Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
swd.docx
Скачиваний:
25
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
75.58 Кб
Скачать

Стратосфера

  Негізгі мәтін: Стратосфера     тропосфераның үстінен 80 км-ге дейінгі биіктікте орналасқан атмосфера қабаты. Бұл қабат бүкіл атмосфера салмағының 20%-ын құрайды. Мұнда күннің ультрафиолетті сәулеленуін күшті сіңіретін озон қабатының болуына байланысты жоғарыдан келетін температураның төмендеуі тоқталады. 30 км биіктік шамасына дейін температура өзгермей 50° шамасында сақталып тұрады, ал одан әрі қарай биіктікте біртіндеп жоғарылай отырып, 60 км биіктікке барғанда тіпті 75°-қа дейін артады. Статосферада су буы және бұлт атаулы мүлдем дерлік болмайды. 1951 жылы халықаралық келісім бойынша стратосфера деп тек 40 км биіктікке дейінгі қабатты атап, ал 40-тан 80 км-ге дейінгі қабатты мезосфера (орта қабат) деп атау керектігі келісілді.

Мезосфера

  Негізгі мәтін: Мезосфера    Мезосфера (грек. mesos — ортаңғы және sphaіra — шар) — атмосфераның 50 — 80 километр биіктіктегі ортаңғы қабаты. Стратосфера (мезосфера асты) мен ионосфера (мезосфера үсті) қабаттарының аралығында. Мезосферада жоғарылаған сайын температура төмендей береді: 50 километр биіктікте 70°С шамасында.[5][6]

Пайдаланған әдебиет

  1. Мұнай және газ геологиясы терминдерінің, орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Казакстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов. — А.: АРНGroup, 2000. — 328 бет.

  2. География: Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмөжінова, т.б. — Өңд., толықт. 2-бас. — Алматы: Мектеп, 2010. — 304 б., сур.ISBN 978-601-293-170-9

  3. Source for figures: Carbon dioxide, NOAA Earth System Research Laboratory, (updated 2010.06). Methane, IPCC TAR table 6.1, (updated to 1998). The NASA total was 17 ppmv over 100%, and CO2 was increased here by 15 ppmv. To normalize, N2 should be reduced by about 25 ppmv and O2 by about 7 ppmv.

  4. Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.

  5. Сәтімбеков Р. Биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған окулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-175-4

  6. Биология: Жалпы білім беретін мектептің, 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген/ М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. - Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-927-4

Атмосфера шебі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Атмосфера шебі немесе Атмосфера фронты — атмосферадағы өтпелі белдем немесе екі ауа массасының (шартты түрде) арасындағы жігі, әр түрлі ауа массаларының шектесу полюстері мен бөліну зоналары. А. ш. белдемінің көлденең бағыттағы ені бірнеше ондаған км-ге, тік бағыттағы қалыңд. бірнеше жүз м-ге дейін жетеді. Тропосферада А. ш. жаңадан пайда болып, ауысып және жойылып отырады. Шеп белдемінде темп-ра т.б. метеорол. өлшемдердің көлденең градиенттері шұғыл өседі. Басқаша айтқанда, шеп белдемінде бір ауа массасынан екінші ауа массасына өтер кезде бұл өлшемдер секірмелі түрде өзгеріске ұшырайды. Егер жылы ауа салқын ауа жағына қарай ауысса, күн жылынады. Мұндай А. ш-н жылы шеп дейді. Жылы шептер өткенде оның үстінде жүздеген шақырымға жететін жауын бұлты пайда болып, жауын-шашын жауады. Ал салқын ауа массасы жылы ауаны ығыстырып, ілгерілегенде, шеп өтетін жердің ауа райы салқындайды. Сондықтан оны салқын шеп деп атайды. Қазақстан жеріне жеткенде жылы ауаны ығыстырып жоғары көтеріледі, соның нәтижесінде жел соғып, найзағай жарқылдайды. Жолында кедергі жасайтын таулар болмағандықтан, Солтүстік Мұзды мұхит үстінде қалыптасқан арктикалық шеп оңтүстікке қарай ауыса отырып, биік тауларға жетіп тоқтайды.

Ауа фронты зонасында суық ауа жылы ауаның астына ұзындығы бірнеше мың километрдей, ал көлденеңі бірнеше ондаған километрдей қуалай еніп температураны, желді, ылғалдықты, тағы басқа ауа райы элементтерін тіке өзгертеді. Жылы ауа мен суық ауаның шекарасында атмосфера фронтын бойлай циклондар түзімен олардың ағыны пайда болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]