- •1. Ұлттық экономика түсінігі.
- •2. Негізгі құралдардың тозу түрлері.
- •1. Қазақстан экономикасы құрылымын әртараптандыру мәселелері.
- •2. Еңбек өнімділігін өсіру жолдары.
- •3. Есеп. Тапсырма: кестедегі мәлімет нәтижесі бойынша кестедегі бос ұяларды толтыру керек.
- •1. Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-құқықтық нысандары.
- •2.Мерзімді еңбекақы төлеу жүйелері.
- •1.Айналым капиталы: түсінігі, құрамы, құрылымы.
- •2.Инновацияны жүзеге асыру шарттары мен факторлары.
- •1.Қазіргі заманғы кәсіпкерліктің мәні.
- •2.Амортизацияны есептеу әдістері.
- •1.Өндіріс және өндірістік құрылым түсінігі.
- •2.Негізгі құралдарды бағалау түрлері.
- •3.Есеп: келтірілген таза пайда пен табыстылық индексті табу керек.
- •1. Негізгі құралдардың түсінігі, экономикалық мәні, құрамы және құрылымы.
- •2. Кәсіпкерлік істің классификациясы.
- •3. Есеп. Тапсырма: өнімнің калькуляциясын, тура мен жанама шығындардың үлесін табу керек.
- •1. Еңбекақының мәні мен қағидалары.
- •2. Өндірістік кұрылымның түрлері. Өндірісті ұйымдастыру түрлері.
- •3. Есеп. Тапсырма: кестедегі мәліметті пайдалана отырып, кестедегі жетіспейтін көрсеткіштерді әрбір вариант бойынша ашық жолдарды топтастыру ұсынылады.
- •2. Негізгі құралдарды бағалау түрлері.
- •3. Есеп. Тапсырма: ондірістің өнім рентабельдігін және еңбек өнімділігін есептеу.
- •1.Кәсіпорын персоналының құрылымы.
- •2.Кәсіпорынның материалдық емес активтері.
- •1.Тарифтік жүйе.
- •2.Негізгі құралдарды пайдалану көрсеткіштері.
- •3.Есеп. Тапсырма: кестедегі мәлімет нәтижесі бойынша кестедегі бос ұясын толтыру керек.
- •1.Инвестицияның экономикалық мазмұны. Инвестициялық процестің белгілері.
- •2. Персонал қозғалысының көрсеткіштері
- •1.Инвестициялық жобаларды негіздеу және қаржыландыру тәртібі.
- •2. Персонал нақтылығының көрсеткіштері. Жұмыс уақытының балансы.
- •1.Инновацияның мәні, түрлері, қасиеттері.
- •2.Өндірістік қуаттың түрлері.
- •3. Есеп. Тапсырма: өнімнің калькуляциясын, тура мен жанама шығындардың үлесін табу керек.
- •1. Өндірістік процесстің сипаттамасы мен құрылымы
- •2. Персонал қозғалысының көрсеткіштері.
- •3. Есеп. Тапсырма: кестедегі мәліметті пайдалана отырып, кестедегі жетіспейтін көрсеткіштерді әрбір вариант бойынша ашық жолдарды топтастыру ұсынылады.
- •1.Пайданың мәні, түрлері.
- •2.Рентабельділіктің экономикалық мәні мен түрлері.
- •3.Есеп. Тапсырма: өнімнің калькуляциясын, тура мен жанама шығындардың үлесін табу керек.
- •1.Сертификаттау және сапа туралы түсінік.
- •2.Өндірістің экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері.
- •3.Есеп. Тапсырма: кестедегі мәліметті пайдалана отырып, кестедегі жетіспейтін көрсеткіштерді әрбір вариант бойынша ашық жолдарды топтастыру ұсынылады.
- •1.Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.
- •2.Еңбекақының мәні мен қағидалары.
- •3.Есеп. Тапсырма: өндірістің өнім рентабельдігін және еңбек өнімділігін есептеу.
- •1. Айналым капиталы: түсінігі, құрамы, құрылымы.
- •2. Ұлттық экономика түсінігі.
- •1.Негізгі құралдардың түсінігі, экономикалық мәні, құрамы және құрылымы.
- •2.Кәсіпкерлік істің классификациясы.
- •3.Есеп. Тапсырма: кестедегі мәлімет нәтижесі бойынша кестедегі бос ұясын толтыру керек.
- •1.Өндірістік кұрылымның түрлері. Өндірісті ұйымдастыру түрлері.
- •2.Персонал қозғалысының көрсеткіштері.
- •1. Инновацияның мәні, түрлері, қасиеттері.
- •2. Сертификаттау және сапа туралы түсінік.
- •1. Рентабельділіктің экономикалық мәні мен түрлері.
- •2. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.
- •3.Есеп: келтірілген таза пайда пен табыстылық индексті табу керек.
- •1.Өндіріс және өндірістік құрылым түсінігі.
- •2. Кәсіпорынның материалдық емес активтері.
- •3. Есеп. Тапсырма: өнімнің калькуляциясын, тура мен жанама шығындардың үлесін табу керек.
- •1.Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-құқықтық нысандары.
- •2.Пайданың мәні, түрлері.
- •3.Есеп. Тапсырма: кестедегі мәліметті пайдалана отырып, кестедегі жетіспейтін көрсеткіштерді әрбір вариант бойынша ашық жолдарды топтастыру ұсынылады.
- •1.Негізгі құралдардың түсінігі, экономикалық мәні, құрамы және құрылымы.
- •2. Персонал қозғалысының көрсеткіштері.
- •1. Инвестициялық жобаларды негіздеу және қаржыландыру тәртібі
- •2. Инновацияның мәні, түрлері, қасиеттері.
- •3. Есеп. Тапсырма: ондірістің өнім рентабельдігін және еңбек өнімділігін есептеу.
- •1. Рентабельділіктің экономикалық мәні мен түрлері.
- •2. Кәсіпкерлік істің классификациясы.
- •1.Кәсіпорын персоналының құрылымы.
- •2.Негізгі құралдарды бағалау түрлері.
- •3.Есеп. Тапсырма: кестедегі мәлімет нәтижесі бойынша кестедегі бос ұясын толтыру керек.
- •1.Ұлттық экономика түсінігі.
- •2.Мерзімді еңбекақы төлеу жүйелері.
№1 емтихан билеті
1. Ұлттық экономика түсінігі.
¥лттық экономика - белгілі бір елдің қоғамдық еңбек бөлісінің, ғылыми-техникалық дамудың, халықаралық қатынастың, қалыптасқан және өзара байланысқан саланың (экономикалық іс-әрекеттің түрлерінің) бірыңғай кешені.
Құрылым тұрғыдан ұлттық экономиканы құқықтық, салалық жэне кеңістік ұйым деп қарауға болады.
Құқықтық тұрғыдан ұлттық экономика - заңды тұлға мәртебесі бар ұйымдар (коммерциялық және коммерциялық емес) жиынтығы.
Салалық тұрғыдан ұлттық экономиканы талдағанда экономикалық іс-әрекеттің өрісі (сфера), секторы (бөлімі), саласы деген түсініктер қолданылады.
¥лттық экономиканың өріске бөлінуі жалпы ішкі өнім мен ұлттық табыстың қалыптасуына қарай жүзеге асырылады. Сонымен қатар, өріске бөлу экономикалық іс-әрекеттің біртұтас тізбегін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Осыған байланысты барлық ұлттық экономика материалдық өндірісі және өндіріс емес өрісі деп екіге бөлінеді.
Материалдық өндірістің өрісі материалдық игілікті жасау-шы немесе қызмет атқарушы экономикалық іс-әрекеттің түрі және салалардың жиынтығын білдіреді. Ол өндіріс үдерісі мен айналыс өрісінің жалғасы болып табылады. Бұл өрістің іс-әрекетінің нәтижесі ретінде өндірістік-техникалық өнім, кең түрде қолданылатын
бұйымдар (тұтыну тауарлары), көлік, байланыс және басқалардың көрсеткен қызметтері болып табылады.
Экономикалық үдерістерді жалпы сипаттау үшін ұлттық экономика секторларға бөлінген.
¥лттық экономиканың секторы деп өндірістің шығындарын қаржыландыру әдісі мен бағыты, экономикалық үдерісте атқаратын қызметі мен мақсаты тұрғысынан біркелкі институттық бөлік жиынтығын айтады.
2. Негізгі құралдардың тозу түрлері.
Негізгі өндіріс құралдардың ұзақ жұмысқа қатысу үрдісінде немесе жұмысқа қатыспай тұруынан тозып, өзінің пайдалы қасиетінен айырылып, яғни табиғи және сапалы тозуға душар болады.
Табиғи тозу – негізгі өндіріс құралдарын өндірісте ұзақ жылдар бойы қолданудың салдарынан сынуын және тозуын айтады. Тозудың бұл түрі пайдаланудың және табиғаттың әсерінен болуы мүмкін. Табиғи тозған негізгі құралдарды біртіндеп жөндеу, қайта құру немесе жаңалау жұмыстары арқылы бұрынғы қалпына келтіруге болады.
Сапалы тозу – негізгі құралдардың толық тозбай жатып құнсыздануы немесе өндіріс үрдісінен шығып қалуы. Ғылыми техникалық прогрестің даму әсерінен кәсіпорындағы техникалар мен жабдықтар көп жағдайда сапалық тозуға ұшырайды. Сапалық тозу табиғи тозуға қарағанда тозуы ерте келеді, ондағы техниканы әліде болса пайдалануға болады, бірақ оны қолдану экономикалық жағынан алғанда тиімсіз. Сапалық тозуға көбінесе машина, техника, жабдықтар ұшырайды. Сапалық тозудың екі түрі ажыраталады. Негізгі капиталдың сапалық тозуының бірінші түрі - өндіріс салаларында ғылыми-техникалық серпіліске байланысты еңбек өнімділігінің өсуі болып табылады. Еңбек өнімділігі өскен сайын белгілі бір дайын өнімді, құрал-жабдықты, тағы да басқаларды өндіруге кететін уақыт азаяды да, оның құны төмендейді. Осыған сәйкес еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты жаңа құрал-жабдықтардың, машиналардың, яғни негізгі капиталдың бағасы бұрын сатып алынған осындай негізгі капиталдың бағасына қарағанда арзан болады. Мұндай жағдайда ұйымдарға қымбат және тозыңқыраған (пайдаланылған) машиналар мен көліктердің, құрал-саймандардың, тағы да басқа негізгі капиталдың орнына жаңа әрі сапасы жоғары негізгі капиталды сатып алу тиімді болады.
Негізгі капиталдың сапалық тозуының екінші түрі - ғылыми-техникалық өркендеумен байланысты жаңадан толық жетілген, өнімділігі жоғары, әрі тиімді негізгі капиталдың пайда болуы. Кәсіпорындарда өнімділігі төмен негізгі капиталдың орнына, техникалық жағынан жетілдірілген, үнемді негізгі құралдарды пайдалану әр уақытта тиімді болып табылады. Сондықтан да өнімділігі жоғары машиналар мен құрал-жабдықтардың пайда болуы және олардың бағасының арзанда-уы бұрын пайдаланылып келген негізгі капиталдың сапалық тозуына әкеліп соқтырады.
№1 емтихан билеті
3. Есеп. Тапсырма: Негізгі өндіріс құралдардың құрылымын, қорқайтарымлылықты, қорсиымдылықты, қормен қарулану көрсеткіштерді анықтау керек. Тауарлы өнімнің құны 102,45 млн тг. Жұмыскерлердің ортатізімдік саны 50 адам.
Негізгі құралдардың топтары |
Жыл басында, Нқб, млн тг |
Жыл аяғында, НҚа, млн тг |
Құрылымы, % |
|
Жыл басында |
Жыл аяғында |
|||
1.Өндірістік үйлер, ғимараттар, беріліс қондырғылар |
39,55 |
41,53 |
39,55 * 100 / 65,8 = 60,11 |
41,53 * 100 / 70,8 = 58,66 |
2.Машиналар мен құрал-жабдықтар, көлік құралдары |
20,8 |
23,38 |
20,8 * 100 / 65,8 = 31,61 |
23,38 * 100 / 70,8 = 33,02 |
3.Басқа құрал-жабдықтар |
5,45 |
5,89 |
5,45 * 100 / 65,8 = 8,28 |
5,89 * 100 / 70,8 = 8,32 |
Барлығы |
65,8 |
70,8 |
100 |
100 |
Негізгі құралдардың ортажылдық құны
НҚорт = (65,8 + 70,8) / 2 = 68,3 млн тг
Қорқайтарымдылық Ққ = 102,45 млн тг / 68,3 млн тг = 1,5 тг
Қорсиымдылық Қс = 68,3 млн тг / 102,45 млн тг = 0,67 тг
Қормен қарулану Ққар = 68,3 млн тг / 50 чел = 1,366 млн тг / адам
№2 емтихан билеті
