- •Кәсiпорынның ұйымдастыру нысандарының түрлерi
- •Мемлекеттiк холдинг-компаниясы – Холдинг деп үлкен корпорациялардың ортақ мүдделерiнiң сақталуына акциялардың бақылау пакетi арқылы бiрыңғай бақылау жасасуды айтады.
- •3 Тақырып. Өнеркәсіптік кәсіпорынның негізгі капиталы
- •Негiзгi қорлар өндiрiс үрдiсiне қатысуына және оның соңғы нәтижеге байланысты барлық негiзгi қор екi үлкен топқа бөлiнедi:
- •4 Тақырып. Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы айналым капиталы
- •5 Тақырып. Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы еңбек ресурстары
- •Еңбек нарығы және жалақы
- •6 Тақырып. Өзіндік құн, пайда және пайдалылықты (рентабельділік) жоспарлау
- •7 Тақырып. Нарықтық экономика жағдайында баға құру
- •8 Тақырып. Кәсіпорындардың қаржы ресурстары
- •9 Тақырып. Өндіріс процесі және оны ұйымдастыру
- •Өндiрiстi ұйымдастыру типтерiнiң ерекшелiктерi
- •10 Тақырып. Негiзгi және көмекші өндiрiстi ұйымдастыру
- •11 Тақырып. Өндiрiсте техникалық қызмет етудi ұйымдастыру
- •12 Тақырып. Өндiрiсте техникалық қызмет етудi ұйымдастыру
- •Мұнайды дайындау және айдау
- •Iшкiөндiрiстiк көлiктi ұйымдастырудың негiзгi мақсаттары:
- •Материалдық техникалық жабдықтау (мтж)
- •13 Тақырып Еңбекті техникалық нормалау
- •Жұмыс уақытын ұйымдастыру Жалпы жұмыс уақытын келесі түрлерге бөлуге болады:
- •Негізгі уақыт Қосалқы уақыт
- •14 Тақырып. Еңбек пен жалақыны ұйымдастыру
- •15 Тақырып. Еңбек ақыны жоспарлау және ұйымдастыру
- •1.7.1 Міндетті түрде қолданатын әдебиеттер тізімі:
- •1.7.2 Қосымша танысуға арналған материалдар
5 Тақырып. Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы еңбек ресурстары
Кадрлар және олардың құрамы мен құрылымы
Қоғамның өндiрушi күштерiнiң неғурлым бағалы және маңызды бөлiгi–кадрлар болып табылады. Еңбекшiлердiң мамандандырылу дәрежесiнен, оларды дұрыс пайдаланудан, айналып келгенде өндiрiлген өнiмнiң көлемi мен қосымша өсу қарқыны, ғылыми-техникалық прогрестiң өсу қарқыны, материалдық-техникалық базаны пайдалану және жалпы өндiрiс тиiмдiлiгi тәуелдi болады.
Кадрлар – қоғамның өндiрушi күштерiнiң неғурлым жылжымалы бөлiгi. Кадрлардың құрамы мен құрылымы техника мен технологияның, өндiрiстi ұйымдастыру мен басқарудың өзгеруiне байланысты өзгерiп отырады.
Өндiрiстiк қызметшiлер негiзгi өндiрiс үрдiстерiне тiкелей қатысатындар. Өнеркәсiптiк-өндiрiстiк персонал кәсiпорынның негiзгi және қосалқы өндiрiсте қызмет атқарады. Олар келесi категорияларға бөлiнедi:
Әкiмшiлiк – басқару қызметшiлерi;
Қызметкерлер /кадрлар бөлiмi, бухгалтерия, экономисттер, кеңес беру бөлiмдер және т.б./;
Инженер – техникалық жұмыскерлер;
Жұмысшылар;
Кiшi қызмет атқарушылар /қорғау жүйенiң жұмысшылары, өрттен қорғайтын қызметкерлер, сыпырушылар, вахтерлар, қызмет бөлмелерiн күтетiн қызметкерлер/.
Жұмысшылар өндiрiске қатысуына байланысты негiзгi және қосалқы /көмекшi/ болып бөлiнедi.
Еңбек өнiмдiлiгi – тұтыну құнын жасайтың тiрi еңбектiң тиiмдiлiгiн мiнездейтiн жалпылама көрсеткiштердiң бiрi. Еңбек өнiмдiлiгi бiр жұмысшыға өндiрiлген өнiм санымен немесе өнiмнiң бiр бiрлiгiн өндiруге жаратылған жұмыс уақытымен аңықталады.
Жекелiк еңбек өнiмдiлiгi бiр өлшем өнiмге кететiн жанды еңбектiң мөлшерiнiң шығындарымен өлшенедi. Еңбек өнiмдiлiгiнiң бiрқалыпты өсiп отыруы–қоғамдық өндiрiс тиiмдiлiгiнiң барлық көрсеткiштерiнiң жақсаруын қамтамасыз ететiн фактор. Бұл: пайдалылықтың көтерiлуi, өзiндiк құнның төмендеуi, өнiм санын көбейтуi.
Мұнайгаз саласында еңбек өнiмдiлiгi натуралды, ақшалай және еңбек көрсеткiштер арқылы бағаланады. Натуралды нысанында бағалана алмайтын жұмыстарды ескермейдi, сондықтан әртүрлi өндiрiсте едәуiр ақшалай түрi қолданылады.
Еңбек нарығы және жалақы
Еңбек басқа өндiрiс факторлары сияқты жалақы деп аталатын табыс әкеледi. Жалақы еңбекке марапатталу ретiнде көрiнедi.
Жалақы – бұл жұмыс күшiнiң баға және құн нысанында көрiнiс беруi. Жалақы номи-налды және нақты түрлерiне бөлiнедi.
Номиналды жалақы – жұмысшыға өзiнiң еңбегi үшiн төленетiн ақша сомасы деп аталады. Нақты жалақы – алынған ақша сомасына толып жатқан өмiрлiк игiлiктер мен қызметтердi иемдену мөлшерiмен өлшенедi. Ол номиналды жалақымен тiкелей байланыста және тауар мен қызметтерге баға деңгейiне керi байланыста тұр.
Жалақының екi нысаны мен жүйесi iске асырылады:
Мерзiмдi еңбек ақы – жұмыс ұзақтығымен аңықталады. Оның өлшемi еңбектi сағатына қарай төлем болып табылады.
Кесiмдi еңбек ақы – жұмысшылардың еңбегiне олардың белгiленген сапада өндiрiлген өнiм өлшемiнiң санына қарай ақы төлеу нысаны.
Еңбек ақысын төлеуде тарифтi жүйе қолданылады:
1) тарифтi – мамандық аңықтама;
2) тарифтi тор;
3) тарифтi ставка;
4) аудандық коэффициенттер.
Қазiргi уақытта заңмен бекiтiлген минималды жалақы 9700 теңгеге тең. Кәсiпорындағы жылдық еңбек ақы қорын анықтағанда бiрнеше көрсеткiштер пайдаланылады. Оның iшiнде:
минималды жалақы;
тарифтiк коэффициент;
айлар саны;
аудандық коэффициент;
территориялды коэффициент;
қосымша жалақы коэффициентi;
өнеркәсiптi-өндiрiстiк персоналдың саны.
Тарифтi-мамандық анықтама – жұмысшылар мамандықтарының толық мiнездемесi берiлген тiзiм.
Тарифтiк ставка – жұмысшылардың мамандық дәрежесiне, атқаратың жұмыстарының мамандық дәрежесiне байланысты оларға қойылған тарифтi ставканың мөлшерiн аңықтай-тын шкала.
Тарифтi разряд – жұмысшының немесе жұмыстың мамандандыру дәрежесiн көрсетедi.
Тарифтi коэффициент – осы разрядтың еңбек ақысы дәрежесi бiрiншi разрядтан неше есе артық екенiн бiлдiредi. Кез келген разрядтың тарифтi ставкасы минималды еңбек ақысы мен сол разрядтың тарифтi коэффициентiнiң көбейтiндiсiне тең.
Еңбек өнiмдiлiгi – бiр жұмысшыға өндiрiлген өнiм санымен немесе өнiмнiн бiр бiрлiгiн өндiруге жаратылған жұмыс уақытымен анықталады. Яғни, өлшем уақыттағы беретiн өнiмi немесе бiр өлшем өнiмге кететiн жұмыс уақыты.
