Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экономика-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
183.95 Кб
Скачать

3. Есеп. Тапсырма: кестедегі мәлімет нәтижесі бойынша кестедегі бос ұяларды толтыру керек.

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Есепті жыл

Жоспарлы жыл

1

Өнім шығару

Мың тг

9200

9476

2

Персоналдың ортатізімдік саны

адам

1450

1390

3

Персонал құрылымы

%

100

100

3

Жұмысшылар

%

75,03

75,25

Мамандар, жетекшілер, қызмететушілер

%

24,97

24,75

4

Жұмысшылар саны

адам

1088

1046

5

Мамандар, жетекшілер, қызмететушілер саны

адам

362

344

6

Жұмыскердің еңбек өнімділігі

Мың тг/адам

6,345

6,817

7

Жұмысшының еңбек өнімділігі

Мың тг/адам

8,456

9,059

8

Өнім көлемінің өсуі

%

-

3

Есепті жыл

Мамандар, жетекшілер, қызмет етушілердің үлесі 100% – 75,03% = 24,97%

Жұмысшылар саны 1450 * 75,03 % / 100 % = 1088 адам

Мамандар, жетекшілер, қызмет етушілер саны 1450 * 24,97 / 100 = 362 немесе 1450 – 1088 = 362

Жұмыскердің еңбек өнімділігі

ЕӨр=Ө/Рсп = 9200 мың тг / 1450 адам = 6,345 мың тг/адам.

Жұмсшының еңбек өнімділігі

ЕӨж=Ө / Ж = 9200 мың тг / 1088 адам = 8,456 мың тг/адам.

Жоспарлы жыл

Өнім шығару 9200 *((100% + 3%) / 100%) = 9200 * 103 / 100 = 9200 * 1,03 = 9476 мың тг

Жұмысшылар үлесі 1046 адам * 100 % / 1390 адам=75,25 %

Мамандар, жетекшілер, қызмет етушілердің үлесі 344 * 100% / 1390 = 24,75% немесе 100 % - 75,25 % = 24,75 %

Жұмыскердің еңбек өнімділігі

ЕӨр=Ө/Рсп = 9476 мың тг / 1390 адам = 6,817 мың тг/адам,

Жұмсшының еңбек өнімділігі

ЕӨж=Ө / Ж = 9476 мың тг / 1046 адам = 9,059 мың тг/адам.

3 емтихан билеті

1. Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-құқықтық нысандары.

Қазіргі кезде Қазақстанда мынадай ұжымдық-құқықтық нысан негізінде кәсіпкерліктің түрлері құрылуда.

1. Шаруашылық серіктестік - толық серіктестік. Олардың мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің табысы, зияны пайға қарай бөлінеді. 2. Командитті серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады. 3. Жауапкершілігі шектелген қоғамдар. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өздерінің үлестерімен жауап береді. 4. Қосымша жауапкершілігі бар қоғам, қоғам міндеттемелеріне өздерінің мүліктерімен жауап береді. 5. Акционерлік қоғам. 6. Өндірістік кооперативтер - ерікті түрде біріккен қоғамдар. 7. Мемлекеттік кәсіпорын - меншіктік құқығы жоқ коммерциялық мекеме. Осы кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Осы кәсіпорын тек мемлекеттік немесе жергілікті болады.

Кооператив - бұл пайда табу мақсатында емес, мүшелеріне көмек көрсету, қызметтеріне тиісті ықпал жасау үшін құрылатын қоғамдастық. Мемлекеттік кәсіпорындар -бұл топқа заңды, шаруашылық дербестігі жоқ ұйымдар кіреді. Мемлекеттік корпорациялар - кәсіптік немесе ортақ мүдделер принципінде біріккен қоғам, адамдар тобы; капиталистер кеңінен қолданатын акционерлік қоғам нысаны, қазіргі жағдайда мұндай корпорациялар монополиялық бірлестіктердің негізгі түрі. Ассоциациялар - шаруашылық есеп, өзін-өзі қаржыландыру және өзін-өзі басқару негізінде жұмыс істейтін кәсіпорындардың, мекемелердің бірыңғай экономикалық, әлеуметтік, мәдени мүдделер негізінде ерікті түрде заңды ұйым ретінде бірігуі. Концерн - қатысу жүйесі, мүдде ортақтығы туралы шарттар, қатысу үлесі, патенттік-лицензиялық келісімдер, қаржыландыруға, өндірістік ынтымақтастық негізінде өзара тығыз байланысқан дербес кэсіпорындар бірлестігі. Консорциум - капиталистік монополиялар нысандарының бірі, қарыздарды бірлестіре орналастыру, үлкен көлемде қаржы немесе күрделі коммерциялық операциялар жүргізу, іріленген өнеркәсіп құрылысын жүзеге асыру, белгілі бір өнім түрін өндіруді мейлінше ұлғайту мақсатында бірнеше банк немесе өнеркәсіп субъектілері арасында жасалып, қабылданатын уақытша келісім. Холдинг - басқа компанияларға бақылау жасау мақсатында өзінің капиталын олардың акцияларының бақылау пакеттерін сатып алу үшін пайдаланатын акционерлік компания. Картель - біртектес өнім өндіретін тәуелсіз өнеркәсіп орындарын белгілі бір нарыққа үстемдік орнату мақсатында ұйымдастырған бірлестік, ассоциация. Синдикат - өндірушілердің өнімді біртұтас сауда кеңсесі арқылы бірігіп сату жолымен бәсекені болдырмау және монополиялық бірігу нысаны. Трест - кәсіпкерлер бірлестігі, ол өзіне кіретін кәсіпорындар-дың өндірістік, коммерциялық және заңдық дербестігін жойып, бірыңғай басқару жүйесіне бағынуымен ерекшеленеді. Кәсіпорындардың өндірістік құрылымының үш түрі бар. Олар заттық, технологиялық және аралас (заттъқ-технологиялық) болып келеді.