ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Тарих, экономика және құқық факультеті
«Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы
«Бекітемін»:
«ҚТ және ӘГП» кафедрасының меңгерушісі
Абуов Н.А.
____________________________
«___» ___________2017 ж.
РЕФЕРАТ
«Моңғол шапқыншылығы және қыпшақтар»
5В011400 «ТАРИХ»
АВТОР Қарғабай.Б.Т ________________ (Т.А.Ә) (қолы, күні)
ЖЕТЕКШІ Картова.З.К. ________________ (Т.А.Ә.) (қолы, күні)
Петропавл, 2017
Мазмұны
Кіріспе.....................................................................................................................3
1.Моңғол шапқыншылығының түркі әлеміне әсері......................................6
1.1.Қазақстан, Орта Азия жерлерін жаулап алуы................................................6
1.2.Ортағасырлық қалаларды басып алуы............................................................7
2.Моңғол шапқыншылығының Дешті Қыпшаққа әсері............................10
2.1.Дешті Қыпшақтың саяси құрылымы.............................................................10
2.2.Ақ Орда мемлекетінің пайда болуы..............................................................11
Қорытынды..........................................................................................................18
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................19
Кіріспе
1206 ж. көктемде Онон өзені жағасында Тэмуджинді жақтаушы монғол ақсүйектерінің құрылтайы болып оны Шыңғыс хан деген атпен монғолдардың әміршісі етіп жариялайды. Шыңғыс хан әскери-ұйымдастыру принципін мемлекеттік құрылыстың негізі етіп алады. Елдің бүкіл жері мен халқы он қанат (барунғар), сол қанат (жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери әкімшілік округке бөліп, әрбір округте он мың адамнан тұратын бірнеше түмгелер (түмендер) болды. Олар өз кезегінде «мыңдық», «жүздік», «ондықтан» тұрды.1207-1208 жж. қысында Шыңғыс ханның үлкен баласы Жошы Енесей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігіндегі басқа да «орман халықтарын» бағындырды.
1208-1209 жж. Шыңғыс хан әскерлері тұтқиылдан шабуыл жасап, танпұттық Си ся мемлекетін күйретті. Шыңғыс ханның қахарынан сескенген қазіргі Шығыс Түркістан аймағындағы ұйғырлар монғолдарға өз еркімен берілді. 1211 ж. Шыңғыс хан қолы Солтүстік Қытайға бет алды. 1215 ж. олар сол кезде Цзинь мемлекетінің астанасы болған Чжундуды (Бейжінді) бағындырды.Қытайда монғолдар соғыс ісінің сол замандағы жоғарғы техникасымен танысты. Қытайдан көптеген қару-жарақ, қамал бұзатын машиналарын, оны пайдалана білетін адамдарды алған Шыңғыс хан жауынгерлік дайындығын күшейте берді.Сөйтіп, ол Шығыс Еуропа мен Алдыңғы Азияға жол ашатын Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алуға дайындалды. Бұл үшін ол мұсылман көпестерінен, босқындардан мәлімет жинады.
Ерте ортағасырларда, ХІ ғасырдан бастап тарихшыларға парсы тіліндегі Дешті Қыпшақ (Қыпшақ даласы) деген атпен мәлім Ұлы Даланың орталық бөлігі айрықша танымал болды. Олар Ежелгі Русьпен, Жетісудағы Қарахан мемлекетімен және біздің зерттеу жұмысымыздың негізгі зерттеу объектісі болып отырған Орта Азиядағы Хорезм мемлекетімен саяси, экономикалық және мәдени қарым-қатынастар орнатты. Екі елдің арасындағы байланыстар бірде бейбіт, бірде шиеліністі жағдайда болғанымен, ХІІІ ғасырдың басында қыпшақтардың белгілі бір бөлігі Хорезм шахының билігін мойындауға мәжбүр болды. Ал екі мемлекеттің арасындағы ұзаққа созылған талас-тартыс 1219 жылы Шыңғысханның жасаған шапқыншылығынан тоқтады, яғни бір-бірімен соғысып жүргенде Шығыстан келген моңғолдардың оңай олжасына айналды. Алайда, қыпшақтар Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс және Орталық Еуропаға жаппай баса көктеп енген моңғолдардың түркілену процесінде ерекше рөл атқарды. Олар қазіргі көптеген түркі тілдес халықтардың қалыптасуына негіз болды, атап айтсақ – татарлар, башқұрттар, өзбектер, қырғыздар, қарақалпақтар, оңтүстік алтайлықтар және т.б. Әрине, қазақ халқының этногенезінде, оның халық болып қалыптасуында қыпшақтардың алар орны айтпаса да түсінікті. Сонымен қатар, біздің тіліміздің, мәдениетіміздің қалыптасуына да қыпшақтар маңызды рөл атқарды. Осының өзі, біз қарастырып отырған тақырыптың, яғни орта ғасырлардағы қыпшақтар мәселесінің, нақтылап айтқанда ХІ-ХІІІ ғасырлардағы Қыпшақ-Хорезм қарым-қатынастыры отандық тарихнамада аса маңызды, аса күрделі, әрі өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Себебі, осы проблеманы қарастыра отырып, біз моңғол шапқыншылығы алдындағы Қазақстан мен Орта Азияда болып жатқан саяси процестерді, моңғолдардың аталған аймақтарды неге оңай жаулап алғандығын терең әрі жан-жақты түсінуге септігі мол. Ал бұның өзі, жоғарыда айтып өткеніміздей халқымыздың төл тарихын білу деген сөз.
Тақырыптың өзектілігі:
Шынғыс-хан қолының негізгі жорықтарының бірі Қазақстан мен Орта Азия жеріне жасаған жорығы болды, бұл жорық оларға Шығыс Европа мен алдыңғы Азияға жол ашты. Шыңғыс-хан Қазақстан мен Орта Азияға жасаған жорығына зор мән беріп, оған ұзақ әрі мұқият әзірленді. Жергілікті халықтың қарсыласуын басу үшін Шыңғыс - хан жаппай қырып жою және күштеу, тұтас бір қалалардан түк қалдырмау тәсілдерін қолданды. Шыңғыс-ханның Орта Азияға баратын жолында жатқан Оңтүстік Қазақстанның Сырдария бойындағы қалалары мен қоңыстары бұл тәсілдің алғашқы құрбандары болды.
Қыпшақ - қазақ халқының, басқа да бірқатар түркі халықтарының негізін құраған ежелгі тайпа, орта ғасырларда Орта Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген аса ірі ұлыстардың бірі.
Жұмыстың мақсаты:
Моңғол шапқыншылығының Қазақстанға тигізген зардаптарын анықтау;
Дерек және зерттеу еңбектеріне сүйене отырып, қыпшақ тайпаларының шығу тегін айқындау;
Қыпшақ хандығы мен Ақ Орданың құрылуы мәселесін қарастыру.
Жұмыстың міндеті:
-Моңғол шапқыншылығына сипаттама беру
-Моңғол шапқыншылығының Дешті Қыпшаққа тигізген әсерін қарастыру;
- Қыпшақтар мәселесі бойынша және олардың көрші мемлекеттермен арада жүргізілген этносаяси, экономикалық, мәдени қарым-қатынастары туралы зерттеу жүргізу;
–Қыпшақтар мен Ақ Орданың саяси құрылымына тарихи талдау жасау.
Тәжірибелік маңызы:
Мектептегі тарих пәніне және практикалық сабақтарда қолдану;
Тарихи зерттеу әдістемесі сабағынан СӨЖ, дәріс, тәжірибелік сабақтарына дайындық жасағанда қолдану;
Реферат және жоғары курстарда курстық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын, дипломдық жұмыстарда пайдалануға болады.
Қолданылғын әдістер:
Синтездеу әдісі, Саралау әдісі, Тарихи-салыстырмалы әдіс, Уақытнамалық әдіс
Тарихнамасы: Бұл проблемада орыс зерттеушілері алғашқылардың бірі болып көңіл аударды. Олардың қатарында В.Н. Татищев, Н.М. Карамзин, С.М. Соловеьев, В.Г. Василевский, П.В. Голубовский сынды тарихшылар мен ориенталистер (шығыстанушылар деген мағына береді, яғни шығыс халықтарының тарихын зерттеушілерді осылай атаған) болды. Аталған зерттеушілер қыпшақтардың (половецтердің) тарихын Киев Русінің тарихымен тікелей саяси, экономикалық, этникалық, мәдени байланысы тұрғысынан қарастырып, сонымен қатар олардың басқа да халықтармен байланысын зерттеді. Әлбетте, соның ішінде Қыпшақ-Хорезм қатынастары да олардың назарынан тыс қалмады. Н.М. Карамзин қыпшақтардың қазақтармен генетикалық байланысына назар аударды.1884 жылы П.В. Голубовскийдің «Печенеги, тюрки и половцы до нашествие татар» деген еңбегінің маңызы орасан. Оның бұл зерттеуі қазіргі күнге дейін өз маңызын жоғалтқан жоқ және осы мәселеге қалам тартқан тарихшыларға бағыт-бағдар ретінде танылды. Еңбекте мынадай мәселелер қарастырылған: бірінші, орыстар мен половецтер арасындағы әскери қақтығыстар. Бұнда автор көптеген зерттеушілердің еңбектерінде көрініс тапқан «жабайы көшпенділер» тек тонаушылық мақсатта соғыстар жүргізген деген көзқарастан бойын аулақ ұстап, мәселеге кәсіби және өркениеттілік тұрғысынан келген. Сонымен қатар, екі елдің арасында да бейбіт қатынастар болып, нәтижесінде сауда және мәдени, елшілік, неке байланыстары жүзеге асқандығын алғашқылардың бірі болып дәлелдейді. Екінші, моңғол шапқыншылығы қарсаңындағы қыпшақтар мен Орта Азиядағы Хорезм мемлекетімен арадағы саяси, экономикалық, мәдени қатынастарына бірашама көңіл бөледі.
I. Моңғол шапқыншылығының түркі әлеміне әсері
1.1.Қазақстан, Орта Азия жерлерін жаулап алуы
Шынғыс-хан қолының негізгі жорықтарының бірі Қазақстан мен Орта Азия жеріне жасаған жорығы болды, бұл жорық оларға Шығыс Европа мен алдыңғы Азияға жол ашты. Шыңғыс-хан Қазақстан мен Орта Азияға жасаған жорығына зор мән беріп, оған ұзақ әрі мұқият әзірленді.
1211 жылы Жетісуда Шыңғыс-ханның қолбасшыларының бірі Құбылай бастаған отрядтары пайда болды. Қарлұқ әміршісі Арслан-хан, орталығы Алмалықта болған тәуелсіз иелік құрған Бұзар-хан да өзін Шыңғыс-ханның вассалдарымыз деп таныды [1, 14 б.].
Моңғолдардың батысқа қарай жылжуы 1218 жылы қайта басталды. Өз басының жеке жауы найманның ханы Күшлікті талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді.
Жетісуді Шыңғыс-хан аса көп қарсылықсыз – ақ басып алды. Моңғолдарға қарсы тұруға жарамай қашып кеткен Күшлік-ханның жігерсіздігіне, оның діни құдалауларына, салықпен зар илеткен зорлық – зомбылығына ыза болған найманның феодалдары Шыңғыс-ханға мойынұсынатынын білдіріп, өз әскерлерімен оның қызметіне кірді, ал Күшілікті моңғолдар Бадахшанда Шығыс түркістандағы Сарыкөлде қуып жетіп, басы алынды.
Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін моңғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Қазақстанға басып кіруге «Отырар опаты» деп аталатын жағдай себеп болды[1, 28 б.].
1218 жылы Шыңғыс-хан Орта Азияға Омар - Қожа Отрари, Жамал Марағи және басқа саудагерлер басқарған сауда көруенін жіберді, 450 адамы бар 500 түйелік сауда керуені 1218 жылы жаз айында Отырар қаласына келіп жетеді. Отырар әміршісі Ғайыр-хан Иналшық саудагерлерді жансыз тыңшылар деп күдіктеніп, оларды қырып тастауға бұйырып, керуенді тонап алды. Шыңғыс-хан Ғайыр-ханды қолыма бер деп талап етті, бірақ Хорезмшах II Мухаммед бұл талапты орындамағаны былай тұрсын, сонымен бірге Шыңғыс-хан жіберген жазықсыз елшілерді өлтіруге әмір етеді. Осының өзі Шыңғыс-ханның Хорезмге қарсы соғыс ашуына себеп болды, алайда бұл соғыстың себептері оның бүкіл жаулап алу соғыстарының негізіне алған себептер болатын[2, 38 б.].
Шыңғысхан Орта Азияны бағындыруға өз вассалдарының жасақтарымен қоса жалпы саны 150 мың адамы бар қалың қол жіберді. Әскери жорық 1219 жылы қыркүйекте Ертіс жағалауынан басталды. Отырар қаласы қоршауға алынды. Өзінің әскерін үш топқа бөлген Шыңғысхан бір бөлігін Отырарды алу үшін ұлдары Шағатай мен Үгедейге қалдырды, үлкен ұлы Жошы бастаған екінші бөлігін Сырдарияның төменгі ағысына аттандырды.[2,98 б] Өзі Бұқараға бет алды. Отырар билеушісі Қайыр хан ерлікпен шайқасты, ол басқарған әскер мен қала тұрғындары басқыншыларға қарсы табан тіресе қарсылық көрсетті, қаланы 5 ай бойы ұстап тұрды. Бесінші айдың аяғында хорезмдік әскербасы Қараджа хаджиб опасыздық жасап, қаланың қақпасын ашып, 10 мың әскерімен монғолдар жағына шығып кетіп, оларды қалаға жіберіп қойды, кейін оның өзі осы опасыздығы үшін монғолдар тарапынан өлтірілді. Қайыр хан өз жауынгерлерімен қамалда тағы бір ай қорғанды. Бірақ күш тең болмады, қамал қиратылды, 1220 жылы ақпанда Отырар қаласы алынды, Қайыр хан қолға түсіп, қатал жазаланып өлтірілді. Отырар сияқты Сыр бойындағы Сығанақ, Ашнас және т.б. қалалар тұрғындары да монғолдарға қатты қарсылық көрсетті. Араб және парсы тіліндегі тарихи деректерде монғолдар халқын түгелдей қырып, күл-талқан қиратқан отыз шақты қалалар аталады. Олардың ішінде оңтүстік-қазақстандағы Отырар, Сығанақ, Ашнас қалалары бар. Монғолдар Сырдария өңіріндегі қалаларды бағындырып, Орта Азияға қарай ішкеріледі. Үргенішті қоршауға алу бірнеше айға созылды. Монғолдар Бұқарды, Самарқанды алды, Хорезмді жаулап алды[3, 26 б.]. 1221 жылы көктемінде монғолдар Орта Азияны жаулап алуды аяқтады. Енді соғыс Хорасан, Ауғанстан және Солтүстік Индия территориясына ауысты. Қолбасшылар Жебе мен Сүбедей нояндар басқарған 30 мыңдық әскер Солтүстік Ираннан шығып, 1220 жылы Кавказға басып кірді. Бұл әскер армян, грузин, алан, қыпшақ және орыс әскерлерін Қалқа өзенінің бойында талқандап, 1224 жылы Шығыс Дешті Қыпшақ даласы арқылы Шыңғысханның Ертіс бойындағы ордасына оралды. Сөйтіп, 1219-1224 жж. монғол шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан Шыңғысхан империясының Қыпшақ-қазақ халқының, басқа да бірқатар түркі халықтарының негізін құраған ежелгі тайпа, орта ғасырларда Орта Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген аса ірі ұлыстардың бірі[3, 65 б.].
