Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экономика-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
183.95 Кб
Скачать

2.Кәсіпорынның материалдық емес активтері.

Кәсіпкерлік құрылымның қазіргі даму үрдісі олардың мүліктік кешендерінің құрамы мен құрылымында болатын сапалық өзгерістерімен сипатталады. Әсіресе инновациялық және ақпараттық ресурстардың рөлі айрықша өсіп келеді. Тауар белгілері мен оның таңбасын пайдаланудан қосымша пайда табу және бәсекелестік артықшылықты жеңіп алу кәсіпорынның даму стратегиясының белгілі факторы болып табылады. Бұл үдерістер кәсіпорын активінің құрамында ерекше аталатын материалдық емес активтердің өсуі арқылы байқалады. Активтің бұл түрінің негізгі сапалық сипаттамасы - оларда материалдық-заттық (табиғи) нысанның болмауында. Материалдық емес активтердің құрамында үш топ болады: -зияткерлік меншіктің нысаны; -ұйымдық шығындар; -ұйымның іскерлік атағы.

Кәсіпорындық мүліктің құрамындағы бұл нысандарды көрсету үшін келесі талаптарға сай болуы керек: 1) кәсіпорынның өндірістік немесе басқару мақсатына пайдаланылуы керек; 2) болашақта кәсіпорынға экономикалық пайда әкелуі керек; 3) ұзақ уақыт бойы пайдаланылуы керек; 4) тиісті тәртіп бойынша ресімделуі керек.

Материалдық емес активтердің бастапқы құны. Материалдық емес активтердің бастапқы құны материалдык емес активтерді қүруға, жасауға кетекен нақтылы шығындардан тұрады. Ұйымдық шығындар. Егер жарғылық капиталға қатысушылар (құрылтайшылар) құрылтай құжаттарына сай танылған болса, онда олар материалдық емес екінші топқа - ұйымдық шығындарға жатады. Материалдық емес активтердің бұл түрінің бастапқы құны осы ұйымның құрылтайшыларымен келісілген ақшалай бағалау арқылы анықталады. Іскерлік атақ (гудвилл). Материалдық емес активтердің үшінші тобына ұйымның іскерлік атағы (гудвилл) жатады. Гудвилл - сатып алушының жаңа кәсіпорынды құрғаннан гөрі жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды сатып алғанда ғана көп артықшылыққа ие болатынын білдіреді. Материалдық емес активтердің амортизациясы. Материалдық емес активтер кәсіпорын мүліктерінің құрамында бола тұрып, амортизациялануға жатады. Материалдық емес активтердің амортизациялық аударымдары негізгі капиталдың амортизациялық аударымдарына қолданылатын әдістермен анықталады.

10 емтихан билеті

3.Есеп. Тапсырма: Негізгі өндіріс құралдардың құрылымын, қорқайтарымлылықты, қорсиымдылықты, қормен қарулану көрсеткіштерді анықтау керек. Тауарлы өнімнің құны 102,45 млн тг. Жұмыскерлердің ортатізімдік саны 50 адам.

Негізгі құралдардың топтары

Нқб, млн тг

НҚа, млн тг

Құрылымы, %

Жыл басында

Жыл аяғында

1.Өндірістік үйлер, ғимараттар, беріліс қондырғылар

39,55

41,53

39,55 * 100 / 65,8 = 60,11

41,53 * 100 / 70,8 = 58,66

2.Машиналар мен құрал-жабдықтар, көлік құралдары

20,80

23,38

20,8 * 100 / 65,8 = 31,61

23,38 * 100 / 70,8 = 33,02

3.Басқа құрал-жабдықтар

5,45

5,89

5,45 * 100 / 65,8 = 8,28

5,89 * 100 / 70,8 = 8,32

Барлығы

65,8

70,8

100

100

Негізгі құралдардың ортажылдық құны

НҚорт = (65,8 + 70,8) / 2 = 68,3 млн тг

Қорқайтарымдылық Ққ = 102,45 млн тг / 68,3 млн тг = 1,5 тг

Қорсиымдылық Қс = 68,3 млн тг / 102,45 млн тг = 0,67 тг

Қормен қарулану Ққар = 68,3 млн тг / 50 чел = 1,366 млн тг / адам

11 емтихан билеті