Скачиваний:
1
Добавлен:
30.01.2025
Размер:
6.11 Mб
Скачать

ҚР ЕЖ 2.02-102-2022

кіреберістердің үстінде жалпы үй-жай (дәліз, холл, вестибюль, фойе) жағынан өрт хабарлағыштарының іске қосылуы туралы шығарылатын жарық сигнализациясы қарастырылуы тиіс.

Ескертпе - Жалпы үй-жайға тікелей шыға алмайтын іргелес үй-жайлар үшін өрт хабарлағышының іске қосылуы туралы жарық индикациясына шығарылатын құрылғы жалпы үй-жай (дәліз, холл, вестибюль, фойе) жағынан кіреберістің үстінде қарастырылады.

4.56Бір бақылау аймағына бірнеше қабаттан өтетін, бірақ бір өрт бөлігі шегінде ашық баспалдақ торларын, кабельдік және басқа да шахталарды біріктіруге рұқсат етіледі.

4.57Мекенжайы жоқ өрт сигнализация жүйесінің бақылау аймағына кіретін және ғимараттағы жалпы баспалдаққа апаратын дәліздерге шығатын өзара қатынас жасайтын екі қабаттан артық емес орналасқан үй-жайлардың жалпы ауданы 300 м2 артық емес болуы тиіс.

4.58Егер өрт сигнализация қондырғысы өрт сөндіру, түтінді жою жүйелерінің автоматты қондырғыларын басқаруға арналған болса, онда қорғалатын беттің әрбір нүктесі кемінде екі автоматты өрт хабарлағышымен бақылануы тиіс.

4.59Пайдалану процесінде түтін және тозаң қарқынды бөлу қарастырылатын үйжайларда түтінді жою жүйесін іске қосуды түтінсіз өрт хабарлағышынан немесе өрт сөндіру жүйесін орнату сигналынан жүзеге асыруға рұқсат етіледі.

5 АВТОМАТТЫ ӨРТ СӨНДІРУ ЖҮЙЕЛЕРІН ОРНАТУ

5.1 Қондырғылардың барлық типтеріне қойылатын жалпы талаптар

5.1.1Қорғалатын үй-жайдың ішінде автоматты көбік, газ, ұнтақ және аэрозольді өрт сөндіру жүйелерінің қондырғылары іске қосылған кезде көрнекі құлақтандыру сигналы жарық таблосында жазу түрінде болуы тиіс «КӨБІК (ГАЗ, ҰНТАҚ, ГАЗДЫ ҰНТАҚ, АЭРОЗОЛЬ) КЕТ!».

5.1.2Қорғалатын үй-жайға кіре берісте автоматты көбікті, газ, ұнтақ және аэрозольді өрт сөндіру жүйелерінің қондырғылары іске қосылған кезде көрнекі құлақтандыру сигналы жарық таблосында жазу түрінде болуы тиіс «КӨБІК (ГАЗ, ҰНТАҚ, АЭРОЗОЛЬ) КІРМЕ!»

5.1.3Басқару аспаптары және шкафтары, хабарлағыштар және құлақтандырғыштар, өрт сөндіру жүйелерінің жалғау және қоректендіру сызықтарын осы ережелер жинағының 8-бөлімінің қағидаларына сәйкес орналастыру қажет.

5.1.4Автоматты өрт сөндіру қондырғыларын, түтін жойғыш жүйесінің қондырғыларын іске қосуға және/немесе объектілердің инженерлік жабдықтарын басқаруға команданы қалыптастыруға арналған автоматты өрт хабарлағыштары арасындағы арақашықтық тиісінше хабарлағыштың әрбір типі үшін осы ережелер жинағының 8-бөлімінің 14 – 18-кестелері бойынша анықталатын нормативтің жартысынан аспауға тиіс.

5.1.5Өрт сөндіру жүйелерін автоматты түрде орнату үшін жергілікті іске қосу құрылғыларының қайталануына жол беріледі.

10