Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
этнопсихология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
63.07 Кб
Скачать
  1. Этнопсихолгия психологияның бір саласы ретіндегі міндеттерін жазыңыз

Энопсихология- әр халық пен тайпаның өзіне тән тыныс тіршілігінен туындайтын (тіл, дін, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, миф т.б) психологиялық ерекшеліктердің жүйесін зерттейді. Сондай-ақ ұлттық мінез-құлықты, халыққа тән жан дүниесінің өзгешіліктерін қарастырады. Ол жеке ғылым ретінде ХІХ ғасырдың орта шенінде Ресейде, кейінірек Батыс Еуропа елдерінде (Лацарус, Штейнталь,Вундт, т.б.) пайда болды. Қазақ топырағындағы іргетасы Ш.Уалиханов еңбектерінде қаланды.Оның «халық рухы» дейтін ұғымы жиі кездеседі. Мұны «халықтық психология» ұғымының синонимі деуге болады. Бұдан біртуар ғұлама-ғалымның еуропалық этнопсихологтардың еңбектерінен біршама хабардар болғаны байқалады. Этнопсихология зерттейтін проблемалар (этностереотип, этноцентризм, ұлттық тұрпат, халық рухы, ұлттық намыс, ұлттық сана, дәстүр, салт, т.б) сан алуан. Этнопсихология деген не? Сұраққа көптеген адамдар бұл эностар мен халықтардың психологиясын зерттейтін ғылым деп жауап береді. Біріншіден «этнос» терминінің мағынасын бір мағыналы емес, яғни психологияның бүкіл түрі нені зерттейтінін білесіз. Екіншіден: көптеген авторлар психологияның сипаттамасын этноспен емес, мәдениетпен байланысты зерттеуді қалайды, сондықтан мәдениет деген не екенін нақты саналау керек. Үшіншіден этнопсихология терминінің өзі әлемдік ғылымда жалпы қабылданған болып табылмайды. Осы ғылымдағы көптеген мамандар өздерінің «халықтар психологиясы», «психологиялық антропология», «салыстырмалы-мәдени психология» зерттеушілеріміз деп есептейді.«Этнос» - халық, «психология» - жан туралы ғылым. Этнопсихология этнология мен психология деген ғылымдардың біреуінен пайда болған.Этнопсихология екі түрлі жолмен пайда болған:

1. Антропологиялық психология;

2. Кросс-мәдени психология.

Антропологиялық этнопсихология халықтардың территориясына байланысты қарастырады.

Кросс-мәдени психология мәдениеттеріне байланысты қарастырады.

  1. Этнос ұғымын кітапта қарастырылған түрде жазыңыз

Этнопсихологияның ең негізгі категориясы – ЭТНОС. Этнос  бір-бірімен ұзақ бірлесіп өмір сүру тәжірибелеріне ие болған, сақталып қалған дәстүрлері, жалпы өзіндік сана-сезімі бар әлеуметтік макроорганизм болып табылады. Бұл тарихи қалыптасқан, тұрақты, жинақталған адамдар қоғамы. Олардың тұрғылықты, нақты табиғи қоршаған ортасы, нақты-климат, географиялық жері бар. Қандай да бір этносқа тән адамдарда өздеріне тән өмірді қабылдаулары мен әлеуметтік қатынастарда нақты психологиялық-әлеуметтік стериотиптері бар. Этностың барлық шығу тегімен байланысып жатқан мүшелері тірі макроорганизм жасайды.Этностың ең алғашқы даму сатыларында адамдар рефлексияға дейінгі жағдайда болады, яғни, өзіндік қорғаныс инстинкті  айтады, солайша санасыз жүреді, әркім өздерінің жанұясының қауіпсіздігімен қолайлылығын қамтамасыз етеді, солайша олар этностың толығымен өмір сүруін қамтамасыз етеді. Этнос жас және күшті болған сайын, өмірлік маңызды функциялардың барлығын  басынан кешіреді- сыртқы қауіпсіздікті сақтайды, жауларын жеңеді, өз санын көбейтеді.