Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
этнопсихология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
63.07 Кб
Скачать

1. Антропологиялық психология;

2. Кросс-мәдени психология.

Антропологиялық этнопсихология халықтардың территориясына байланысты қарастырады.

Кросс-мәдени психология мәдениеттеріне байланысты қарастырады

  1. Этнопсихолгиямен этнопедагогиканың ортақ белгілерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетіңіз

Этнопедагогика-грек тілінен аударғанда тайпа, халық туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Оның зерттейтін мәселелері:

- нақты ұлт өкілдеріне тән мақсат-міндеттерін, амал-тәсілдерін, тәрбиелеу мен оқытудың тәсілдерін;

- әр түрлі ұлт өкілдерінің тәрбиелеу мен оқытудың салыстымалы спецификасын;

- белгілі бір ұлт өкілдерін тәрбиелеу мен оқытуға ұлттық психологияның әсерін;

- педагогикалық және үйретушілік процесс әсерінің заңдылықтарын.

Этнопедагогика этникалық психологиямен тығыз байланысты, бірақ оларды біріктіруге болмайды.

Жалпы, дін мен ғылымның ұзақ уақыт қатар жасасып келе жатқанын, адамды тәрбиелеуде екеуінің де белгілі рөл атқаратынын, бірақ қоғам, табиғат-жаратылыс заңдылықтарын түсіндіруде ғылым мен діннің арасында үлкен алшақтық барын ажырата білу керек. Этнопедагогика ұлттық салт-дәстүрлердің тәлімдік мән-мағынасын зерттейтін ғылым саласы болса, ал этнопсихология халқымыздың сан ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлері сен салттарындағы ұлттық сна-сезімін, өмірге деген көзқарасын, өзіндік ойлау ерекшеліктерін зерттейтін ғылым.

Олай болса, этнопедагогика мен этнопсихологияның даму процесінде ортақ заңдылықтар бар деп қарауға тура келеді.

  1. Этнопсихологиялық зерттеулердің негізгі бағыттарын өз сөзіңізбен жазыңыз

Ал 50-жылдардан бастап, осы бағыттағы зерттеулерге баса көңіл бөлінді. Негізінде олар төрт бағыттың: бихевиоризм, психоанализ, когнитивтік және интеракционизм төңірегінде топтасты (Андреева, Богомолова, Петровская, 1978, Шихирев, 1979).

Аталған төрт бағыттың үшеуі психологиялық ойлардың әлеуметтік - психологиялық нұсқасы болса, ал төртінші бағыт - интеракционизм әлеуметтік негізде еді.

Бихевиоризм қазіргі кезде необихевиористік бағытта дамуда. Негізінен топтағы процестер емес, екеу аралық (диадалық) қарым-қатынастар зерттеледі (К.Халл, Б.Скиннер, Н.Миллер, Д.Доллард, Дж.Гибо, Г.Келли, Д.Хоманс). Зерттеулердің басым бөлігі тек жануарларда жүргізілуі (А.Бандура зерттеулерінің көбісі адамдарда жүргізілді) бұл бағъптың негізгі кемшілігі. Топтық процестерді талдаудың жеткіліксіздігінен, әлеуметтік психологияның «әлеуметтік» түрі аз көрініс береді.

Психоанализ әлеуметтік психологияда бихевиоризм сияқты кең таралмаған. Мұнда да әлеуметтік - психологиялық теория тұрғызу талпыныстары бар.

Когнитивизм гештальтпсихология мен К.Левиннің өрістер теориясынан бастау алады.

Бұл багыттағы көптеген теориялардың (Ф.Хайдер, Т.Ньюком, Л.Фестингер Ч.Озгуд, П.Танненбаум, американ зерттеушілері Д.Креч, Р.Крачфилд, С Аш) негізі - жеке тұлғаның әлеуметтік мінез-құлқын түсіндіру. Адам санасында әлемнің тұтас, байланысқан идеалды көрінісін тұрғызу (қоршаған нақты әлемдегі қарама-қайшылықтарға байланыссыз) - бұл модельдің негізгі кемшілігі. Дегенмен бұл бағытта да іргелі проблемалар зерттелінуде (Трусов, 1983).

Интеракционизм әлеуметтік бағыттағы жалғыз теория ретінде Г.Мидтің символдық интеракционизм теориясынан бастау алады.

Қазіргі кезде бүл бағыт әлеуметтік психологияда Мидтің теориясынан басқа да теорияларды қамтиды: ролдер теориясы (Т.Сарбин), референтті топтар теориясы (Г.Хаймея, Р.Мертон). Э.Гофманның әлеуметтік драматургия теориясы. Бұл теорияда "өзара әсерлесу" ұғымы негізгі болғанымен де, қоғамдық қатынастардағы, қоғамның әлеуметтік құрылымына байланысты индивидке әсер ететін әлеуметтік себептерді қарастыру мәселелері шешілмеген.

Осы төрт бағытгың өзіндік негіздері болғанымен де, көбінесе бір-біріне араласып отырады.

Қазіргі кездегі, әсіресе, американдық әлеуметтік психологиядағы эксперименттік зерттеулерде бірнеше теориялық бағыттар аралас көрінеді. Осы да және әлі де эксперименттік болмағандықтан әлеуметтік - психологиялық зерттеулерде табысты түрде пайдаланыла бермеуі мүмкін.