Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

gimrk_2014 пр

.doc
Скачиваний:
40
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
125.44 Кб
Скачать

«

Шөгінді қабаттан», «гранитті қабаттан» және «базальтты қабаттан» тұратын қатты жердің ең беткі тас қабаты қалай аталады?В) Жер қыртысы

ААААААААААААААА

Ақбастау, немесе Абыралы синклинорийі мына қатпарлы жүйелердің қайсысына тиесілі?В) Шыңғыс – Тарбағатай

Алтай-Саян қатпарлы облысы қандай қатпарлықпен сипатталады?В) Каледон қатпарлығымен

Антиклинорийлері өте енсіз болып келетін және қатты сығымдалған жаралымдардан тұратын (қатпар қанаттарының құлау бұрышы 70-90°-қа жетеді), ал синклинорийлеріндегі қатпар канаттарының еңістену (кұлау) бұрышы 30-60°-тан аспайтын қатпарлы жүйе мыналардың қайсысы?B) Шыңғыс — Тарбағатай қатпарлы жүйесі

Асмантай-Матай құмдары қайда орналасқан?C) Үстірт үстірті аумағында

Ауқымында антиклинорийлер де, синклинорийлер де алма-кезек ұшырасып отыратын кандай герциндік қатпарлы жүйе? A) Мұғалжар қатпарлы жүйесі

Ауқымында докембрийлік жаралымдар ашылмайтын, бірақ олардың бар екендігі геофизикалық зерттеулер нәтижесінде жобаланатын қандай герциндік қатпарлы жүйе?С) Жоңғар – Балқаш қатпарлы жүйесі

Ауқымында докембрийлік орталық массивтер мен шағын блоктар ұшыраспайтын қандай каледондық қатпарлы жүйе? В) Шыңғыс – Тарбағатай қатпарлы жүйесі

Ауқымында ірі-ірі орталық массивтер және шағын-шағын блоктар түріндегі докембрийлік жаралымдар ұшырасатын қандай каледондық қатпарлы жүйе?Е) Көкшетау – Солтүстік Тянь-Шань қатпарлы жүйесі

Ауқымында палеозойлық «эвгеосинклиндер» мен «миогеосинклиңдердің» екеуі де ұшырасатын кандай катпарлы жүйе?E) Көкшетау — Солтүстік Тянь-Шань қатпарлы жүйесі Ауқымында созылмалы белдемдер мен тасжақпарлы белдемдердің екеуі де ұшырасатын кандай герциндік қатпарлы жүйе?D) Зайсан қатпарлы жүйесі

Әйгілі Бетпақдала мына өңірлердің қайсысында орналасқан?B) Шу-Сарысу ойысының солтүстік-шығыс бөлігінде

ӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘӘ

Әлпі қатпарлығы қашан аяқталған?Е) Неоген дәуірінен басталып, қазір де жалғасуда

ББББББББББББББББ

Балқаш көлі мына өңірлердің қайсысында орналаскан?E) Қазақ ұсақшоқылы алабының оңтүстігінде

Балқаш көлін жиектейтін тегіс алаптардың абсолюттік биіктігі, м:A) 350-400

Балқаш-Алакөл ойысы мына өңірлердің қайсысына орналасқан?D) Жоңғар Алатауы мен Тарбағатай тауларының аралығына, Балқаш көлі шығысының оңтүстік−оңтүстік-шығысында

Балқаш-Ертіс суайырығының абсолюттік биіктігі, м:A) 1200

Барсакелмес және Ассақаудан ойпаттарының абсолюттік белгілері, м:В) 63-100 м аралығында

Барсуки (Борсыктар) құм-шағылдары мына өңірлердің кайсысында орналасқан?C) Арал маңы өңірінде

Батыс және орталық бөліктеріндегі құрылымдарды құрайтын кешендері алғашқы каледонидтерге (соңғы ордовикте тұрақтанған), шығыс бөлігіндегі жаралымдар соңғы каледонидтерге (соңғы силурда тұрақтанған) жатқызылған қандай каледондық қатпарлы жүйе? Е) Көкшетау – Солтүстік Тянь-Шань қатпарлы жүйесі

Бетпақдала бетінің орташа абсолюттік биіктігі, м: E) 60-80 м аралығыңда Таулы Маңғыстаудағы Бесшоқы тауының абсолюттік биіктігі, м:C) 556

Биіктіктің салыстырмалы ауытқу көрсеткіші 0-25 м аралығында ғана өзгеретін жербедер түрі қалай аталады?А) Жазықтар

Биіктіктің салыстырмалы ауытқу көрсеткіші 25-200 м аралығында ғана өзгеретін жербедер түрі қалай аталады?В) Жоталар

Бұрынғы тектоникалық тұрғыдан салғырт құрылымның (платформаның) тектоникалық белсенділікті иелене бастау сәтін белгілеп беретін геологиялық формация:Е) Рифтогендік формациялар

ГГГГГГГГГГГГГГГ

Герцин қатпарлығы қашан аяқталған?D) Палеозой эрасының аяғында (пермь кезеңінде)

Герциндік Жоңғар – Балқаш қатпарлы жүйесі республика аумағының қай аймағын қамтиды?Е) Орталық Қазақстанның оңтүстігінен Оңтүстік Қазақстанның солтүстігіне және солтүстік-шығысына дейінгі аралықты

Герциндік Зайсан қатпарлы жүйесі республика аумағының қай аймағын қамтиды?В) Шығыс Қазақстан өлкесін

Герциндік Мұғалжар қатпарлы жүйесі республика аумағының қай аймағын қамтиды?С) Ақтөбе, Қостанай облыстары аумағын

ЕЕЕЕЕЕЕЕЕ

Ертіс қатпарланған белдемі мына қатпарлы жүйелердің қайсысына тиесілі?D) Зайсан

ЖЖЖЖЖЖЖЖЖ

Жабылып келе жатқан мұхиттық құрылым жағалауларында қалыптасатын шеткі теңіздер түбінде мына геологиялық формацияның (лардың) қайсысы түзілуі мүмкін?А) Флишті формация

Жайылма мульдасының қорғасынды-мырышты-баритті кенорындары мыналардың қайсысы?Е) Жәйрем, Бестөбе кенорындары

Жайылма мульдасының темірлі-марганецті кенорындары мыналардың қайсысы?D) Қаражал, Үшқатын кенорындары

Жалпылама ұзындығы 84000 км, бүкіл планетаны белдеулейтін, оң мағыналы жербедермен сипатталатын жалпыпланеталық суасты құрылым: С) Орталық мұхиттық жоталар

Жер бетіне шығып жатқан таужыныстардың экзогендік күштер әсерінен үгіліп бөлшектенуі нәтижесінде босаңсыған таужыныс түйірлері мен кесектерінің көтеріңкі өңірлерден ойыс өңірлерге қарай қоныс аударуымен сипатталатын геологиялық процесс қалай аталады?D) Тасымалдану

Жер бетіне шығып жатқан таужыныстардың экзогендік күштер әсерінен үгіліп бөлшектенуімен (босаңсуымен) сипатталатын геологиялық процесс қалай аталады?Е) Морылу (выветривание)

Жер бетіне шығып жатқан таужыныстардың экзогендік күштер әсерінен мұжылып «тозуымен», сөйтіп бірте-бірте аласаруымен сипатталатын геологиялық процесс қалай аталады?В) Денудация

Жер қойнауларынан табылған, өнеркәсіптік пайдалануға жарамды, геологиялық зерттеулер мен геологиялық барлау нәтижесінде сапалық және мөлшерлік тұрғыдан бағаланған пайдалы қазба жиынтықтары: D) Минералдық ресурстар

Жер қойнауына шоғырланған, материалдық өндіріске пайдалануға жарамды минералдық заттар дегеніміз:A) Пайдалы қазбалар

Жер қойнауынан өндіріліп алынатын, шаруашылықта қолдануға қажетті дәрежеде алғашқы өңдеуден өткізілетін пайдалы қазба:С) Минералдық шикізат

Жер қыртысы құрылымдық элементтерінің иерархиялық бағыныштылығы тізбегінде бірінші дәрежелі құрылымдық элемент мыналардың қайсысы? А) Континенттік қыртыс

Жер қыртысы құрылымдық элементтерінің иерархиялық бағыныштылығы тізбегінде екінші дәрежелі құрылымдық элемент мыналардың қайсысы? Е) Қатпарлы белдеу

Жер қыртысы құрылымдық элементтерінің иерархиялық бағыныштылығы тізбегінде үшінші дәрежелі құрылымдық элемент мыналардың қайсысы? С) Қатпарлы облыс

Жер қыртысы құрылымдық элементтерінің иерархиялық бағыныштылығы тізбегінде төртінші дәрежелі құрылымдық элемент мыналардың қайсысы? D) Қатпарлы жүйе

Жер қыртысы құрылымдық элементтерінің иерархиялық бағыныштылығы тізбегінде бесінші дәрежелі құрылымдық элемент мыналардың қайсысы? В) Құрылымдық-формациялық белдем

Жер қыртысына тән нақтылы өңірді құрайтын таужыныстардың деформацияға ұшырау ерекшеліктерімен және өзіндік даму тарихымен сипатталатын геологиялық процесс қалай аталады?А) Тектогенез

Жер қыртысына тиесілі құрылымдардың мейілінше салғырт қозғалыстармен ғана сипатталуымен ерекшеленетін қандай тектоникалық режим?D) Платформалық режим

Жер қыртысына тиесілі таужыныстардың өте қарқынды қатпарпалануымен, соның нәтижесінде тау жүйелері мен белдеулері қалыптасуымен сипатталатын қандай тектоникалық режим?А) Орогендік режим

Жер қыртысының қимасына тиесілі үш түрлі қабаттың үшеуі де болатындығымен сипатталатын жалпыпланеталық құрылым:D) Континент

Жер қыртысының қозғалмалы (геосинклиндік) аймағының платформалық аймаққа ауысу уақыты тұрғысынан тектоникалық аудандастыру принципі неге негізделген?Е) Қатпарланудың ақырғы фазасының уақытын анықтауға

Жер қыртысының өте қарқынды қозғалыстарымен, соның нәтижесінде таужыныс қабаттары түзілуімен және олардың жаппай деформацияға ұшырауымен сипатталатын қандай тектоникалық режим?С) Геосинклиндік режим

Жердің бетінде немесе оның қойнауында орналасқан, өзінің мөлшері, сапасы және орналасу жағдайы тұрғысынан өнеркәсіптік игеруге жарамды минералдық заттар шоғыры: В) Кенорын

Жоңғар – Балқаш қатпарлы жүйесі қандай қатпарлық нәтижесінде қалыптасқан?А) Герциндік

Жоңғар – Балқаш қатпарлы жүйесі мына қатпарлы облыстардың қайсысына жатады?А) Қазақ қатпарлы облысы

Жоңғар – Балқаш қатпарлы жүйесіне тиесілі мына белдемдердің қайсысының төменгі палезойлық таужыныстар қимасы офиолитті формациялардан (спилит-диабаз-яшмалы формациядан) тұрады (қазық свитасы; қарамұрын свитасы т.с.с.)? А) Тектұрмас және Итмұрынды-Түлкілі белдемдері

Жоңғар – Балқаш қатпарлы жүйесінің ауқымындағы көнелігі пермь кезеңіне сәйкес келетін граниттер мен гранодиориттердің мейілінше кең тараған және ірі-ірі интрузиялық массивтері мына кешендердің қайсысына тиесілі? С) Ақшатау, қойтас, алтынемел кешендеріне

Жоңғар – Балқаш қатпарлы жүйесінің ауқымындағы соңғы ордовик дәуірінде кіріккен плагиогранит-гранодиорит-диорит интрузиялық массивтері мына кешендердің қайсысына тиесілі? В) Ақжал және мыңшұңқыр кешендеріне

Жоңғар — Балқаш қатпарлы жүйесінің Солтүстік Балқаш өңірінің ірі-ірі мысты-молибденді кенорны (дары):C) Саяқ рудалы алабы

Жоңғар – Балқаш қатпарлы жүйесінің Тектұрмас және Итмұрынды офиолитті белдемдерін белгілейтін ордовиктік ультрамафит кешендері (серпентинит массивтері) мыналардың қайсысы?А) Тесіктас, түлкілі т.с.с. кешендер

Жоңғар Алатауының ең биік нуктесінің абсолюттік биіктігі, м:E) 4464

Жоңғар-Балқаш қатпарлы жүйесі ауқымында, Балқаш көлінің солтүстік жағалауыңда орналасқан жадеит кенорны (дары):A) Итмұрынды

Жоталы-таулы өңірлердің ең биік нүктелерін жалғайтын шартты сызық қалай аталады?Е) Суайырық

ЗЗЗЗЗЗЗЗЗЗЗЗЗЗЗЗ

Зайсан қатпарлы жүйесі қандай қатпарлық нәтижесінде қалыптасқан?А) Герциндік

Зайсан қатпарлы жүйесі қандай қатпарлықпен сипатталады?C) Герцин қатпарлығымен

Зайсан қатпарлы жүйесі өзінің платформалық тысы ретінде мына түзілімдер кешенінің қайсысын біріктіреді?С) MZ+KZ

Зайсан қатпарлы жүйесіне тиесілі Кенді Алтай өңіріңде кешенді рудалармен сипатталатын әйгілі кенорын(дар) мыналардың қайсысы?B) Лениногор, Зырян

Зайсан қатпарлы жүйесінің ауқымындағы пермь кезеңінде кіріккен граносиениттер мен аляскитті граниттердің шағын-шағын интрузиялық массивтері мына кешендердің қайсысына тиесілі? D) Лениногор кешеніне

Зайсан ойпаты мына өңірлердің қайсысында орналасқан?B) Кенді Алтай таулары мен Шыңғыс-Тарбағатай жоталарының аралығына

КККККККККККК

Каледон қатпарлығы қашан аяқталған?C) Палеозой эрасының бірінші жартысында (силур, девон кезеңдерінде)

Каледондық Көкшетау – Солтүстік Тянь-Шань қатпарлы жүйесі республика аумағының қай аймағын қамтиды?D) Солтүстік Қазақстаннан Оңтүстік Қазақстанға дейінгі аралықты

Каледондық Шыңғыс – Тарбағатай қатпарлы жүйесі республика аумағының қай аймағын қамтиды?А) Орталық Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығыс бөлігі мен бұрынғы Семей облысы аймағын

Каспий маңы ойпатының абсолюттік тереңдігі, м:D) -27

Каспий маңы синеклизасы қандай қатпарлық нәтижесінде қалыптасқан?С) Карелиялық

Каспий маңы синеклизасы өзінің платформалық тысы ретінде мына түзілімдер кешенінің кайсысын біріктіреді?B) R+PZ+MZ+KZ

Каспий маңы синеклизасындағы Орталық Каспий маңы депрессиясы ауқымында кристалдық іргетас қандай тереңдікте орналасқан? С) 18-23 км

Каспий маңы синеклизасындағы Орталық Каспий маңы депрессиясы ауқымындағы Хобда және Аралсор көтерілімдерінің кристалдық іргетас кешені қандай тереңдікте орналасқан? Е) 18-20 км

Каспий маңы синеклизасындағы тұзасты кешенінің беті кейбір ернеулік белдемдерде терең ұңғымалар көмегімен қандай тереңдікте аршылған? В) 5000 м

Каспий маңы синеклизасындағы тұзасты кешенінің жоғарғы құрылымдық қабаты геологиялық көнелігі (жасы) тұрғысынан қандай түзілімдерден құралған? А) Ортаңғы девонның эйфель жікқабатынан төменгі пермнің артин жікқабатына дейінгі түзілімдерден

Каспий маңы синеклизасындағы тұзасты кешенінің төменгі құрылымдық қабаты геологиялық көнелігі (жасы) тұрғысынан қандай түзілімдерден құралған? Е) Рифейден ортаңғы девонның эйфель жікқабатына дейінгі түзілімдерден

Каспий маңы синеклизасындағы тұзды кешені геологиялық көнелігі (жасы) тұрғысынан қандай түзілімдерден құралған? В) Төменгі пермнің кунгур жікқабатына тиесілі түзілімдерден

Каспий маңы синеклизасындағы тұзүсті кешені геологиялық көнелігі (жасы) тұрғысынан қандай түзілімдерден құралған? С) Жоғарғы пермь түзілімдерінен неоген түзілімдеріне дейінгі шөгінділер жиынтығынан

Каспий маңы синеклизасының ернеулік құрылымдары ауқымында кристалдық іргетас қандай тереңдікте орналасқан? А) 5-15 км

Каспий маңы синеклизасының мұнай және газ кенорындары жер қыртысы қимасының қандай деңгей(лер)інде шоғырланған?Е) Тұзасты және тұзүсті кешендерінде

Каспий маңы синклизасының солтүстігіндегі газды-конденсатты кенорын:C) Қарашығанақ

Каспий теңізі қайраңынан жаңадан ашылған көмірсутек кенорыны:E) Қашаған

Кембрий кезеңінде кіріккен Златогорск, Красномай сияқты қат-қабатталған перидодит-габбро-норитті немесе сілтілі-ультрамафитті ірі-ірі интрузиялық массивтер қандай қатпарлы жүйеге тиесілі? А) Көкшетау – Солтүстік Тянь-Шань қатпарлы жүйесіне

Кенді Алтайдың құрылымдық-формациялық белдемдері мына қатпарлы облыстардың қайсысына жатады?С) Обь – Зайсан қатпарлы облысы

Кіші Қаратау жоталарының фосфорит кендерін кіріктіретін кембрийлік доломиттері мен кремнийлі түзілімдері мына сериялар мен свиталардың қайсысына топтастырылған?D) Шолақтау свитасына

Кіші Қаратау жоталарының фосфорит кенорыны (дары) мыналардың қайсысы?Е) Жаңатас, Шолақтау, Көксу кенорындары

Континенттік құрылымның қалыптасуын мұхиттық құрылымдардың дамуымен байланыстыра отырып аудандастырылу принцип неге негізделген?А) Мұхиттық қыртыстың континеттік қыртысқа ауысу уақытын анықтауға

Көкшетау – Солтүстік Тянь-Шань қатпарлы жүйесі қандай қатпарлық нәтижесінде қалыптасқан?В) Каледондық

Көкшетау – Солтүстік Тянь-Шань қатпарлы жүйесіне тиесілі құрылымдарда қарқынды қатпарланған кристалдық іргетас рөлін мына стратиграфиялық деігейлердің қайсысы атқарады?А) Негізінен төменгі палеозой жаралымдары

Көкшетау – Солтүстік Тянь-Шань қатпарлы жүйесіне тиесілі құрылымдардың стратиграфиялық бағанасында жиі-жиі «түсіп қалатын» (ұшыраспайтын) стратиграфиялық деңгей мыналардың қайсысы? В) Негізінен силур түзілімдері

Көкшетау – Солтүстік Тянь-Шань қатпарлы жүйесіне тиесілі құрылымдарда негізінен моласс формацияларын (орогендік яки таужаралу процесін) белгілейтін мына стратиграфиялық деңгейлердің қайсысы?С) Негізінен девон түзілімдері

Көкшетау өңіріндегі техникалық алмастың өте ірі кенорны Құмкөл қандай стратиграфиялық деңгейдегі таужыныстарға шоғырланған?A) Архей-протерозой жаралымдарына.

Көкшетау – Солтүстік Тянь-Шань қатпарлы жүйесіне тиесілі құрылымдардың платформалық даму сатысын белгілейтін мына стратиграфиялық деңгейлердің қайсысы? D) Негізінен карбон-пермь түзілімдері

Көкшетау – Солтүстік Тянь-Шань қатпарлы жүйесінің ауқымындағы ордовиктің аяғында-силурдың басында кіріккен граниттер мен диориттердің ірі-ірі интрузиялық массивтері мына кешендердің қайсысына тиесілі? Е) Зеренді және қырыққұдық кешендеріне

Көкшетау және Ұлытау-Қарсақпай орталық массивтері өздерінің платформалық тысы ретінде мына түзілімдер кешенінің қайсысын біріктіреді?E) Бұл өңірде платформалық тыс жоқ

Көкшетау орталық массиві қандай қатпарлық нәтижесінде қалыптасқан?D) Байкалдық

Көкшетау өңіріндегі ірі алтын кенорыны (дары):Е) Васильковка кенорны

Көкшетау өңірінің техникалық алмас кенорыны (дары) мыналардың қайсысы?В) Құмдыкөл, Шалқар кенорындары

Көкшетау-Тянь-Шань қатпарлы жүйесі ауқымына кіретін (Кіші Қаратау өңірі) әйгілі фосфорит кенорындары (Жаңатас, Көксу, Шолақтау) қандай стратиграфиялық деңгейге шоғырланған?B) Кембрий түзілімдеріне

Көкшетау-Тянь-Шань қатпарлы жүйесі ауқымына кіретін (Үлкен Қаратау өңірі) ванадий кенорындары (Баласауысқандық, Қорымсақ, Жабағылы) қандай стратиграфиялық деңгейге шоғырланған?B) Кембрий түзілімдеріне

Көкшетау-Тянь-Шань қатпарлы жүйесі ауқымына кіретін әйгілі Жезқазған кенорнының мысты құмтастары қандай стратиграфиялық деңгейге шоғырланған?D) Карбон түзілімдеріне

Көкшетау–Тянь-Шань қатпарлы жүйесі ауқымына кіретін әйгілі Қарағанды және Екібастұз кенорындары көмірлі қабаттары қандай стратиграфиялық деңгейге шоғырланған?.D) Карбон түзілімдеріне.

Көкшетау–Тянь-Шань қатпарлы жүйесіне тиесілі металлогениялық дәуірлер нешеге жіктеледі? E) Алтыға

Көне мұхиттық қыртыстың континенттік қыртысқа ауысу процесін белгілейтін мына геологиялық формациялардың қайсысы?D) Аралдоғалық формациялар

Көнелігі кембрийге немесе ордовикке сәйкес келетін ультрамафит-мафит интрузияларының шағын-шағын массивтері офиолитті белдемдер бойында тізбектеле орналасуымен сипатталатын көрініс мына құрылымдардың қайсысына тиесілі? D) Шыңғыс – Тарбағатай қатпарлы жүйесіне

Күнгей Алатаудың Кетпен жотасының ең биік нүктесінің абсолюттік биіктігі, м:D) 3638

ҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚ

Қазақстан аумағында жалғыз ғана Холзун-Шу құрылымдық-формациялық, белдемі түрінде көрініс беретін каледондық қатпарлы құрылым:B) Алтай — Саян қатпарлы облысы

Қазақстан аумағында неше герциндік қатпарлы жүйе бар?В) Үш

Қазақстан аумағында неше каледондық қатпарлы жүйе бар?В) Үш

Қазақстан аумағында неше қатпарлы облыс бар?С) Төрт

Қазақстан аумағындағы герциндік қатпарлық өңірлері:C) Жоңғар-Балқаш қатпарлы жүйесі

Қазақстан аумағындағы әлпілік қатпарлық өңірлері:А) Республика аумағының оңтүстігіндегі таулы аймақтар

Қазақстан аумағындағы каледондық қатпарлық өңірлері:D) Көкшетау–Солтүстік-Тянь-Шань қатпарлы жүйесі

Қазақстан аумағындағы эпигерциндік платформаның құрамдас бөлігі:E) Қазақ қалқаны

Қазақстан геологиясы ғылымы мен өндірісінің даму тарихын неше сатыға жіктеуге болады?D) 5

Қазақстанда боксит рудаларының неше кенорнының қоры балансқа тіркелген?D) 50-ден астам кенорынның

Қазақстанда вольфрам рудаларының неше кенорнының қоры балансқа тіркелген?А) 16 кенорынның

Қазақстанда мырыш пен қорғасын рудаларының неше кенорнының қоры балансқа тіркелген?Е) 58 кенорынның

Қазақстанда мыс рудаларының неше кенорнының қоры балансқа тіркелген?С) 30 кенорынның

Қазақстанда темір рудаларының неше кенорнының қоры балансқа тіркелген?В) 17 кенорынның

Қазақстандағы ең ірі газ-конденсат кенорны мыналардың қайсысы? С) Қарашығанақ

Қазақстандағы ең ірі марганец кенорны мыналардың қайсысы? В) Батыс Қаражал

Қазақстандағы ең ірі мұнай кенорны мыналардың қайсысы? А) Қашаған

Қазақстандағы ең ірі мыс кенорны мыналардың қайсысы? D) Жезқазған

Қазақстандағы ең ірі хром кенорны мыналардың қайсысы? Е) Кемпірсай

Қазақстандағы эпигерциндік платформаның алғашқы даму сатысы қандай геологиялық уақыт аралығын камтыған?E) Триас — юра кезеңдерінің аралығын

Қазақстандағы эпигерциндік платформаның екінші даму сатысы қандай геологиялық уақыт аралығын қамтыған?C) Бор — палеоген кезеңдерінің аралығын

Қазақстандағы эпигерциндік платформаның үшінші даму сатысы қандай геологиялық уақыт аралығын қамтыған?A) Палеоген кезеңінің аяғынан бастап неоген-төрттік кезеңдерге дейінгі аралықты

Қазақстанның аты әлемге әйгілі мысты құмтастар кенорындары қайда орналасқан?D) Жезқазған рудалы ауданында

Қазақстанның ең ірі де сапалы тас көмір кенорындары қайда орналасқан?Е) Қарағанды алабында

Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы орогендік белдеудің қалыптаса бастауы кандай геологиялық уақыт аралығын қамтыған?B) Неоген-төрттік кезеңдерді

Қалба-Нарым мегасинклинорийі мына қатпарлы жүйелердің қайсысына тиесілі?D) Зайсан

Қарақия ойысының абсолюттік тереңдігі, м:C) -132

Қатпарлану уақыты архей мен протерозой эондарының шекарасына (шамамен 2,5 млрд жыл бұрын) сәйкес келетін қатпарлық:В) Беломор қатпарлығы

Қатпарлану уақыты негізінен алғашқы палеозойға сәйкес келетін (кембрий, ордовик, ішінара силур) қатпарлық:D) Каледон қатпарлығы

Қатпарлану уақыты негізінен протерозой эонының аяғына (650-540 млн жыл бұрын) сәйкес келетін қатпарлық:Е) Байкал қатпарлығы

Қатпарлану уақыты негізінен соңғы палеозойға (карбон, пермь кезеңдеріне) сәйкес келетін қатпарлық:А) Герцин қатпарлығы

Қатпарлану уақыты протерозой эонының орта шеніне (1,9-1,6 млрд жыл бұрын) сәйкес келетін қатпарлық:С) Карелия қатпарлығы

Қатпарлар жүйесінің көтерілуі нәтижесінде қоршаған құрылымдармен салыстырғанда көнелеу таужыныстардан құралған, құрылысы өте күрделі ауқымды (ұзындығы жүздеген км) құрылым:С) Антиклинорий

Қатпарлы құрылымның белсенді жағдайдан платформалық жағдайға өткендігін мына геологиялық формациялардың қайсысы сипаттайды?D) Көміркіріктіруші формация

Қозғалмалы аймақтың (геосинклиндік жүйенің) жоғары көтерілуімен яки мүхиттың жабылуымен анықталатын құрылым дамуының инверсиялық сатысын мына геологиялық формациялардың қайсысы сипаттайды?A) Аралдоғалық формация

Қозғалмалы аймақтың (геосинклиндік жүйенің) одан әрі көтеріле отырып тау жүйелеріне айналу сатысын (орогендік сатыны) мына геологиялық формациялардың қайсысы сипаттайды?В) Моласса формациясы

Қозғалмалы аймақтың (геосинклиндік жүйенің) ойысуы (жыртылуы) нәтижесінде қалыптасқан мұхиттық қыртысты мына геологиялық формациялардың қайсысы сипаттайды?C) Офиолиттік формация

Құрылым ауқымында көне кезеңдерде мұхиттық қыртыс болғандығын дәлелдейтін мына геологиялық формациялардың қайсысы?В) Офиолитті формация

Құрылымның пландық ерекшеліктерін, геологиялық формациялардың құрамын және қалыңдығын анықтау арқылы тектоникалық аудандастыру принципі неге негізделген?С) Қатпарлы кешендерді даралауға

Құрылысы өте күрделі, сан алуан қатпарлар бірлестігін құрайтын, өзін жиектейтін құрылымдармен салыстырғанда жастау таужыныстардан құралған ауқымды құрылым (ұзындығы жүздеген км):А) Синклинорий

Қызылқұм мына өңірлердің кайсысында орналасқан?D) Үлкен Қаратау жоталарының оңтүстік-батыс қапталында

ЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛ

Литосфералық тақталардың бір-бірінен ажырау шекарасы: В) Дивергенттік шекара

Литосфералық тақталардың бір-бірінен соқтығысу шекарасы: С) Конвергенттік шекара

ММММММММММММММММ

Маңғыстаудағы Қаражырық қазаншұңқырының абсолюттік белгісі, м: D) 70

Марганец рудаларының қоры жағынан Қазақстан дүние жүзінде нешінші орынды иеленеді?С) 3-ші орынды

Мірғалымсай, Ащысай, Түйесай баритті-қорғасынды-мырышты кенорындар қайда орналасқан?А) Үлкен Қаратау жоталарында

Мойынқұм шағылдары мына өңірлердің кайсысында орналасқан?E) Шу-Сарысу ойысы ауқымында

Молибден рудаларының қоры жағынан Қазақстан дүние жүзінде нешінші орынды иеленеді?D) 4-ші орынды

Мүғалжар қатпарлы жүйесіне тиесілі Сақмар белдемінің ортаңғы девон дәуірінде кіріккен габбро-эссексит массивтері қандай интрузиялық кешенге жатады?C) Велихов кешеніне

Мүлдем деформацияланбаған немесе азын-аулақ дәрежеде еңістенген қатқабаттармен көмкеріліп қалған платформалық құрылым қалай аталады? С) Тақта (плита)

Мұғалжар жоталары (Орал қатпарлы жүйесінің оңтүстік жалғасы) меридиан бағытта созыла сағаланатын 7 белдемді біріктіреді; батыстағы Зілайыр белдемін бірінші құрылым, ал шығыстағы Орал арты белдемін жетінші құрылым деп алсақ, Ырғыз синклинорийі нешінші?E) Алтыншы

Мұғалжар жоталары (Орал қатпарлы жүйесінің оңтүстік жалғасы) меридиан бағытта созыла сағаланатын 7 белдемді біріктіреді; батыстағы Зілайыр белдемін бірінші құрылым, ал шығыстағы Орал арты белдемін жетінші құрылым деп алсақ, Сақмар синклинорийі нешінші?A) Екінші

Мұғалжар жоталары (Орал қатпарлы жүйесінің оңтүстік жалғасы) меридиан бағытта созыла сағаланатын 7 белдемді біріктіреді; батыстағы Зілайыр белдемін бірінші құрылым, ал шығыстағы Орал арты белдемін жетінші құрылым деп алсақ, Шығыс Мұғалжар антиклинорийі нешінші?D) Бесінші

Мұғалжар жоталары (Орал қатпарлы жүйесінің оңтүстік жалғасы) меридиан бағытта созыла сағаланатын 7 белдемді біріктіреді; батыстағы Зілайыр белдемін бірінші құрылым, ал шығыстағы Орал арты белдемін жетінші құрылым деп алсақ, Ор-Елек (Оралтау) антиклинорийі нешінші?B) Үшінші

Мұғалжар жоталары (Орал қатпарлы жүйесінің оңтүстік жалғасы) меридиан бағытта созыла сағаланатын 7 беддемді біріктіреді; батыстағы Зілайыр белдемін бірінші құрылым, ал шығыстағы Орал арты белдемін жетінші құрылым деп алсақ, Жасылтасты синклинорий (Тагиль-Магнитогорск синклинорийі) нешінші?C) Төртінші

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]