
- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.5 «Жер орналастыру және кадастр жұмыстарының менеджменті» пәні туралы мәліметтер:
- •1.7 Әдебиет тізімі.
- •1.8 Білімді бақылау және бағалау.
- •1 Аралық бақылау сұрақтары
- •2 Аралық бақылау сұрақтары
- •1.9 Курстың саясаты мен процедурасы
- •2 Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.3 Тәжірибелік (семинар) сабақтарының жоспары
- •2.4 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (соөж)
- •1. Менеджмент пен оның негізгі аспекттері.
- •2. Менеджердің ұйымдағы рөлі.
- •3. Менеджменттің эволюциясы.
- •4. Менеджменттің әдістемелік негіздері.
- •5. Менеджменттің түрлері, функциялары және үрдістері.
- •6. Кәсіпорын қызметінің диагностикасы.
- •7. Бизнесті басқару.
- •8. Ұйымдарды басқарудың экономикалық әдістері..
- •9. Ұйым мен оның құрылымы.
- •10. Ұйымның стратегиялық жоспарын жасап шығару және жүзеге асыру.
- •11. Бақылау – менеджменттің функциясы ретінде.
- •12. Жетекшіліктің әр түрлі үлгілерін салыстырмалы талдау.
- •13. Ұйымдағы жанжалдар.
- •14. Ынталандыру – менеджменттің функциясы ретінде.
- •15. Ұйымдастырушылық мәдениет.
- •16. Ұйымды тиімді басқару.
- •2.5 Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ жоспары (сөж)
- •1. Қазіргі заманғы қоғамдағы менеджменттің рөлі.
- •2. Басқарудың табиғаты мен мәні.
- •3. XXI ғасырда ұйымды басқару.
- •4. Экономиканы басқарудың субъекттері мен объекттері.
- •5. Фирма менеджментінің ақпараттық қамтамасыз етілуі.
- •6. Ұйымдағы басқарушылық шешімдерді жасап шығару және қабылдау.
- •7. Фирманың экономикалық қауіпсіздігін басқару.
- •8. Басқарудағы экономикалық-математикалық үлгілер.
- •9. Кәсіпорындарды басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
- •10. Ұйымды стратегиялық басқару.
- •11. Ұйымдағы тәртіптік қарым-қатынастарды басқару.
- •12. Менеджердің билігі.
- •2.6 Курс бойынша жазбаша жұмыстың тақырыптары
- •2.7 Өздік бақылау үшін тест тапсырмалары (тест сұрақтарының жауабы мен білімді бағалау критериі қоса берілген)
- •2.8 Курс бойынша емтихан сұрақтары
16. Ұйымды тиімді басқару.
Басқарудың сапасы, нәтижелілігі және тиімділігінің түсініктері. Басқару сапасын бағалау принциптері. Басқарушылық қызметтін сапасын бағалау түрлері.
Өткізу түрі: Презентация, сөз сайысы.
Әдістемелік ұсыныстар: Берілген сабаққа дайындалған кезде №16 дәрістің материалын, ұсынылатын әдебиетті, мерзімді басылымдарды және Internet-тің ақпараттық ресурстарын пайдалану керек.
Ұсынылатын әдебиет: 2 нег. [58-59], 3 нег. [87-118], 8 нег. [587-650], 17 қос. [3-416], 22 қос., 1 қос. [6-158], 3 қос. [20-29].
2.5 Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ жоспары (сөж)
1. Қазіргі заманғы қоғамдағы менеджменттің рөлі.
Қазіргі заманғы қоғам және оның негізгі мәселелері. Қазіргі заманғы қоғамды басқарудың өзіне тән ерекшеліктері. Глобализациялау үрдістері. Олардың плюстері мен минустары.
Әдістемелік ұсыныстар: Берілген сабаққа дайындалған кезде №1 дәрістің материалын, ұсынылатын әдебиетті, мерзімді басылымдарды және Internet-тің ақпараттық ресурстарын пайдалану керек.
Ұсынылатын әдебиет: 1 нег. [16-34], 2 нег. [3-18], 5 нег. [9-29].
2. Басқарудың табиғаты мен мәні.
«Басқару» түсінігі. Басқару және менеджмент. Ішкі және сртқы басқару. Өзін-өзі басқару. Басқару – кибернетикалық және экономикалық түсінік ретінде. Басқару субъектілері және объектілері. Басқарудың мақсаттары және мәселелері. Басқарудың түрлері, нысандары және тәсілдері. Басқару және реттеу.
Әдістемелік ұсыныстар: Берілген сабаққа дайындалған кезде №2 дәрістің материалын, ұсынылатын әдебиетті, мерзімді басылымдарды және Internet-тің ақпараттық ресурстарын пайдалану керек.
Ұсынылатын әдебиет: 2 нег. [19-44], 3 нег. [9-30].
3. XXI ғасырда ұйымды басқару.
Ұйымды жобалаудағы алдын ала болжанатын өзгерістер: функционалдық басқарудан үрдістік басқаруға қарай; топтар жұмысынан топтық жұмысқа қарай; шешімдерді қабылдаудан мәселелерді іздестіруге; адамдарды билеуден адамдардың билеуіне қарай; жергілікті ерекшелік арқылы глобализацияға қарай; басқару үшін білімдерден білімдердің басқарылуына қарай; оқытылып жатқан ұйымнан үйреніп жатқан ұйымға қарай.
Әдістемелік ұсыныстар: Берілген сабаққа дайындалған кезде №1 дәрістің материалын, ұсынылатын әдебиетті, мерзімді басылымдарды және Internet-тің ақпараттық ресурстарын пайдалану керек.
Ұсынылатын әдебиет: 5 нег. [16-19], 17 нег. [69-86], 4 қос. [76-80], 5 қос. [9-13], 6 қос. [21-25], 7 қос. [77-86].
4. Экономиканы басқарудың субъекттері мен объекттері.
Экономика – басқару объектісі ретінде. Экономикалық ресурстардың түрлендірілуін басқару. Макроэкономикалық, микроэкономикалық, салалық, аймақтық кластерлік басқару. Экономикалық ресурстар мен өнімдердің ұдайы өндірісін басқару. Басқару мен нарық. Басқару иерархиясы.
Әдістемелік ұсыныстар: Берілген сабаққа дайындалған кезде №2, 3 дәрістердің материалдарын, ұсынылатын әдебиетті, мерзімді басылымдарды және Internet-тің ақпараттық ресурстарын пайдалану керек.
Ұсынылатын әдебиет: 3 нег. [60-86].
5. Фирма менеджментінің ақпараттық қамтамасыз етілуі.
Ақпарат – фирма қызметін жүзеге асыру және басқарушылық шешімдерді қабылдау негізі ретінде. Ақпараттың мазмұны және ақпаратқа қойылатын талаптар. Ақпараттың ағындары. Ақпараттың қайнар көздері. Ақпаратты алу әдістері. Ақпараттың фирма ішіндегі жүйесі. Ақпараттық қызметтің технологиясы. Ақпараттық қызметтің аппараттық құралдары. Ақпаратты қорғау.
Әдістемелік ұсыныстар: Берілген сабаққа дайындалған кезде №2 дәрістің материалын, ұсынылатын әдебиетті, мерзімді басылымдарды және Internet-тің ақпараттық ресурстарын пайдалану керек.
Ұсынылатын әдебиет: 1 нег. [239-247].