Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор казправо.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
163.91 Кб
Скачать

11. Еңбек құқығының түсінігі,пәні,әдістері, қағидалары,қайнар көздері мен жүйесі. Қр еңбек кодексіне сипаттама беріңіз.

Еңбек құқығы - еңбек нарқы үрдісінің әрекеті, жалдамалы еңбекті ұйымдастыру мен пайдалану барысында қалыптасатын қызметкерлердің еңбек қатынасын және онымен тығыз байла¬нысты қатынастарды реттейтін құқықтың бір саласы. Еңбек құқығының негізгі мақсаты - жұмыс беруші мен жалданушы қызметкер арасында қатынастарды құқық арқылы реттеу және заңсыздыққа жол бермеу.Еңбек қатынастары еңбек құкығының пәні болып табылады. Еңбек қатынастары еңбек құқығының негізгі бөлігі бола тұрып, қоғамдык еңбек саласындағы материалды және рухани игіліктерді игеру барысында қалыптасады.Құқыктың басқа салалары сияқты еңбек құқығының әдістері еңбектік құқықтық қатынастарға және сонымен тығыз байла¬нысты басқа да қатынастарға ықпал ететін тәсілдерден, амалдардан және құралдарынан тұрады. Еңбек құқығы әдісі - еңбек құқығының пәні болып табылатын еңбектік құқықтық қатынастар және сонымен тығыз байланысты басқа да қатынастарды құкықтық реттеудің өзіндік ерекшеліктерінің барынша жалпы-лама көрінісі. Еңбек құқығының әдісі құқықтық реттеу қандай тәсілмен іске асырылады деген сауалға жауап береді. Еңбек құқығы әдістері құқықтық нормалардан көрніс табады. Еңбек құқығы әдістерін мынандай белгілермен:1) еңбектік құқықтык қатынастар және солардың негізінде туындайтын басқа да қаты-настарды реттейтін императивтік және диспозитивтік нормалардың қосындысымен; 2) еңбек құқығы пәнін реттейтін орталықтанған, жергілікті және шартты әдістердің қосындысымен; 3) әлеуметтік әріптестіктің тараптарының өкілдерін қатыстыра отырып қоғамдық қатынастарды реттеуде әлеуметтік-әріптестік келісімдерді барынша кең пайдаланумен; 4) жалдамалы еңбекті пайдалануды реттеудің даралығы мен саралап жіктелінуі; 5) еңбек дауларын шешудің ерекше тәртібін бекітуімен сипатталады.Еңбек құқығы жүйесі деп біртұтас еңбек құқығын бір-бірімен тығыз байланысты жеке бөлшектерге (институттарға) бөлуден көрінетін объективті өмір сүретін құқық саласының құрылымын айтамыз. Еңбек құқығы жүйесі жалпы және ерекше сияқты екі бөлімнен тұрады. Еңбек құқығының жалпы бөліміжалпылама сипаттағы және еңбек құкығы институттарының барлығына бірдей колданылатын нормалардан тұрады. Ол нормалар еңбек құкығының пәнін, негізгі қағидаттарын, еңбекті ұйымдастырудың жалпы мәселелерін қамтиды. Еңбек кұкығының ерекше бөлімі еңбектік құқықтық қатынастардың және онымен тығыз байланыстағы еңбек қатынастарының жекелеген элементтерін қамтиды.

Еңбек құқығының қайнар көздері — күрделі, көп деңгейлі кұрылым, ол құқық нормалары жүйесі мен еңбек қатынастары құрылымының ішкі бірлігін көрсететін, өзара байланыстығы, әртүрлі зандык күші бар еңбек жайындағы нормативтік құқықтық актілердің жиынтығын қамтиды. Еңбек құқығының маңызды қайнар көздері болып Қазақстан Республикасының заңдары табылады. В.Н.Уваров атап өткендей, еңбек құқығы қайнар көзінің түсінігі тура мағынада еңбек құқығының нормаларына бастама беретін, еңбек туралы нормаларды туындататын және олардың мазмұны анықталатын қасиеттен тұрады, сондықтан еңбек құқығының қайнар көздерін 2 құрамдас бөліктің: еңбек туралы құқықтық нормалардың материалдық мазмұнының және нысанының біртұтастығы ретінде сипаттауға болады.

Еңбек құқығы қайнар көздерінің арасында ерекше орын алатын 2007 жылы 15 мамырда қабылданған № 251-III ҚРЗ «Қазақстан Республикасының еңбек кодексі». Кодекс Жалпы және Ерекше бөлімнен, 6 бөлімнен, 40 тараудан, 341 баптан тұрады.

Қазақстан республикасының еңбек кодексі:

• еңбек;

• еңбек қатынастарына тікелей байланысты;

• әлеуметтік әріптестік;

• еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қатынастарды реттейді.

Еңбек кодексі, егер заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған

халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе:

- қызметкерлерге, оның ішінде мүлкінің меншік иелері, қатысушылары немесе акционерлері шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ұйымдардың қызметкерлеріне;

- жұмыс берушілерге, оның ішінде мүлкінің меншік иелері, қатысушылары немесе акционерлері шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ұйымдарға қолданылады.

Қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін құқықтық реттеудің ерекшеліктері Еңбек кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді.

Қазақстан Республикасының заңдары Еңбек кодексінде белгіленген құқықтар, бостандықтар мен кепілдіктер деңгейін төмендетпеуге тиіс.