Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом дайын.docx
Скачиваний:
204
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
3.24 Mб
Скачать

5.1. Қазақстан Республикасы еңбек қорғаудың негізгі заңдық актілері

Қазақстан Республикасы еңбек заңдылықтары Конституцияға негізделіп, ҚР нормативті актілерінен, заңдарынан жəне еңбек кодексінен тұрады. Қазақстан Республикасы еңбек кодексінің 2 бабында еңбек барысындағы адамдардың қарым-қатынасы келесі түрде келтірілген: Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы Қазақстан Республикасы Конституциясына негізделеді жəне Еңбек Кодексінен, Қазақстан Республикасы заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы басқа заңдарына еңбек қатынастарын, əлеуметтікəріптестік пен еңбекті қорғау қатынастарын реттейтін нормаларды енгізуге тиым салынады. Егер Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады. Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шартта оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайларды қоспағанда, халықаралық шарттар еңбек қатынастарына тікелей қолданылады. ҚР-ның еңбек заңдылықтары принциптері еңбек кодексінің 4 бабында қарастырылған:

– адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол бермеу;

– еңбек бостандығы;

– кемсітушілікке, мəжбүрлі еңбекке жəне балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тиым салу;

– қауіпсіздік жəне гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықты қамтамасыз ету;

– өндірістік қызмет нəтижелеріне қатысты алғанда қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының басымдылығы;

– еңбек үшін жалақының ең төменгі мөлшерінен кем емес, əділетті сыйақыға құқығын қамтамасыз ету;

– тынығу құқығын қамтамасыз ету;

– қызметкерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі;

– қызметкерлер мен жұмыс берушінің өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін бірігу құқығын қамтамасыз ету;

– əлеуметтік əріптестік;

– еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау мəселелерін мемлекеттік реттеу;

– қызметкерлер өкілдерінің Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығын қамтамасыз ету болып табылады.

ҚР еңбек заңдылықтарын сақтаудағы жұмысшылар өкілдерінің қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқықтарын қамтамасыз ету. Жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы қарым-қатынастар ҚР еңбек кодексінің бабтарында қарастырылып, негізгі құқықтары мен міндеттері көрсетілген. Еңбек кодексіне сəйкес жұмыс беруші жеке немесе заңды тұлға болсын, еңбек келісімшартына отырады. Жұмысшы – жеке тұлға, жұмыс берушімен еңбек қатынастарына тұрып, еңбек келісімшартына сəйкес жұмыс атқарады. Жұмысшы мен жұмыс берушінің қарым-қатынасы бұйрық, жарлық, тəртіп шығарылуымен түсіндіріледі. Жұмысқа қабылданған кезде жұмыс беруші қызметкерлерді ұйымдағы ішкі еңбек тəртіп ережелерімен, жұмыс берушінің, қызметкерлердің жұмысына (еңбек функциясына) қатынасы бар өзге де актілермен, ұжымдық шартпен таныстыруға міндетті. Еңбек шартында қызметкерлердің тапсырылатын жұмысқа біліктілігінің сəйкестігін тексеру мақсатымен сынақ мерзімі туралы талап белгіленуі мүмкін. Бұл талап еңбек шартында болмаса, қызметкер жұмысқа сынақ мерзімінсіз қабылданды деп есептелінеді. Еңбек Кодексінің 82 бабына сəйкес жұмыс уақытының ұзақтығы қалыпты, ұзақтығы қысқартылған жəне толық емес болуы мүмкін. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс.