Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТК 1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
374.25 Кб
Скачать

17.Жазушы шығармашылығындағы көркедік қиялы мен көркемдік ойлаудың қызметіне тоқталыңыз.

Көркемдік Қиял - көркемдік ойлау ерекшелігі, суреткердің дүниеде, өмірде болатын, болуы мүмкін нәрселерді, жай-жағдайларды қиял арқылы елестету қабілеті, бейнелеп көрсету тәсілі. Көркемдік Қиял шындық пен шарттылықтың бірлестік-тұтастығына негізделеді. Көркемөнерде тақырып таңдау, оның тереңіне бойлау, өмір құбылыстарының ішкі қабаттарына барлау жасау, солардың әлеуметтік-эстетиткалық мәнін үғыну, сан алуан кейіпкердің бейнесін, жан дүниесін, жүріс-түрысын суреттеу Көркемдік Қиялға байланысты. Бүл жерде ескеретін жай - көркем әдебиеттегі шындыққа сай келетін өмір көрінісі де, сондай - армандау, қиялға берілу арқылы жасалатын әдемі елес түріндегі болжам негізіндегі шығармалар болады. Мысалы, қиял-ғажайыпертегілерде кездесетін бейнелер ойдан шығару, көркемдік қиял негізінде туады. Бұдан біз көркем өнердегі ойдан шығару, Көркемдік Қиял дегеніміздің екі түрлі мағынада айтылатынын байкаймыз. Бірінші, кең мағынасында, қандай да болсын өмірдегі кездесетін, кездесу мүмкін қүбылыстары ойша елестетіп бейнелеп көрсету деген ұғымды білдіреді. Бұл түрғыдан қарағанда көркем әдебиеттегі адам бейнелері, өмір суреттері түгелдей ойдан шығару, шындық пен Көркемдік Қиялды ұштастыру арқылы жасалады. Екінші, тұра мағынасында, тек ғажайып сипаты бар, болмыста әлі сол қалпында кездеспейтін қиялдан туған коркемдік бейне, көріністер ғана ажыратылып алынады. Мұндай таза Көркемдік Қиялдан туған бейнелер де қалайда белгілі, өмірде кездесетін нәрселердің нақтылы сипат-белгілерін негізге алып, соларды ойдан шығарылған бейнеге телу арқылы пішінделеді.[1] Көркем қиял - дүниені өнерде, өнер әлемінде бейнелі түрде танудың өзіндік құралы. Өмірлік негіз бен көркемдік қиялдың тоғысынан тұратын көркем образ өнер құбылысы болып табылады.

Бұл тұрғыда көркем қиял - өнердің табиғатын анықтайтын басты сипат. Сондықтан да шығарма жазуда жазушы өзінің творчестволық қиялында жүйелі образ туғызуды, содан соң барып оны көркем бейнелеуге қажетті тәсілді таңдайды. Айталық жазушы өзінің шығармасына өмірде нақты болған тарихи тұлғаны кейіпкер етіп алып, жазып отырған күннің өзінде, сол тарихи адамның сипатын шығармаға өмірде болған күйде көшірмейді, оның басты қасиеттері, өміріндегі үлкен әрекеттерін негіз ете отырып, өз прототипін көркемдік құралдың құзырына бағындырып, жаңа әдеби тұлға жасайды. Көркемдік болжам тарихи шығарма табиғатына етене жақын, алайда, көбіне құжаттык шығармаларға тән болып келеді. Бұл категориялар жайында белгілі әдебиетші А.П.Александрова өз ойын былайша білдіреді: «Көркем қиял шығармаға тарихта болмаған жеке эпизодтар мен кейіпкерлердің іс-қимылы аркылы енеді, сонымен қатар романның құрылымы, оның образдарының жүйесі типтендірудің мәні объективті шындықтың субъективті бейнесін жасауға бағынады. Көркем қиял жазушының шығармашылық қиялының негізінде жатыр, мұнда көркем болжал бар және сонымен коса жасалған әлемнің мәнін айқындауға бағынады. Автордың реалды шындықтың кейбір фактілерден ауытқуы (олар жайлы сөз қозғамау, жанама фактілерді суреттеуде хронологиляық тізбекті өзгерту т.б.) бұл тарихи кейіпкердің мінезіндегі кейбір қырларын күшейту, не бәсеңсіту, тарихи кұжатқа шығармашылық жағынан жақындау - мұның бәрін көркем болжал деуімізге болады»

Көркемдік Ойлау өнер туындысын жарататын және одан эстетикалық нәр алып қабылдайтын ақыл-ой қызметінің ерекше бір түрі. Мұның ғыл.-теориялық ойлау жүйесінен өзгешелігі бар. Көркемдік ойлаудың табиғаты мен мәні - дүниені көркемдік тұрғыдан игерудегі рухани қабілет екендігімен анықталады. Образдық-сезімділік түрғыдан әлемді тану, адам болмысына үңілу, тіршілік-түрмыс мәнісін бағалау, көңіл-күй қүбылыстары және киял ыркымен жүзеге асатын суретті, бейнелі үғымдар синтезі Көркемдік ойлаудың ерекшелігі болып табылады. Көркем сананың эмоциялық белсен- ділігі, эстетикалық сезімінің кемелдігі, сергектігі, тез, шапшаң шабыттану, болжағыштық, түтанғыштық қасиеттер Көркемдік ойлаудың тегеурін-қуатын танытады. Эстетик. талғам, киыннан қиыстыру, метафоралық толғам- көркемдік ойлаудан туындайды. Ал осының негізінде идея, концепция жасалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]