Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экономика-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
183.95 Кб
Скачать

1. Өндірістік процесстің сипаттамасы мен құрылымы

Өндірістік үрдіс шикізаттар мен материалдардың дайын өнімге айналу үрдісіне бағытгалған жеке еңбек үрдістерінің жиынтығын көрсетеді. Өндірістік үрдістің мазмұны кәсіпорынның және оның өндірістік бөлімшелерінің қүрылуына тікелей әсер етеді. Өндірістік үрдіс кез келген кәсіпорын қызметінің негізін қалайды.

Өндіріс сипатын анықтайтын өндірістік үрдістің негізгі факторларына еңбек құралдары (машиналар, құралдар, ғимараттар, жабдықтар және т.б.), еңбек заттары (шикізат, материал, жартылай фабрикаттар) және еңбек күші, яғни адамдардың белгілі мақсатқа бағытталған қызметі жатады. Осы негізгі үш фактордың тікелей өзара әрекеті үрдістің мазмұнын құрайды.

Кәсіпорынның өндіретін өнімдері қолданылу бағытына байланысты негізгі және көмекші өндірістің өнімдері болып табылады. Негізгі өндірістің өнімдері, әдетте, сатуға арналады, ал көмекші өндірістің өнімдері негізгі өндіріс өнімдерін дайындаудағы кәсіпорынның өз мұқтаждарына қолданылады.

Кәсіпорынның өндіретін онімінің күрделілігіне байланысты жай (қарапайым) жэне күрделі өндірістік үрдістер болып бөлінеді. Жай ондірістік үрдістерде шикізат немесе материалдың бір түрін бірыңғай өндеу арқылы дайын өнім өндіріледі, күрделі үрдістерде бірнеше паралелді жай үрдістердің қосарлануы арқылы көп бөлікті өнім дайындалады.

Өнім өндірудің технологиялық үрдісі технологиялық операцияларға бөлінетін бірқатар бөлшектік үрдістерден құралады.

Технологиялық операция деп бір немесе бірнеше жұмысшылармен бір жұмыс орнында нақты бір еңбек затымен орындалатын өндірістік үрдістің бөлігін айтады.

Өндірістік үрдіс өнім дайындаудағы бағыты бойынша негізгі, көмекші және қызмет көрсету үрдістеріне бөлінеді.

2. Персонал қозғалысының көрсеткіштері.

Кәсіпорынның өндірістік іс-әрекетінің нәтижесін анықтағанда жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару кезінде пайда болатын персонал қозғалысының маңызы зор. Кәсіпорынның есебінде персоналдың қоғалысы көрсетіледі. Жылдың басында: 1.Жұмысқа қабылданған қызметкерлердің барлық саны. 2.Сонымен бірге қосымша жұмыс орындарында. 3.Жұмыстан кеткен қызметкерлердің барлық саны. 3.Сонымен қатар персонал санының қысқаруына байланысты. 4.Өз еркімен кеткен қызметкерлер. 5.Есеп беру кезеңінің аяғындағы тізімдік құрамдағы қызметкерлер саны. 6.Есеп беру кезеңінің аягындагы бос орындар саны. Жақын арадағы тоқсанда 1.Жоюға белгіленген жұмыстың бос орындары. 2.Босатуға дайындаған қызметкерлер саны. 3.Ашуға бағытталған жұмыс орындары.

Кәсіпорынның қызметкерлерді жұмысқа қабылдау бастамасы жұмысқа орналыстырумен айналысатын органдардың жолдамасы бойынша іске асады.Өз еркімен, тәртіпті бұзғаны үшін, сот органдарының шешімі бойынша қызметкерлерді жұмыстан босату кадрлар тұрақсыздығы деп аталады.

Персонал қозғалысы жайлы ақпараттардың негізінде аталған үдерісті сипаттайтын көрсеткіштер анықталады:

Қабылдау бойынша айналым коэффициенті = белгілі бір кезеңде жұмысқа қабылғандар саны / осы кезеңдегі жұмыскерлердің орташа тізімдік саны.

Шығу бойынша айналым коэффициенті=белгілі бір кезеңде жұмыстан шыққандар саны / осы кезеңдегі жұмыскерлердің орташа тізімдік саны.

Өзгеру коэффициенті=(қабылданғандар саны - шыққандар саны) / жұмыскерлердың орташа тізімдік саны.

Кадарлар түрақсыздығы коэффициенті = кадрлардың тұрақсыздығы себебінен жұмыстан шыққан қызметкерлер саны / орташа тізімдік саны.

Кадрлар тұрақтылығы коэффициенті = барлық есеп кезеңінде жұмыс атқарғандар саны / кезең соңындағы жұмыскерлер саны.

15 емтихан билеті