Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Коммунальная гигиена.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132.15 Кб
Скачать

25. Атмосфералық ауа сынамасын алу әдістемесін сипаттап жазыңыз.

Атмосфералық ауадан сынама алу сорғыш аспирациялық аспап арқылы белгілі жылдамдықпен ауаны өткізу немесе сыйымдылығы шектеулі ыдыстарды толтыру жолымен жүзеге асырылады. Орташа тәуліктік мәндерді алудың ең ұтымды әдісі - ауаны 24 сағат бойы үздіксіз алу болып табылады. Ауа сынамасын алу үшін электр аспираторлар, шаңсорғыштар, және ауаны өткізетін басқа да аспаптар мен құрылғылар, сондай-ақ өткізілетін ауаның көлемін тіркейтін құрылғылар. Ауадан сынама алу үшін мынадай құралдар қолданылады: электроаспираторлар, шаңсорғыш, реометрлер, ротаметрлер тағы да басқа құралдар (реометрлер, ротаметрлер және басқа да шығын өлшегіштер).

Ауа сынамасын алу негізінен 2 әдіспен – аспирационды және бір кезеңді шектелген сыйымдылықты ыдыстарға алумен іске асырылады. Бірінші әдіс, ауаның салыстырмалы аз көлемдегі зерттейтін заттарды анықтаудың жоғары сезімталдықты әдіс болмаған жағдайда қолданылады. Екіншісі, жоғары әсер болған жағдайда, сонымен қатар қысқа мезгілді технологиялық процесстер кезінде қолданылады.

Ауа сынамасын шыны ыдыстар және пластмассалық қаптарға, сұйықтықтар, сорбенттер және сүзгіш материалдарға алынады.

Ауа сынамасын алуға арналған құралдар мен аппараттар келесі аспирациялық қондырғылар болып табылады: электрлі аспираторлар, шаңсорғыштар және басқа шығын көзі және шығын өлшегіш қондырғылары бар қондырғылар.

Алынған ауа сынамасын талдау үшін әртүрлі әдістер қолданылады:

1. Фотометрлік.

2. Газды хромотография.

3. Жұқа қабатты хромотография.

4. Қағазды хромотография.

5. Полярография.

6. Экспресс әдістер.

7. Стандартты шкалалар бойынша ерітіндінің колориметриясы.

8. Реактивті қағаз қолданылатын колориметрия.

9. Индикаторлы түтікшелер қолданылатн сызықты колориметрлік әдіс.

Одан басқа бүгінгі күнде ауаны талдау үшін атомды-абсорбциялық спектрофотометрия, хромато-массопектрометрия, нейтронды-активациялық, флюоресцентті, лазерлік және басқа әдістер қолданылады.

26. Топырақ сынамасын алу әдістемесін сипаттап жазыңыз.

Сынама белгілі бір учаскеге тән болуы керек. Бүкіл учаске бойында біртекті топырақ болса, шахмат ретімен орналасқан әртүрлі жерден бірнеше ойық немесе учаскенің ортаңғы сызығымен әртүрлі тереңдікте алады.  Топырақ сынамасын арнайы бұрғымен немесе таза күрекпен алады. Салмағы 2-3 кг болатын әрбір сынаманы үйкелген қақпақты шыны ыдыстарға, таза қапқа немесе тығыз орама қағаздың қос қабатына салады да, мерзімі, үлгіні алған жер мен алу тереңдігі көрсетілген жапсырма қағазбен қамтамасыз етеді. Зертханада топырақтың таңдалып алынған сынамаларын қағаз беттерге жұқа қабат етіп себеді, кесектерін ұсатып, ауада кептіреді. Талдау үшін 0,5-1,0 кг топырақ алынады. Зертханалық зерттеулер алдында топырақтан тамырлар және басқа да тән емес қоспаларды тазартады да, пайыздық қатынасын анықтау үшін оларды өлшейді. 

 Топырақтың сынамасын топырақ бурымен алады. Тексерілетін аумақты 16 шаршы метрден артық емес мөлшердегі телімдерге бөледі. Сібір жарасының қоздырғышымен беткейлі себілуіне күдік туған аумақтан 15 см-ге дейінгі тереңдіктен топырақ сынамасын алады. Мал қорымдарының аумағынан алдымен топырақтың 2-3 сантиметр жоғарғы қабатын алады, кейін 2 метрге дейінгі тереңдіктен әр 25 сантиметрден сынамалар алады.