- •1. Жобаның Концепциясы
- •2. Қызметтің Сипаты
- •3. Өндіріс бағдарламасы
- •4. Маркетингтік Жоспар
- •5. Техникалық Жоспарлау
- •6. Ұйымдастыру, Басқару Және Қызметкерлер
- •7. Жобаны Жүзеге Асыру
- •8. Пайдалану Шығындары
- •9. Жалпы Және Әкімшілік Шығындар
- •10. Капитал Мен қаржыландыруға қажеттілік
- •11. Жобаның Тиімділігі
- •12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсері
3. Өндіріс бағдарламасы
Бұл жобада жобаның бастамашысы бейнетехниканы таңдауға басты назар бөледі.
Ғаламтор болса бұл қиын емес. Фильмдер тізімі әр түрлі болады, әр түрлі жанрдағы фильмдер таңдалатын болады, бұл аудиторияның таңдау ерекшеліктері мен әр түрлі қызығушылықтарын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Автокинотеатрдың репертуарында мыналар басым болмақ:
- заманауи америкалық хиттер (комедиялар, боевиктер, триллерлер);
- Голливуд 40- 50 жылдардағы;
- Отандық классикалық және тарихи фильмдер;
Одан кейін, алдағы уақытта автокинотеатр репертуарына мультфильмдер мен қысқа фильмдердің топтамасы енгізілуі мүмкін. Көрсетілімдер кестесімен осы жобаның сайтында танысуға болады және сол жерде алда болатын көрсетілімдер туралы жаңалықтарға жазылуға болады.
Жаздық кинотеатрдың бастапқы кезеңінде жобаның ұйымдастырушылары көрсетілімдерді тек демалыс күндері (жұма, сенбі, жексенбі) 21:00 және 23:00 ұйымдастыру жоспарланды.
Бұл жобада сонымен қатар жарнама жүргізу же қарастырылған (фильмге дейін, ортасында және соңында), бұл жобаның ұйымдастырушыларына аталмыш жобадан айтарлықтай табыс алуға мүмкіндік береді, көрермендердің жарнаманы жиі көруіне назар салу керек.
Әр компаниядан алынатын жарнама бір-бірден көрсетілетін болады, ұзақтығы үш минуттан артық болмайды. Бұл жобада демалыс күні 2 фильм көрсету қарастырылған (жұма, сенбі, жексенбі),сәйкесінше айына әр жарнама орташа есеппен 25 рет көрсетілетін болады. 1 сеанста 6 әр түрлі жарнама көрсетіледі.
1-кестеде 2013-2014 жылдарға арналған билет пен қосымша қызметтер сатудың жоспарлық бағдарламасы көрсетілген.
|
Табыс түрінің атауы |
2013 |
2014
|
|
Автокөліктің автокинотеатр территориясына енуі, теңге
|
7 020 000 |
8 680 000
|
|
Автокөліктер саны, бірлік |
14 040 |
17 160
|
|
Автокөліктің 1 кіруіне орташа баға, теңге
|
500 |
500
|
|
Кинодәмханадан табыс, теңге |
24 000 000 |
35 250 000
|
|
Тапсырыс жасалған үстелдер саны, бірлік |
9 600 |
14 100
|
|
Орташа түбіртек, теңге |
2 500 |
2 500
|
|
Қосымша сервис түбіртектерінен табыс, тңг |
9 828 000 |
15 444 000
|
|
Автокөліктер саны, бірлік |
14 040 |
17 160
|
|
Орташа түбіртек, теңге |
700 |
900
|
|
Жарнамадан табыс |
4 050 000 |
5 400 000
|
|
Жоспарлық көрсетілетін жарнамалар саны, бірл. |
72 |
72
|
|
Жарнаманың 1 бірлігіне орташа баға, теңге |
56 250 |
75 000
|
|
БАРЛЫҒЫ, теңге |
44 898 000 |
64 674 000
|
Сату бағдарламасын есептеу барысында инфляция назарға алынған жоқ, себебі инфляцияға қатысты бағаның артуы кәсіпорын өнімдерінің бағасына тікелей қатынаста болады.
4. Маркетингтік Жоспар
Бизнестің бұл түрінің алғашқы нышаны Ричард Холлингсхедтің патенті болды, ол 1933-жылы алынған.
Онда төлем былай есептелген: тамашалушылар көлік тұрағы үшін 25 цент және кіру үшін 25 цент төлеген. Дауыс шығаратын жабдықтардың экран қасында орналастырылғандығынан артқы қатардағылардың нашар естуі ғана жалғыз қолайсыздық болды.
Қырықыншы жылдардың басы доңгелекті кинотеатрлардың күрт етек алуымен есте қалған еді, бірақ Екінші Дүниежүзлік соғыс бұл кәсіпке кері әсерін тигізді.
Айтсақ та, соғыстан кейін Жаңа Кеңестің кәсіпкерлері бизнестің осы бағытын жалғастырды, 1948 жылға қарай Америкада 800 астам ашық кино алаңдар болды, соның ішінде балаларға арналған қосымша ойын орындары да болған, себебі көбісі тұтас отбасымен келетін.
Бұл бизнестің ең көктеген кезі елуінші жылдардың соңы болды, ол уақытта автокинотеатрлар саны бес мыңнан асты. Соған қоса өздерінің рекордтары болды.
Мысалы, америкалық drive-ins тарихында ең үлкен автокинотеатр 2 500 машина сыйдырды және отыратын орындарда 1 200 көрермен орналасты.
4.1. Ресейлік автокинотеатр нарығының сипаты
«Стрелкадағы» кино «Красный Октябрьде» фильмдер «Стрелка» медиа, сәулет және дизайн институтының артқы жағындағы алаңында көрсетілді. Сеанстар кешке басталады (21.30–22.00).
Көрермендер кино көрсетілімінің басталуына жұмыстан соң келіп үлгіреді, содан соң кешті «Красный Октябрьдегі» барлардың бірінде жалғастыруға болажы. Бұл жерде бағдарламаны фестивальдар қалыптастырады: көктемгі музыкалық Beat Film Festival; жазғы Summer Times – еуропалық кинофестивальдердің жаңалықтарымен; Summer Shorts (Summer Times төңірегінде жүреді) және Future Shorts — қысқа фильмдер.
Киноны ағаш амфитеатр сатысында отырып тамашалуға болады немесе көрсетілім алдында қойылатын орындықтарда отырып көруге болады. Тоңып және шаршап қалғандар үшін жастықтар мен жамылғылар беріледі, жауын болса — қолшатыр мен бүркемелер береді. Кейбір сеанстарға кіру тегін, ал басқаларына 300 рубль шамасында төлеу керек (бағасы мен кестелері strelkainstitute.com сайтынан қаралады). Тісбасарды Strelka дәмханасынан немесе органикалық балмұздағы, пышынайы мен дәмдік заттары бар дүңгіршектен алуға болады.
«Винзаводтағы» КИНОклуб
ЗӨО территориясында «Винзавод» «КИНОклубы» 2010 жылдың жазында ашылды.
Бұрын сырасы бар бөшкелер сақталған жасыл үлкен орында бүгін артхаус көрсетіледі. Орынның шатыры бар, соған қоса ол таспалық проектормен және DolbyDigitalPlus дыбысымен жабдықталған, шалқайтылатын орындықтары бар. Сол жерде дәмхана істейді, кофе ішуге немесе сэндвич жеуге болады.
Сеанстар күн жарымында басталады және түнгі сағат бірде аяқталады. Сенбі сайын «КиноСновидения» көрсетіледі — үздік режиссерлердің тақырыптық түнгі туындыларының көрсетілімдері, DJ-сеттермен және үзілістегі концерттермен. Бағдарламада таза артхаус қана емес, 2011 жылдан бастап арт-мейнстрим де қоя бастады: кең аудитория мен сынақтық жобалар үшін ең үлкен касса жинаған киноларға жақын туындылар.
Көрсетілімдер кестесін www.kknw.ru қарауға болады. Таңғы сеанстарға билет құны – 100 р., кешкісіне – 300, кинотүндерге – 600 бастап 1000 р. дейін (бағдарламаға байланысты).
«Флакондағы»Silent Cinema Шусыз шаралар агеттігі Silent Media маңайдағы үй тұрғындары үшін еш зияны жоқ кинокөрсетілімдер мен музыкалық шаралар ұйымдастырумен айналысады: дыбыс сымсыз құлаққаптарға барады, ол әр қонаққа беріледі. Silent Media сонымен қатар
«Флакон» дизайн-зауыты территориясында кино көрсетеді. Бағдарлама таң қалдырарлықтай таңдалады. Ең қызықыты және түсінуге қиын фильмдер қойылады: трэш, деректі кино, анимация, бейнеклиптер және аудиовизуалдық перформанстар (кестесін flacon.su қарауға болады).
Кинокөрсетілімдер ашық аспан астында, «Флаконның» ішкі алаңында ұйымдастырылады, егер жаңбыр жауып кетсе шатыр астына ауысуға мүмкіндік бар.
Көрсетілімдер 21.00 бастап 1.00 дейін бейсенбі, жұма және сенбі күндері. Оларға кіру тегін, бірақ сымсыз құлаққаптарға кепілдік ретінде келушілер төлқұжат немесе 1000 р. қалдырады.Екі дәмханадан тамақтануға болады, Cafe Brocard және Flacon Wok Cafe, олар жақын маңайда істейді.
«Кинопаркинг» жылжымалы кинотеатры
Бұл жобаның басты идеясы — үрмелі жылжымалы экран, оның өлшемі төрт метрден бастап он метрге дейін. Сондықытан «Кинопаркингтің» стационарлық алаңы жоқ — көрсетілімдер әр кезде жаңа орында ұйымдастырылады, көбіне сауда орталықтарының тұрақтарында. Көрермендер фильмді машинада отырып қарайды, ол үшін радиоқабылдағышты қажетті жиілікке қалыптастырады. Бір ретте үші фильм қояды, төлем тек тұрақ орны үшін алынады (300–500 р.-бір түнге).
«Кинопаркинг» реперуарында америкалық хиттер басым: комедиялар, үрейлі кинолар, боевиктер, кейде мультфильмдер немесе қысқа фильмдер топтамасы көрсетіледі.
Көрсетілімдер кестесін www.kinoparking.ru сайтында жарияланады.
«Кинопаркинг» көрсететін қосымша қызмет үрілетін экранды жалға беру болып табылады, алдын ала иесімен хабарласып, уақыты, орны, бағасы және репертуары туралы келісіп алуға болады.
«Бородино» автокөлік театры
Мытищадағы автокөліктер тұрағында экран орнатылып, «Бородино» кинотеатры жұмысын бастады. Басқа ашық алаңдарға қарғанда ол жыл бойы жұмыс істейді және кез-келген ауа райында көрсетілім тоқтамайды, фильмнің дыбысы автомагнитолаларға таратылады. Көрсетілім кешке басталады — 23.00 немесе сағат түнгі бірде. Репертуарда — өткен жылдардан алынатын боевиктер, комедиялар және блокбастерлер.Кестесі www.kino-borodino.ru сайтыныда жарияланады. Бір көлікке 400 р. төленеді, бағасы көлік ішіндегі жолаушылар санына байланысты емес.
4.2. Қазақстандық автокинотеатр нарығының сипаты
Алматы қаласындағы далалық кинотеатр
"Далалық кинотеатр" жобасы Қазахфильм мен алматы Әкімдігінің бірлесуімен жасалған.
Бұл жоба өзінің эксклюзивтілігімен ғана емес, мобильдік экранымен де ерекшеленеді.
Мобильдік экран –ірігаборитті конструкция, ол кішкене сөмкеге сыйып кетеді.
Мобильдік экран сипаттамалары:
38 ш/сағ болатын жел жылдамдығына төзімді;
Экранның артқы жағының қара түсті болуы жарықтың шығылысуна жол бермейді;
Экранның алдыңғы немесе жанама жақтары кәсіби тұрғыда жасалған;
Жөндеу жинағы қосылған;
3 жылдық кепілдік;
4 Жинақы және қолданыста қолайлы.
Кинокөрсетілім төңірегінде алматылықтар мен қала қонақтарына отандық түсірілмдер көрсетіледі, олар заманау Қазақстанның тарихына кіретін болады немесе кірген, мысалы:
1. Келін
2. Көшпенділер
3. Сталинге сый
4. Ирония Любви
5. Обратная сторона және басқа да түсірілімдер, соның ішінде отандық классика да бар.
Кинокөрсетілімдерге арнайы қонақтар шақыртылады: сол фильмге түскен әртістер, режиссерлер, продюсерлер және т.б.
Кино көрсету демалыс күндері жүзеге асырылады (жұма, сенбі, жексенбі),сағат 21:00,ҚБТУ ғимаратының артында, ескі алаңда.
Бұл көлемді шараның ұйымдастырушысы - Beeline.
Ақтау қаласындағы «KinoMan» ашық аспан астындағы кинотеатр
Атырау қаласындағы «KinoMan» ашық аспан астындағы кинотеатрдың ашылу күніне ұйымдастырушылар мерекелі шара ұйымдастырды, сыйлықтар ұтысын жасады (соның ішінде киноға шақыру билеттері, жанармай талондары, көлік жууға талондар және т.б. бар). Бұл кинотеатрдағы дауыс FM жиілікте, автомагнитоладан қабылдау үшін таратылады.
Сыйымдылығы: 50 көлік
Бағасы: адам басына 500 теңге
Кестесі: бірінші сеанстың басы 22:00
екінші сеанстың басталуы 00:00
Билеттер сату сол орында сеанс күні сағат 18:00 басталады.
Аталған автокинотеатр территориясындағы даяшылар сырғытпалы конькимен жүреді, бұл сервисті жылдамдатады.
Атырау қаласындағы автокинотеатр
Атырауда «Мұнайшы» стадионы алдында ашық аспан астында автокинотеатр ашылды.
Кестесі: бірінші сеанстың басталуы 22:00, әдетте комедия қойылады;
Екінші сеанстың басталуы 00:00, романтикалық фильмдер, арнайы ғашықтар үшін.
Репертуар апта сайын жаңартылады.
Экранның өлшемі – 12х6 метр. Тұраққа кіру алдында көрермендерге дауыс таратылып қалған FM толқыны хабарланады.
4.3. Бағаның қалыптасуы
Ұсынылатын қызметтің бағасы өзіндік құн мен маржа негізінде қалыптастырылады,ол кәсіпорынның табысы болып саналады. Қызметтің өзіндік құнына қызмет көрсету үшін қажет тікелей шығындар жатады. Кәсіпорынның табысы ұсынылатын қызметтердің нарықтық өзіндік құны нарықтық құнының айырмашылығы арқылы анықталады.
Осылайша, көрсетілетін қызметке нарықтық құнды Шымкент қаласында қалыптасқан нарықтық бағамен анықтайтын боламыз.
4.4. Маркетинг стратегиясы
Жарнама –үрдісті қозғаушы күш. Жобаның бастамашысы осы жағдаятқа басты назар аударатын болады. Жобаның ұйымдастырушылары жарнамалық өнімдерін өздерінң автокөліктерінң қанаттарына жабыстыратын болады, онда болатын сеаныстың уақыты көрсетіледі, соған қоса автокинотеатр маңындағы рупор көмегімен қалалықтарға хабарландыру жасалады. Сонымен қатар біздің кезіміздегі дәстүрлі ақпарат тарату амалдары қолданылады, мәселен Ғаламтор, афишалар жабыстыру, газет-журналдардағы хабарландырулар, басқа да бұқаралық ақпарат қралдарына жарнама беру.
Болатын сеанстың уақыты мен күні бірнеше күн бұрын хабарланатын болады, себебі хабарландыруды естіген қалалықтар өздерінің таныстарын шақырып үлгіруі керек, осы шараны өздерінің жоспарына енгізулері керек. Сонымен қатар күнді көрсеткенде және уақытты көрсеткенде сеанстың ауа-райының шұғыл өзгеруіне байланысты қолайсыз жағдайда болмай қалуының мүмкін екендігін де айту керек.
Ерекше назар видеотеканы таңдауға бөлінеді. Фильмдер тізімі әр түрлі болады, әр түрлі аудиторияның қалауы мен қызығушылықтарын қанағаттандыру үшін түрлі жандардағы фильмдер таңдалатын болады.
Билеттің құны аса қымбат болмауы керек. Аудитория тарту мақсатында бағдарлама төңірегінде алармандар жинау үшін қосымша акциялар ұйымдастырылатын болады: әр оныншы билеттің бонусы болады. Бонус ретінде шағын, бірақ ұнамды сыйлар берілетін болады, мысалы, бір қалта попкорн немесе газдалған су. Попкорна, тәтті мақта, салқындатылған су саудасы жобаның бастамашыларына бұл бизнестің жылдам арада өзін-өзі ақтап алу мүмкіндігін береді және алармандар тартуға ықпал етеді.
2-кесте. Жобаның SWOT талдауы
|
Мүмкіндіктері
|
Кинотеатрларға билет құнының арту мүмкіндігі. Автокинотеатр алаңын күндізгі уақытта сабақ өткізу үшін автомектептерге сағаттық жалға беру. Инфрақұрылымды дамыту.
|
|
Қауіптері
|
Жаңа бәсекеге қабілетті автокинотеатрлардың Қарағандыда пайда болуы.
|
|
Артықшылықтары
|
Көрермен залын салу немесе жалдау үшін үлкен шығын жоқ. Минималды коммуналдық төлемдер. Жиһаз бен жабдық сатып алуға, оларды жөндеуге жұмсалатын шығын аз.
|
|
Кемшіліктері |
Кәсіпорынның танымал еместігі (жаңа жоба). Ауа-райы шарттарына тәуелділік, әсіресе қыста. Фильмді тек қараңғыда көрсету, жазда күн жарығы ұзақ, бұл кинотеатр мүмкіндігін шектейді. Территорияны күндіз-түні мұқият күзету керек.
|
