Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломды__ титулька каз777.docx
Скачиваний:
48
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
2.72 Mб
Скачать

1.9 Сурет – Бұлғақтың сырғақпен байланысуы мен бұлғақты жүктеу

Бөлу операцияларын орындайтын баспақтар үшін ажырамайтын бұлғақтарды цилиндр түріне орындайды, бастиегін эксцентрикті жону арқылы, мына формуламен анықталады

t = 3P /(2bh), (9.1)

мұндағы: τ — қима центріндегі жанама кернеу; Р — бұлғақ бойымен əсер ететін номиналды күш; b — қима ені; h — қима биіктігі.

1.10 Сурет – Ажырамайтын бұлғақтар (бугели):

а – қаңылтыр кесуге арналған төменгі жетекті қисық пышақты қайшылар үшін; б – төменгі жетекті қаңылтыр қалыптау баспақтары үшін; в – автомат немесе КСМ; г – шабу баспақтары үшін (дөнгелек бұлғақ)

1.11 Сурет – Бұлғақ бұрандасы

1– бұрама; 2 — сомын

Төлкелері қоладан жасалатын қосиінді – сырғақты механизмнің үйкелетін жұптарын дұрыс таңдау өте маңызды болып табылады. Бұл жұптардың материалын кездейсоқ тандау мен толық майламау, қажама пайда болумен жауапты түйіннің істен шығуынын себебі болып табылады. Аса жүктелген шетмойындар үшін қоланың (БрА11Ж6Н6), үлкен меншікті күштерге төтеп беру қабілеті ғана емес сонымен қатар жақсы өңделгіштігі (БрО10Ф1) мен жақсы жылуөткізгіштігі (БрО10С10) маңызды болып келеді. Нақты шарттарға байланысты осы немесе басқа маркаларды қолданады. БрА9Ж3 типті қоланы қолдану біліктін түйіскен мойындарын міндетті түрде шынықтыруды талап етеді.

Сонымен қатар үйкелісетін жұптардың (шетмойын) өлшемдерін таңдау қажет. Қазіргі кезге дейін мұндай таңдаудың критериясы номиналды күштің (қандай-да бір бөлігі) цапфа диаметрін оның ұзындығына түрлендіру қатынасымен анықталатын орташа меншікті күш болды.

Жалпы машина жасауда q = const жəне v = const болған кезде олардын екінші критериі болып туындылары табылады [qv], мұндағы: q — шетмойындағы меншікті күш (орташа), v - шетмойын элементтерінің салыстырмалы орын ауыстыруының максималды жылдамдығы. Қосиінді ұсталық-қалыптау машиналарында мұндай шетмойындар қысқа уақытты ауыспалы жүктелумен жұмыс жасайды, жəне көп жағдайларда бір жүрісті режимдерде. Сондықтан qv туындысы лездік үйкелістің максималды қуатын сипаттайды. Мойынтіректе түрақтанған температура жылулық баланспен анықталады, яғни жылу бөлумен жəне де жылу берумен. Соған байланысты критерий ретінде эквивалентті шамалардың туындыларын qЭvЭ қабылдау ұсынылады.

4.1.2 Қалыптау аралығынның шамасын өзгерту механизмдерінің құрылымы мен сырғақ жүрісі

Күші аз əмбебап қосиінді баспақтардың қалыптау аралығын бұраманы бұрау арқылы өзгертеді. Алдымен арнайы бұраманы босатып қалыптау аралығын реттейді, содан кейін бұраманы қатайтады. Ірі баспақтарда жəне де екі-, төртқосиінді баспақтардың қалыптау аралығын арнайы электр қозғалтқыштан айналыс алатын бұрамалар арқылы өзгертеді (1.11 сурет).

1.12 Сурет - Бірқосиінді баспақтардың жүрісін реттеу механизмі

1– сырғақ; 2 – иінді білік; 3 – бұлғақ; 4 – эксцентрик; 5 - төлке жұдырықшаларымен; 6 –кілтек; 7 – сақина; а — бір тіректі; б, в — екі тіректі;

Ыссы қалыптау қосиінді баспақтарының қалыптау аралығын столдың сыналарын жылжыту арқылы реттейді, ал қосиінді – буынды баспақтарда – жоғарғы шарнир астындағы сыналы жастықты қозғалтумен немесе эксцентрикті орындалған жоғарғы шарнирді бұрау арқылы өзгертеді.

Қосиінді сырғақты механизмнің иінді біліктері, иінді білік немесе қарапайым сатылы осьтер мен шестерна эксцентрикті жетектердің білігі тəрізді жасалынады. Шестерна эксцентрикті жетекте баспақтың траверсіне бекітілген бір (1.3 а сурет) немесе екі (1.13 д, е сурет) қозғалмайтын остер қолданылады.

Бұл остерде тісті дөңгелектермен байланысқан эксцентриктер айналады. Жасалуы мен қолданылуының қарапайымдылығына байланысты шестерна эксцентрикті жетектер кең қолданыс тапты. Екі əсерлі баспақтарда орстердің орнына біліктерді қолданады.онда эскцентриктер бекітіледі (біліктер сыртқы сырғақтың жетегіне қозғалыс беруге арналған).

Егер иінді біліктер жетегінің тісті дөңгелектері консольді (1.13 сурет а, б) жəне тірек аралық (1.13 в сурет) орналасатын болса, онда шестерна эксцентрикті жетектің тісті дөңгелектері үнемі травестің ішінде орналасады жəне тірек аралық болып табылады (1.13 г, д, е сурет).

Екі модификация үшін де жетек бір жақты (1.13 в сурет) жəне екі жақты (1.13 а, б, г, д, е сурет) болуы мүмкін. Иінді біліктерде бір, екі немесе үш байланыс нүктелері бар (бір немесе үш бұлғақты жəне сəйкесінше біліктің иін саны). Шестерна эксцентриктерде бір немесе екі байланыс нүктелері болады. Төрт байланыс нүктесін алу үшін екі қосиінді біліктерді төрт бір қосиінді немесе екі, төрт шестерна эксцентрикті қолданады. а – екі жақты тісті жетегі бар бір қосиінді білік; б – екі жақты тісті жетегі бар бір эксцентрикті білік; в – бір жақты тірек аралық жетегі бар бір қосиінді білік; г – екі жақты шестерна эксцентрикті білік; д – тұғырға бекітілген, екі осьте айналатын тісті дөңгелектермен бірге орындалған бұлғақтың мойны; е – тұғырға бекітілген, екі қозғалмайтын осьте айналатын жеке орындалған жəне тісті дөңгелектермен қатаң байланысқан бұлғақтың мойны.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]