- •1. Әдебиеттану ғылымының негізгі үш саласы.
- •2.Әдебиеттану ғылымының мақсат-міндеттері мен зерттеу объектілері
- •3.Әдебиеттану ғылымының туу, қалыптасу, даму тарихы
- •4. Антикалық дәуірдегі Қайта өрлеу дәуірдегі әдеби эстетикалық ойдың дамуы
- •6.Орта ғасырдағы философиялық-эстетикалық ойлардың ерекшелігі
- •7.Классицизм мен ағарту дәуіріндегі әдеби – эстетикалық ойдың даму тарихына тоқталыңыз.
- •9.Әдебиет пен эстетиканың байланысын сөз етіңіз.
- •10.Әдебиеттің эстетикалық категориялары.Әсемдік пен асқақтық категориясы
- •11.Орыстың революцияшыл демократтарының әдеби-эстетикалық ой пікірлеріндегі жетістіктерге тоқталыңыз
- •12. Қазақстандағы әдеби эстетикалық ойдың дамуы
- •13. Әдебиеттің халықтығы туралы ғылыми пікірлер.
- •14.Ш.Уәлиханов «Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде» атты еңбегіндегі ғылыми ой-пікірлерді атаңыз.
- •16.Әдебиеттанудағы ғылыми мектептер
- •17.Жазушы шығармашылығындағы көркедік қиялы мен көркемдік ойлаудың қызметіне тоқталыңыз.
- •18.Көркем әдебиеттің образдылығы. Образ жән образдылық
- •19.Көркем образ бен оның түрлері
- •20. Характер мен тип мәселесі
- •21.Кейіпкер тілі, монолог және диалог
- •22. Пейзаж бен портрет жайын сөз етіңіз
- •23.Авторлық баяндау, суреттеу
- •24.Мазмұн мен пішіннің арақатынасы
- •25.Көркем шығарманың тақырыбы
- •26.Өмір шындығы мен көркем шындық
- •27. Көркем шығарманың сюжеті мен композициясы
- •28. Сюжеттің даму сатылары
- •29.Композицияның сюжеттен тыс элементтері; эпилог пен пролог
- •30.Көркем шығармадағы тартыс.
- •32.Эпикалық жанр және оның ерекшеліктері
- •33.Лирика және оның түрлері
- •34.Драма жанрының табиғаты
- •35.Роман және оның жанрлық түрлері
- •36.Повесть туралы айтыңыз
- •37.Поэма туралы айтыңыз
- •38.Әңгіме мен новелла жайлы айтыңыз.
- •40.Ода мен арнау өлең туралы айтыңыз
- •41.Өлең , оның түрлері
- •42.Өлең құрылысы және оның жүйесі
- •43.Ұйқас және оның түрлері.
- •44.Өлең өлшемі мен ырғағы туралы айтыңыз
- •45.Троп және олардың түрлері
- •46.Метафора мен метонимияның көркемдік қызметі
- •48. Эпитет және оның көркемдік қызметі
- •49.Гипербола мен литотаның көркемдік қызметі
- •50.Тұспалдау тәсілі туралы айтыңыз
- •51.Егіздеу туралы айтыңыз
- •52.Қайталаудың жіне оның түрлері
- •53.Көркемдік әдіс
- •54.Әдеби бағыт пен ағым
- •55.Романтизм әдісі
- •56.Реализм әдісі, оның түрлері
- •57.Классицизм мен сентиминтализм ағымдары туралы
- •58.Модернизм мен постмодернизм
- •59.Стиль туралы ұғым
- •60.Характерді жасау қалай іске асатындығын айтыңыз
1. Әдебиеттану ғылымының негізгі үш саласы.
Әдебиет сыны – көркем шығармаларды талдап, баға беріп, олардың идеялық көркемдік мәнін, әдеби процестегі алатын орнын анықтайтын әдебиеттану ғылымының негізгі бір саласы. Сын - әдебиеттің тарихы мен және теориясымен тығыз байланысты. Әдебиет сынынң негізігі міндеті шығарманы нақты тексеріп, жетістік кемшіліәктерін саралап, эстетеикалық баға беру.Әдебиет сыны сөз өнерінің бүгінгі таңдағы даму жолдарын анықтауға ат салысады.Әдеби шығармаларға пайымдаулар жасап, түйінді пікірлер айтады. Әдебиет сыны жалпы әдеби процестің , жеке-жеке әдеби құбылыстың сыр сипатын дер кезщінде бағалап отыруға тиіс. Әдебиет сыны қоғам алдыңдағы әдебиет атқаратын міндеттерді айқындайды.Соған орай кітаптар мен баспасөзде жарияланған дүниелердің идеялық-эстетикалық сипатын және жаңалығы мен мазмұн сапасын таразылайды.Осы жағынан оқырмандарды хабардар етеді. Оқырмандардың талап тілегін, әдеби шығарманы қабылдау қабілетін, талғамын белгілейді.
Әдебиет сынының тарихы ертеден басталады. Алғашқы сын үлгілрі елге сыйлы, білімді жандардың ой пікірі ретінде көрінген.Антикалық дәуірде әдеби жұмыстың бір саласы ретінде бөлініп шыққан әдебиет сын ұзақ уақыт бойында шығармаға баға беру, оны оқырмандарға таныстыру, оқуға кеңес беру, шығарма авторын дәріптеу немесе сынау сияқты қарапайым ғана міндеттер атқарып келді,Әдебиеттің дамуына байланысты әдебиет сынының да мақсаты мен сипаты күрделене түсіп, оған қойылатын талаптар да,жауапкершіліктерде күшейді.Соған байланысты, әдебиет сынының теориялық анықтамасы да тарихи тұрғыдан нақтылана түсті.Қазіргі таңдағы әдебиет сыны көркем шығарманфы эстетикалық, әлеуметтік, этикалық, т.с.с көзқарастар тұрғысынан жан-жақты қарастыруға ұмтылады.Бұл мақсатқа жетуде сыншының орны айрықша.
Әдебиет тарихы- жеке алғанда, бір елде, жалпы алғанда, бүкіл адам баласының тарихында көркем әдебиеттің қалай пайда болғанын, қайтіп қалыптасқанын, қандай жолдармен дамығанын зерттейді.Әдебиет тарихы әдеби даму үрдісін қарастыру арқылы әр алуан әдеби құбылыстардың әдебиет дамуындағы мән маңызы мен орын айқындайды.Қай халықтың болсын, атамзамандағы сәбилік шағында, жазу сызуы жоқ кезінің өзінде ауыз әдебиеті өрбігені, одан ілгерілей келе жазба әдебиеті туып,дамығаны мәлім.Әр халықтың осындай көркемдік даму сапарын саралайтын да, сын көзбен сұрыптап, сарапқа салатын да әдебиеттің тарихы.сонымен қатар бұл ғылым әр дәуірдің әдеби нұсқасына тарихи тұрғыдан қарап, оның сапасын сол тұстың сана сатысына, ой өрісіне байланыстывра тексереді.Олай етпей, ауыз әдебиетінің нұсқалары болсын, жеке жазушылар творчестволары болсын, әділ бағаланып, әдеби дамудағы өзіне лайық орнын алы мүмкін емес.Әдебиет тарихын зерттеушілерге қойылатын ең басты талап дәл осы ұрғыан қаралады.
Әдебиет теориясы – көркем әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыптайды.Әдебиеттің өзіне тән ерекшелігін, оның қоғамдық қызметін, көркем шығарманы талдаудың принциптері мен методикасын,әдеби жанрлар мен оның түрлерін, өлең жүйелерін, тіл мен стиль, әдеби ағым мен көркемдік әдіс мәселелерін түп түгел тек әдебиет теориясынан ғана танып білуге болады..Әдебиет теориясы зерттейтін мәселер негізінен үш циклдан тұрады: жазушының өмір шывндығын образды түрде бейелеу ерекшеліктері жөнінде ілім; әдеби процесс жөніндегі ілім; шығарманың әдеби көркемдік құрылымы жөніндегі ілім; Бірінші циклда шығармаың көркемдік образдылығы, эстетикалық идеал, дүниетаным және әдеби творчестваның өзін тұтастай алғанда – оның халықтығы, шыншылдығы мен шынайлығы жөніндегі ұғымдар қарастырылады. Екіншісінде: шығарманың тақырыбы мен идеясы, тип пен характер, сюжет пен композиция, өлең құрылысы, әдеби тіл мен стиль мәселелері қамтылады. Үшіншісінде, - жалпы көркем дамудың тарихтық сипаты, әр дәуірдегі бағыт бағдары, әдеби ағымдар мен әдістер, жанрлар және жанрлық түрлер талданып, тексеріледі.Әдебиет теориясының терминдері функциональдық сипатқа ие, олар сөз болып отырған түсініктердің нақты ерекшеліктерін ғана ажыратып қоймай, сонымен қатар, атқаруға тиіс функцияларды және бұлардың өзге ұғымдармен ара қатынасын да пайымдайды.
ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚОСАЛҚЫ ҮШ САЛАСЫ.
Олар – текстология, исторография, библиография.Текстология. Т – әдеби туындының тесін зерттеп,танудың принциптері мен методикасын жинақтайтын арнаулы ғылыми пән.Т.көркем шығарманың тұрақты түп нұсқасын белгілейді, оның автор қолымен жасалған ақтық редакциясын анықтайды, әр алуан вариантын өзара салыстырады,әр басылымын автогроафпен салыстырады, текстің автор еркінен тыс қысқарған жерлері не бөгде қолмен орынсыз өзгертілген жерлері болса, қалпына келтіреді, түп нұсқанұсқаны көшіріп басқандар мен әріп терушілер тарапынан кеткен, ең арғысы, емле қателері болса да ұқыппен түзеп отырады. Бұл ретте, «текстологияның ең негізгі мәселесі екеу:бірі – ғылыми мақсатпен, екіншісі – практикалық мақсатпен байланысты»
Т. Ның өзі түпнұсқадан транскрипцияға дейін текесеретін «Текстің туу сыры», автордың о бастаға ой қазығынан ақырғы жөндеуіне дейін зерттейтін «Текстің тұрақтану тарихы», әр нұсқаның терілуінен бар туындының рет-ретімен түзілуіне дейін бақылайтын «Текстің басылу түрлері» деп аталатын үш бөлімнен тұрады.
Атрибуация тарауы зерттеушіге тән аса қызық ғылыми әрекеттерді көруге болар еді. Бұл – т.ның қым-қиғаш тарауы, мұнда автор белгісіз шығармалардың дұрыс-бұрыстығын, бүркеншек емес, лақап ат дегендердің кім екені тексеріледі.
Библиография. Б – көркем әдебиеттің өзіне және әдебиет туралы ғылымға байланысты көрсеткіштер мен анықтамалар, шолулар мен сілтемелер жиынтығы. Бұл көбіне ғылыми мақсат үшін керек. Әдебиет пен әдебиеттану тарапындағы қандай арнаулы зеттеулер болсын, оған қажет нақты материалдардың – текстер мен тексерулердің, сын мақалалар мен зерттеу еңбектерінің бәрін библиографиялық көрсеткіштер мен анықтамалар арқылы іздеп тауып, пайдалануға болады.
Историография – әдебиет теориясының, тарихының, сынының ғасырлар бойы тарихи даму туралы дәйіетемелер мен деректер, мәліметтер мен материалдар жинағы.Мұның өзі көбіне,біріңғай ғылыми мақсат үшін керек. Әдебиеттің теориясына, тарихына не сынына қатысты ұандай арнаулы мәселе болсын, оны зерттеудің көлемі мен тереңі, мәні мен маңызы сол мәселенің историографиялфқ материалдарының мөлшері мен мазмұнына қарап белгіленеді.
