- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
- •1 «Электр жетектерді басқару жүйелері» пәнінің мақсаты мен міндеттері
- •2 Курстың мазмұны
- •2.1 Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •3 Практикалық (семинарлық) сабақтардың тақырыптық жоспары
- •4 Зертханалық сабақтардың тақырыптық жоспары
- •5 Студенттің өзіндік жұмыстарының тапсырмасы
- •6 Тапсырмаларды орындау мен тапсыру кестесі
- •5. Тапсырмалардың саны кредиттердің санына байланысты.
- •7 Ұсынылған әдебиттер тізімі:
2 Курстың мазмұны
2.1 Дәрістердің тақырыптық жоспары
Модуль1. Үздіксіз әрекетті механизмдерің электр жетектерінің жалпы мәселелері
1 лекция. КіріспеТехнологиялық, көтеру-тасымал машиналары және басқалары. Механизм машиналардың қүрамдас бөлігі ретінде. Механизмдерді электр жетегінің жүйесінің принциптік шешімін таңдап алуды анықтайтын белгілері бойынша, басқару жүйесін таңдап алуды анықтайтын белгілері бойынша және нақтылы электр жетегі жүйелерінің ерекшеліктерін анықтайтын белгілері бойынша жіктеу. Типтік механизмдер. Автоматтандырылған электр жетегінің осы заманғы жоғары өнімділікті және дәлдікті машиналарды, кешенді технологиялық қондырғыларды, өндірістік роботтарды жасаудағы ролі.
2 лекция. Электр жетегі жүйелерінің қазіргі күйі және даму болашағы, жаңа элементтік базаның қолданылуы, есептеуіш, басқарғыш жүйелердің және микропроцессорлық техниканың өндірісті автоматтандыруды ары карай дамытудағы рөлі. Үздіксіз әрекетті механизмдердің электр жетектерінің жалпы мәселелері Түракты жүктемелі үздіксіз әрекетті механизмдердің электр жетектері. Үздіксіз әрекетті механизмдер мен осы сияқты машиналардың электр жетектері жүйелеріне қойылатын талаптар.
3 лекция. Конвейердің, эскалатордың, түткіш (тарауыш) және баска да машиналардың жүктемелерін есептеу және оларға талдау жасау. Қозғалтқыштардың қуатын есептеу және электр жетегінің түрін анықтау. Конвейерлер, эскалаторлар, түткіш машиналардың электр жетектеріне қатысты қабылданған типтік шешімдер жүйесіне талдау жасау.
4 лекция. Осы машиналардың статикалық және динамикалық режимдеріне кинематикалық тізбектің, тартпа органдардың, өңделетін материалдың икемділігінің ықпалы. Жетектердің көп қозғалтқышты жүйелерін қолдану. Шоғырланған жүктемелі механизмдердің электр жетектері Қозғалтқыштың қуатын есептеу және оны таңдап алу. Жылдамдықты электр механикалық реттеу, жылдамдықты жүктеме қуаты түрақты болған кезде кең ауқымда реттеу.
5 лекция. Электр жетегі жүйесіне, мысалы, ауыр токарлық станокқа, талдау жасау: принциптік және қүрылымдық схемалары, статикасы мен динамикасы. Ауыр карусель станогы үшін жылдамдығы қиыстыра реттелетін автоматтандырылған электр жетегін мысалға келтіру. Жылдамдығын жоғары дәлдікпен реттеуді қажет ететін электр жетектерінің ерекшеліктері. Электр жетектерінің жүмысының жоғары энергетикалык көрсеткіштерін қамтамасыз ету мәселелері. Әртүрлі жүйелерді техника-экономикалық салыстыру.
6 лекция. Жүктеме иінкүші (моменті) жылдамдыққа тәуелді болып келетін үздіксіз әрекетті механизмдердің электр жетектері Жүктеме иінкүші жылдамдыкка тәуелді болып келетін үздіксіз әрекетті механизмдерді мысалға келтіру: ортадан тепкіш желдеткіштер мен сорғылар (насостар), . түтін сорғыштар, компрессорлар (сығымдағыштар), центри- фугалар.
7 лекция. Осы ,топтың механизмдерінің электр жетектеріне қойылатын негізгі талаптар. Статикалык жүктемеге талдау жасау. Қозғалткыштардың қуатын есептеу және' оларды таңдап алу. Бір орталықтан тепкіш механизмдердің өнімділігін реттеу тәсілдері, олардың экономикалық көрсеткіштері. Осы механизмдердің электр жетектерін сырғу энергиясын шығындай отырыл (пайдаланбай) колдану мүмкіндіктері.
Модуль 2. Циклдік әрекеті механизмдердің электр жетегінің жалпы мәселелері
8 лекция. Сырғу энергиясын пайдаға асыратын бір орталыктан тепкіш механизмдердің электр жетектері. Электр жетектерінің әртүрлі жүйелерін техника-экономикалык салыстыру, электр жетегі жүйесін таңдап алу. Жүктемесі уакытқа тәуелді болып келетін үздіксіз • әрекетті механизмдердің электр жетектері Айнымалы аныкталған (детерминделген) жүктемелі үздіксіз әрекетті механизмдерді мысалға келтіру: поршенді компрессорлар (сығымдағыштар), токыма станоктар, престің механизмі және басқалар.
9 лекция. Айнымалы жүктемелі электр жетектері козғалткыштарының жүктемелік диаграммалары, оларды түрғызу, мысалы, компрессордың, престің, кайшының диаграммаларын түрғызу. Қозғалткыштардың қуатын есептеу және оларды таңдап алу. Кездейсоқ жүктемелі үздіксіз әрекетті механизмдердің мысалдары: шарлы диірмендер, тас үсақтағыштар, бүрғылау қондырғылары, ауыл шаруащылығы бастырғыштары (молотилкалары) және басқалар. Шарлы диірмендерге арналған жиіліктік баскарылатын редукторсыз айнымалы ток электр жетегі.
10 лекция. Циклдік әрекетті механизмдердің электр жетегінің жалпы мәселелері Реактивті жүктемелі циклдік әрекетті механизмдердің электр жетегі. Реактивті жүктемелі механизмдердің мысалдары: прокат станының бастырма біліктерін жетектеуші механизм, қыспақ механизмдер, сүргілеуіш станогының негізгі жетегінің механизмі және басқалар. Жүктемелерін есептеу және оларға талдау жасау, қозғалткыштарын таңдап алу. Ұзыннан - сүргілеуіш станоктардың механизмдерінің электр жетектеріне койылатын талаптар. Ауыр үзыннан - сүргілеуіш станоктардың негізгі қозғалысымен беруші механизмінін электр жетегінің типтік жүйелеріне талдау жасау. Осы электр жетектерінің ерекшеліктері.
11 лекция. Прокат стандары механизмдерінің электр жетектеріне қойылатын техникалық талаптар. Прокат стандары электр жетектерінің өзіндік ерекшеліктері. Жүктемелерін есептеу, блюмингтің негізгі жетегінің жүктемелік диаграммасын түрғызу әдістемесі. Жүмыстық бастырма біліктердің электр жетегі жүйелерін ГҚ және ТТ-Қ тиристорлы түрлендіргіш-қозғалтқыш жүйелері бойынша талдау жасау. Прокат стандары электр жетектерін баскару жүйелерінде микропроцессорлық техниканы қолданудың ерекшеліктері.
12 лекция. Инерция иінкүші үлкен циклдік әрекетті механизмдердін электр жетектерінің өзіндік ерекшеліктері. Электр жетегінің көп қозғалтқышты жүйелерін колдану мәселелері. Көп қозғалтқышты электр жетегінің типтік механикалық және электромеханикалық схемалары. Активті жүктемелі циклдік әрекетті механизмдердің электр жетектері Активті жүктемелі механизмдердің мысалдары: көтеру – тасымал машиналарының, экскаваторлардың және басқалардыц механизмдері, статикалык жүктемелеріне талдау жасау және есептеу, қозғалтқыштарын және электр жетегінің типін таңдап алу ерекшеліктері.
13 лекция. Көтергіш крандардың негізгі механизмдерінің электр жетектері. Бір шөмішті экскаваторлардың негізгі механизмдерінің электр жетектеріне койылатын технологиялык талаптар. Экскаваторлардың электр жетектерін Г-Қ, ТТ-Қ жүйелері бойынша жүзеге асыру. Шахталық көтергіш машинаныц бірүшты көтергіш лебедкасының электр жетегі жүйесіне талдау жасау.
14 лекция Жүктемелері әр түрлі болып келетін позициялық (орналасу қалпын өзгертіп отыратын) механизмдердің электр жетегі Кеңістіктік координаталарын реттеуді қажет ететін механизмдердің мысалдары: лифттер, көтергіштер, кысым бүрандаларының жетектерінің механизмдері антенналық күрьшғылардың механизмдері, көшіргі станоктардың механизмдері және басқалар. Позициялық механизмдердің жүмыс циклін автоматтандырудың жалпы мәселелері. Тұйықталмаған жүйелердің мүмкіндіктері. Позициялау кезіндегі электр жетегі жүйесінің түрін таңдап алу.
15 лекция. Жылдам жүрісті жолаушы лифтінің электр жетегі жүйесіне талдау жасау, жүрдек лифттің электр жетегінің ТТ-Қ жүйесі бойынша қүрылымы. Автоматты түрде ілесуді қажет ететін механизмдердің электр жетектері. Ілеспе электр жетегі жүйесіне талдау жасау. Ілеспе электр жетегі жүйелері. Позициялық электр жетектерін программалық басқарудың цифрлық жүйелері.
