Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Juaptar kazakwa.docx
Скачиваний:
91
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
197.07 Кб
Скачать

11. Мән және құбылыс категориялары.

Мән және құбылыс [1] — дүниедегі объектілер мен процестердің қажетті жақтарын, танымның сатыларын бейнелейтін философиялық категориялар. Аристотель Платонның мәңгілік идеялар дүниенің түпкі мәні деген көзқарасын талдай отырып, мәні болып тұрған заттан мән бөлек, мәңгі өмір өмір сүре алмайды деген тұжырым жасайды. Оның пікірі бойынша, мән тек сезімдік заттың игілігінде ғана бола алмайды. Кант бізден тыс дүниедегі мәннің болу мүмкіндігін мойындай отырып, оны танудың белгілі бір шегі бар екенін айтты. Гегель мәнге құбылыс тән, ал құбылыс — мәннің, яғни “абсолюттік идеяның” сезімдік нақтылығын білдіреді дей келе, Мән және құбылыстың жалаң қатынас емес, тереңде өтіп жататын қатынастардың тұтас бір аясы екенін айтты. Мән және құбылыс бүтіннің өз аясында ішкі айырмашылықтарға жіктелу қатынасы мен формасы, оның әр түрлі жақтарының өзара бірлігі, тұтастығы әрі бір-біріне қайшылығы, қарама-қарсылығы болып табылады. Мән қандай да болмасын дербес процестің негізгі жағы. Яғни, біртектес құбылыстардың не нәрсе екендігін олардың тек ішкі мәнін анықтау арқылы білуге болады. Мән өзін тек құбылыстары арқылы анықтай алады. Құбылыстар сан алуан. Бір мәннің өзі көптеген формада көрініп, қалыптасады, дамиды.Құбылыс — мәннің әр сәттегі өзгерген белгілі бір түрі, оның басқаша даму не өзгеру формасы. Мәнді тек көріну формалары арқылы, ал көріну формаларын тек мән арқылы түсінуге болады. Құбылыс бір мезетте жоқ болатын өткінші нәрсе емес. Әрбір жаңа құбылыста мән өзгереді, оның осы өзгерген мазмұны — оның басқаша түзілуі, басқа түрде қайта жаңаруы. Мән және құбылыс тығыз байланысты. Дүниеде өзін құбылыс арқылы білдірмейтін мән болмайды. Сол секілді мәнсіз, мағынасыз құбылыс та жоқ.

12. Мәдениет дамуындағы жалпы адамзаттық пен таптық, ұлттық пен интернационалдық, қазақтың дәстүрлі мәдениетіндегі материалдық пен руханилық. Қазақтың кілемдері, тақыр кілем, қоржын, ою-өрнек, киіз үй материалдық мәдениет. Айтыс – рухани мәдениет.

13. Неотомизм философиясының негізгі белгілері.

Неотомизм[1] – Фома Аквинскийдің іліміне негізделген католик шіркеуінің философиялық қағидасы, қазіргі заманғы философияның басты бағыттарының бірі.

Неотомизмді папа Лев ХІІІ (1879) христиандық қағидаларға сәйкес келетін бірден-бір ақиқат философия ретінде мойындады. 1889 жылы Неотомизмнің халықаралық орталығы – Жоғары философия институты (Лувен, Бельгия) құрылды. Неотомизм католик дінін ұстаушы елдерде (Франция, Италия, Германия, АҚШ, Латын Америкасы) кең тараған.

Негізгі өкілдері – Ж.Маритен (Франция), И. де Фриз, И.Лотц (Германия), Ван Стеенберген (Бельгия), Г.Веттер (Австрия), т.б. Неотомистік ілімнің негізін “философия – дін ілімінің қызметшісі” деген қағида құрайды.

Неотомизм – қазіргі объективті идеализмнің діни формасы. Неотомистер ең жоғары шындық ретінде “таза болмысты” мойындайды, ол – рухани, құдайлық бастау. Олар үшін онтологияның негізгі категориялары “құдай” мен “әлем”.

Құдай барлығының алғашқы себебі және түпкі мақсаты. Ол әлемді жоқ нәрседен жаратқан, ал әлем Құдайдың мақсатына бағынышты. Құдайда мән мен болмыс сәйкес келеді, керісінше, құдай жаратқан әлемде, оның көп түрлі жаратылыстарында мән мен болмыс бір-біріне сәйкес келмейді. Неотомистер қазіргі жаратылыстану ілімі теорияларын діни тұрғыдан түсіндіреді. Кейбір томистер Құдайдың бар екендігін “космологиялық дәлелдеулер” арқылы түсіндірсе, басқалары адам мәселесін бірінші орынға қояды.

Бұл жерде адам мәселесі этик. тұрғыдан түсіндіріледі. Неотомизмнің әлеуметтік философиясы тұрғысынан діннен арылу толыққанды адамның өмір сүруіне қауіп төндіреді, оны моральдық азғындауға әкеледі, сондықтан қоғамның дұрыс, табиғи дамуына дін мен шіркеудің тигізетін рөлі зор. Соңғы кездері діни философия адам мәнінің гуманистік бастауларын, бейбітшілік пен адамзат бауырластығы үшін күресін жандандырып, жақсы бастамалар көтеріп келеді. [2]

14. Зар заман дәуірінің өкілдері (Дулат,Шортанбай,Мурат). Олардың қоғамдық әрекетіне баға беру. Олар орыстың отарлау саясатына қарсы күресуге шақырды. Совет үкіметі кезінде бұны орыс халқына қарсы деп бұларды балағаттады, барлық оқулықтардан аттарын өшіріп тастады.Олар қазақ халқына еркіндік, бостандық, өз алдына ел болып өсуін тілеген адамдар, нағыз патриоттар.

15.Математика мен философия. Интуициямен ой жүгіртудің математикада алатын орны. Математикада оймен жасалатын эксперимент. Любой нәрсені оймен эксперимент жасайды. Мысалы қолыңда шамалы ақша болып бір нарсе алатын болып болсаң, ойлайсың арзан алдым ба әлде қымбат алдым ба деп, дұрыс алдым ба әлде дұрыс алмадым ба, есебі дұрыс болды ма екен бұрыс болды ма, алдаған жоқ па деп. Сауда жүрген жерде оның бәрі болады. Осылай оймен эксперимен жасайды.

16. Абайдың дүниетанымы. 45 қара сөзі ғо. 25-ші сөзі орыстардың тілін біліңдер, тілін білсең білімін білесің, білімін білсең әлемде болып жатқан нәрсенің бәрін біліп отырасың.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]