сымдарын жерге немесе жабық арналарға төсеу қажет.

8.4.22Өрт сигнализациясы жүйелерінің сыртқы электр сымдарын ғимараттар және имараттардың сыртқы қабырғалары бойынша, аспа астында, тростарда немесе көшелер және жолдардан тыс ғимараттар арасындағы тіректерде ҚР ЭҚОҚ талаптарына сәйкес төсеуге рұқсат етіледі, жерге немесе су бұру жүйесіне төсеу мүмкін болмаған кезде.

8.4.23Сыртқы қабырғалары бойынша өрт автоматикасы сымдары және кабельдерін төсеу биіктігі жерден кемінде 2,5 м болуы тиіс.

8.4.24Өрт сигнализациясы жүйесінің шлейфтерін мыс талсымдары бар дербес сымдармен және кабельдермен орындау қажет.

8.4.25Өрт сигнализациясы жүйесінің сымдар және кабельдердің шлейфтері мыс талсымдарының диаметрі кернеудің рұқсат етілген түсу есебінен анықталуы тиіс, бірақ 0,4

ммкем емес болуы тиіс.

8.4.26Сигнализация шлейфінің кедергісін және шығыстағы электр байланыстары бар қосылатын хабарлағыштардың рұқсат етілген мөлшерін есептеуді осы ережелер жинағының С қосымшасына сәйкес орындау ұсынылады.

8.4.27Сигнализация шлейфке қосылатын энергия тұтынатын хабарлағыштардың рұқсат етілген мөлшерін есептеуді осы ережелер жинағының Т қосымшасына сәйкес орындау ұсынылады.

8.4.28Егер өрт қабылдау-бақылау аспаптарының техникалық құжаттамасында сымдардың немесе кабельдердің арнайы типтерін қолдану қарастырылмаса, онда өрт сигнализация жүйелерінің шлейфтерін байланыс сымдарымен орындау қажет.

8.4.29Кросстан өрт сигнализациясы жүйесінің шлейфтерін монтаждау кезінде пайдаланылатын тарату қораптарына дейін бөлінген бос жұптарды әрбір тарату қорабы шегінде топтармен орналастыру және қызыл бояумен таңбалау ұсынылады.

8.4.30Радиалды типтегі өрт сигнализациясы жүйесінің шлейфтерін жалғау қораптары, кросстар арқылы өрт қабылдау-бақылау аспаптарына қосу қажет.

8.4.31Егер өрт аспаптарының ақпараттық сыйымдылығы 20 шлейфтен аспаса, онда радиалды типтегі өрт сигнализациясы жүйесінің шлейфтерін тікелей өрт аспаптарына қосуға рұқсат етіледі.

8.4.32Мекенжай өрт сигнализациясы жүйесінің сақиналы шлейфтеріндегі өрт хабарлағыштары және қол өрт хабарлағыштарының мөлшері қабылдау-бақылау аппаратурасының техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес, бірақ жиынтығы 128 аспайтындай қабылдау қажет.

8.4.33Өрт сигнализациясы жүйесінің шлейфіндегі қысқа тұйықталу

оқшаулағыштарының арасындағы өрт хабарлағыштардың немесе қол өрт

68

ҚР ЕЖ 2.02-102-2022

хабарлағыштарының мөлшері 32 аспауы тиіс

8.4.34Өрт сигнализациясы жүйесінің сақиналы шлейфінің басы және соңын өрт қабылдау-бақылау аспабының тиісті клеммаларына қосу қажет.

8.4.35Өрт сигнализациясы жүйесінің шлейфтерін жалғау қораптары арқылы учаскелерге бөлу ұсынылады.

8.4.36Өрт сигнализациясы жүйесі шлейфінің соңында іске қосылған күйді көзбен бақылауды қамтамасыз ететін құрылғыны, мысалы, қызыл түстен ерекшеленетін жарқылдауық сигналы бар, жарқылдауық жарқырау жиілігі 0,1-0,3 Гц құрылғыны қарастыру ұсынылады.

8.4.37Өрт сигнализациясы жүйесі шлейфінің соңында қол жетімді аймаққа және биіктікке орнатылуы қажет өрт сигнализациясы жүйесінің күйін бағалау үшін жабдықты қосу үшін жалғау қорабын немесе өзге де коммутациялық құрылғыны қарастыру ұсынылады.

8.4.38Өрт сигнализациясының радиалды шлейфтеріне 32 өрт хабарлағыштан немесе 10 қол өрт хабарлағышынан артық емес қосу қарастырылады.

8.4.39Телефон және бақылау кабельдерімен орындалған жалғау сызықтарында кемінде 10% кабельдер талсымы және жалғау қораптарының клеммаларының резервтік қоры болуы тиіс.

8.4.40Өрт қабылдау-бақылау аспаптары және өрт басқару аспаптарының электрмен қоректендіру сызықтарын, сондай-ақ өрт сөндіру, түтінді жою немесе хабарлағыш жүйелерінің автоматты қондырғыларын басқарудың жалғау сызықтарын дербес сымдармен және кабельдермен орындау қажет.

8.4.41Өрт сигнализациясы жүйелерінің негізгі және резервтік электр қоректендіру кабельдік сызықтарын бақыланатын объектіде жану кезінде олардың бір мезгілде істен шығу мүмкіндігін болдырмайтын әртүрлі трассалар бойынша төсеу қажет.

8.4.42Өрт сигнализациясы жүйелерінің негізгі және резервтік электр қоректендіру кабельдік сызықтаарын әртүрлі кабельдік имараттар бойынша төсеу ұсынылады.

8.4.43Өрт сигнализациясы жүйелерінің негізгі және резервтік электр қоректендіру кабельдік сызықтары үшін негізгі және резервтік кабельдік сызықтары үй-жайлардың қабырғалары бойынша параллельді төсеуге рұқсат етіледі олардың арасындағы жарықта арақашықтық 1 м кем болмауы тиіс.

8.4.44Өрт қабылдау-бақылау аспаптарын, өрт аспаптарын басқару және олардың функционалдық блоктары және компоненттерін электрмен жабдықтау сызықтары сондайақ өрт сөндіру, түтінді жою немесе құлақтандыру жүйелерінің автоматты қондырғыларын басқарудың жалғау сызықтары, өрт қауіпті үй-жайлар және аймақтар арқылы төселетін, негізделген жағдайларда өрт қауіпті үй-жайлар жіне аймақтар арқылы төсеуге рұқсат етіледі, болат құбырларға төселетін К0 класты немесе отқа төзімді сымдармен және кабельдермен немесе кабельдермен және сымдармен құрылыс құрылмаларының бос жерлерінде.

8.4.45Өрт автоматикасы жүйелерінің, өрт сөндіру жүйелерінің қондырғыларын, кернеуі 42 Вольтқа дейінгі, кернеуі 110 Вольт және одан жоғары сызықтары бар түтінді жою және өрт туралы құлақтандыру жүйелерін басқару желілерінің шлейфтері және жалғау желілерін тұтас бойлық арақабырғалары бар қораптар және науалардың әртүрлі бөлімдерінде бірлесіп салуға рұқсат етіледі EI 15 отқа төзімділік шегі және өрт қауіптілігі

69

ҚР ЕЖ 2.02-102-2022

класы К0.

8.4.46Өрт сигнализациясы жүйелерінің негізгі және резервтік электрмен қоректендіру кабельдік сызықтарын бірлесе төсеуге рұқсат етіледі, отқа төзімділігі EI 45 шекті жанбайтын материалдардан жасалған, қорапқа немесе құбырға ең болмағанда біреуі төселген жағдайда.

8.4.47Негізгі және резервтік жалғау сызықтарының, оның ішінде сызықтардың құрылыс құрылмалары арқылы төсеуге арналған құбырдың отқа төзімділік шегі жабдықтарды, сақиналы типтегі жалғау желілерін электрмен жабдықтау EI 45 болуы тиіс.

8.4.48Өрт қабылдау-бақылау аспаптарының қоректендіру сызықтарының қайталанатын кабельдері арасындағы арақашықтық кемінде 300 мм болуы тиіс.

8.4.49Өрт автоматикасы жүйелерінің біріктіру сызықтары, оның ішінде қабылдаубақылау өрт аспаптары, өрт басқару аспаптары, бақылау пунктінің аппаратурасы, хабарлама беру жүйесі, функционалдық блоктар және компоненттер арасындағы қосылыстар; өрт сигнализациясының мекенжай жүйелерінің сақиналы шлейфтері; басқару объектілерінің атқарушы құрылғыларымен қосылыстар; хабарлағыштары бар жалғау сызықтары және қоректендіру сызықтары, оның ішінде электрмен жабдықтау құрылғыларымен қосылыстар отқа төзімді сымдармен орындалуы тиіс, не құбырларда немесе қораптарда салынуы, не өрттің әсеріне 30 минут ішінде қарсы тұру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін оттан қорғау құрамдарымен өңделуі қажет.

8.4.50Мынадай құрылғылар үшін бір жалғау сызығын қарастыруға рұқсат етіледі:

-өрт хабарлағыштарының бір тобынан артық емес бақылайтын өрт сигнализвциясы жүйесінің жекелеген компоненттерін;

-бір технологиялық тағанда орналастырылатын функционалдық блоктар және компоненттер;

-бір қорғалатын аймаққа артық емес қызмет көрсететін өрт басқару аспаптарының функционалдық блоктары;

-бір топтағы өрт хабарлағыштары және қол өрт хабарлағыштары, құлақтандырғыштар;

-басқару объектілерінің атқарушылық құрылғылары (өрт сөндіру қондырғыларының іске қосу құрылғылары, түтін клапандарының электр жетектері және түтінді жою жүйелерінің басқа да құрылғылары, су және көбікті өрт сөндіру қондырғыларының тиек құрылғылары, бақылау-өлшеу аспаптары) және құрылғылары.

8.4.51 Өрт қабылдау-бақылау аспаптарында жалғау және қоректендіру сызықтарының ақауларынан басқа ақаулардың басқа түрлерін көрсетуге рұқсат етіледі.

8.4.52 Егер өрт сигнализациясы жүйесіне есту қабілеті бұзылған адамдардың өрті туралы құлақтандырудың жеке жүйесі кіретін болса, онда өрт сигнализациясы жүйесі және есту қабілеті бұзылған адамдардың өрт туралы құлақтандыру жүйесі арасындағы кез келген қысқа тұйықталу немесе жалғау сызығының ажыратылуы туралы хабарлайтын өрт қабылдау-бақылау аспаптарындағы сигналдың ұзақтығы 100 с кем болмауы тиіс.

8.4.53 Радиоканал бойынша байланысқан өрт сигнализациясы жүйесінің қандай да бір құрылғысынан радио ақпараттарының жоқ екендігі туралы хабарлайтын өрт қабылдаубақылау аспаптарындағы сигналдың ұзақтығы екі және одан да көп сағат ішінде 100 с кем болмауы тиіс.

8.4.54 Берiлетiн радиосигналдағы үздiксiз кедергiлер туралы хабарлайтын өрт

70