Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
микроконтроллер 3 жумыс.docx
Скачиваний:
63
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
454.21 Кб
Скачать

Микроконтроллер жадысын ұйымдастыру

PIC16F87X микроконтроллерлерінде жадының үш түрі бар. Бағдарлама жадысы мен деректер жадысының ақпарат пен деректерінің бөлек шиналары болады, олар жұмыстың параллельді орындалуына мүмкіндік береді.

Бағдарлама жадасын ұйымдастыру. PIC16F87X микроконтроллері РС командасының 13-разрядты санағышына ие, ол бағдарлама жадысының 8К×14 сөздерін адрестей алады. PIC16F877-де 8К×14 FLASH бағдарлама жадысыны физикалық түрде іске асырылған. Физикалық орындалмаған жады бағдарламаларын шақыру орындалған жадының адрестеуіне әкеледі. Бастапқы күйге келтіру векторының адресі – 0000h. Үзу векторының адресі – 0004h.

Деректер жадысын ұйымдастыру. Деректер жадысы жалпы және арнайы (SFR) тағайындалған регистрлері бар 4 банкке бөлінген. RP1 (STATUS<6>) және RPO (STATUS<5>) биттері ақпарат банктерін басқару үшін арналған. Төмендегі кестеде деректер жады банктерін шақыру кезіндегі басқарушы биттердің күйі көрсетілген.

5.1-кесте

RP1:RP0

Банк

00

0

01

1

10

2

11

3

Деректер жады банкісінің көлемі 128 байт (7Fh) болады. Банктің бас жағында арнайы тағайындалған регистрлеры, одан кейін статикалық ОЕҚ ретінде орындалған жалпы тағайындалған регистрлеры орналасады. Барлық іске асырылған банктердің арнайы таағйындалған регистрлеры болады. Кейбір, жиі қолданылатын арнайы тағайындалған регистрлеры басқа да жады банктерінде бейнеленуі мүмкін.

4-БӨЛІМ

Микроконтроллерлер адам өмірінде

Қазіргі заманғы техникалық прогрестің ерекше белгісі – адамның тіршілік әрекетінің барлық салаларында электроника және микроэлектроника құралдарының көмегімен басқарылатын техниканың қолданылуы болып табылады. Бұл уақытта ақылды кибернетикалық машиналардың қолданылуы күнделікті іске айналды. Тұрмыста берілген бағдарламамен жұмыс істейтін ас істейтін, ыдыс және кір жуатын машиналар басқа да адамның жұмысын жеңілдететін техникалыр пайдаланылады.

Ғылым мен техниканың кез-келген саласының пайда болуы және дамуы – белгілі бір уақыт аралығында жүретін, басқа да объективтік және субъективтәк себептер мен жағдайларға тәуелді және өзара байланысты күрделі үрдіс болып табылады. Кейбір жағдайларда осы немесе басқа техникалық құрал ерте пайда болды да, осы техникамен байланысты нақты ғылыми бағыттардың пайда болуына алғы шарттар тудырды. Кейбір жағдайларда, жинақталған ғылыми білімдерімізге байланысты техниканың жаңа турін құру мүмкіндігіне ие боламыз немесе бар техниканы жетілдіреміз.

Мехатроника сияқты жас ғылым салаларының дамуы әр түрлі техникалық құрылғылардың пайда болуына әкеліп отыр. Микроконтроллер осының бірден-бір дәлелі болып табылады.

4.1. Микроконтроллерлердің нарықтағы жағдайы

Кез келген өңдеушiнi үнемi мазалайтынын сұрақ – қайдай микроконтроллер құрылған жүйенiң ядросы ретінде қолданылады? Осыған байланысты контроллер таңдаудың маңызы өте зор, өйткені оның нәтижесі болашақ жүйенің техникалық сипаттамаларының барлық мүмкіндігін ғана анықтап қана қоймай, сонымен қатар өндіру, шығару процесімен және болашақта қосымша өндіру мүмкіндігімен байланысқан барлық потенциалдық проблемалар спектрін анықтайды.

Бүгінгі күні 200-ден аса түрлендірілгенi 8051 микроконтроллерлерімен бірге екі мың компаниялар шығаратын басқа типті микроконтроллерлер саны көптеп жасалып шығарылуда.

Microchip Tehnology фирмасының 8-битті микроконтроллерлері, Atmel фирмасының AVR микроконтроллерлері, TI фирмасының 16-битті MSP430 микроконтроллерлері, тағы да ARM архитектурасын басқа фирмаларға сататын лицензияларын жасаған ARM тұтынушылары танымал болды. Микроконтроллерлерді жобалау кезінде бірінші жағынан өлшемдері мен бағасына екінші жағынан икемділігі мен өнімділігіне назар аудару қажет.

2005 жылғы қаңтар айынын 2010 жылғы қаңтар айына дейiнгі микроконтроллерлер топтарының таралу статистикасы 2-шi сурет диаграммасында көрсетiлген.

4.1-шi сурет. Микроконтроллерлер топтарының таралу статистикасы