- •2 Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.4 Оқытушы жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысының сабақ жоспары:
- •11 Тақырып. Қаржылық инвестициялардың есебі және бағалау.
- •14 Тақырып. Компанияның есептік саясатындағы өзгерістер
- •2 Тапсырма.
- •15 Тақырып. Байланысты жақтар
- •1 Тапсырма. Тезис түрінде келесі сұрақтарға конспект жазу:
2.4 Оқытушы жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысының сабақ жоспары:
ОЖСӨЖ өткізу нысандары: кеңес беру, тапсырманы өз бетімен шешу, рефераттар қорғау.
Тақырып №1. Кәсіпорындарды біріктіру. Сатып алу әдісі
Сұрақтарға жауап беру:
Жалпы бақылаудағы ұйымдар мен кәсіпорындарды қосатын біріккен кәсіпорынның көрініс табуы қай ҚЕХС-пен реттеледі?
Болашақ оқиғалармен шартталған кәсіпорындар бірігуінің құны түзетіледі ме?
Кәсіпорындар бірлесуінің құны сатып алынған активтер және қабылданған міндеттемелер және шартты міндеттемелерге қалай бөлінеді?
Қабылданатын ұйымның материалдық емес активтері қалай анықталады?
Идентификацияланған активтердің, міндеттемелердің және ұйымдардың иеленген шартты міндеттемелерінің таза құнындағы сатып алушы ұйым үлесінің, сатып алу құнынан асуы қалай анықталады?
Есеп №1
«Ардагер» компаниясы «Марат» компаниясынан 100 % қолданыстағы акцияларды 400000 тг. бағамен сатып алды. Сатып алу мерзіміне «Марат» компаниясының таза идентификацияланаған активтерінің баланстық құны сәйкесінше 350000 тг. және 380000 тг. құрады. Баланстық құнынан әділ құнның асуы ғимарат құнына қатысты.
|
Баланс баптары |
«Марат» |
«Ардагер» |
|
қысқа мерзімді активтер |
200000 |
1000000 |
|
ғимарат |
150000 |
1000000 |
|
құрал - жабдықтар |
100000 |
500000 |
|
барлығы |
450000 |
2500000 |
|
міндеттемелер |
100000 |
500000 |
|
қарапайым акциялар |
50000 |
200000 |
|
резервтік капитал |
200000 |
800000 |
|
бөлінбеген пайда |
100000 |
1000000 |
|
барлығы |
450000 |
2500000 |
Тапсырма:
Акцияны сатып алу жайлы жазба құру
Балансты құру (компаниялардың бірігуінен кейінгі)
Әдістемелік нұсқаулар: сатып алу әдісін қолдану барысында сатып алушыны анықтау және идентификацияланатын активтер мен міндеттемелердің әділ құнын көрсету қажет.
Есеп №2
«Ардагер» компаниясы «Марат» компаниясынан 100 % қолданыстағы акцияларды 370000 тг. бағамен сатып алды. Сатып алу мерзіміне «Марат» компаниясының таза идентификацияланған активтерінің баланстық құны сәйкесінше 350000 тг. және 380000 тг. құрайды. Баланстық құнынан әділ құнның асуы ғимарат құнына қатысты.
(қалған ақпарат өзгеріссіз (№1 тапсырманы қараңыз))
Тапсырма:
1. Акцияны сатып алу бойынша жазба құру
2. Балансты құру (компаниялардың бірігуінен кейінгі)
Әдістемелік нұсқаулар: сатып алу әдісін қолдану барысында сатып алушыны анықтау және идентификацияланатын активтер мен міндеттемелердің әділ құнын көрсету қажет.
Негізгі әдебиет: 1, 6, 10.
Қосымша әдебиет: 13, 16
Тақырып №2. Қауымдастырылған және жеке қаржылық есеп беру
Сұрақтарға жауап беру.
Қандай жағдайда қауымдастырылған есеп беру құрылады? Қауымдастырылған іс - әрекеттер.
Жекешеленген қаржылық есеп берудегі еншілес, бірлесіп бақыланатын және бірлескен ұйымдардағы инвестиция есебі қай стандартпен реттеледі?
Есеп №1. Баланс құру бойынша
ЖШС «Нұр» берілгендерінің негізінде бастапқы баланс құру
|
шоттар |
баптар атауы |
сомасы, теңге |
|
2410 |
негізгі құралдар |
135320 |
|
1310 |
шикізат және материалдар |
342000 |
|
1340 |
аяқталмаған өндіріс |
120000 |
|
1010 |
кассадағы ақша қаражаты |
400 |
|
3390 |
басқа да кредиторлық қарыз |
8000 |
|
1310 |
отын |
80000 |
|
3190 |
басқа да салықтар |
6000 |
|
3350 |
жалақы төлеу бойынша қысқа мерзімді міндеттемелер |
42000 |
|
3310 |
Жабдықтаушыларға қысқа мерзімді міндеттеме |
39400 |
|
1040 |
банктік шоттағы ақша қаражаты |
154000 |
|
1280 |
басқа да қысқа мерзімді дебиторлық қарыз |
15564 |
|
5010 |
Ерекшеленген акция |
192000 |
|
1250 |
жұмыскерлердің қысқа мерзімді дебиторлық қарызы |
236 |
|
1320 |
дайын өнім |
110000 |
|
3010 |
қысқа мерзімді банктік қарыз |
160000 |
Әдістемелік нұсқаулар: баланс құру барысында А=МК+М баланс формуласын ескеру қажет.
Есеп №2
Компания «М» келесі баланстық баптардан тұрады:
Материалдық емес активтер 500000
Негізгі құралдар 400000
Қорлар 200000
Дебиторлық қарыз 300000
Ұзақ мерзімді банк несиесі 100000
Кассадағы ақша қаражаты 600000
Бюджетпен есеп айырысу 300000
Жалақы бойынша жұмыскерлермен есеп айырысу 100000
Жабдықиаушыларменмен есеп айырысу 150000
Жарғылық капитал 450000
Талап етіледі:
Қандай баптар актвтерге, міндеттемелерге, жеке меншік капиталына жататындығын анықта?
Баланс құру.
Есеп №3
1 және 2 есеп бойынша қауымдастырылған бухгалтерлік баланс құру.
Негізгі әдебиет: 1, 7, 11.
Қосымша әдебиет: 13, 14.
Тақырып №3. Инвестициялық меншік
Сұрақтарға жауап беру.
Инвестициялық жеке меншік түсінігін қандай стандарт анықтайды?
Инвестициялық жеке меншік ретінде қандай активтер қарастырылады?
Инвестицияның жеке меншікті есепке алудың баламалы әдістері бар ма? Егер болса, нақты мысал келтіріңіз?
Есеп №1
«Ардагер» компаниясы 170000 тг. тұратын, бірақ әлі анықталмаған жер учаскесін сатып алды. Брокер қызметі 6000 тг, адвокат қызметі 2000 тг. төлейді. Жою құны 4000 тг. құрайтын ескі ғимаратты бұзуға 10000 тг. және жерді тегістеуге 1000 тг. төледі
Тапсырма:
дебетке жататын «инвестициялық жылжымайтын мүлік» құнын анықтау.
проводка құру.
Әдістемелік нұсқаулар: проводка құру үшін келесі кезекті логикалық пікірді ұстану: а) шаруашылық операцияларда есептің қандай объектілері, яғни қандай шоттар қатысып отыр; б) шоттардың сипатын (активтер, акпиталдар, міндеттемелер) анықтау; в) шаруашылық операциялар нәтижесінде есептерде қандай өзгерістер болғанын анықтау; г) шаруашылық операциялар әсерінен пайда болған өзгерістер сипатынан және қарастырылатын шоттар сипатынан шығатын дебеттелетін және кредиттелетін шоттарды анықтау.
Негізгі әдебиет: 1, 7, 11.
Қосымша әдебиет: 13, 14.
Тақырып №4. Сатуға арналған айналымнан тыс активтер
Сұрақтарға жауап беру:
1. ҚЕХС №30 бірлескен қызметтің қандай нысандары анықталған.
2. Бірлесіп бақыланатын операциялар бірлесіп бақыланатын активтерден немен ерекшеленеді?
3. Кәсіпкердің қаржылық есеп берудің құрамы қандай?
4. Пропорционалды қауымдастыру. Іскерлік қатысу есебі бойынша әдіс.
5. Біріккен қызмет бойынша қолданушылар үшін қандай ақпарат ашылады?
Тапсырма 1. «Біріккен қызмет бойынша қаржылық есебінің мәліметтерінің есебі» тақырыбына реферат дайындау.
Өткізу формасы: Бақылау жұмысын өткізу. Рефератты тақтада презентациялау (таныстыру).
Әдістемелік нұсқаулар: Сұрақтарға жазбаша жауап беру үшін ҚЕХС №31 қарастыру керек.
Негізгі әдебиет: 3, 6, 12.
Қосымша әдебиет: 15, 15.
Тақырып №5. Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер
Сұрақтарға жауап беру.
1.Шартты активтер мен шартты міндеттер дегеніміз не? Есепке алу мақсатында оларды тану шарттары қандай?
2.Байланысты жақтар деген кімдер? Олардың арасындағы қандай операциялар орын алуы мүмкін?.
3.Есеп беру мерзімінен кейінгі оқиғалар деген не?.
4.Қаржылық есеп беру ақпараты түсінігі, тәртібі?
Тақырып №6. Ақшаның уақыт бойынша құны
Сұрақтарға жауап беру.
Ақша мен уақыттың байланысы неден көрінеді?
Жай және күрделі пайыздар арасында айырмашылық бар ма?
Ағымдық (дисконтталған) құн қай формула бойынша анықталады?
Есеп №1
Келесі түрмен анықталатын төлемдердің ағымының ағымдық құнын анықтаңыз? 1 жыл - түсімдер 500000, 2 жыл – түсімдер 200000, 3 жыл 400000 тг. сомасында төлем болды және келесіде 7 жыл көлемінде 500000 тг. дейін түсім болды. Дисконт ставкасының пайызы жылдық 6 %.
Әдістемелік нұсқау: берілген жағдайдағы соңғы 7 жыл көлеміндегі төлемдер ағымы тұрақты аннуитеттерді қалыптастырады. Бірақ бұл 4 жыл басына ағымдық құн болатынын ұмытпау қажет.
Негізгі әдебиет: 1, 7, 11.
Қосымша әдебиет: 13, 16.
Тақырып №7. Жалға беру есебі
Сұрақтарға жауап беру
Жал қарым-қатынастар есебі ретінде қай ҚЕХС реттейді?
Қаржылық жалды тану критерийлері
Операциялық жалға анықтама беріңіз
Есеп №1
«Жанна» компаниясы «Финансист» компаниясынан келесі шарттармен жалға құрал алды.
Жоспарланатын жал уақыты 10 жыл. Жал төлемі әр жыл басында 1 қаңтардан 2011 ж. төленетін 25250 сомасында.
Құралды жал уақытының басына әділ құны және бағасы 185078 тг. құрайды. Пайдалы қолдану мерзімі 10 жыл. Қалдық құны 20000 тг. құрайды.
Жал келісім-шарты жал уақытының ұзартылуын қарастырмайды және де құрал жал уақыты бітісімен «Финансист» компаниясына қайтарылады.
«Жанна» қарыз капиталына өсім ставкасы 9 %-ға тең. Пайыз ставкасы жал келісім-шартына сәйкес жылына 9 %-ға тең.
«Жанна» компаниясы осындай құралға амортизация есептеу үшін бір қалыпты құнды есептен шығару әдісін қолданады.
Түсімдердің жеткілікті мөлшерде түсуі болжамды. Жалға беруші үшін қосымша мүмкін шығындар туралы ешқандай анықталмағандық жоқ.
Табу керек:
а) жал жіктелуінің критерийлеріне баға беру және жалдың түсінігін бейнелеу. Жалпы түрде жалға беруші мен жалға алушы осы жалды қалай көрсететінін талқылаңыздар.
б) жалға беруші мен жалға алушының есеп регистрінде 2011 жылдың 1 қаңтарына және 2011 жылдың 31 желтоқсанына проводкаларын дайындау.
Әдістемелік нұсқаулар: проводка құру үшін келесі кезекті логикалық пікірді ұстану: а) шаруашылық операцияларда есептің қандай объектілері, яғни қандай шоттар қатысып отыр; б) шоттардың сипатын (активтер, акпиталдар, міндеттемелер) анықтау; в) шаруашылық операциялар нәтижесінде есептерде қандай өзгерістер болғанын анықтау; г) шаруашылық операциялар әсерінен пайда болған өзгерістер сипатынан және қарастырылатын шоттар сипатынан шығатын дебеттелетін және кредиттелетін шоттарды анықтау.
Негізгі әдебиет 1,11,12
Қосымша әдебиет 15,16
Тақырып №8. Валюталық бағамдар өзгерістерінің әсері
Сұрақтарға жауап беру:
Шетел валюталарында болған операциялар қалай бейнеленеді?
Бағамдық айырмашалақтарды тану қалай жүргізіледі?
Көрсетудің валютасына қайта есептеу қалай жүргізіледі?
4. Шетел қызметтері туралы қаржылық есептің қайта есебі қалай жүргізіледі?
5. Шетел қызметінің тоқтатылуы қалай бейнеленеді?
Есеп 1.
10 қарашада сағаттық зауыт американдық компаниядан 250000$ сомасында құрал сатып алды, оның 50000$ жеткізуге төленіп, ал 200000$ 90 күннен кейін төлеу керек болды. Жеткізу кезінде айырбас курсы 1$-ға 117 ш.б-ті құрады. Келесіде, ш.б $-ға қатынасты құнсызданады және 31 желтоқсанда айырбас курсы 1$-ға 117,2 ш.б-ті құрады. Қалған соманы төлеу күніне айырбас курсы 1$-ға 118 ш.б құрады.
Табу керек:
алынған құралдарды көрсететін алғашқы проводкаларды бейнелеңіз.
31 желтоқсанға сай проводканы бейнелеңіз.
Соңғы қарызды төлеу бойынша проводканы бейнелеңіз.
Әдістемелік нұсқаулар:
1) проводкаларды құру үшін келесі логикалық талдауларды ұстану қажет:
а) қандай есеп обьектілері, сәйкесінше берілген шаруашылық операцияда қандай шоттар қолданылатынын анықтау;
б) шот түрін анықтау (активтердің, капиталдың, міндеттемелердің)
в) шаруашылық операциялардың әсерінен шоттарда қандай өзгешеліктер болғанын анықтау (ұлғаю не кему);
г) өзгеру сипатынан туындайтын шаруашылық операциялар әсерінен болған, сонымен қатар қолданылған шот түрлері арқалы дебеттелетін және кредиттелетін шоттарды анықтау.
2) проводкалардың ш.б-те (жергілікті валютада) жасау керектігін есте сақтаңыздар.
Негізгі әдебиет: 3, 6, 10.
Қосымша әдебиет: 15, 15.
Тақырып №9. Табысқа салынатын салық.
Сұрақтарға жауап беру:
Қай ҚЕХС табысқа салықтың танылуын және есебін реттейді?
«Салық салынатын уақытша айырмашалықтарға» анықтама беріңіз.
Алынып тасталатын уақытша айырмашылықтарға анықтама беріңіз.
Пайдаға салық бойынша шығынды қалай анықтайды?
Есеп 1.
Егер заңды тұлға 2010 жылға 32000 тг мөлшерінде бухгалтерлік пайда алса, бухгалтерлік жазулар мен салықтық төлемдердің барлық компоненттерін табу және бейнелеу керек.
Айырмашылықтар (мың тг):
Уақытша айырмашылықтар:
Амортизация (1500,0)
БҚ іске асырудан жабылмаған (төленбеген) зиян: 4200,0
Тұрақты айырмашылықтар: 2400,0
Пайдаға салық ставкасы: 30%
Әдістемелік нұсқаулар:
1) Салықтық төлемдердің компоненттерін анықтаған кезде НОП=БП+_ВР+_ПР екенін есте сақтау керек.
2) Проводкаларды құру үшін келесі логикалық талдауларды ұстану қажет:
а) қандай есеп обьектілері, сәйкесінше берілген шаруашылық операцияда қандай шоттар қолданылатынын анықтау;
б) шот түрін анықтау (активтердің, капиталдың, міндеттемелердің)
в) шаруашылық операциялардың әсерінен шоттарда қандай өзгешеліктер болғанын анықтау (ұлғаю не кему);
г) өзгеру сипатынан туындайтын шаруашылық операциялар әсерінен болған, сонымен қатар қолданылған шот түрлері арқалы дебеттелетін және кредиттелетін шоттарды анықтау.
2) проводкалардың ш.б-те (жергілікті валютада) жасау керектігін есте сақтаңыздар.
Негізгі әдебиет: 3, 6, 10.
Қосымша әдебиет: 15, 16.
Тақырып №10. Ассоцияциаланған компанияларға инвестициялар
Сұрақтарға жауап беру.
Инвестициялық жеке меншік түсінігін қандай стандарт анықтайды?
Инвестициялық жеке меншік ретінде қандай активтер қарастырылады?
Инвестицияның жеке меншікті есепке алудың баламалы әдістері бар ма? Егер болса, нақты мысал келтіріңіз?
Есеп №1
«Ардагер» компаниясы 170000 тг. тұратын, бірақ әлі анықталмаған жер учаскесін сатып алды. Брокер қызметі 6000 тг, адвокат қызметі 2000 тг. төлейді. Жою құны 4000 тг. құрайтын ескі ғимаратты бұзуға 10000 тг. және жерді тегістеуге 1000 тг. төледі
Тапсырма:
дебетке жататын «инвестициялық жылжымайтын мүлік» құнын анықтау.
проводка құру.
Әдістемелік нұсқаулар: проводка құру үшін келесі кезекті логикалық пікірді ұстану: а) шаруашылық операцияларда есептің қандай объектілері, яғни қандай шоттар қатысып отыр; б) шоттардың сипатын (активтер, акпиталдар, міндеттемелер) анықтау; в) шаруашылық операциялар нәтижесінде есептерде қандай өзгерістер болғанын анықтау; г) шаруашылық операциялар әсерінен пайда болған өзгерістер сипатынан және қарастырылатын шоттар сипатынан шығатын дебеттелетін және кредиттелетін шоттарды анықтау.
Негізгі әдебиет: 1, 7, 11.
Қосымша әдебиет: 13, 14.
Тақырып №11. Қаржылық инвестицияларды бағалау және оның есебі
Сұрақтарға жауап беру:
Пайыздық тәуекел қалай анықталады?
Несиелік тәуекел қалай анықталады?
Қаржылық активтер мен міндеттемелер қандай құнмен бағаланады?
Пайда мен зиян туралы есеп беру құрылымы қандай?
Қай ҚЕХС Қаржылық активтер мен міндеттемелердің құнсыздану есебін және жүргізу тәртібін реттейді.
Хеджирлеу дегеніміз не?
Хеджирлеудің қандай негізгі баптарын білесіңдер?
Есеп 1.
30.06.2010 жылы компания 100000 тг номиналды құнды 2 жылдық облигацияларды сатып алды. Төлемдер жылына 2 рет жылдық 12% көлемінде төленеді, 30 маусым және 31 желтоқсанда. Нарықтық пайыздық ставка жылдық 10%-ды құрайды. Облигациялардың шығарылу құнын анықтау керек, проводкалар құру және облигациялық жеңілдіктерді сызықтық және тиімді пайыздық ставка әдісімен жазу.
Әдістемелік нұсқаулар:
Облигациялардың шығарылу құнын есептегенде (n=4, r=5) шартындағы дисконттау факторын анықтау керек.
Пайыз бойынша табыстың және сыйақының амортизацияларының кестесін құру.
Проводкаларды құру үшін келесі логикалық талдауларды ұстану қажет:
а) қандай есеп обьектілері, сәйкесінше берілген шаруашылық операцияда қандай шоттар қолданылатынын анықтау;
б) шот түрін анықтау (активтердің, капиталдың, міндеттемелердің)
в) шаруашылық операциялардың әсерінен шоттарда қандай өзгешеліктер болғанын анықтау (ұлғаю не кему);
г) өзгеру сипатынан туындайтын шаруашылық операциялар әсерінен болған, сонымен қатар қолданылған шот түрлері арқалы дебеттелетін және кредиттелетін шоттарды анықтау.
Негізгі әдебиет: 3, 6, 12.
Қосымша әдебиет: 15, 16.
Тақырып №12. Бірігіп бағаланатын активтер, бірігіп бақыланатын компаниялар
Сұрақтарға жауап беру:
1. ҚЕХС №30 бірлескен қызметтің қандай нысандары анықталған.
2. Бірлесіп бақыланатын операциялар бірлесіп бақыланатын активтерден немен ерекшеленеді?
3. Кәсіпкердің қаржылық есеп берудің құрамы қандай?
4. Пропорционалды қауымдастыру. Іскерлік қатысу есебі бойынша әдіс.
5. Біріккен қызмет бойынша қолданушылар үшін қандай ақпарат ашылады?
Тапсырма 1. «Біріккен қызмет бойынша қаржылық есебінің мәліметтерінің есебі» тақырыбына реферат дайындау.
Өткізу формасы: Бақылау жұмысын өткізу. Рефератты тақтада презентациялау (таныстыру).
Әдістемелік нұсқаулар: Сұрақтарға жазбаша жауап беру үшін ҚЕХС №31 қарастыру керек.
Негізгі әдебиет: 3, 6, 12.
Қосымша әдебиет: 15, 15.
Тақырып №13. Акциядан пайда.
Қарастырылатын сұрақтар:
Акцияларға базалық пайданы қалай анықтау керек?
Акцияға араластырылған пайданы қалай анықтау керек?
Есеп 1.
Компания 210000 тг сомасында таза пайда алды. Айналымдағы акциялардың орта саны 100000 дананы құрайды. Айналымда компанияның конверттелетін облигацияларының 2 шығарылымы бар. Бірі 6% облигациялар, алдыңғы жылы 100тг-ден 1000000 тг-ге сатылған және 20000 дана жай акцияларға конверттелетін. Екіншісі 10% облигациялар ағымдағы жылдың 1 сәуірінде 100 тг 1000000 тг сатылған және 32000 дана жай акцияларға конверттелетін. Салық ставкасы 40%.
Табу керек:
Акцияға базалық және араластырылған пайданы есептеу (шартты конверсия әдісін қолдану керек).
Есеп 2.
Айналымда 2007 жыл ішінде 100000 дана жай акциялар болды. 01. 07. 2007 жылы облигациялардың конверттеу әсерінен шығарылған жай акциялар 100000 дана. 2007 жылға таза пайда 200000 тг. Пайдаға салық ставкасы 30%. Номиналды бағасы 200000 тг 4% конверттелетін акциялар, төлену мерзімі 10 жыл.
Конверттелу шарты: құны 1000 тг бір облигация 50 жай облигация (барлық облигацилар 01. 07. 2007 ж конверттелген)
10%-дық конверттелген кумулятивтік ерекше акциялар, номиналды құны 10 тг, 01. 01. 2010 жылы шығарылған 11 тг-ден, номиналды құны 500000 тг.
Конверттелу шарты: 1 ерекше акцияға 2 жай акция.
Табу керек:
Акцияға базалық және аралсқан пайданы есептеу (шартты конверсия әдісін қолдану керек).
Әдістемелік нұсқаулар:
акцияға базалық пайданы анықтау үшін таза пайданы кезең бойынша айналымдағы қарапайым акцияларды орташаландырылған санына бөлу керек;
акцияға араласқан пайданы есептеу үшін қарапайым акциялардың иеленушілеріне тиеселі кезең бойынша таза пайданың қосындысы және кезең бойынша айналымдағы қарапайым акциялар барлық потенциалды қарапайым акциялардың араласатын әффектісінің есебімен түзетілуі керек.
Негізгі әдебиет: 3, 6, 10.
Қосымша әдебиет: 15, 17.
Тақырып №14. Компанияның есептік саясатындағы өзгерістер
Сұрақтарға жауап беру.
Есеп саясатын кім жасайды?
ҚЕХС есеп саясатын қолдану кезектілігін және ондағы өзгерістерді анықтай ма?
Қателіктердің қандай түрлерін білесіздер?
Фундаментальді қателіктерді түзетудің қандай әдістерін білесіздер ме?
Есеп 1.
2011 жылы қаңтарда 2010 жылғы қаржылық есепті дайындау кезінде «Пенсл» компаниясы 20000 тг сомасында 2005 жылға есептелген конторлық құралға есептелген амортизация есебінде жасалған қателікті анықтады. 2009 жылы шығын сомасы төмендетілген. 2009 жылы компания 190000 тг сомасында таза табыс көрсеткен. 2009 жылы 31 желтоқсанға берілген қорытынды есепте бөлінбеген пайда сомасы 3430000 тг құрады. Компания үшін салық ставкасы 30%. 2008 жылға «Пенсл» компаниясының қателікті түзеткенге дейінгі таза пайдасы 200000 тг.
1. а) егер компания 2010 жыл ағымындағы қорытынды есепте пайда мен зиян туралы қателіктерді түзетуді шешсе және бөлінбеген табыс мөлшерін түзетпесе, 2010 жылға компаниямен көрсетілген таза пайда қанша?
б) 2 жылға жалпы таза пайда қандай болады?
в) егер 2010 жылға дивидендтер жарияланбаса және төленбесе, онда бөлінбеген пайда мөлшері 31. 12. 2010 жылға қандай болады?
2. а) егер компания бөлінбеген пайданың бастапқы сомасын өзгертуді және қаржылық қорытынды есепті қайта жасауды шешсе, 2005 жылы компанияның көрсеткен таза пайдасы қандай болады?
б) 2010 жылға?
в) 20 жылға жалпы таза пайда қандай болады?
г) 31.12.2009 жылға бөлінбеген пайда мөлшері қандай болады?
Әдістемелік нұсқаулар:Бөлінбеген пайданың бастапқы қалдығы + таза пайда –дивидендтер = соңғы бөлінбеген пайда.
Негізгі әдебиет: 3, 6, 12.
Қосымша әдебиет: 15, 16.
Тақырып №15. Байланысты жақтар.
Есеп 1.
Құрылыс компаниясы байланысқан жақ болып табыла ма?
Банк құрылыс компаниясына оның капиталдағы қажеттілігінің 90%-ын қанағаттандыратын қарыз берді. Бұл құрылыс компаниясының иесі банктің атқарушы директорларының біреуінің досы болып табылады. Қарыз құрылыс компаниясының мүлік кепілдігімен берілді.
Есеп 2.Т және К компаниялары байланысқан жақтар болып табыла ма?
«Торғын» компаниясы «Камила» компаниясымен саудаласады. Олар компанияның бір тобына жатпайды, бірақ олардың бас компанияларының акционерлері болып бір тұлға табылады.
Есеп 3.
«Марина» компаниясы оған франчиза сатқан компаниямен байланысқан жақ болып табылады ма?
Астанадағы «Казахская кухня» мейрамханасының жүйесін басқару үшін «Марина» компаниясы франчиза сатып алады
Негізгі әдебиет: 3, 6, 9.
Қосымша әдебиет: 14, 15.
Студенттердің өзіндік жұмыстарының жоспары.
Тақырып №1. Кәсіпорындарды біріктіру. Сатып алу әдісі.
Тапсырма 1.
Тезистік түрде келесі сұрақтарды конспектілеу.
1. Кәсіпорындарды біріктіру есебінің әдісі
2. Идентификацияланатын активтердің, міндеттемелердің және бағаланатын міндеттемелердің әділ құнын анықтау.
3. Басқаруды ақпаратпен қамтамасыз етуден бухгалтерлік есеп тапсырмалары және рөлі және де қаржылық есепті қолданушылардың жіктеоуі.
Әдістемелік нұсқаулар: Тапсырмаларды ҚЕХС №3 қолданып орындау.
Ұсынылған әдебиет: 1,7,6,12.
Тақырып №2. Қауымдастырылған және жеке есеп беру.
Тапсырма 1. «А» компаниясы «Б» компаниясының 100% иеленушісі болып табылады.
«А» компаниясының бухгалтерлік балансы
|
Активтер |
Сумма |
Пассивтер |
Сумма |
|
Ақша қаражаттары |
15000 |
Төленуге тиіс шоттар |
2000 |
|
«Б»-дан алынуға тиіс шот |
100 |
Басқа да ағымдағы міндеттемелер |
4000 |
|
Басқа да ағымдық активтер |
12200 |
Ұзақ мерзімді міндеттемелер |
12000 |
|
«Б» компаниясына инвестиция |
1400 |
Капитал |
4200 |
|
Басқа да ұзақ мерзімді активтер |
7000 |
|
|
|
Активтердің барлығы |
22200 |
Пассивтердің барлығы |
22200 |
«Б» компаниясының бухгалтерлік балансы
|
Активтер |
Сумма |
Пассивтер |
Сумма |
|
Ақша қаражаттары |
500 |
Төленуге тиіс шот |
200 |
|
Басқа да ағымдық активтер |
1500 |
«А» компаниясына төленуге тиіс шоты |
200 |
|
Басқа да ұзақ мерзімді активтер |
2200 |
Басқа да ағымдық міндеттемелер |
500 |
|
|
|
Ұзақ мерзімді міндеттемелер |
2000 |
|
|
|
Капитал |
1400 |
|
Активтердің барлығы |
4200 |
Пассивтердің барлығы |
4200 |
Табу керек:
Қауымдастырылған бухгалтерлік балансты дайындау.
Әдістемелік нұсқаулар:
Есептеуді кесте түрінде бейнелеңіз:
|
Активтер мен пассивтер |
«А» компаниясы |
«Б» компания |
|
Ақша қаражаттары |
1,500 |
500 |
|
«Б» компаниясынан дебиторлық қарыз |
100 |
|
|
Басқа да ағымдық активтер |
12,200 |
1,500 |
|
«Б» компаниясына инвестиция |
1,400 |
|
|
Басқа да ұзақ мерзімді активтер |
7,000 |
2,200 |
|
Активтердің барлығы |
22,200 |
4,200 |
|
Міндеттемелер |
|
|
|
Төленуге тиіс шоттар |
2,000 |
200 |
|
«А» компаниясынан төленуге тиіс шоттар |
|
100 |
|
Басқа да ағымдық міндеттемелер |
4,000 |
500 |
|
Ұзақ мерзімді міндеттемелер |
12,000 |
2,000 |
|
Капитал |
4,200 |
1,400 |
|
Пассивтердің барлығы |
22,200 |
22,200 |
Балансты құру кезінде А= М + К баланстық теңдеуін есте сақтаған жөн.
Ұсынылған әдебиет: 6,3,4,15.
Тақырып №3. Инвестициялық меншік.
Тапсырма 1. Тезистік түрде келесі сұрақтарды конспектілеу.
Инвестициялық меншікті (жылжымайтын мүлік) тануды бағалау.
Инвестициялық меншікті (жылжымайтын мүлік) танудың критерийлері
Әдістемелік нұсқаулар:
Келтірілген сұрақтарды нақты есеп обьектілерімен қарастыру және әр есеп обьектісіне шот ашу (әр шот бойынша қалдық және қозғалыс туралы ақпаратты енгізу).
Ұсынылған әдебиет: 6,10,12.
Тақырып №4. Сатуға арналған айналымнан тыс активтер
Тапсырма 1.
Негізгі түсініктерді ашу; ҚЕХС №32 «Қаржылық құралдар: ашылу және таныстыру» және ҚЕХС №39 «Қаржылық құралдар: тану және бағалау» анықтайтын.
Қаржылық активтердің 4 категориясының анықталуы
Эффектілі пайыздық ставка әдісі
Қаржылық құралдардың бастапқы және келесі бағалануы
Тапсырма 2.
Келесі операциялар бойынша проводкалар құру:
2 қазанда 2011 жылы оның эмиссиялануынан кейін облигация сатып алынды. Оның номиналды бағасы 1000000 тг. Компания осы соманы және пайыз сомасын БҚ-ға оның эмиссия уақытында есептелген 50000 тг және 25000 тг комиссионды брокерге төледі. БҚ төлеу уақыты 1 қыркүйек 2010 жыл.
30 наурызда 2010 жылы компания БҚ сатады және ол үшін 1300000 тг алды, және де осы уақытта 350000 сомасында пайыздар есептелді және олар сатып алушыдан алған сомаға қосылды.
Әдістемелік нұсқаулар:
Сальдолық қорытынды активтердің шығуынан пайда есебі шотында анықталуы керек.
Ұсынылған әдебиет: 3,7,9.
Тақырып №5. Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер
Тапсырма 1.
1. Есепке алу мақсатында шартты активтер мен шартты міндеттерді тану шарттарын анықтау.
2. Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер түсініктерін ашу.
Тапсырма 2.
Байланысты жақтар арасындағы операцияларды анықтау.
Есеп беру мерзімінен кейінгі оқиғаларға мысалдар келтіру.
Қаржылық есеп беру ақпаратын ашу.
Тақырып №6. Ақшаның уақыт бойынша құны.
Тапсырма 1.
10000 тг көлеміндегі 10%-бен инвестициялар келесі уақыт мерзімі өткеннен кейін қанша сома жинақталады.
а) 5 жыл
б) 7 жыл
в) 15 жыл
Тапсырма 2.
Келесі жылдан кейін 80000 теңгенің ағымдық құнын анықтаңдар:
а) 12 %-дық ставкамен 10 жыл
б) 15%-дық ставкамен 20 жыл
в) 8%-дық ставкамен 30 жыл
Тапсырма 3.
Жал келісімі шарты бойынша жыл сайынғы жал төлемі мына төлемде болуы керек:
а) 6000 тг
б) 8000 тг
в) 10000 тг 7 жыл көлемінде қарастырылған пайыздық ставка:
а) 12%
б) 15%
в) 17% құрады.
Ағымдық жалдың төлемдер құны қандай?
Әдістемелік нұсқаулар: Ақшаның уақытша құнын анықтағанда ақшалар мен уақыт арасындағы байланысты ескеру керек және С-2, С-2, С-3 кестелерін қолдану.
Ұсынылған әдебиет: 3,6,7,12,13,15.
Тақырып № 7. Жалға беру есебі.
Тапсырма 1.
«Жанна» компаниясы «Финансист» компаниясынан келесі шарттармен жалға құрал алды.
Жал уақыты 10 жыл. Жал төлемі әр жыл басында 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап төленетін 25250 сомасында.
Құралды жал уақытының басына әділ құны және бағасы 185078 тг құрайды. Пайдалы қолдану мерзімі 10 жыл. Қалдық құны («Жанна» мен кепілдендірілген) 20000 тг құрайды.
Пайыз ставкасы жылына 9 %.
«Жанна» компаниясы осындай құралға амортизация есептеу үшін бір қалыпты құнды есептеп шығару әдісін қолданады.
Табу керек:
Жал жіктелуінінң критерийлеріне баға беру және жалдық түсінігін бейнелеу.
Есеп регистрлерінде жалға беруші мен жалға алушының 1 қаңтар 2011 жылға және 31 желтоқсан 2010 жылға проводкаларын дайындау.
Әдістемелік нұсқаулар:
«Жанна» және «Финансисттің» 10 жылға жал төлемдерін төлеудің графигін құру.
Графиктер негізінде проводкалар құру. Проводкаларды құру үшін келесі логикалық талдауларды ұстану қажет:
а) қандай есеп обьектілері, сәйкесінше берілген шаруашылық операцияда қандай шоттар қолданылатынын анықтау;
б) шот түрін анықтау (активтердің, капиталдың, міндеттемелердің)
в) шаруашылық операциялардың әсерінен шоттарда қандай өзгешеліктер болғанын анықтау (ұлғаю не кему);
г) өзгеру сипатынан туындайтын шаруашылық операциялар әсерінен болған, сонымен қатар қолданылған шот түрлері арқалы дебеттелетін және кредиттелетін шоттарды анықтау.
Ұсынылған әдебиет: 3,7,9.
Тақырып №8. Валюталық бағамдар өзгерістерінің есебі. Тапсырма 1.
Шетелдік американдық Англиядағы еншілес кәсіпорын, шетел кәсіпорыны ретінде жіктеледі. Төменде әр түрлі уақыттарға айырбас бағамы берілген.
бірінші жылы 31.12. 1 фунт стерлинг=1,6$ АҚШ
Орташа курс 1,4$ АҚШ
Жай акцияларды шығару күні 2,0$АҚШ
Бөлінбеген табыс үшін рташа алдыңғы курс 1,8$ АҚШ
Тапсырма: 1 жылға қаржылық есеп беруді қайта есептеу, егер
Пайда мен зиян туралы есеп (фунт стерлинг)
Іске асырудан пайда 100,000
Шығыстар (40000)
Таза пайда 60000
Бөлінбеген пайда туралы есеп
Жыл басына бөлінбеген пайда 200000
Таза пайда, ұлттық валютаға аударылған 60000
Жыл соңына бөлінбеген пайда 260000
Бухгалтерлік баланс
Активтер және міндеттемелер мен капитал
Ақша қаражаттары 20.000
Кредиторлық 150.000
Дебиторлық қарыз 100.000
Жай акциял 10.000
Құрал-жабдықтар 300.000
Бөлінбеген пайда 260.000
Барлығы 420.000
Қосымша капитал (бағамдық айырмашылықтарды түзету)
Барлығы 420.000
Әдістемелік нұсқаулар:
Валютаны қайта есептеуде:
А) пайда және зиян туралы есеп беруде валютаның орташа бағамын қолдану;
Б) бөлінбеген пайда туралы есеп беруде – алдыңғы орташа бағам;
В) балансқа және капиталдың құрылу күніне 31.12 валюта бағамын қолдану
Ұсынылатын әдебиет: 3,7,9.
№ 9 тақырып. Табысқа салынатын салық
1 тапсырма. 2011 жылдың басында 4310 шоты бойынша қалдық 92000 теңгені құрады. 2011 жылдың соңында жинақталған уақытша айырмашылық 350000 теңгені құрады және олар тек екі жылда өтеледі. 2011 жылғы бухгалтерлік есептегі пайда 525000 теңгені құрады, ал салықтық есеп бойынша пайда 405000 теңгені құрады. Пайдаға салық ставкасы 40 пайыз.
Есептеу керек:
2011 жылға пайдаға салықты;
пайдаға салық бойынша шығындар;
пайдаға кейінге қалдырылған салықтар
Әдістемелік нұсқаулар
Пайдаға салықты анықтау кезінде салықтың 40 пайыздық ставкасын қолдану
Уақытша айырмашылықтан екі жылдың кейінге қалдырылған салығын анықтау 175000+175000- 350000 тенге (2010,2009)
Кейінге қалдырылған салықтарды есепке ала отырып пайдаға салық бойынша ағымдағы шығындарды анықтау.
Ұсынылатын әдебиет: 3,7,9,.