
- •Аңдатпа
- •Мазмұны
- •Нормативті құжаттар құрамына төмендегілер енеді:
- •Анықтамалар
- •Белгілер мен қысқартулар
- •Кіріспе
- •1 Мұнайды тұрақтандыру қондырғысының технологиялық параметрлерін автоматты бақылау
- •1.1 Мұнай мен мұнай өнімдерінің негізгі физика-химиялық қасиеттері
- •1.2 Мұнайды алғашқы өңдеу қондырғыларының негізгі аппараттары
- •1.3 Мұнай өнімдерінің маңызды түрлері
- •1.4 Мұнайды өңдеуге дайындау. Мунайды жинау және оны тасымалдауға дайындау. Мұнайды тұрақтандыру
- •1.5 Мұнай өнеркәсібінің комплексті автоматизациялаудағы дамудың негізгі бағыттары
- •1.6 Мұнайды тұрақтандыру қондырғысының технологиялық сипаттамасы
- •2 Курстық жобаның мақсаты
- •3 Мұнайды тұрақтандыру қодырғысының технологиялық параметрлерін автоматты бақылау процесінің бақыланатын технологиялық параметрлерін таңдау және негіздеу
- •4 Мұнайды тұрақтандыру қодырғысының технологиялық параметрлерін автоматты бақылаудың техникалық өлшеу құралдарын таңдау және негіздеу
- •4.1 Температураны өлшеп бақылайтын сезгіш элементтерін таңдау
- •4.2 Қысымды өлшеп бақылайтын сезгіш элементтерін таңдау
- •4.3 Шығынды өлшеп бақылайтын сезгіш элементтерін таңдау
- •4.4 Деңгейді өлшеп бақылайтын сезгіш элементтерін таңдау
- •4.5 Қалқанда орналасатын өлшеу құралын таңдау
- •4.6 Контроллерді таңдау.
- •5 Автоматты бақылау жүйесін құрастыру
- •6 Автоматты бақылау құралдарының спецификациясы
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттері тізімі
1.5 Мұнай өнеркәсібінің комплексті автоматизациялаудағы дамудың негізгі бағыттары
Жаңа кәсіпорындарды жобалағанда немесс салғанда және істегі тұрған кәсіпорындарын қайта құрғанда телемеханика және автоматика саласында мына сияқты негізгі ережелер басшылыққа алынады:
1) Бүкіл мұнай , газ және айдайтын скважиналар телемеханика объектісіне жатпайды. Оларда жергілікті автоматиканың аз деген құралдары қолданылады: апат режимін тоқтату үшін бақылау мен реттеуде, нормалды жағдайларды қалпына келтіру үшін іске қосуда, буфердегі және сүйық шығаратын желістегі кысымды бақылауда, айдаушы скважиналарға жіберілетін судың мөлшерін бакылауда, т. б.
Сирск пайдаланылатын сважиналар жергілікті құрылым беретін бағдарлама бойынша істейді.
Фонтанды скважиналар қысымының шұғыл жоғары немесе шұғыл төмен өзгерісі кезінде сұйық шығаратын желісті жауып тастайтын бөлгіштермсн жабдықталған.
Тербегіш-станокты скважиналар штанг үзіліп кегкенде оны автоматты түрде реттеу және автоматты түрде іске қосу құралдарымен жабдықталган.
Барлық автоматтар скважинаны басқару блогінде құрастырылған. Батпалы электр сорабы бар скважиналар қозғауыш-кабель айыру кедергісін жергілікті бақылайтын аспаппен және автоматты түрде өздігінен іске қосу құралымен жабдықталған. Аталған аспаптар жаңа басқару станцияларымсн ЭЦТН бір комплектіде жіберіледі.
2) Телемеханика және кашыктан баскару, бақылау құралдарымен мына сияқты негізгі өңдіріс объектілері жабдықталған: топтық өлшеуіш қондырғылар; айырғыш қондырғылар; компрессорлык қондырғылар; мұнай даиындау қондырғылары; мұнай сорап станциялары (сулық); алаңдар орналасқан электроподстанциялары.
Аудандық реттеу пунктінде мынадай объектілерден ақпарат келіп түседі: а) топтық өлшеуіш құралдардан — скважинадағы сұйықтық, мұнай мен газдың шығымы, өлшегіш айырғыштың қысымының көтеріліп кетпеуін бақылау туралы; б) айырғыш қондырғылардан — апат дабылы туралы, топталган қондырғылардың жалпы өнімділігі туралы; в) компрессор станцияларынан — жұмсалған газдың шығыны және станция жұмысының бұзылуы туралы; г)мұнай дайындау кондырғыларынан — қорытынды дабыл туралы; д) мұнай станцияларына — мұнай шығыны және қорытынды дабыл туралы;е)шоғырлама сорап станцияларынан — жер қабатына жіберілген су мөлшері және апат дабылы туралы; ж) тауарлық мұнайды өткізу қондырғыларынан — тауарлық мұнайдың шығыны туралы және конденсациясына жетпеген мұнайды қайта өңдеуге жіберу туралы дабыл.
3) Өндірістік ғимараттар мен қондырғылар мынадай жергілікті автоматика, бақылау және қорғау құралдарымен жабдықталған: а) топтық өлшеуіш құралдар — жергілікті бағларлама бойынша өлшегенде скважиналарды автоматты түрде қосуды алмастыратын, сияқты, газды және таза мұнайды өлшейтін, скважина өнімділігін бақылайтын, апат режимінен автоматты түрде қорғайтын құралдар; б) бірінші сатыда айыратын айыру қондырғылары — кысым мен деңгейді жергілікті реттейтін; в) су станциялары — апат режимінде резервтегі сораптарды іске қосу үшін; г) мұнай сорап станциялары — апат режимінде сораптарды коргайтьш; л) компрессорлы станциялар — режим параметрлерін реттеу және жергілікті бакылауда, апат режимінен қоргауда.
Автоматтанлырылған мұнай өндіру өнеркәсібнде аяқталған технологиялық циклі бар аландарда аудандық реттеу пункті, бірнеше аудандық реттеу пунктерінін жүмысын баскаратын өншрістің орта-лык реттеу пункті қарастырылған.
Аудандық реттеу пункті мен кейінгі сатыдағы басқару арасында байланыс телефон, телетайп, немесе радиоканалдар арқылы жүргізіледі.
Мұнай өндіру өнеркәсіптерін телемеханикаландыру үшін мына сияқты күрал-жабдықтар сериялы түрде шыгарылады: ауа желісі арқылы телефон байланысына кажет ПАТ «Нефтяник» деген аспап, телемеханикалық ақпаратты жеткізу үшін өдірісті электірмен қамтамасыз етуде колданылатын «Кентавр» деген аспап.