Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сайлау ыы. силабус.doc
Скачиваний:
16
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
301.57 Кб
Скачать

1.8 Студенттердің білімдерін бағалау туралы ақпарат:

Бақылау нысандары

Балдар

Ағымды бақылау

30

Аралық бақылау

30

Қорытынды бақылау

40

Барлығы

100

1.9.Үрдіс және саясат:

Студенттердің міндеттеріне сабақтардың барлық нысандарына жүйелі түрде қатысуы, пән бойынша тапсырмаларды тапсыру графигін орындауы, әдебиеттермен және нормативтік материалдармен өз бетінше жұмыс істеуі кіреді.

Студенттердің кешігіп келгені үшін, сабаққа келмегені үшін, аудиторияда сәйкес тәртіпті сақтамағаны үшін «ҚарМУ-нің ішкі тәртіп ережелерінде» сәйкес жауапкершілігі қарастырылған.

Егер жазбаша жұмыстарды УМК-да көрсетілген мерзімінен («Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигін» қара) кешіктіріп тапсыратын болса, баға рейтингі 10% төмендетіледі. Студенттің жеке өзінің қатысуынсыз қорытынды бақылау өткізілмейді. Емтиханға қатыспаудың барлық жағдайлары « ҚарМУ-нің оқу үрдісін ұйымдастыру ережелерімен» реттеледі.

Тарау 2. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар

2.1 Курстың тематикалық жоспары

Тақырып атауы

Дєріс

Сем

С¤ОЖ

С¤Ж

1

Қазақстан Республикасы сайлау

құқығының теоретикалық негіздері

2 вирт

2

2

2

Қазақстан Республикасы

Сайлау органдарының құқықтық

мәртебесі

4 вирт

4

4

3

Қазақстан Республикасындағы

сайлауды ұйымдастыру

4 конт

4

4

4

Сайлау үрдісін және сайлау

қорытындыларын өткізу

4 конт

4

4

5

Электронды сайлау жүйесін қолдану арқылы

сайлауды өткізу ерекшеліктері

4 конт

4

4

6

Қазақстан Республикасы

Президентін сайлау

4 конт

4

4

7

Қазақстан Республикасы

Парламент депутаттарын сайлау

4 конт

4

4

8

Мәслихаттар депутаттарын сайлау

4 конт

4

4

30

30

30

2.2 Дәрістер сабақтарының тезисі

Тақырып 1. Қазақстан Республикасы Сайлау құқығының теоретикалық негіздері

Сайлау құқығы – бұл мемлекеттік билік тұлғалары мен органдарының сайлауын жүргізу үрдісінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Сайлау құқығы объективті мағынада – белгілі бір құқықтық нормалардың жиынтығын құрайтын конституциялық құқықтың бір бөлігі.

Сайлау құқығы субъективті мағынада – сайлау барысында азаматтардың мүмкіндігінше болатын тәртібі.

Сайлау құқығы субъективті мағынада активті және пассивті бола алады. Активті сайлау құқығы – бұл дауыс беру құқығы. Пассивті сайлау құқығы сайланбалы болу құқығында көрініс табады.

Конституциялық құқық ғылымында берілген құқықтық институт шегінде құқық қолдануды қамтамасыз ететін процессуалдық құқықтық нормаларды бөліп қарастырған жөн. Сайлау процедураларын сипаттайтын көрсетілген құқықтық нормалар дауыс беру үрдісін құрайды.

Конституциялық құқық ғылымында сайлау құқығының орны нақты анықталмаған. Осы бойынша көптеген көзқарастар бар.

Сайлау құқығының қайнаркөздері әртүрлі, ол туралы берілген пән бойынша әдебиеттерінің көптүрлілігі дәләл болады.

Сайлау құқығының қағидалары: сайлау бостандығы, жалпы құқық, тікелей және жанама құқық, жасырын түрде сайлау.

Сайлау жүйесі кең мағынада – бұл сайлау үрдісі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Тар мағынада сайлау жүйесі сайлау нәтижесіндегі мандаттарды бөлу әдіс-тәсілін құрайды.

Ұсынылатын қосымша әдебиеттер тізімі:

(6, 9,10,19,22,23,25,42,43).

Тақырып 2. Қазақстан Республикасы сайлау органдарының құқықтық мәртебесі

Қазақстан Республикасындағы сайлауды әзірлеуді және өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік органдар – сайлау комиссиялары болып табылады.

Сайлау комиссияларының бірегей жүйесін құрайды: Орталық сайлау комиссиясы, территориалды сайлау комиссиялары, округтік сайлау комиссиялары, учаскілік сайлау комиссиялары.

Округтік сайлау комиссиялары тек мәслихаттарды сайлау барысында құрылады, өйткені ҚР Парламент Мәжілісін сайлау бірмондаттық округ бойынша алынып тасталған

Сайлау комиссияларының құзыреттерінің мерзімі бес жыл. Комиссия құрамы – жеті адам.

Сайлау комиссиясының бірегей жүйесін Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) басқарады. ОСК құрылу тәртібі ҚР Конституциясы нормаларымен және 11 қараша 1996 жылғы Президент Жарлығымен бекітілген Орталық сайлау комиссиясы туралы Ережеде регламенттенеді.

ОСК председательден, оның орынбасарынан және бекітілген тәртіпте тағайындалған комиссия мүшелерінен құрылады.

ОСК құрылу тәртібі ҚР Конституциясына 2007 жылы енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты өзгерістерге ұшырады. Егер бұрын ҚР ескі Конституциясы бойынша ҚР ОСК-сы ҚР Президентінің ұсынысы бойынша Парламент Мәжілісімен сайланған болса, қазір ҚР Президентімен, Парламент палаталарымен тағайындалады.

Әсіресе, ҚР Президенті ОСК Төрағасы мен екі мүшесін бес жыл мерзімге және Парламент палаталары дәл сол мерзімге жеке өздері екі мүшеден тағайындайды.

Территориалдық, округтіг және учаскілік сайлау комиссиялары саяси партиялардың ұсыныстары негізінде сәйкес мәслихаттармен сайланады.

Әрбір саяси партия сәйкес сайлау комиссиясының құрамына бір кондидатты ұсынуға құқылы және кондидаттар дәл осы партияның мүшесі болуы міндетті емес. Егер мәслихаттармен бекітілген мерзім ішінде партия өз үміткерін ұсынбаса, мәслихаттар өзге қоғамдық ұйымдардың және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстары негізінде сайлайды.

Сайлау комиссияларының мүшелері комиссияда жұмыс істеу уақытына мемлекеттік бюджет ұйымында орташа айлық жалақысын сақтай отырып, негізгі жұмыс уақытынан басатылады.

Сайлау комиссиясын құрайтын органдар сайлау комиссияларының құзыреттерінің мерзімінде олардың құрамына өзгерістер енгізуге құқылы.

Сайлау комиссиясының төрағасы, төраға орынбасары, хатшы сайлау комиссиясының бірінші отырысында сайланады.

Барлық Сайлау комиссияларының құзыреттері «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңында нақты көрсетілген.

Ұсынылатын қосымша әдебиеттер тізімі:

(1-5,11,14-18,21,26-29,32,34,35-40,44)

Тақырып 3. Қазақстан Республикасындағы сайлауды ұйымдастыру

Мәслихат депутаттарын сайлау барысында сайлау округтарының жүйсеі құрылады. Олар еліміздің әкімшілік-территориалдық бөліністерді ескере отырып және сайлаушылардың тең санына байланысты құрылады. Округтар бойынша нақты әкімшілік-территориалдық бірліктегі әрбір депутаттық мондаттағы сайлаушылардың орташа мөлшерінен он бес пайызыдан жоғары болмауы тиіс.

Аудандар мен қалаларда дауыс беруді ұйымдастыру және дауыстарды санау үшін сәйкес әкімдердің шешімдері негізінде сайлау комиссияларының рұқсаты бойынша сайлау учаскелері құрылады. Әрбір учаскеде сайлаушылардың саны үш мыңнан аспауы керек, сонымен қатар сәйкес әкімшілік-территориалдық бірліктердің шекаралары сақталуы тиіс.

Сайлаушылардың тұру мекені бойынша тізімді жергілікті атқарушы орган (әкімиат) құрайды.

Сайлаушыны тізімге қосу үшін берілген сайлау учаскесінің территориясында тұрғылықты орны бойынша тіркелгені туралы фактінің болуы жеткілікті.

Сайлаушынын мекені ауысқан кезде сайлаушының сұрауы және жеке бас куәлігін ұсынуы бойынша учаскелік комиссия дауыс беру құқығына арнайы куәлік береді. Осы куәлікті ұсыну бойынша учаскелік комиссия дауыс беру күні сайлаушыны келу орны бойынша тізімге кіргізеді.

Әрбір участок бойынша сайлаушылар тізіміне Әкім қол қояды және дауыс беруге дейін жиырма күн қалғанда сәйкес комиссияға ұсынылады. Дауыс беруге дейін он бес күн қалғанда осы тізімдер сайлаушыларға танысу үшін ұсынылады.

Сайлау комиссиясының отырыстарына үміткерлер, сенім тапсырылған тұлғалар, бақылаушылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады. Көрсетілген тұлғалардың құзыреттері сәйкес құжаттармен куәландырылады.

Дауыс беру күні дауыс беру үшін учаскені ашу сәтінен бастап және сайлаушылардың дауысын санау сәтіне дейін әрбір үміткердің сенім тапсырылған тұлғалары, бұқаралық ақпарат құқралдарының өкілдері, әрбір партиядан, ҚР коммерциялық емес ұйымдардан, қоғамдық бірлестіктерден, шетелдерден және халықаралық ұйымдардан жіберілген бақылаушылар қатысуға құқылы.

Халықаралық мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың бақылаушыларына, сонымен қатар шетел БАҚ-ның өкілдеріне ҚР сыртқы істер Министрлігінің ұсынысы бойынша Орталық сайлау комиссиясы аккредитация өткізеді.

Ұсынылатын қосымша әдебиеттер тізімі:

(2,5,7,8,16,24,28,35-40).

Тақырып 4. Қазақстандағы сайлау және сайлау қорытындыларын өткізу үрдісі

     Сайлау бюллетеніне барлық тіркелген үміткерлердің аты-жөндері көрсетіліп мемлекеттік тілдің алфавиті негізінде енгізіледі. Саяси партияларға дауыс беру үшін сайлау бюллетеніне саяси партияның аты жеребиймен анықталған рет негізінде енгізіледі. Жеребий Орталық сайлау комиссиясымен өткізіледі. Жеребийді өткізудің тәртібі Орталық сайлау комиссиясы анықтайды. 

     Сайлау бойынша дауыс беру дауыс беру күні жергілікті уақыт бойынша сағат жетіден он екіге дейін өткізіледі. Территориалды немесе округтік сайлау комиссиялары сәйкес әкімнің, учаскелік сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша дауыс берудің өзге уақыты бекітіле алады. Соған қарамастан, дауыс беру сағат алтыдан ерте басталмайды және сағат оннан кеш аяқталмауы тиіс. Дауыс берудің орны мен уақыты туралы учаскелік комиссия сайлаушыларға дауыс беруге дейін он күн қалғанда кешіктірілмей хабарлауы керек. Сенатты сайлау бойынша дауыс беру территориалдық сайлау комиссиясының шешіміне сәйкес бір күн ішінде өткізіледі.

Дауыс беру арнай жерлерде өтеді, онда жасырын дауыс беруге арналған арнайы кабиналардың саны жеткілікті болуы, сайлау бюллетендерін беру орындары анықталуы, дауыс беру жәшіктері орнатылуы қажет.

Дауыс беру күні сайлау учаскесінде сайлау үрдісіне қатысы жоқ адамдардың болуына тиім салынады.

Әрбір дауыс беруші жеке өзі дауыс береді.    Дауысты басқа біреуге сеніп тапсыруға және басқа біреу үшін дауыс беруге жол берілмейді.   Дауыс беру бюллетендері сайлаушылардың тізімі негізінде беріледі.

Бюллетень (бюлеттендер) берген комиссия мүшесі, оларға қол қояды, сонымен қоса бюллетень (бюлетендер) алған дауыс берушілердің фамилияларының жанында қол таңбасын қояды.

Барлық сайлау учаскілерінде дауыстарды санау жергілікті уақыт бойынша сағат жиырмада басталады. Егер дауыс беру уақыты өзгертілсе, дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейін басталады. ҚР Парламент Сенаты депутаттарының сайлауының дауыстарын санау дауыс беру аяқталғаннан кейін. Дауыстарды санау уақыты он екі сағаттан аспауы және үздіксіз болмауы тиіс.

Дауыстарды санау қорытындысы сайлау комиссиясымен қарастырылады және хаттамаға енгізіледі. Хаттама көшірмесі учаскі мекемесінде жалпыға бірдей танысу үшін ілінеді.

Президент және Парламент депутаттарының сайлау қорытындысы ҚР ОСК бекітіледі. Маслихат депутаттарының сайлау қорытындысы территориялдық сайлау комиссиясымен бекітіледі. Маслихат депутаттарының сайлау қорытындыларын хабарлау сайлау өткеннен кейін жеті күннен кем емес уақыт аралығында басылымға шығады, ал басқа жағдайларда он күннен кем емес

Ұсынылатын қосымша әдебиеттер тізімі:

(14,15,20,21,26,32-35,33,36-40)

Тақырып 5. Электронды сайлау жүйесін пайдалану арқылы сайлауды өткізу ерекшеліктері .

Электронды сайлау жүйесі сайлаушылар тізімін құруға, дауыс беруді жүзеге асыруға, дауыс беру қорытындыларын бекітуге және сайлау қорытындыларын анықтауға қолданылады.

Электронды сайлау жүйесі ҚР ОСК шешімімен анықталған сайлау округтары мен учаскілерінде қолданылады. Берілген сұрақты шешуде, ОСК өз кезегінде сайлау учаскілері электронды дауыс беруге дайындығын алдын ала анықтайды.

Сайлау кезінде электронды сайлау жүйесін қолдану тәртібі детальды түрде ҚР ОСК арнайы қаулысымен анықталынады.

Дауыс беру сайлау құқығының барлық қағидаларын орындау негізінде электронды сайлау бюллетенімен қамтамасыз етіледі.

Дауыс беру қорытындысы бойынша учаскілік сайлау комиссиясының электронды сандық қол таңбалармен бекітілетін электронды хаттама құрастырылады. Сайлау қорытындыларын қорытындылаудың қалған барлық процессуалдық әрекеттері жай тәртіпте жүргізіледі.

Электронды сайлау жүйесін қолданудағы дауыс беру қорытындыларын жоғары тұрған комиссияға немесе сотқа шағымдануға мүмкін. Бұл жағдайда дауыс беру туралы жазба мәліметтерінің құрылғысы дәлелдеме ретінде қарастырылады.

Ұсынылатын қосымша әдебиеттер тізімі:

(11,12,14,15,17,18,21,26,36-40)

Тақырып 6. Қазақстан Республикасы Президентін сайлау

Республика Президентінің кезекті сайлауы желтоқсанның бірінші жексембісінде өткізіледі және ол мерзімі жағынан Республика парламентінің жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиіс.

Республика Президентінің кезекті сайлауын Парламент Мәжілісі қыркүйек айының екінші жексенбісіне дейін жариялайды.

Бір адам қатарынан екі реттен артық республика Президенті болып сайлана алмайды. Берілген шектеулер Қазақстанның бірінші Президентіне – Н.А. Назарбаевқа таралмайды.

Республика Президенті болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұратын республика азаматы сайлана алады.

Тұру фактісі Орталық сайлау комиссиясымен бекітіледі, ал тілді еркін білу процедурасы ҚР ОСК арнайы қаулысымен анықталынады.

Президентке үміткерлерді ұсыну құқығы республикалық қоғамдық бірлестіктерге берілген, сонымен қатар азаматтарға- өзін ұсыну жолымен.

Президент үміткерлерінің сайланбалы қорының мөлшері өзідерінің қаражаттары құрайды (кем дегенде 5000 еселік минималды айлық есептік көрсеткішінен аспауы керек); қоғамдық бірлестіктермен бөлінген қаражаттар (кем дегенде 7000 еселік минималды айлық есептік көрсеткішінен аспауы керек); Республика азаматтары мен ұйымдарының қайырымдылығы ( кем дегенде 15000 еселік минималды айлық есептік көрсеткішінен аспауы керек).

Президентке үміткер тіркелген күннен бастап және дауыс беруге дейін екі күннің ішінде өз кандидатурасын алып тастауға құқылы.

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу пайызынан астамының дауысын алған, қайта дауыс беруде басқа үміткерлерге қарағанда көбісінің дауысын жинаған үміткер Президенке сайланды деп есептеледі. Былайша, Президент сайлауының бірінші кезеңінде мажоритарлық сайлау жүйесінің абсолюттік көпшілік, екінші кезеңінде мажоритарлық жүйенің сәйкесінше көпшілік дауысы әрекет етеді.

Егер үміткерлердің бірден-бірі көрсетілген дауыс санын ала алмаса қайта сайлау тағайындалады. Президентке көп дауыс алған екі үміткер бойынша қайта дауыс беруді ОСК тағайындауға құқылы.

Қайта сайлау екі жағдайда болуы мүмкін, біріншіден, сайлау заңсыз деп танылғанда, екіншіден, қайта дауыс беруде сайланған Президент анықталмағанда.

Ұсынылатын қосымша әдебиеттер тізімі:

(2,5,11,14,15,17,18,21,26,27,29,32,34,35-40,44)

Тақырып 7. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын сайлау.

  1. Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, яғни отыз екі депутаттан құрылады. Сенаттың он бес депутаты ҚР Президентімен тағайындалады.

  2. Сенат депутаттарын сайлау депутат өкілеттіліктерінің конституциялық мерзімі біткенге дейін кемінде 4 ай қалғанда ҚР Президентімен тағайындайды және депутат өкілеттіліктерінің конституциялық мерзімі біткенге дейін 2 ай қалғанда жүргізіледі..

  3. Сенат депутаты болып ҚР азаматтығы бар, республика аумағында ақырғы 10 жыл тұрақты тұрған тұлға табылады. ҚР Конституциясында қосымша талаптар көрсетілген: отыз жасқа толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық аңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрған азаматы деп көрсетілген.

  4. Сенат депутаттарына үміткерлерді ұсыну облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен астана), қалалық, аудандық маслихаттар сессиясында жүргізіледі. Саяси партиялар маслихаттарда өз өкілдері арқылы депутатқа үміткерлерді ұсынады, сол арқылы бірнеше маслихаттардан бір ғана үміткер ұсынылады. Депутат үміткерлері болып маслихат депутаттары ұсынылады.Бұл сұрақ бойынша шешім қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады.

  5. Сенат депутатына үміткер барлық облыстардың мәслихаттарынның өкілдерінен сайлаушылардың жалпы санының кем дегенде 10 пайыздан кем емес дауыспен қолдау табуы тиіс, бірақ берілген мәслихаттан дауыс берушілердің 25 пайызынан жоғары емес болуы керек. Қол таңбаларды жинау депутаттар сенім тапсырған тұлғалармен жүзеге асырылады және қол таңба парақтарымен толтырылады.

  6. Сенат депутаттарының үміткерлері тіркеу сәйкес территорияалдық комиссиямен ұйымдастырылады.

  7. Сенат депутаттарына үміткерлердің сайланбалы қорының мөлшері өздерінің қаражаттары құрайды (кем дегенде 200 есе минималды айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспауы керек); Республика азаматтары мен ұйымдарының қайырымдылығы (кем дегенде 500 есе минималды айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспауы керек).

  8. Облыстың, республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың немесе таңдаушылардың елу пайызынан астамының даусын алған үміткер Сенатқа сайланады. Бірлескен отырыс жүргізілетін мекемеде дауыс беру пунктсісі құрылады.

  9. Сенат депутатын сайлау барысында үміткер сайланды деп саналады: дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауысын 50 пайыздан жоғары жинаған; қайта дауыс беру барысында басқалармен салыстырғанда сайлаушылардың дауысын ен жоғары жинаған.

  10. Сайлау қорытындылары Орталық сайлау комиссиясымен бекітіледі.

  11. Мәжіліс жүз жеті депутаттан тұрады.

  12. Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын түрде дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутаты Қазақстан халық Ассамблеясымен сайланады.

  13. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымының өкілеттік мерзімі аяқталуға кемінде екі ай қалғанда өткізіледі.

  14. Мәжіліс депутаттарын сайлау Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі аяқталуға кемінде бес ай қалғанда Президентпен тағайындалады.

  15. Республиканың жасы жиырма беске толған азаматы, ҚР аумағында кемінде 10 жыл тұрақты тұрған азамат ҚР Парламент Мәжілісінің Депутаты бола алады.

  16. Алдыңғы кезеңде, Мәжіліс сайлауы пропорционалды сайлау жүйесі бойынша партиялық тізім негізінде жүзеге асырылады.

  17. Партиялық тізімге жазылу құқығы саяси партияларға берілген. Олар сайлау жүргізу кезеңінде партиялық блоктар құра алады.

Ұсынылатын қосымша әдебиеттер тізімі:

(2,5,11,14,15,17,18,21,26,27,29,32,34,35-40,44)

Тақырып 8. Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау.

Жергілікті өкілді органдар- маслихаттар әкімшілік-территоиялдық бірлікке сәйкес халықпен жалпылама, тең, тікелей сайлау құқығының негізінде 5 жыл мерзімге сайланады. Маслихат депутаты болып 20 жасқа толған ҚР азаматы бола алады. Келесі Маслихат депутаттарын сайлау Орталық сайлау комиссиясымен маслихат өкілеттіктерінің мерзімі өткеніне дейін 3 айдан кем емес уақыт аралығында тағайындалады және өкілеттілік мерзімі өткеніне дейін 1 айдан кем емес уақыт аралығында жүргізіледі.

Маслихат депутаттарына үміткерлерді ұсыну республикалық немесе жергілікті қоғамдық бірлестіктермен, олардың құрылымдық бөлімшелері мен азаматтары- өзін ұсыну жолымен жүзеге асырылады. Қоғамдық бірлестіктер әрбір сайлау округіне тек қана бір үміткерді депутатқа ұсына алады.

Маслихат депутатына үміткердің сайлау қоры: үміткердің жеке қаржысы (ең кем дегенде 100 есе минималды айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспауы керек); қоғамдық бірлестіктермен бөлінген қаражаттар (ең кем дегенде 200 есе минималды айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспауы керек); ҚР азаматтары мен ұйымдарының қайырымдылығы (ең кем дегенде 300 есе минималды айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспауы керек) құрады.

Маслихат депутаттарын сайлау кезінде сайланған үміткер болып, басқа үміткерлерге қарағанда дауыс берушілердің ең жоғарғы дауысын жинаған үміткер саналады.

Сайлау қорытындылары учаскілік сайлау комиссияларының хаттамасы негізінде округтық сайлау комиссияларының отырысында бекітіледі. Сайлау қорытындылары сәйкес территориялдық сайлау комиссиясында сайлау жүргізу күнінен бастап 5 күн ішінде бекітіледі. Егер, маслихат депутаттарын сайлау қорытындылары, заңсыз деп таныса, онда қайта сайлау жүргізілуі мүмкін.

Ұсынылатын қосымша әдебиеттер тізімі:

(2,3,5,11,13,14,15,17,18,21,26,27,29,32,34,35-40,44).