Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Коммунальная гигиена.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132.15 Кб
Скачать

1. Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің әрекет аумағы туралы сипаттап жазыңыз.

  1. Ақылы медициналық қызметтерді мемлекеттік және жекеше медициналық ұйымдар, аурудың бейіні және медициналық қызметпен айналысуға лицензиясы сәйкес келгенде жекеше медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар көрсетеді.       2. Ақылы медициналық қызметтер:       1) пациенттердің бастамасы бойынша, оның ішінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек мамандарының және денсаулық сақтау ұйымдарының жолдамасынсыз алғашқы медициналық-санитариялық көмек, дианостикалық және емдік қызметтер көрсету;       2) дәрілік формулярға енгізілмеген дәрілік заттармен емдеу;       3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің  тізбесіне кірмейтін медициналық зерттеулер жүргізу;      4)\тиістіжолдамасыз санаториялық емдеу;       5) медициналық айғақтарсыз медициналық-генетикалық зерттеулер жүргізу;       6) азаматтарды жұмысқа кіру және оқуға түсу үшін медициналық зерттеп-қарау;       7) ұйыммен шарт бойынша, оның ішінде ерікті сақтандыру бойынша медициналық көмек көрсету;       8) қосымша сервистік қызметтер ұсыну;       9) осы Кодекстің 87-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға медициналық көмек көрсету кезінде ұсынылады.       3. Ақылы медициналық қызметтер пациент пен осы көрсетілетін қызметтерді ұсынатын денсаулық сақтау субъектісінің арасында жасалатын шарт негізінде көрсетіледі.       Ақылы медициналық қызметтер көрсетуге арналған шарт мынадай негізгі талаптарды:      1) медициналық көмектің түрлері мен көлемін;      2)медициналық көмек көрсету мерзімдерін;       3) медициналық және медициналық емес қызметтерге арналған тарифтерді және оларды төлеу тәртібін;      4)тараптардыңқұқықтарыменміндеттерін;       5) шартқа өзгерістер, толықтырулар енгізу және оның қолданылуын тоқтату тәртібін;       6) тараптардың шарт міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті белгілеуін қамтуға тиіс.

2. Қр қоғамдық денсаулық сақтау комитеті туралы ереже, оның құрылымы мен қызметі туралы жазыңыз.

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті (бұдан әрі – Комитет) өз құзыреті шегінде қоғамдық денсаулық сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау салаларында басшылықты және реттеуді, халыққа өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттарда белгіленген талаптардың сақталуын, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және органикалық өнімдердің өндірісі аясында, сондай-ақ денсаулық сақтау аясындағы (бұдан әрі - реттелетін сала) стандарттарды бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын, салааралық үйлестіруді, реттеуші, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын, Комитеттің құзыреті шегінде Министрліктің стратегиялық функцияларының орындалуына қатысатын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ведомствосы болып табылады.

2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрықтарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

4. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берiлген болса, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болады.

7. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері – Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8.

9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

12. Комитетке Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.