Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Коммунальная гигиена.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132.15 Кб
Скачать

27. Ауаның қозғалыс жылдамдығын анықтау әдістемесін сипаттап жазыңыз және гигиеналық баға беріңіз.

Ауа қозғалысы жылдамдығының аз (1 м/с-қа дейін) кезінде өлшеу кататермометр және электроанемометр көмегімен жүргізіледі.

Өндірістік бөлмелерде ауа қозғалысының жылдамдығы 0,5 м/с-қа дейін, тұрғын бөлмелерде 0,1-0,3 м/с-қа дейін рұқсат етіледі.

Қолмен жұмыс істейтін қанатшалы анемометр.Аспап 0,3-5 м/с аралықтағы ауа қозғалысының жылдамдығын анықтау үшін сезімтал және жарамды. Қанатшалы анемометрде жартылай шардың орнына жеңіл алюминді кең метал шеңберден тұратын қанат орналастырылады.

Ауа қозғалыс жылдамдығын анықтау алдында, есептегіштің алғашқы көрсеткіші жазып алынады, анемометрді ауа ағынында бекітіп, 10-15 с-тан соң бір уақытта аспаптың механизмін және секундамерді қосады. Ауа қозғалыс жылдамдығы 1-2 минут аралығында анықталады. 1 с-қа келетін бөлгіштердің орташа санын (мөлшерін) секунд бойынша өлшеу уақытында есептегіштің алғашқы және соңғы көрсеткіш бөлгіші арасындағы айырмашылығынан табады.

Аспапта екі график болады, ол арқылы ауа ағынын секунд бойынша метрмен өлшейді (м/с), қолмен жұмыс істейтін қанатшалы анемометрмен 5 м/с-тан жоғары ауа жылдамдығын өлшеуге боламайды.

Кататермометр.Кататермометр көмегімен ауаның өте әлсіз тогын анықтайды. Аспап цилиндрлік немесе шар резервуары бар, спирттік термометрден тұрады. Цилиндрлік кататермометрдің шкаласы 35-380С аралығында градуирленген, шарлы кататермометрде 33-400С.

Басында ауаның салқындату қабілеттілігін анықтайды. Бұл үшін спирттік резервуарды ыстық суы бар (70-800С) стаканға салады және оны кататермометрдің капиллярының жоғары кеңеюі 1/2 шамасына жетіп толғанша ұстайды. Содан кейін аспапты құрғақ етіп сүртіп, бақылау орнына штативке іледі.

Кататермометрді міндетті түрде картон немесе фанер көмегімен жылу радиация көздерінен экрандайды, ол кезде экрандарды аспаптың айналасында ауа қозғалысына кедергі жасамайтындай етіп орналастырады. Спирттік бағанасы 38-ден 350 С-ге дейін төмендеген уақытын секундамермен белгілеп алады. Анықтауды 2-3 рет қайталап, орташа мәнін табады.

Резервуар салқындағанда аспап белгілі-бір жылу мөлшерін жоғалтады. Спирттің және шынының тұрақты жылу ұстағыштығына орай, кататермометр үшін бұл жылу жоғалту шкала деңгейінде қатаң түрде анықталған болады. 38-350 С-ге дейін спирт бағанасының төмендеу уақытында кататермометрдің, резервуардың 1 см2 бетінен жоғалған жылу мөлшері дегеніміз - аспап факторы (Ғ) деп аталады. Ол әрбір кататермометрдің капиллярында көрсетіледі.

28. Ауаның ылғалдылығын анықтау әдістемесін сипаттап жазыңыз және гигиеналық баға беріңіз.

Ауа ылғалдылығын анықтау үшін: гигрометрлер, психрометрлер және гигрографтарды қолданады. Қылды және металл гигрометрлер; психрометрлері Август (статикалық) және Ассман (аспирациялық); гигрографтар тәуліктік және апталық болады. Ауаның ылғалдылығы оның температурасы сияқты, қораның дәл сондай нүктелерінде тәулігіне үш рет анықталады. Ауаның ылғалдылығы үнемі өзгереді және әртүрлі өлшемдер немесе гигрометриялық көрсеткіштермен сипатталады. Абсолюттік ылғалдылық (е) – берілген температурада бір м3ауадағы су буының мөлшері (г) немесе серпімділігі. Максимальды ылғалдылық (Е) - берілген температурада бір м3 ауадағы су буының шекті серпімділігі немесе максимальды мөлшері (г). Салыстырмалы ылғалдылық (R) – пайызбен берілген абсолюттік ылғалдылықтың максимальды ылғалдылыққа қатынасы: R = e / E · 100 Қанығу тапшылығы (Д) - берілген температурадағы максимальды және абсолютты ылғалдылықтың арасындағы айырмашылық: Д = Е – е Шық нүктесі (Т) - ауадағы су булары қанығып, сұйық күйге ауысатын температура (суық беттерде ылғалдың шық түрінде шоғырлануы). Құралдар: Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау үшін гигрометрді – жұмысы эфирде майсыздандырылған адам шашының салыстырмалы ылғалдылық артқанда ұзарып, төмендегенде қысқару қабілетіне негізделген құралдар. Салыстырмалы ылғалдылықты өлшегенде гигрометрді тігінен орналастырып, есепті тілшенің көрсеткіштері бойынша (%) орнатқаннан 3-4 сағат кейін немесе үнемі қолданғанда 20-30 минуттан кейін жүргізеді. Ауаның абсолюттік ылғалдылығын психрометрлермен анықтайды. Әртүрлі температураларда ауаны қанықтыратын су буының серпімділік кестесінің көмегімен, арнайы формула бойынша салыстырмалы ылғалдылықты, қанығу тапшылығын және шық нүктесін анықтайды. Августтың статикалық психрометрі бір штативке бекітілген бір-бірінен 4-5 см қашықтықта орналасқан бірдей екі термометрден тұрады.  Термометрлердің бірінің резервуары (ылғалды) кішкентай матаның кесегімен оралған, орауыш соңы ширақ жіппен байланып, иілген шыны түтік - пробирканың кеңейген ұшына салынған. Түтікті тазартылған (дистильденген) сумен толтырады. Капиллярлылығына байланысты, материал үнемі суланады да, термометр түйіршігінен су тұрақты буланып отырады. Бұл булану жылдамдығына пропорционалды жылу жоғалтуды туғызады. Ауа неғұрылым құрғақ болса, булану соғұрылым қарқынды жүреді. Осыған орай, дымқыл термометрде құрғақ термометрмен салыстырғанда температура көрсеткіші төмен болады. Екі термометрдің көрсеткіштерінің айырымашылығы есептеу негізіне алынады. Өндірістік жағдайда ауаның салыстырмалы ылғалдылығын арнайы психрометрлік кестелер бойынша бағдарлап анықтауға болады.