Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
этнопсихология.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
63 Кб
Скачать
☆
  1. Этнопсихологияның ең негізгі категориясын жазыңыз

Этнопсихологияның ең негізгі категориясы – ЭТНОС. Этнос  бір-бірімен ұзақ бірлесіп өмір сүру тәжірибелеріне ие болған, сақталып қалған дәстүрлері, жалпы өзіндік сана-сезімі бар әлеуметтік макроорганизм болып табылады. Бұл тарихи қалыптасқан, тұрақты, жинақталған адамдар қоғамы. Олардың тұрғылықты, нақты табиғи қоршаған ортасы, нақты-климат, географиялық жері бар.

Қандай да бір этносқа тән адамдарда өздеріне тән өмірді қабылдаулары мен әлеуметтік қатынастарда нақты психологиялық-әлеуметтік стериотиптері бар. Этностың барлық шығу тегімен байланысып жатқан мүшелері тірі макроорганизм жасайды.

Этностың ең алғашқы даму сатыларында адамдар рефлексияға дейінгі жағдайда болады, яғни, өзіндік қорғаныс инстинкті  айтады, солайша санасыз жүреді, әркім өздерінің жанұясының қауіпсіздігімен қолайлылығын қамтамасыз етеді, солайша олар этностың толығымен өмір сүруін қамтамасыз етеді. Этнос жас және күшті болған сайын, өмірлік маңызды функциялардың барлығын  басынан кешіреді- сыртқы қауіпсіздікті сақтайды, жауларын жеңеді, өз санын көбейтеді.

  1. Этнопсихология түсінігін анықтаңыз

Этнопсихология деген не? Сұраққа көптеген адамдар бұл эностар мен халықтардың психологиясын зерттейтін ғылым деп жауап береді. Біріншіден «этнос» терминінің мағынасын бір мағыналы емес, яғни психологияның бүкіл түрі нені зерттейтінін білесіз. Екіншіден: көптеген авторлар психологияның сипаттамасын этноспен емес, мәдениетпен байланысты зерттеуді қалайды, сондықтан мәдениет деген не екенін нақты саналау керек. Үшіншіден этнопсихология терминінің өзі әлемдік ғылымда жалпы қабылданған болып табылмайды. Осы ғылымдағы көптеген мамандар өздерінің «халықтар психологиясы», «психологиялық антропология», «салыстырмалы-мәдени психология» зерттеушілеріміз деп есептейді.

«Этнос» - халық, «психология» - жан туралы ғылым. Этнопсихология этнология мен психология деген ғылымдардың біреуінен пайда болған.

Этнопсихология екі түрлі жолмен пайда болған:

1. Антропологиялық психология;

2. Кросс-мәдени психология.

Антропологиялық этнопсихология халықтардың территориясына байланысты қарастырады.

Кросс-мәдени психология мәдениеттеріне байланысты қарастырады.

Этнопсихология ғылыми теориялық пән. Оның пәні – этникалық сана функцияларының және этникалық қатынастар дамуының психологиялық аспектілері.

XIX ғасырда этнопсихологияның идеялары «халықтар психологиясы» соңына таман дамыды. Олардың өкілдері М. Лацарус, Х. Штейнталь, В. Вундт болды.

Этнопсихология – қазіргі психология ғылымының кенжелеу дамыған салаларының бірі. Ол адам психологиясының этникалық ерекшелігін, ұлттық мінезін, этностық сана-сезімінің қалыптасу заңдылықтарын зерттейді.

Еліміз егемен мемлекет атанып, тәуелсіздіктің сара жолына түскен шақты ұлттық факторларды ескерудің маңызы ерекше артып отыр.

Осы айтылғанға орай жұртшылықтың этнопсихологиялық мәселелерге көңіл аударуы заңды құбылыс екендігі хақ. Этнопсихология дәрісінің төмендегі шағын бағдарламасын жасау осындай талап тілектен туған.

  1. Этнопсихология түрлерін кітап негізінде тізімдеңіз

Этнопсихология екі түрлі жолмен пайда болған:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]