- •1. Әдебиеттану ғылымының негізгі үш саласы.
- •2.Әдебиеттану ғылымының мақсат-міндеттері мен зерттеу объектілері
- •3.Әдебиеттану ғылымының туу, қалыптасу, даму тарихы
- •4. Антикалық дәуірдегі Қайта өрлеу дәуірдегі әдеби эстетикалық ойдың дамуы
- •6.Орта ғасырдағы философиялық-эстетикалық ойлардың ерекшелігі
- •7.Классицизм мен ағарту дәуіріндегі әдеби – эстетикалық ойдың даму тарихына тоқталыңыз.
- •9.Әдебиет пен эстетиканың байланысын сөз етіңіз.
- •10.Әдебиеттің эстетикалық категориялары.Әсемдік пен асқақтық категориясы
- •11.Орыстың революцияшыл демократтарының әдеби-эстетикалық ой пікірлеріндегі жетістіктерге тоқталыңыз
- •12. Қазақстандағы әдеби эстетикалық ойдың дамуы
- •13. Әдебиеттің халықтығы туралы ғылыми пікірлер.
- •14.Ш.Уәлиханов «Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде» атты еңбегіндегі ғылыми ой-пікірлерді атаңыз.
- •16.Әдебиеттанудағы ғылыми мектептер
- •17.Жазушы шығармашылығындағы көркедік қиялы мен көркемдік ойлаудың қызметіне тоқталыңыз.
- •18.Көркем әдебиеттің образдылығы. Образ жән образдылық
- •19.Көркем образ бен оның түрлері
- •20. Характер мен тип мәселесі
- •21.Кейіпкер тілі, монолог және диалог
- •22. Пейзаж бен портрет жайын сөз етіңіз
- •23.Авторлық баяндау, суреттеу
- •24.Мазмұн мен пішіннің арақатынасы
- •25.Көркем шығарманың тақырыбы
- •26.Өмір шындығы мен көркем шындық
- •27. Көркем шығарманың сюжеті мен композициясы
- •28. Сюжеттің даму сатылары
- •29.Композицияның сюжеттен тыс элементтері; эпилог пен пролог
- •30.Көркем шығармадағы тартыс.
- •32.Эпикалық жанр және оның ерекшеліктері
- •33.Лирика және оның түрлері
- •34.Драма жанрының табиғаты
- •35.Роман және оның жанрлық түрлері
- •36.Повесть туралы айтыңыз
- •37.Поэма туралы айтыңыз
- •38.Әңгіме мен новелла жайлы айтыңыз.
- •40.Ода мен арнау өлең туралы айтыңыз
- •41.Өлең , оның түрлері
- •42.Өлең құрылысы және оның жүйесі
- •43.Ұйқас және оның түрлері.
- •44.Өлең өлшемі мен ырғағы туралы айтыңыз
- •45.Троп және олардың түрлері
- •46.Метафора мен метонимияның көркемдік қызметі
- •48. Эпитет және оның көркемдік қызметі
- •49.Гипербола мен литотаның көркемдік қызметі
- •50.Тұспалдау тәсілі туралы айтыңыз
- •51.Егіздеу туралы айтыңыз
- •52.Қайталаудың жіне оның түрлері
- •53.Көркемдік әдіс
- •54.Әдеби бағыт пен ағым
- •55.Романтизм әдісі
- •56.Реализм әдісі, оның түрлері
- •57.Классицизм мен сентиминтализм ағымдары туралы
- •58.Модернизм мен постмодернизм
- •59.Стиль туралы ұғым
- •60.Характерді жасау қалай іске асатындығын айтыңыз
18.Көркем әдебиеттің образдылығы. Образ жән образдылық
Образдылық – суреттілік,сөздегі сурет. «Әр сөз, дейді Потебня, -қалай болғанда да , өзінің поэтикалық шығарма қалпын бастан кешіреді». Бұған қарағанда әр сөздің түп төркіні – зат, сурет, образ. Орысша защита сөз бар.Қазаұшасы қорғау.Осында не тұр? Әншейін бір ұғым ғана.Ал осының байырғы тегіне қарасақ , стоять за щитом делен бейнелі өзден шыққанын білеміз.Қалқалап тұрды қалқанды деген тіркес шынында да , біздің көз алдымызда оьраз, сурет болып елестейді.Дәл осы секілді қазақ сөздерінің қай қайсысы да, Потебня айтқандай , бір кезде өзінің бейнелі қалпын бастан кешіргені даусыз. Айталық, тулау деген сөз әлгі қорғау деген сияқты әншейін бір үғым ғана. Ал осының түп төркінін байқасақ, жылқынық әбден торалып, семіріп, тусырауы екен.Ту жылқы жалына қол апартпайтын мінезсіз, асау болатын көрінеді.Сөйтіп, тулау деген сөз де затты, нақты бейнеден шыққан. Осындай түп төркіні бейнеден, суреттен шыққан әр сөз өзара қатар түзеп, тіркес құрағанда , бір түрлі қиял жетпес өызыө айнаға айналып, оның бетіне ақиқат шындықтың өзгеше айшық өрнегі , сурет сәулесі түсетін тәрізді .Образдылық осылай пайда болады
Образ жасау жолдары
Ойдан шығару-образға апарар жол; суреткердің өмірде көрген-білгенін ойша өңдеудің, қорытудың, жинақтаудың тәсілі.Ойдан шығару жоқ жерде әдебиеттегі адам туралы мүлде ұғым болуы мүмкін емес. Өйткені ойдан шығару арқылы суреткер болашақ көркем образдың эскизін, алдымен өзі ойша жасап, көз алдына ойша елестетіп, ойша көріп алады.Суреткердің өз ойында нақты түрде мүсінделмеген, суреткердің көз алдында затты түрде елес бермеген бейне оның шығармасында тірі қаһарманға айналуы мүмкін емес.
Творчестволық фантазия, яки ойдан шығару-шығармада суреттелер шындықтан шалғай жатқан оқыс нәрсе емес, сол шындықты сұрыптау, саралау тәсілі; шындыққа суарылған адам тұлғасын әрі жинақтау, әрі даралау тәсілі. Образға апарар жол осылай басталады.
Сөз өнеріндегі сұлу нәрсе-қайталанбайтын нәрсе.Суреттіліктің сұлулығы да суреттің сұлулығында, жаңалығында жатар болар. Мұндай сұлулыққа қалай жету керек?
Деталь арқылы жету керек. Мәселен, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романында балықшы Еламан теңіз жағасынан үйіне келе жатып, өз есігінің алдында қаңтарулы тұрған бәйгі күреңге көзі түседі де, оңаша үй ішінде әйелімен бірге отырған қонақ-өзінің көптен күткен қайын атасы Сүйеу емес, Ақбаланың ашына жігіті Тәңірберген екенін біліп. Жар кемердің жиегінде төбеден ұрғандай сілейіп тұрып қалады. «Сол сәтте,-деп аяқтайды жазушы бұл көріністі,- әлдеқашан сары қаншық жүгіріп келіп, балық иісі шыққан киімін иіскеді.Онан сары қаншық мұп-мұздай тұмсығымен мұның қолын жалап алды.Еламан бойын жиып ала қойды...» Бұл арада сары қаншықтың түп-түгел қимылы-деталь. Детальдің басты бағалығы-дәлдігінде. Дәлдік деген не? Дәлдік деген шындыққа жанасымдылық.
Жинақтау-әдеби тип жасау әрекеті. Жинақтау үшін суреткерге ең алдымен талғампаздық керек. Әдебиеттегі адамның психологиясы мен іс-әрекетінің әр алуан бұралаң-иірімдерін ғана емес, сол көркем бейнені жасауға керек өмірлік материалдың өзін жазушы сұрыптап, саралап пайдаланады.
Типтендіру-мөлшерлі «сфераға» енетін, өлшеулі формулаға көнетін әрекет емес, ақиқат өмірдегі тірі кісілерден әдеби шығармадағы жанды бейнелер туғызудың аса қиын, күрделі және әрқашан тың, тынымсыз харекеті. Суреткер өзі жасаған кеөркем бейненің құны мен қасиетін қасаң қағидаға қарап белгілемейді, оның өмірдегі жанды дерегіне қарап бағалайды
