Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК МЗУиКР 5В090700.doc
Скачиваний:
63
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.57 Mб
Скачать

2.8 Курс бойынша емтихан сұрақтары

  1. Басқару мен менеджменттің мәні.

  2. Басқару үрдісінің принципиалдық сұлбасы.

  3. Басқару – ғылым және өнер ретінде.

  4. Басқару теориясы мен тәжірибесінің эволюциясы.

  5. Басқару ғылымының мектебі.

  6. Әкімшіліктік басқару мектебі.

  7. Рационалды бюрократия тұжырымдамасы.

  8. Адамдық қарым-қатынастар мектебі.

  9. Ғылыми басқару мектебінің негізгі бағыттары.

  10. Дүние жүзінің өнеркәсібі дамыған елдеріндегі менеджменттің өзіне ғана тән ерекшеліктері.

  11. Басқарудың экономикалық және жүйелік-мақсаттық мәні.

  12. Басқару түрлері, тәсілдері, әдістері және стильдері.

  13. Басқарушылық мәселелер: олардың жіктелуі және шешу тәсілдері.

  14. Басқарушылық шешімді қабылдау үрдісі.

  15. Басқааудың ақпараттық мәні.

  16. Басқарудың психологиялық мәні.

  17. Басқару функциялары және олардың мәні.

  18. Файоль бойынша басшының функциялары.

  19. Десслер бойынша басшының функциялары.

  20. Адаир бойынша басшының функциялары.

  21. Адам психикасының функциялары және К.Юнг бойынша адамдардың типологиясы.

  22. Соционика: адамдар ұжымдарын басқарудағы оның мәні және рөлі.

  23. «Жүйе» түсінігі. Жүйенің құрамдас бөліктері және жүйелердің негізгі түрлері.

  24. Жүйелік қатынастың мәні. Жүйелік талдау және оның негізгі принциптері.

  25. «Мақсаттар ағашының» әдісі.

  26. Басқарылатын объектінің үлгісі және үлгіленуі.

  27. Іс-әрекеттердің баламалық нұсқаларын артық көру критерийлері.

  28. Жүйелік талдауды қолдану барысында пайда болатын мәселелер.

  29. Басқарудың жалпы заңдары.

  30. Басқарудың ұйымдастырушылық-техникалық және әлеуметтік-экономикалық аспекттері.

  31. Экономиканың жалпы және ерекше (өзіне ғана тән, арнайы) заңдары.

  32. Ұйым тіршілігінің заңдары мен заңдылықтары.

  33. Қоғамды басқарудың заңдары мен заңдылықтары.

  34. Үш бірліктің парадигмасы және оның басқарудағы рөлі.

  35. Басқару принциптері дамуының тарихи үрдісі.

  36. А.Файольдің басқару принциптері.

  37. В.И.Кнорринг бойынша басқару принциптері.

  38. Басқаруды оңтайландыру принципі және басқару тиімділігінің принциптері.

  39. Кәсіпкерлік пен бизнес. Инфрақұрылым және бизнестің салалары.

  40. Кәсіпорын – нарықтық қарым-қатынастардың субъектісі ретінде.

  41. Қазақстандағы және шетелдегі бизнесмендер мен менеджерлерді дайындау жүйесі.

  42. Шағын бизнес пен кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау.

  43. Басқарудың экономикалық механизмі – оның мәні мен қолдану салалары.

  44. Экономикалық үрдістердің циклдылығы.

  45. Нарықтық өзін-өзі басқару және экономиканың орталықтандырылған басқарылуы.

  46. Кәсіпорынды басқарудың экономикалық механизмі және оның құрамдастары.

  47. Өнімнің сапасын, бағасын және бәсекеге қабілеттілігін басқару.

  48. Кәсіпорынның баға саясаты және баға стратегиясы.

  49. Баға жасаудың мәселелері мен әдістері.

  50. Жұмыс берушісі мен жұмыскердің арасындағы экономикалық өзара қарым-қатынастар.

  51. Ұйымдастыру – басқару функциясы ретінде.

  52. Ұйым – басқару объектісі ретінде.

  53. Ұйым қызметінінің диагностикасы.

  54. Питерс пен Уотерменнің 7-С сұлбасы және оның құрамдастары.

  55. Басқару құрылымдары, жүйелері және процедуралары.

  56. Өкілеттіктерді табыстау принципі.

  57. Ұйым басшысы мен оның бағыныштыларының бірлескен құндылықтары.

  58. Ұйым миссиясы, стратегиясы және мақсаттары.

  59. Стратегиялық жоспарлау үрдісі және оның құрамдастары.

  60. SWOT-талдау.

  61. Бостон Кеңес Тобының (БКТ) матрицасы.

  62. Ұйым стратегияларының тиімділігін бағалау.

  63. Стратегиялық жоспарды жүзеге асыру үрдісін басқару.

  64. Басқарудың бір өлшемді стильдері.

  65. Блейк-Моутонның басқарушылық торы.

  66. Басқарудың көп өлшемді стильдері.

  67. Менеджердің имиджі (бейнесі).

  68. Ынталандыру теориясының негізгі түсініктері: ынта, ынталандыру, қажеттілік, сыйақы және т.с.с.

  69. Ынталандырудың алғашқы теориялары.

  70. Ынталандырудың мазмұндық теориялары.

  71. Ынталандырудың процессуалдық теориялары.

  72. Партисипативті басқару тұжырымдамасы.

  73. Ауқымды және ауқымсыз мағынадағы «бақылау» түсінігі.

  74. Ішкі аудит.

  75. Басқарушылық бақылаудың түрлері.

  76. Өнімнің сапасын бақылау.

  77. Басқарушылық бақылаудың экономикалық тиімділігі.

  78. Жетекшілік түсінігі және оның түрлері.

  79. Жетекшіліктің жеке тұлғалық, мінез-құлықтық және ахуалдық теориялары.

  80. Атрибутивтік жетекшіліктің тұжырымдамасы.

  81. Харизматикалық жетекшіліктің тұжырымдамасы.

  82. Түрлендіретін жетекшіліктің тұжырымдамасы.

  83. Тиімді жетекшіліктің теориясы.

  84. Этика мен этикалық категориялардың түсінігі.

  85. Бизнес пен кәсіпкерлік саласындағы этиканың атқаратын рөлі.

  86. Адамдардың өмірлік потенциалы және әлеуметтік бағдарлануы бойынша жіктелуі.

  87. Этиканың негізгі теориялары.

  88. Мәдениет пен мәдениеттің түрлері.

  89. Ұйымдастырушылық мәдениет, оның негізгі белгілері, элементтері және функциялары.

  90. Ұлттық мәдениеттер және олардың сипаттамалары.

  91. Ұйымдастырушылық және басқарушылық мәдениеттердің түрлері.

  92. Ұйымның имиджі (бейнесі).

  93. Ұйым қызметінің тиімділігі және оның негізгі факторлары.

  94. Басқарушылық шешімдер мен ұйым қызметі тиімділігінің көрсеткіштері.

  95. Қосылған құн тұжырымдамасы.

  96. Баланстандырылған көрсеткіштердің жүйесі.

  97. Іскерлік жетілгендік (совершенство) үлгісі.

  98. XXI ғасырдағы ұйымды басқару.

  99. Менеджердің өзін-өзі дамытуы.

  100. Қазіргі заманғы менеджменттің даму тенденциялары.

Глоссарий.

Авторитаризм (латынның autoritas – билік) – шектелмеген жеке биліккежеке бастаманы және дербестілікті басып тастауға негізделген қоғамды, адамдардың тобын басқару әдісі.

Ақпарат – зерделенетін объект немесе құбылыс жөніндегі мәліметтердың, деректердің, білімдердің жиынтығы.

Байланыс каналдары – ақпаратты беру мен қабылдау үшін тағайындалған құрылғылардың жиынтығы.

Бақылау – басқарудағы кері байланысты жүзеге асыратын басқару функцияларының бірі, ол – қабылданған басқарушылық шешімдердің орындалуын қадағалауға және бұндай шешімдерді жүзеге асырудың жоспарланып қойылған (немесе болжанатын) және нақты нәтижелері арасындағы айырмашылықтарды айқындауға негізделеді.

Басқару – басқару объектісінің жағдайын жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау үрдісі, ол – бұндай жағдайды сақтау немесе өзгерту мақсаттарын негіздеу үшін және оларға қол жеткізу үшін орындалады. Адамның әлеуметтік-экономикалық, техникалық және табиғи жүйелердің қызмет ету мен даму мақсаттарын негіздеуге және қол жеткізуге бағытталған саналы қызметі.

Басқару әдістері – басқарушы жүйенің басқарылатын объектке үзіліссіз және мақсатқа сай ықпалын қамтамасыз ету әдістері.

Басқару ғылымының мәселелері – басқарушылық үрдісті ұйымдастырудың заңдылықтарын және адамдардың арасындағы пайда болатын қарым-қатынастарды зерделеу, басқару объектісінің ерекшелігіне сәйкес келетін әдістемелік тәсілдерді анықтау, зерделенетін үрдістер мен құбылыстардың дамуын болжау.

Басқарудың авторитарлық стилі – басшы мен бағыныштылар арасындағы тұрақты басқарушылық өзара қарым-қатынастардың нысаны, бұнда басшы өзінің пікірін және жеке ерігін өз бағыныштыларының пікірінен жоғары қояды.

Басқарудың демократиялық стилі – басқарушылық шешімдерді дайындау кезінде пікірлердің бүкіл спектрін ескеруге, оларды ұжымдық талқылауға және ақырғы шешімді бүкіл ұжыммен жиналып қабылдауға негізделген, басшы мен бағыныштылар арасындағы тұрақты басқарушылық өзара қарым-қатынастардың нысаны.

Басқарудың либералдық стилі – басшы мен бағыныштылар арасындағы тұрақты басқарушылық өзара қарым-қатынастардың нысаны, өзінің мәні бойынша басқарудың демократиялық стиліне жақын болады, бірақ бағыныштыларға одан да «жұмсақ» басқарушы ықпалдарды пайдаланумен ерекшеленеді. Әдетте басқарудың бұл стилі – жоғары білікті, кейде, білімдері өз басшысынан да тереңірек болатын мамандардан тұратын ұжымды басқарған кезде пайдаланылады.

Басқарудың орталықсыздандырылуы – басқарудың негізгі әдістерінің бірі, бұнда өкілеттіктердің маңызды бөлігі басқарудың жоғарғы деңгейлерінен төмен жатқан деңгейлеріне беріледі.

Басқарудың орталықтандырылуы – басқарудың, биліктің бір жерде, бір қолда, бір орталықта шоғырлануы.

Басқару мақсаты – басқару объектісінің қаланылған, мүмкін және қажетті жағдайы, оған – басқару объектісіне басқарушылық ықпалдарды жасап шығару мен жүзеге асыру нәтижесінде қол жеткізуге болады.

Басқару нормасы – бір басшыға бағынатын қызметкерлердің тәжірибелі жолмен орнатылған, ұйымдастырушылық түрде рәсімденген орташа саны.

Басқару объектісі – басқарылатын жүйе, оған қатысты басқару үрдісі жүзеге асырылады.

Басқару өнерінің әдістері – ақпарат пен уақыттың тапшылығы жағдайларында күрделі шешімдерді қабылдауға мүмкіндік беретін тәсілдердің жиынтығы.

Басқару принциптері (латынның principium – басы, негізі) – басқарылатын жүйенің қалыптасу заңдылықтарын, оның құрылымын, ұжымға ықпал ету әдістерін, ынталандыру жүйесін, басқарушылық еңбектің технологиясы мен техникалық жарақтану ерекшеліктерін анықтайтын бастапқы ережелер.

Басқару субъектісі – басқарудың нақты объектісінің басқарылу үрдісін жүзеге асыратын басқарушы жүйе.

Басқару тиімділігі – басқарушылық қызметінің нәтижелері мен оларға кеткен еңбек және материалдық ресурстарының ара қатысы.

Басқару үрдісі – басқару функцияларының коммуникация (байланыс), басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру үрдістері арқылы өзара байланысы.

Басқару функциясы – басқарушылық қызметтің бағыты.

Басқарушылық еңбектің заты – адамдар мен олардың бірлескен қызметі барысында пайда болатын қарым-қатынастары.

Басқарушылық еңбектің құралдары – басқарушылық қызметтің орындалу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ұйым техникасы, есептеуіш техникасы, бағдарламалық құралдар мен байланыс құралдары.

Басқарушылық еңбектің өнімі – басқарушылық шешім.

Басымдық (латынның prior – бірінші, үлкен) – қандай-да бір қызметті жүзеге асырудағы біріншілік (первенство).

Бәсеке – тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өндірушілері мен олардың сатушылары арасындағы өнімді сатып өткізудің тиімдірек жағдайлары үшін және максималдық пайда табу үшін күресі.

Бейімделу (латынның adapto – бейімдеймін) – басқару объектісі құрылымының және мінез-құлығының сыртқы және ішкі ортаның өзгерістеріне бейімделу үрдісі.

Бизнес – пайданы табу мақсатымен адамдық қызметтің белгілі бір саласында орындалатын іс, кәсіп, кәсіпкерлік.

Бизнесмен – «ақша жасайтын» іскер адам, айналыста жүрген және табыс әкелетін капиталдың иесі.

Бизнесті басқару – пайда табу мақсатымен құрылған коммерциялық, шаруашылық ұйымдарды басқару.

Билік – өз еркін жүзеге асыру, адамдардың мінез-құлығы мен қызметтеріне қандай-да бір әдістер немесе құралдар (бедел-абырой, ерік, заң) арқылы әсер ету мүмкіндігі.

Бихевиоризм (ағылшынның behaviour – мінез-құлық) – И.П.Павловтың жоғары нерв қызметі жөніндегі іліміне сүйенетін психология бағыттарының бірі. Бихевиоризм адамға сыртқы ортаның ықпалынан оның психикасы мен мінез-құлығының ерекшеліктерін «ынта-реакция» принципіне сәйкес түсіндіреді.

Болжау – басқару функцияларының бірі, оның мәні болашақты ғылыми алдын ала көруге, әртүрлі гипотезалар мен сценарийлерді жасап шығаруға, болашақта кездесе алатын мүмкін мәселелерді ойластыруға, қадағаланатын үрдістің немесе құбылыстың кейінгі даму тенденцияларын орнатуға, осындай тенденцияларды ең жақсы түрде сипаттайтын болжау үлгілерін қалыптастыруға негізделеді.

Бөлімше – белгілі бір тапсырмаларды орындайтын және ұйымның жалпы мақсаттарына сәйкес келетін нақты мақсаттарға қол жеткізуге тырысатын, ұйымның құрамдас бөлігі.

Білім – 1) тану нәтижелері, ғылыми мәліметтер; 2) қандай-да бір саладағы мәліметтердің жиынтығы.

Бюрократия – шенеунік-әкімгерлердің қолына биліктің шоғырлануын қамтамасыз ететін, ерекше, қайсар, иерархиялық түрде ұйымдастырылған басқарушы жүйе. Бюрократияның негізгі мақсаты – өз артықшылықтары мен өзінің ұдайы өндірісін (воспроизводство) сақтап қалу.

Вербалдылық (латынның verbalis – сөзбен) – адамдардың бір-бірімен сөйлеу, сөз байланыстарын орнату үрдісі, пікірлерді ауызша айырбастау, диалог.

Дара басшылық – басқарудың орталықтандырылу бағыттарының бірі, бұнда биліктің бүкіл ауқымдылығы жалғыз ғана адамның қолына шоғырланады.

Дәлелдемелер (аргументации) – пікірдің ақиқаттылық дәлелдемелерінің жүйесі.

Дүниетаным (мировоззрение) – қоршаған шындыққа жалпыландырылған көзқарастардың жүйесі, мінез-құлық нормаларын, жеке мұқтаждықтарды және қоғамға қатынасын анықтайтын сенімдер, идеалдар және принциптер.

Есепке алу – уақыттың белгілі бір сәтінде басқару объектісінің жағдайы жөніндегі және осы жағдайының уақыттың белгілі бір аралығында пайда болған өзгерістері жөніндегі деректердің тіркелуі мен жинастырылуынан тұратын басқару функцияларының бірі.

Жетекші (ағылшынның leader – жетекші басшы) – ұжымда беделі және үлкен ықпалы бар жеке тұлға.

Жетекшілік – адамдарды белгілі бір мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған іс-әрекеттерге итермелеу үшін ықпал ету қабілеті.

Жоспар – 1) белгілі бір кезеңге анықталып қойған, мақсаттары, мазмұны, көлемі, әдістері, тізбектілігі және орындалу мерзімдері көрсетілген жұмыс немесе жұмыстардың кешені; 2) бір заттың ой-ниеті.

Жоспарлау – басқару функцияларының бірі, ол – басқарылатын объекттің болашақ жағдайын бұл жағдайға қол жеткізудің жолдары мен тәсілдеріне және бұл үшін қажетті ресурстарға байланыстырып анықтайды.

Жүйе (гректің systema – бөліктерден құрылған тұтас бір нәрсе) – 1) бір тұтас болып табылатын бір-бірімен байланысты бөліктердің (заттардың, құбылыстардың, көзқарастардың және т.с.с.) жиынтығы; 2) бір нәрсені ұйымдастыру тәсілі.

Жүйеше (подсистема) – жүйеден бөлініп алынған, басқа жүйешелермен ақпараттық байланыстары бар бір бөлігі.

Иерархия – 1) жүйе бөліктерінің немесе элементтерінің жоғары деңгейден бастап төменгіге қарай белгілі бір ретте орналасуы; 2) қызметтік атақтар мен лауазымдардың бір-біріне бағыну реттілігінде орналасуы (иерархиялық баспалдақ).

Интроверттілік (латынның intro – ішке қарай, және verto – айналдырамын) – жеке тұлғаның өзінің ішкі дүниесін, ойларын және сезімдерін талдауға қабілетін бейнелейтін психологиялық ерекшелігі.

Йеркс-Додсон заңы – жазалау қатаңдығы мен адамның қателесу ауырлығы арасындағы тәуелділікті орнатады. Жазалау қатаңдығы белгілі бір шекке дейін ғана орынды екенін, одан кейін адамның қызметінде құлдырау пайда болатынын дәлелдейді.

Кәсіпкерлік – нарықтарға өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) жасау мен енгізу, өндірісті ұйымдастырудың жаңа технологиялары мен нысандарын қолдану арқылы пайда табуға бағытталған және, әдетте, кәсіпкердің жеке тәуекелдігімен байланысты қызмет ету саласы.

Кибернетика (гректің kybernetike – басқару өнері) – кезкелген күрделі динамикалық жүйелерде ақпаратты басқару, реттеу, байланыстыру, қабылдау, өңдеу және шығару туралы ғылым.

Құндылықтар – адам өз өмірінде жетекшілік ететін критерийлерінің, стандарттарының жиыны, оның сенімділіктері және оның өмірінде не нәрсе жақсы, не нәрсе жаман, не нәрсе бәрі-бір деген сенімі.

Мақсатты жобалау (целеполагание) – алдағы кезеңде жүзеге асыру керек басқару мақсаттарын – стратегиялық, ағымдық және жедел – жасап шығаруға негізделген басқару функцияларының бірі.

Маркетинг – нарықтық қарым-қатынастар жағдайларында қоғамның тауарлардағы, жұмыстардағы және қызметтердегі қажеттіктерін толық қанағаттандыру әдістерін зерделейтін кәсіпорынды басқару ғылымы

Менеджер – ұйымдағы басқарушылық қызметімен кәсіби түрде айналысатын маман.

Менеджердің кәсіби қызметінің объекттері – кәсіпорынның еңбек, материалдық және қаржылық ресурстары, нормативті және үлестіру құжаттамасы, тұлғалар арасындағы қарым-қатынастар және адамдар мен ұйым, ұйым мен сыртқы орта арасындағы қарым-қатынастар.

Менеджмент (ағылшынның to manage – басқару) – ұйымда өтіп жатқан үрдістердің рационалды басқарылуын және қойылған мақсаттарға сай жетілдірілуін қамтамасыз ететін басқарушылық және шаруашылық қызметтің облысы.

Менеджменттің эволюциясы – менеджменттің тарихи даму үрдісі.

Монополия – қызметтің қандай-да бір түріне бірыңғай құқық.

Нарықтың сегментациясы – сатып алушының қоғам қажеттіліктерін зерделеуі және заттық-тауарлық және демографиялық белгілері бойынша өткізу нарығы ішінде оның сәтті игере алатын үлесін анықтауы.

Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері – адамға өзін-өзі талдау және өзін-өзі бағалау үрдістерін орындауға, жоғары адамгершілікті және адам тұлғасының ең жақсы қасиеттерін дамыту мақсатымен өзінің мінез-құлығын ұят, намыс, мораль критерийлерімен салыстыруға мүмкіндік беретін тәсілдер жүйесі.

Өкілеттіктерді табыстау – басшының оған жүктелген өкілеттіктердің, құқықтардың және жауапкершіліктің біразын өзінің құзыретті бағыныштыларына тапсыруы.

Өткізу (сбыт) – нарықта қандай-да бір тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып өткізу бойынша ұйымдастырушылық, маркетингтік және сауда шараларының жүйесі.

Реттеу – басқарудағы кері байланысты жүзеге асыратын және басқару объектісіне оның мінез-құлығындағы негативтік (теріс) тенденцияларды жоятын және позитивтік (оң) тенденцияларды күшейтетін түзетушілік басқарушылық ықпалдарды жасап шығару мен жүзеге асырудан тұратын басқару функцияларының бірі.

Синергия (гректің synergos – бірлескен, келісілген) – күрделі жүйелердің ерекшелігі, бұнда осы жүйені құрайтын элементтердің, қасиеттердің және мүмкіндіктердің қосындысы жүйе элементтерінің қасиеттері мен мүмкіндіктерінен асып кетеді.

Стратегия (гректің strategos – «генералдың өнері») – қызмет етудің белгілі бір саласындағы қойылған мақсатқа қол жеткізуді қамтамасыз ететін іс-әрекеттердің бағдарламасы.

Стратегиялық басқару – қызмет етудің белгілі бір облысындағы қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған бас бағдарламаны дайындау және жүзеге асыру.

Стратегиялық жоспарлау – ұйым мақсаттарын таңдау және оларға қол жеткізуді қамтамасыз ететін шешімдерді қабылдау үрдісі.

Тактика – қысқа мерзімді стратегия.

Талдау – басқару функцияларының бірі, ол өтіп жатқан үрдістер мен құбылыстардың ерекшеліктерін, қабылданған басқарушылық шешімдерді жүзеге асырудың нәтижелерін, алынған нәтижелерге ықпал еткен жағдайлар мен себептерді зерделеуге негізделеді.

Түйсік – адамның құбылыстар арасындағы байланыстарды ойша анықтауға және жеке тәжірибесі мен интеллектуалдық қабілеттерінің негізінде сәйкес қорытындыларды жасауға қабілеті.

Тұжырымдама (латынның conceptio) – 1) көзқарастардың жүйесі, құбылыстарды, үрдістерді белгілі бір мағынада түсіну; 2) ғылыми еңбектің, шығарманың және т.с.с. бірыңғай, анықтауыш ойы, жетекші ой-пікірі.

Үйлестіру (координация) – басқаратын және басқарылатын жүйе, сонымен қатар, олардың бөлімшелері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз етуге және қабылданатын басқарушылық шешімдерді басқарудың қойылған мақсаттарымен сәйкестікке келтіруге бағытталған басқару функцияларының бірі.

Үлгі – объектіні, жүйені немесе мәселені нақты шыңдылықтан айырықша нысанда көрсету.

Үлгілеу (моделирование) – үлгілерін жасау арқылы әртүрлі құбылыстар мен үрдістерді зерттеу. Қоршаған шындықты танудың негізгі әдістерінің бірі.

Ұйымдастыру – басқару функцияларының бірі, ол – белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу үшін ұжымға біріктірілген адамдардың бірлескен іс-әрекеттерін реттеуге, келістіруге және регламенттауға негізделеді. «Ұйым» термині басқару объектісін (формалдық ұйым) белгілеу үшін пайдаланыла алады.

Ұйымдастырушылық құрылым – жүйені құрайтын элементтер арасындағы тұрақты өзара байланысты қамтамасыз ететін басқару жүйесін ұйымдастыру нысаны.

Ұйым формалдық емес – өзінің жеке мұқтаждықтары, басымдықтары және тілектеріне қарай бір-бірімен жүйелі түрде өзара әсерлесіп отыратын адамдардың өзінен-өзі (спонтанно) пайда болған тобы.

Харизма (гректің charisma – шапағаттық, құдайдың сыйы) – ерекше дарын, сүйкімділік.

Харизматикалық жеке тұлға – ерекше қасиеттері (харизмасы) – даналығы, батылдығы бар беделді адам.

Шамшылдықтар (амбиции) – адамның өзінің физикалық, интеллектуалдық және рухани мүмкіндіктерін артық бағалауы, өзі туралы тым жоғары пікір, артық атаққұмарлық.

Шешімдерді қабылдау үрдісі – келесідей сатылардың тізбекті түрде жүзеге асырылуы: мәселенің дигнозы, шешімді қабылдау үшін шектеулер мен критерийлердің формулировкасы, шешімдердің мүмкін баламаларын айқындау, баламаларды бағалау және шешімді ақырғы таңдау.

Ынта (мотив) (француздың motif) – итермелеуші себеп, іс-әрекетке сылтау, бір нәрсенің пайдасына дәлілдеме.

Ынталандыру – басқару функцияларының бірі, ол – қызмет етуінің нәтижелілігін көтеру мақсатымен жұмыскерлердің және еңбек ұжымдарының материалдық және моральдік мадақталуына негізделеді.

Ынта (стимул) (латынның stimulus – жануарларды айдайтын үшкір басты таяқ, стрекало) – іс-әрекетке итермелеу, итермелеуші себеп.

Іскерлік (умение) – қандай-да бір істегі дағдылар, тәжірибе.

Эволюция (латынның evolution – ашу, жаю) – өзгеру, даму үрдісі.

Экстраверттілік – сыртқы дүниеге бағдарланған және сыртқы қоршаумен қызмет етуге қызығушылық білдіретін жеке тұлғаның психологиялық ерекшелігі.

Экстраполяция – бүтіннің бір бөлігін зерделеген кезде алынған қорытындылардың оның басқа бөлігіне таратылуын (немесе өткен шақта және бүгінгі күні айқындалған тенденциялардың болашаққа таратылуын) рұқсат ететін әдістемелік тәсіл, бұл – зерделенетін үрдіс немесе құбылыс дамуының жалпы заңдылықтарын орнатуға мүмкіндік береді.

Этика (латынның ethica, гректің ethos) – адамның немесе қандай-да бір топтың адамгершіліктік мінез-құлығы нормаларының жүйесі.

Этикалық – адамгершіліктік, этика талаптарына сәйкес келетін.

107