
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ. И. Сәтбаев Атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті
- •М.Р.Шаутенов
- •5В073700 – «Пайдалы қазбаларды байыту» мамандығының студенттері үшін
- •Қауіпсіздік техникасының нұсқауы
- •Цианид ерітінділерін дайындау және оларды талдау
- •1.2 Жалпы мәліметтер
- •1.3 Жұмысты орындау
- •1.4 Жұмысты дайындау
- •2.3 Жұмысты орындау
- •2.4 Жұмысты дайындау
- •2.5 Қажетті құрал жабдықтар және материалдар:
- •2.6 Бақылау сұрақтары
- •Ерітінділерден металдарды цементациялаумен шөктіру
- •3.3 Жұмысты орындау
- •3.4 Жұмысты дайындау
- •Металдарды ерітінділерден сорбциялаумен шөктіру
- •4.3 Жұмысты орындау
- •4.4 Жұмысты дайындау
- •5.3 Жұмысты орындау тәртібі:
- •5.4 Тәжірибе нәтижелерін өндеу:
- •6.3 Жұмысты орындау
- •6.3.1 Шихтаны дайындау
- •6.3.2 Балқытуды жүргізу
- •6.4 Жұмысты дайындау
- •7.3 Жұмысты орындау реті
- •7.4 Жұмысты дайындау.
- •8.3 Жұмысты орындау реті
- •8.4 Жұмысты орындау реті
- •8.5 Қажетті құрал-жабдықтар және материалдар:
- •8.6 Бақылау сұрақтар
- •Әдебиеттер тізімі
5.3 Жұмысты орындау тәртібі:
а) Зертханалық жұмысты орындауға вариант тапсырмасын алу (5.1 – кесте).
5.1 – кесте. Жұмыс варианты
Вариант реті |
Жұмыс мазмұны (қандай фактордың әсер етуін зерттеу) |
1 |
Температураның әсер етуі |
2 |
Ерітінділер рН-ның әсер етуі |
3 |
Ионит табиғатының әсер етуі |
4 |
Ерітінді концентрациясының әсер етуі |
5 |
Үдеріс ұзақтығының әсер етуі |
ә) Ионитті өлшеп, өлшендіні колонкаға салады да, тұз ерітіндісін құяды. Ионитті бір сағат аралығында ісіндіруге қояды, одан кейін колонка арқылы 2 л/сағ жылдамдықпен дистилляцияланған су өткізеді.
Тығыздалған ионит көлемін өлшейді.
Зерттелетін фактордың әртүрлі мәндері кезінде, қатар екі тәжірибе жүргізіледі. Нәтижелері кестеге еңгізеді.
5.2 – кесте. Тәжірибе нәтижелерін жазу үлгісі
Зерттелетін фактордың мәні |
Кіптен иониттің көлемі |
Құрғақ иониттің салмағы |
Иониттің меншікті көлемі |
Салыстырмалы ісіну |
t1 |
V01 |
W1 |
V1 менш |
γ=(
V1
менш
∙ t1/
V |
t2 |
V02 |
W2 |
V2 менш |
Иониттің меншікті көлемі мына формуламен есептеледі:
Vменш= V0/W, (мг/л).
Мұндағы V0 – ісінген иониттің көлемі;
W-құрғақ иониттің салмағы.
Салыстырмалы
ісіну: γ=(
V1
менш
∙ t1/
V
менш ∙
t2
)100%.
5.4 Тәжірибе нәтижелерін өндеу:
1. Орындалған жұмысқа қысқаша сипаттама беру.
2. Алынған нәтижелерді есептеу және келтіру .
3. Қажетті қорытындыларды жасау.
5.5 Қажетті құрал-жабдықтар және материалдар:
1. Термостат;
2. Өлшеуіш цилиндрлер;
3. Түсті металл тұздарының ерітінділері;
4. рН-метр;
5. Ион алмасу шайырлары;
6. Ион алмасу колонкасы.
5.6 Бақылау сұрақтары:
1. Ион алмасу шайырлардың құрылысы. Оларды өндірісте қолдану жолдары.
2. Иониттердің сұрыпталуы.
3. Ион алмасу үдерісінің кинетикасы.
4. Иониттердің ісінуі, ісінуге әсер ететін факторлар.
5. Жұмыстың мақсаты, жұмысты орындау әдісімен аппаратурасы.
№ 6 – ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
ТОТЫҚСЫЗДАЙ БАЛҚЫТУ
6.1 Жұмыстың мақсаты: Студенттерді тотықты (күйдірілген) шикізаттан металдарды тотықсыздай балқытумен бөліп алу әдісімен таныстыру
6.2 Жалпы мәліметтер
Тотықсыздай балқытуда шихтадағы металдар оксидтер түрінде болады да, сонан тотықсызданып металға өтеді. Осындайда келесі реакциялар атқарылады:
кокстың жануында 2C+O2=2CO2 (19)
металдардың тотықсыздануында MeO+CO=Me+CO2 (20)
Металдардың тотықсыздану ретімен оның толық жүруі келесілерге тәуелді болады: олардың оттекке калыптасу дәрежесіне, газ фазасының құрамына, яғни СО және СО2 – нің балқытудағы қатынастарына. Газ фазасының құрамы балқыту пешіне берілетін кокстың және фурмаға айдалатын ауаның мөлшерімен реттеледі.
Алынатын қара қорғасын басқа бірнеше металдарды ерітеді де, олар оның тазалығын төмендетеді. Қорғасын да, асыл металдар да толығымен еріп, бай құйма түзейді. Қорғасынның осындай қасиеті, өзіне балқу кезінде асыл металдарды (Аu және Ag) ерітіп алуын, зертханалық аспапты талдауды жүргізуде пайдаланады.